Түркістан облысы Созақ ауданындағы бірқатар елді мекендерді тарату туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 269 бірлескен қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 14/190-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 25 желтоқсанда № 6636-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Созақ ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округінің Қызылқанат елді мекені, Созақ ауылдық округінің Шақырық елді мекені, Шолаққорған ауылдық округінің Теріскей және Жеткіншек елді мекендері таратылсын.

      2. Осы бірлескен Түркістан облысының әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды
      Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н. Абишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады