"Әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш иелерінің нақты материалдық жағдайларын зерттеу жөніндегі қалалық учаскелік комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 1961 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық Әділет басқармасында 2006 жылғы 8 ақпанда № 5-4-23 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 295 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 01.10.2024 № 295 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 "Мемлекеттік атаулы көмек туралы" Заңына, 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 "Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына, Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 30 желтоқсандағы № 478 “Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 17 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш иелерінің нақты материалдық жағдайларын зерттеу жөніндегі қалалық учаскелік комиссиясы қүрылсын.

      2. Әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш иелерінің нақты материалдық жағдайларын зерттеу жөніндегі қалалық учаскелік комиссиясы туралы Ереже бекітілсін (№ 1 қосымша).

      3. "Риддер қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ильинская О.И.) әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш иелерінің нақты материалдық жағдайларын зерттеу жөніндегі қалалық учаскелік комиссиясының дербес құрамын Риддер қалалық мәслихатының кезекті сессиясына жіберу үшін қала әкімінің келісуіне ұсынсын.

      4. Үлбі кенттік округінің әкімі (Манакова Л.Н.), Пригородный ауылдық округінің әкімі (Анашкин П.В.) округтер аумақтарында тұратын халықтың нақты материалдық жағдайын зерттеу үшін учаскелік комиссияларын құрсын.

      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.Д.Ушановаға жүктелсін.

      6. 2002 жылдың 20 наурызында 752 нөмірімен тіркелген "Мемлекеттік атаулы көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы" Лениногор қалалық әкімиятының 2002 жылгы 25 ақпанындагы № 22 қаулысының күші жойылды деп саналсын.

      Риддер қаласының әкімі Ш.С. Буктугутов

  Риддер қаласы әкімдігінің
2006 жылғы "01" 02 № 1961
қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша

"Әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш иелерінің нақты материалдык жағдайларын зерттеу жөніндегі қалалық учаскелік комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Учаскелік комиссия адамдардың әлеуметтік көмек көрсету туралы өтінішіне байланысты олардың материалдық жағдайы мен түрмысын зерттеу мақсатымен қүрылады.

      2. Учаскелік комиссия қүрамына жергілікті өкілді органдарының, өзін- өзі басқаратын жергілікті органның, қогамдык бірлестіктердің, меншік орын- жайлар (пәтерлер) кооперативтерінің, халықгың, білім беру, денсаулық сақтау әлеуметтік қорғау уәкілетті органдары мен мекемелердің, қүкык қоргау органдары қызметкерлерінің өкілдері енеді.

      3. Учаскелік комиссия жұмысына уәкілетті орган, ауыл (кент) әкімі басшылық жасайды. Уәкілетті орган комиссия мүшелерін олардың міндеттерімен, қүкықтарымен және жауапкершілігімен таныстырады .

      4. Уәкілетті органның басшысы аз қамтамасыз етілген азаматтардың материалдық жагдайын зерттеуді ұйымдастыру үшін жауапты болады.

      5. Беделіне кір келтірілген немесе белгіленген зерттеу тәртібін бұзған комиссия мүшесі уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша комиссия құрамынан шығарылады.

      6. Учаскелік комиссия өз қызметін осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      7. Учаскелік комиссия қажеттілігіне байланысты уәкілетті орган немесе ауыл (кент) әкімі тапсырган күннен бастап бес күндік мерзімде отбасының (азаматтың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу қорытындысын әзірлейді. Осыған қол қойдырып уәкілетті органга (ауыл (кент) әкіміне ұсынады.

      Учаскелік комиссия уәкілетті органның, ауыл (кент) әкімінің тапсырмасы бойынша ұсынылган қүжаттарды таңдап қайта тексере алады.

2. Негізгі функциялары

      8. Учаскелік комиссиялар көмектің атаулылыгын арттыру және қаражатты аса мұқтаж отбасыларына жіберу мақсатында уәкілетті органдардың халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметіне жәрдемдеседі.

      9. Учаскелік комиссиялар әлеуметтік көмек алуга үміткер және өздері тұратын жерге барып тексеру жүргізуге келісім берген өтініш иелерінің нақты материалдық жагдайын зерттеуді жүзеге асырады.

      10. Учаскелік комиссиясының зерттеу жүргізуге қажетті сәйкес органдардан мәлімдеме жинауға құқығы бар.

3. Материалдық жағдайына зерттеу жүргізу

      11. Учаскелік комиссия материалдық жағдайын зерттеуді уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.

      12. Зерттеу барысында учаскелік комиссиялар өтініш иесінің қандай жағдайларга байланысты көмек сұраганын анықтайды. Бүл орайда мыналарға:

      отбасының құрамына;

      отбасының жұмыс істейтін мүшелеріне;

      отбасының еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істемейтін мүшелеріне - олардың жұмыс істемеу себебіне;

      отбасына балалар, мүгедектер, қарттар, сырқаттарды қарайтын еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істемейтін адамның бар екеніне;

      кәмелетке толмаган балалардың және күтім жасауға мұқтаж (мүгедектердің, қарттардың, сырқаттардың адамдардың болуына;

      өзінің жұмыспен қамтылғаны туралы өтінген адамдар табысынын нақты деңгеіне (отбасы мүшелерін, көршілерін жеке сұрау жолымен);

      жер үлесі мен жеке меншік қосалқы шаруашылығының (мал, құс, үй іргесіндегі учаске, бақша, саяжай учаскесі) болуына және оларды пайдаланудан түсетін табыстың нақты мөлшеріне;

      тұргын үйінің санына (пәтерінің, үйінің) көңіл аударылады.

      13. Әлеуметтік көмек алуга өтініш жасаушы мен оның отбасының материалдық зерттеу оның өзінің қатысуымен уәкілетті орган белгілеген мерзімде жүргізілуге тиіс.

      14. Жүргізген зертеудің нәтижелері бойынша учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайын зерттеу актісін жасайды, оған учаскелк комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      Зерттеу барысында ұсынылган нысандарымен қоса толтырылган акті ("Отбасының әлеуметтік картасы") уәкілетті органга тапсырылады.

      15. Өтініш иесі зерттеу жүргізуден бас тартқан жагдайда учаскелік комиссия акт жасап бұл туралы әлеуметтік көмек тагайындамау туралы шешім қабылдайтын уәкілетті органға хабарлайды.

      16. Учаскелік комиссия мүшелері уәкілетті органга берілген актіде жазылган деректердің растығы мен нактылыгына жауап береді.

      Заңсыз төлемдерге әкеп соқтырган актілерде деректердің жалғандығы немесе әлдеқандай бұзушылықтары анықталган жағдайда зиянды өтеу кінәлі адамдардан (өтініш иелерінен) қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      17. Өтініш иесінің және оның отбасының материалдық жагдайының зертеуді учаскелік комиссиялар азаматтардың жеке өміріне құрметпен қарай отырып, олардың қадір-қасиетін төмендетпейтіндей жағдайда жүргізуге тиіс. Комиссия мүшелері азаматтардың жеке өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

      "Риддер қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік багдарламалар бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастыгы
О. И. Ильинская

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады