Созақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпанда № 97 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 5 наурызда № 6476-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" №181 бұйрығына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ аудандық мәслихатының төрағасы О. Жәмиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады