"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сауран ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға туристерді орналастыру орындарында туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Байсбаев |