Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 4 шілдедегі № 136 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 5 шілдеде № 6552-13 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 шілдедегі
№ 136 қаулысына қосымша

Түркістан облысы әкімдігінің кейбір күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы "Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" № 253 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 болып тіркелген).

      2. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 175 "Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 "Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5768 болып тіркелген).

      3. Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №147 "Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 "Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23421 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады