Сарыағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 22-176-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 27 қыркүйекте № 6593-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Сарыағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 22-241-VI "Сарыағаш ауданының аудандық маңызы бар қала, кент ауыл, ауылдық округтердің аумағында өткізілетін жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 тіркелген) шешімі;

      2) Сарыағаш аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 10-68-VII "Сарыағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 22-241-VI "Сарыағаш ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтердің аумағында өткізілетін жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Таскулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады