Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 59-364/VI "Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 12-101/VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 15 ақпанда № 6458-13 болып тiркелдi

      Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы №59-364/VI Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5857 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ш. Халмурадов

  "Сайрам аудандық маслихаты"
2024 жылғы 13 ақпандағы
№ 12-101/VIII шешіміне қосымша
Сайрам аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы №59-364/VI
шешімінің 1 қосымшасы

Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Сайрам ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

      1) әлеуметтік көмек түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      2) әлеуметтік қолдау түрінде, бастапқы жарна сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

  Сайрам аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы №59-364/VI
шешімінің 2 қосымшасы

Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;

      2. "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, еңбек жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады