Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күршім ауданының Күршім ауылдық округі Күршім ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 3044,4045 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Күршім ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы Күршім ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Күршім аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімнің м.а. | М. Альбеков |
Мәслихат төрағасы | К. Бахтияров |