Арыс қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 16/99-VІІІ шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 28 наурызда № 6493-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33110 болып тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қалалық мәслихат төрағасы К. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады