БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 6 Бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
193-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"193. Манометрді келесі жағдайларда қолдануға рұқсат берілмейді:
1) тексеру таңбасы болмаса;
2) егер тексеру мерзімі өткен болса;
3) егер монометрдің тілі оны ажыратқан кезде монометр үшін жол берілетін ауытқудың жартысынан асатын шамаға шкаланың нөлдік көрсеткішіне қайтадан оралмаса;
4) егер әйнек сынса немесе оның көрсеткіштерінің дұрыстығына әсер ететін зақымданулар болса.";
248 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"248. Ыдыстармен жеткізілетін паспорт, нұсқаулық және басқада пайдаланылатын құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.";
249 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"249. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 480 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24562 болып тіркелген) бекітілген Қызмет ету мерзімі өткен, қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орындалған қызметтің нормативтік мерзімін өтеген ыдыстарды тексеру нәтижелері есепке қою кезінде ұсынылады және ыдысты пайдаланудың бүкіл кезеңі ішінде пайдаланушы ұйымда сақталады.";
252-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"252. Осы Қағидалардың әрекеттері қолданылатын ыдыстар жұмысқа қосқанға дейін монтаждаудан кейін және пайдалану процесінде кезең-кезеңімен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 398 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24019 болып тіркелген) бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін түтіктерге, цистерналарға, бөшкелерге және баллондарға техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес техникалық куәландырудан өтеді.";
750-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"750. Манометрді келесі жағдайларда қолдануға рұқсат берілмейді:
1) тексеру таңбасы болмаса;
2) тексеру мерзімі өткен болса;
3) тілі оны ажыратқан кезде осы аспап үшін жол берілетін ауытқудың жартысынан асатын шамаға шкаланың нөлдік көрсеткішіне қайтадан оралмаса;
4) әйнек сынса немесе оның көрсеткіштерінің дұрыстығына әсер ететін зақымданулар болса.";
806-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"806. Стационарлы қазандар ҚР ҚН 4.02-05-2013 "Қазандықтарды орнату", ҚР ҚН 4.04-10-2013 "Жылу электр станциялары" және осы Қағида талаптарына сай келетін үй-жайларға және ғимараттарға орнатылады. Егер қазан белгіленген климаттық жағдайларда жұмыс істеуге жобаланған болса, қазандарды ғимараттан тыс орнатуға болады.";
815-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"815. Қазандық жайы жеткілікті табиғи жарықпен, ал қараңғы уақытта электр жарығымен қамтамасыз етіледі. Техникалық себептер бойынша табиғи жарықпен қамтамасыз етілмейтін орындары электр жарығымен қамтамасыз етіледі.";
886-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"886. Қазанмен ұсынылатын пасапорт, нұсқаулық және басқада пайдаланылатын құжаттар мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде ұсынылады.";
908-тармақ алып тасталсын:
1323-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1323. Манометрді келесі жағдайларда қолдануға рұқсат берілмейді:
1) тексеру таңбасы болмаса;
2) егер тексеру мерзімі өткен болса;
3) егер монометрдің тілі оны ажыратқан кезде монометр үшін жол берілетін ауытқудың жартысынан асатын шамаға шкаланың нөлдік көрсеткішіне қайтадан оралмаса;
4) егер әйнек сынса немесе оның көрсеткіштерінің дұрыстығына әсер ететін зақымданулар болса.".
2. "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ету қағидаларында:
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Лифтіні жөндеген немесе оны қайта қалпына келтіруді (жаңартуды) орындағын ұйым бас мердігер құрылыс ұйымымен бірлесіп, лифт шахтасын, лифтінің өзін қарауды, оның жұмыс істеуін тексеруді, осы Қағидалардың 823, 839, 840, 842-тармақшаларына сәйкес лифтіні, ал тұрақты тоқ электр жетегі бар лифтіні осы Қағидалардың 843-тармақшасына сәйкес статикалық және динамикалық сынауды ұйымдастырады және жүргізеді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау инспекторы лифт шахтасының құрылыс бөлігін қабылдау бойынша комиссия жұмысына және монтаждаудан кейін лифтіні толық техникалық куәландыруды жүргізуге қатысады.
Аталған жұмыс түрлері мен сынақтардың оң нәтижелері кезінде аталған ұйымдар осы Қағидалардың "Лифтінің техникалық дайындығының актісі" деген 5-қосымшасында келтірілген нысан бойынша лифтінің техникалық дайындығы туралы актіні жасайды.
Бас мердігер құрылыс ұйымы болмаған кезде оның аталған функцияларын лифт иесі атқарады (иесі – балансында лифт болатын немесе оны пайдалануға енгізген сәттен балансына берілетін заңды, жеке тұлға (ұйым).
Монтаждау ұйымының аталған актісіне қоса иесіне мынадай құжаттар беріледі:
жабдықтың жерге қосу (нөлдеу) элементтерінің кедергісі өлшемін қарау және өлшеу хаттамасы;
қуатты электр жабдығы, басқару және дабыл тізбектері, қуатты және жарық электр сымдары оқшауларының кедергісі өлшемін өлшеу хаттамасы.";
68-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша мемлекеттік инспекторы.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Егер қарау және тексеру кезінде, сондай-ақ техникалық куәландыру кезінде мыналар анықталса, лифт пайдалануға берілмейді:
қарау, тексеру немесе куәландыру барысында жойылмайтын, лифтілерді қауіпсіз пайдалануға әсер ететін ақаулардың болуы;
техникалық қызмет көрсету және лифтіні жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты тұлға және (немесе) лифтіні пайдалануға жауапты тұлға тағайындауының болмауы;
лифтінің ақаусыз күйіне жауапты электрмеханик болмаса;
оқытылған және аттестатталған қызмет көрсетуші персоналдың болмауы;
иесі немесе пайдаланушы ұйым басшысы өндірістік бақылау туралы ережені әзірлемесе.
Техникалық куәландыру барысында аталған бұзылулар анықталған кезде лифт паспортында және актіде ол бұзылуларды жойғанға дейін лифтіні пайдалануға беру мүмкін еместігі туралы және нақты себептері көрсетілген қауіптілік туралы ескертетін жазба жазылады.
Егер анықталған ақаулар қарау, тексеру және куәландыру барысында, ал лифтіні қауіпсіз пайдалануға әсер етпейтін ақаулар – кесте бойынша жақын арадағы жөндеу кезіндежойылатын болса, лифтіні пайдалануға беруге рұқсат етіледі.";
80-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"инженерлік-техникалық қызметкерлердің осы Қағидаларды, персоналдың технологиялық регламентті орындауын қамтамасыз ету.";
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Жүк көтергіш крандардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалайтын инженерлік-техникалық жұмыскер:
жүк көтергіш крандарды, алмалы-салмалы жүк қармау құрылғыларын, ыдыстарды, кран жолдарын қауіпсіз пайдалану және техникалық күйін қадағалауды жүзеге асырады және өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын бұзудың алды алу бойынша шаралар қабылдайды;
жүк көтергіш крандарды куәландыруды жүргізеді және паспортта осы Қағидаларда қарастырылған жағдайларда оларды пайдалдануға рұқсат беретін жазбаны ресімдейді, егер бұл функциялар басқа жауапты тұлғаларға жүктелмесе, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепке қоюға жатпайтын жүк көтергіш крандардың, алмалы-салмалы жүк қармау құрылғыларының есебін және техникалық куәландыруды жүргізеді;
жүк көтергіш крандарды, кран жолдарын мерзімдік қарау мен жөндеу кестелерінің және алмалы-салмалы жүк қармау құрылғылары мен ыдыстарды тексеру мерзімдерінің сақталуын бақылайды;
жұмысшыларды жүк көтергіш крандарды басқару және оларға қызмет көрсетуге жіберу тәртібінің сақталуын тексереді, қызмет көрсету және жөндеу персоналының білімін мерзімдік тексеру, жүк көтергіш крандарды ақаусыз күйде ұстауға жауапты инженерлік-техникалық жұмыскерлердің және "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 79-бабына сәйкес крандармен қауіпсіз жұмыс жүргізуге жауапты тұлғалардың білімін тексеру бойынша комиссия жұмысына қатысады;
технологиялық регламенттердің болуын және оларды қызмет көрсететін персоналдың, жүк көтергіш механизмдерді ақаусыз күйде ұстауға жауапты инженерлік-техникалық жұмыскерлердің (мамандардың) және крандармен қауіпсіз жұмыс жүргізуге жауапты тұлғалардың орындауын бақылайды;
жүктерді іліп қоюдың қолданылатын тәсілдерінің дұрыстығына, жүкті қаттап қою өлшемдерінің сақталуына, жебелі, өздігінен жүретін крандарды орнату дұрыстығына, электр беру желілеріне жақын және көпірлі және консольді жылжымалы крандардың кран жолдарында жұмыстарды орындау кезінде рұқсат-нарядтары жүйесінің сақталуына назар аудара отырып, жүк көтергіш крандармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің, технологиялық регламенттердің орындалуын тексереді;
иесі немесе пайдаланушы ұйым басшысы белгілеген объектілерде жебелі, өздігінен жүретін крандарды бөлу және жолдау тәртібінің сақталуын бақылайды.";
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Жүк көтергіш крандармен жұмыс істеу және қызмет көрсету кезінде ақаулар, осы Қағидаларды бұзу анықталған кезде жүк көтергіш крандардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалайтын инженерлік-техникалық жұмыскер оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, қажет болған жағдайда кранды тоқтатады.
Жүк көтергіш крандардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалайтын инженерлік-техникалық жұмыскер:
тежегіштердің, арқандар мен олардың бекіткіштерінің, шынжырлардың, ілмектердің, шығырлардың, жүретін доңғалақтардың, бұғаттау құрылғылары мен қауіпсіздік құралдарының, кранның электр сызбалырының ақаулары анықталғанда;
салмақ түсірілетін металл құрылымында жарылулар мен деформациялар болғанда;
осы Қағидаларға "Кранды рельс жолдарының негізгі элементтері ақаулығының шекті нормалары" деген 11-қосымшада және "Кранды рельс жолдарының жобалық қалыптан ауытқуының шекті шамалары" деген 12-қосымшада көрсетілген рельс жолы элементтерінің жарамсыздықтары мен ауытқулары анықталғанда;
техникалық куәландыру мерзімі немесе кранның нормативтік қызмет мерзімі өткенде;
"Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 79-бабына сәйкес кранға кезекті білімін тексеруден өтпеген краншылар, сроптаушылар қызмет көрсетсе және жүк көтергіш механизмдерді ақаусыз күйде ұстауға жауапты инженерлік-техникалық жұмыскерлер, крандармен қауіпсіз жұмыс істеуге жауапты тұлғалар тағайындалмаса;
жүк көтергіш кранды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепке қою туралы мәлімет немесе паспорт болмағанда;
тасымалданатын жүктердің салмағына және сипатына сәйкес келетін алмалы-салмалы жүк қармау құрылғылары, ыдыстар болмағанда немесе олардың ақаулықтары болғанда;
жерге қосу құрылғыларының немесе кранның электр жабдығының ақаулары кезінде жүк көтергіш кранды пайдалануға жол бермейді.";
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Жүк көтергіш крандарды ақаусыз күйде ұстауға жауапты инженерлік-техникалық жұмыскер мыналарды қамтамасыз етеді:
кестемен белгіленген мерзімдерде мерзімдік қарау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, мерзімдік қарау журналының дұрыс жүргізілуін жүйелі бақылау және анықталған ақауларды уақытында жою, белгіленген мерзімдерде жүк көтергіш механизмдерді, кран жолдарын, алмалы-салмалы жүк қармау құрылғылары мен ыдыстарды өзі қарау жолымен жүк көтергіш крандарды, алмалы-салмалы жүк қармау құрылғыларын, ыдыстарды және кран жолдарын ақаусыз күйде ұстауды (егер соңғыларын ақаусыз күйде ұстау басқа қызметтерге жүктелмесе);
өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті білімі және жеткілікті дағдылары бар, оқыған және аттестатталған персоналдың жүк көтергіш механизмдерді жөндеуді және қызмет көрсетуді, "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 79-бабына сәйкес қызмет көрсететін персоналдың білімін үздіксіз тексеруді;
краншылардың және жөндеу персоналының жүк көтергіш крандарға қауіпсіз қызмет көрсету бойынша технологиялық регламентті орындауын;
жүк көтергіш кранды техникалық куәландыруға уақтылы дайындауды, нормативтік қызмет мерзімін өтеген кранды арнайы тексеруге дайындауды;
кестеге сәйкес жүк көтергіш механизмді жөндеуге шығаруды;
көпірлі крандарды пайдалану кезінде таңбалы жүйені сақтауды;
жөндеу және басқа жұмыстарды жүргізу үшін көпірлі және жылжымалы консольді крандардың кран жолдарына қызмет көрсететін персоналды және басқа жұмысшыларды жіберудің белгіленген тәртібін орындауды;
жүк көтергіш механизмдердің, алмалы-салмалы жүк қармау құрылғыларының, ыдыстар және кран жолдарының паспорттары мен техникалық құжаттамасын сақтауды, персонал білімін үздіксіз тексеру журналын жүргізуді;
жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалануды қадағалайтын инженерлік-техникалық жұмыскер ұйғарымдарын орындауды. Алмалы-салмалы жүк қармау құрылғылары мен ыдыстарды, кран жолдарын ақаусыз күйде ұстау иесінің немесе пайдаланатын ұйым басшысының өкімімен (бұйрығымен) тиісті біліктілігі бар маманға жүктеледі.";
135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"135. Көтергіштің жұмысы кезінде ақау мен осы Қағиданың бұзылуы анықталған кезде көтергіштің қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау бойынша маман жұмысында көтергіш тоқтатады және анықталған ақауларды немесе бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қабылдайды.
Көтергішті мынадай жағдайларда:
оған аттестатталмаған машинист қызмет көрсеткенде, сондай-ақ егер көтергішті ақаусыз қалыпта техникалық ұстауға жауапты тұлға тағайындалмаса;
кезекті техникалық куәландырудың уақыты, қызметтің нормативтік қызмет мерзімі өтіп кеткенде, ақаулығы болса;
көтергіштерді қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау бойынша жауапты тұлғаның ұйғарымдары орындалмаса;
көтергіште техникалық жағдайын қадағалаудың болмауы туралы куәландыратын көптеген ақаулар анықталғанда;
металл құрылымдардың жауапты жерлерінде сызаттар болғанда;
арқандар, шынжырлар жарамсыз болғанша тозғанда;
көтергіш жебесі шығуының өзгеру механизмінің және бұру механизмінің және тежегіштерінің ақаулығында;
қозғалысты шектейтін жүк өлшемін шектегіштің, соңғы ажыратқыштардың ақаулығында;
басқару жүйесі мен гидравликалық жүйенің ақаулығында;
дыбыстық сигналдық құрылғы ақауы мен адамдардың қауіпсіз жұмысына қауіп төндіретін басқа да ақаулықтарда жұмыста қолдануға жол берілмейді.";
383-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"383. Жүк көтергіш кранды іске қосуға рұқсат беретін жазбаны кранның иесі жүргізген толық техникалық куәландырудың оң нәтижелері негізінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау инспекторы ресімдейді. Бұл ретте жүк көтергіш кранның және рельс жолының жай-күйі, өндірістік бақылау жүйесінің ұйымдастырылуы және жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыруды қадағалау және оларға қызмет көрсетілуі тексеріледі.
Кран иесі жүк көтергіш кранның алдағы уақытта іске қосылуы туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің кем дегенде 5 (бес) жұмыс күні бұрын хатпен (еркін нысанда) хабарлайды.";
386-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"386. Жүк көтергіш крандар мен алмалы-салмалы жүк қармауыш құрылғылары іске қосылғанға дейін толық техникалық куәландырудан өтеді.
Жүк көтергіш кранды пайдалануға беру кезінде техникалық куәландыру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі.
Кран иесі жүк көтергіш кранның алдағы техникалық куәландыру уақыты туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын хатпен (еркін нысанда) хабарлайды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепке қоюға жатпайтын жүк көтергіш крандарды толық техникалық куәландыру оларды есепке алғанға дейін өткізіледі.";
409-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"409. Жүк көтергіш крандарды мерзімдік тексеру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, кран жолдарын жөндеу және тегістеу өндірушінің нұсқаулығына сәйкес және бекітілген жоспарлау-алдын ала жөндеу кестесінде белгіленген мерзімдерде орындалады. Кесте нақты жасаған жұмысы, кранның жұмыс режимі және техникалық жағдайы есепке алына отырып жасалады.
Пайдаланушы ұйымның басшысы немесе иесі жұмыс кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуді және анықталған ақауларды уақытында жоюды қамтамасыз етеді.";
441-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"441. Паспорт, нұсқаулық және басқа қолданылатын құжаттар, лифтімен ұсынылатын, мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі.";
10-қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарынды:
166-тармақ алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Автомобильге жанармай құю станциясы-автомобильге газ құю станциясынан оларға жатпайтын объектілерге дейінгі, тиісті ғимараттар мен құрылыстар арасындағы, сондай-ақ автокөлік кәсіпорындарының аумағында Автомобильге жанармай құю станциясы-автомобильге газ құю станциясы орналастыру кезіндегі ең аз арақашықтық ҚР ҚН 4.03-02-2012 "Автомобильге жанармай құю станциясы-автомобильге газ құю станциясы. Жобалау нормалары" сәйкес қабылданады.";
171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"171. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерінде баллонадар дайындаушы зауыт белгілеген, бірақ 20 жылдан аспайтын мерзімге сәйкес пайдаланылады. Мұндай мәліметтер болмаған кезде баллонды пайдалану мерзіміне баллон дайындалған күннен бастап 20 жылдан аспайтын мерзім қабылданады.
20 жыл өткеннен кейін баллон акт жасала отырып (еркін нысанда) кәдеге жаратылады.";
182-тармақ үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Журналдарды электрондық форматта жүргізуге жол беріледі.";
188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"188. Толтырушы ұйымдарды, толтыру станциялары мен сынау пункттерін "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заныңың 72-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет жүргізу құқығына аттестаттайды.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тиісті шифрге таңбаны тіркейді, ол бойынша баллонға техникалық куәландыру жүргізген ұйым сәйкестендіреді.
Таңбасы бар ұйымдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде белгілер (бедерлер) жасауы қажет.
Көрсетілген таңба бедері жоқ баллондарды қолдануға жол берілмейді.";
196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"196. Жарамаған баллондар қолданылу мақсатына қарамастан, олардың одан әрі пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын қылтасының бұрандасына белгі қою немесе корпусын бұрғылап тесу арқылы жарамсыз күйге келтіріледі. Жарамсыз баллондар акт жасала отырып (еркін нысанда) кәдеге жаратылады.";
236-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"236. Газ аспаптарын мынадай жерлерде:
1) жуынатын бөлмелерде, санитариялық тораптарда;
2) табиғи жарықтандырусыз ас бөлме ретінде жасалған ас үйлерде;
3) жалпы пайдалану дәлiздерiнде; орнатуға жол берiлмейдi.";
257-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тексеру нәтижелері, жоғарыда көрсетілген жұмыстар және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9980 болып тіркелген) Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарында белгіленген ең аз жұмыстарды ескере отырып, актімен (еркін нысанда) ресімделеді.".
Лифтілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты адамдардың негізгі функциялары*
Лифтілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты адам:
1) лифтілерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде электр механиктер жұмысын ұйымдастыру;
2) нормативтік құжаттарға сәйкес еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
3) лифтілерді жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді уақытында жүргізуді қамтамасыз ету және оның сапасын бақылау;
4) кәсіпорын (ұйым) басшылығы белгілеген кезеңділікпен лифтілерді қарауды жүргізу;
5) лифтілерді техникалық куәландыруға ұсыну және оны жүргізу кезінде қатысу;
6) лифтілерді техникалық куәландырудан өткізу және осы Қағидалармен қарастырылған жағдайларда оларды пайдалануға енгізуге рұқсат беру;
7) лифт паспорттарын, пайдалану және техникалық құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету;
8) лифтілерге қызмет көрсетуге аттестатталмаған персоналды жібермеу;
9) қызмет көрсететін персоналдың техникалық регламентпен қамтамасыз етілуін бақылау;
10) қызмет көрсететін персоналдың білімін уақытында үздіксіз тексеруді қамтамасыз ету;
11) қызмет көрсететін персоналмен оның біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу;
12) белгіленген мерзімде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау инспекторларының тапсырмаларын орындау;
13) аварияға немесе жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін ақаулар кезінде, сондай-ақ аттестатталған персонал болмаған кезде лифтілер жұмысын тоқтату;
14) лифт иесінің мамандандырылған пайдаланушы ұйым мен иеленуші арасындағы шарт талаптарын орындауын бақылау керек.
* Жергілікті пайдалану шарттарынан шыға отырып, штатта лифтілерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты тұлға болатын кәсіпорын (ұйым) әкімшілігі аталған тізбені ескере отырып, оның лауазымдық нұсқаулығын (ережені) әзірлейді және бекітеді.
Лифтілерді пайдалануды ұйымдастыруға жауапты адамның негізгі функциялары*
Лифтілерді пайдалануды ұйымдастыруға жауапты адам:
1) тағайындалуы және жүк көтергіштігіне сәйкес лифтілерді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) лифт паспортында көрсетілген оны пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге (температура, ылғалдылық, қоршаған орта және т.б.);
3) қызмет көрсететін персоналдың жұмысқа жіберілу тәртібін сақтауды бақылау және лифтілерді қызмет көрсетуге аттестатталмаған персоналды (лифшылар, операторлар) жібермеу;
4) қызмет көрсететін персоналды технологиялық регламенттермен қамтамасыз етуді бақылау, сондай-ақ олардың орындалуына;
5) қызмет көрсететін персоналдың білімін уақытылы үздіксіз тексеру жүргізуін қамтамасыз ету;
6) белгіленген мерзімде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау инспекторларының тапсырмаларын және мамандандырылған сарапшы ұйымның тексеру-актілерін орындау;
7) мамандандырылған пайдаланатын ұйым мен лифт иесі арасында шарт талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
8) машина және блокты жай есіктерінің жабық болуын, ал оларға кіре берістердің бос және жарық болуын қамтамасыз ету:
9) кәсіпорында (ұйымда) белгіленген машина және блокты жай кілттерін беруді есепке алу және сақтау тәртібін қамтамасыз ету;
10) аварияға немесе жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін ақаулар кезінде, сондай-ақ аттестатталған персонал болмаған кезде лифтілер жұмысын тоқтату керек.
* Жергілікті пайдалану шарттарынан шыға отырып, лифт иесі лифтілерді пайдалануды ұйымдастыруға жауапты тұлғаға аталған тізбені ескере отырып, лауазымдық нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді.