Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 ақпанда № 35705 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 5 ақпандағы
№ 5 Бұйрықпен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      жүк алушы – Тұтынушы немесе тасымалдау маршрутының соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне мұнай қабылдауға Тұтынушы уәкілеттік берген тұлға;

      кесте – уәкілетті орган бекіткен магистральдық мұнай құбырының жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау кестесі;

      магистральдық мұнай құбырының жүйесі – мұнайды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;

      мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер – мұнайды Тұтынушыдан қабылдау пунктінен бастап жүк алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық мұнай құбырының жүйесі бойынша қабылдау, тапсыру, айдау, мұнайды басқа да магистральдық мұнай құбырларына құйып алу, құю, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      Бұдан басқа, Шарттың мақсаттары үшін осы ұғым магистральдық құбыржолдары бойымен тасымалдау саласында реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бойынша көрсетілетін қызметтерді де қамтуы мүмкін;

      мұнайды қабылдау-тапсыру пунктi – мұнайды қабылдау-тапсыру, есеп жүргізу операциялары мен қабылдау-тапсыру құжаттарын ресiмдеу жүргiзiлетiн пункт;

      мұнай – тұрақты (тұрақсыз) газ конденсатын, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан және жанғыш тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған, қолданыстағы нормативтік және техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес тасымалдауға дайындалған көмірсутектерді қоса алғандағы шикі мұнай;

      мұнайдың мобильді (ең аз-қажетті) қалдығы – магистральдық мұнай құбыры жүйесінің тұрақты жұмысына, сондай-ақ Жеткізушінің маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктінде мұнайды Тұтынушыға тапсыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындауына, Тұтынушы маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктінде күтпеген мән-жайларға байланысты тасымалдау үшін мәлімделген көлемде мұнайды магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тапсыруды қамтамасыз етпеген жағдайға арналған, Тұтынушы бір жылға мәлімдеген орташа тәуліктік көлемнің екі еселенген мөлшерінен аспайтындай есептелетін магистральдық мұнай құбыры жүйесіндегі Тұтынушының кепілдік беретін мұнай қалдығы.

      Тұтынушы мұнайының мобильді (ең аз-қажетті) қалдығының шамасы Шарттың 11-тармағында көрсетілген;

      маршруттық тапсырма – Жеткізушінің өзінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне мұнай партиясын тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған тапсырмасы, онда қажетті жүк ілеспе құжаттары, мұнай тасымалдау маршруты, маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қабылданатын және маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне жүк алушыға тапсырылатын мұнай мөлшері, мұнай иесі, беру тәртібі және соңғы жүк алушы көрсетіледі;

      мұнайдың міндетті ең аз жылдық көлемі – Тараптардың Шарттың 4-тармағына сәйкес мұнайды тасымалдаудың жекелеген бағыттары бойынша көздей алатын, тасымалдаудың жылдық кезеңі ішінде магистральдық мұнай құбыры жүйесіне Тұтынушының жеткізуі үшін міндетті мұнай көлемі;

      мұнайдың міндетті ең аз айлық көлемі – мына формула бойынша есептелген мұнай көлемі:

      мұнайдың міндетті ең аз жылдық көлемі / N * nj, мұндағы:

      N – бір жылдағы күнтізбелік күндер саны;

      nj – j айдағы күнтізбелік күндер саны.

      мұнайдың кем жеткізілген көлемі – мұнайдың мiндетті ең аз айлық көлемiнiң немесе айлық кестеде (егер ол мiндеттi ең аз айлық көлемнен аз болса) бекітілген мұнай көлемiнiң және тасымалдау үшiн тасымалдаудың айлық кезеңі iшiнде магистральдық мұнай құбыры жүйесiне нақты тапсырылған мұнай көлемiнiң арасындағы айырма;

      мұнайдың толық мәлiмделмеген көлемi – мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемi мен тасымалдаудың есептiк айлық кезеңiнде тасымалдау үшiн Тұтынушы мәлiмдеген мұнай көлемiнiң арасындағы айырма;

      төлемге тапсырма – мұнайды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің алдын ала төлемінің құжаты;

      тасымалдаудың айлық кезеңі – мұнайды тасымалдау және оны есепке алу жүргiзiлетiн күнтiзбелiк айдың 1-күнi Мәскеу уақытымен сағат 00:00-ден бастап соңғы күні Мәскеу уақытымен сағат 24:00-ге дейінгі уақыт аралығы;

      тасымалдаудың жылдық кезеңі – 12 айлық тасымалдау кезеңін қамтитын, ұзақтығы күнтiзбелiк бiр жыл болатын мұнайды тасымалдау кезеңi;

      техникалық келісім – Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Тұтынушы мен Жеткізушінің атынан оның оқшауланған құрылымдық бөлімшесінің арасында жасалатын мұнайды магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қабылдау тәртібі туралы техникалық келісім;

      уәкілетті орган – магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      5-тармақтың 8) тармақшасындағы "қызметтер көрсету." деген сөздер "қызметтер көрсетуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) Тұтынушы Шарттың талаптарын бұзған, оның ішінде ол Шарттың 17 және 18-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін мұнайды магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тапсырған жағдайда, Тұтынушыдан Шарт талаптарына сәйкес Жеткізуші есепке жатқызған тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды), Жеткізушінің залалдарын, сондай-ақ үшінші тұлғаларға олардың талабы бойынша Жеткізуші төлеуге тиіс тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және/немесе залалдарды өтеуді талап етуге құқығы бар.";

      6-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) кестені алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Шарттың 7-тарауына сәйкес тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін Тұтынушыға төлемге тапсырманы ресімдеуге және жіберуге;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Тұтынушымен жасалатын жеке шарттың негізінде меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде ұлттық операторға (бірыңғай маршруттау жөніндегі операторлық қызмет) тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға байланысты көрсетілетін қызметтер кешенін көрсетуді қамтамасыз етуге;";

      8-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Шарттың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген төлемге тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, бірақ тасымалдаудың айлық кезеңінің алдындағы айдың соңғы күнінен кешіктірмей Жеткізушіге мұнай тасымалдауды жүзеге асыру үшін бекітілген кестеде көзделген Тұтынушы мұнайының барлық көлеміне мынадай құжаттар топтамасын:

      мұнайды бірінші кезекте Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және өзге де зауыттарына, кейіннен экспорттық бағыттарға тасымалдауға тапсырыстар ұсынуға міндетті.

      Мұнай тасымалдауға тапсырыс нысанын Жеткізуші белгілейді және онда Шарттың нөмірі мен күні, мұнайды тасымалдаудың маршруты (жөнелту пункті және межелі пункті), жеткізу санаты (Қазақстан Республикасының ішкі нарығы, экспорт, импорт, сақтау және т.б.), мұнай өндіруші, маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қабылданатын және маршруттың соңында мұнайды қабылдау-тапсыру пунктіне жүк алушыға тапсырылатын мұнай көлемі, тапсыру тәртібі, мұнайдың соңғы жүк алушысы, мұнай тасымалдауды жүзеге асыру үшін өзге де ақпарат болуға тиіс;

      мұнайды Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу және өзге де зауыттарына жеткізу кезінде түпкілікті жүк алушыны көрсете отырып, мұнайды қабылдауға келісетіні туралы осындай зауыттардың растауын;

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы тасымалданатын Тұтынушының мұнайын кедендік декларациялау көзделген жағдайда мұнайға арналған уақытша кедендік декларацияны ұсынуға міндетті;";

      14) тармақшадағы "ұсынуға міндетті." деген сөздер "ұсынуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      15) Шарттың 17 және 18-тармақтарының талаптарына сәйкес келген жағдайда мұнай дайындауды жүзеге асыруға және оны магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тапсыруды қамтамасыз етуге;

      16) Тұтынушы Шарттың талаптарын бұзған, оның ішінде Шарттың 17 және 18-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін мұнайды магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тапсырған жағдайда, Жеткізушінің талабы бойынша оған Шарт талаптарына сәйкес Жеткізуші есептеген тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұлды) төлеуге, Жеткізушінің үшінші тұлғаларға олардың талап етуі бойынша төлеуіне жататын залалдарын, сондай-ақ тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың және/немесе залалдардың сомаларын өтеуге міндетті.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тұтынушы магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тапсырған барлық мұнай Жеткізушіде жауапты сақтауда болады. Магистральдық мұнай құбыры жүйесінде болған Тұтынушының бөлінбеген мұнай қалдығын (магистральдық мұнай құбыры жүйесін толтыру үшін Тұтынушы берген мұнайды және көлемі Шартпен айқындалатын мұнайдың жылжымалы (ең аз-қажетті) қалдықтарын шегергенде) сақтағаны үшін мынадай түрде айқындалатын тасымалдаудың толық айлық кезеңі үшін тарифті есептеу:

      егер тасымалдаудың айлық кезеңінің соңында мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы қалдықтан артық болса, тасымалдаудың толық айлық кезеңінің сақталған көлемі тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы бөлінбеген қалдық болып есептеледі;

      егер тасымалдаудың айлық кезеңінің соңында мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы қалдықтан аз болса, тасымалдаудың толық айлық кезеңінің сақталған көлемі тасымалдаудың айлық кезеңінің аяғындағы бөлінбеген қалдық болып есептеледі.

      Тұтынушы магистральдық мұнай құбыры жүйесіне өткізетін мұнайдың мобильді (ең аз-қажетті) қалдығының шамасы Қазақстан Республикасының 1474-2016 "Магистральдық мұнай құбырлары. Мұнайды есепке алу жөніндегі нұсқаулық" стандартына сәйкес айқындалады.";

      21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) маршруттың соңында мұнай қабылдау-тапсыру пунктінде ресімделген мұнайды қабылдау-тапсыру актісі Жеткізушінің Шартқа сәйкес мұнайды тасымалдау жөніндегі міндеттемелерді орындағанын растайды.

      Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін маршруттың басында мұнайды қабылдау-тапсыру пункттерінде Тұтынушы мен Жеткізуші Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына маршруттық тапсырма негізінде бірінші кезектегі тәртіппен мұнайды қабылдау-тапсыру актілерін ресімдейді. Экспорттық жеткізілімдер үшін Қазақстан Республикасының және таяу және/немесе алыс шет елдердің теңіз порттарында танкер позицияларының жүктелуін қамтамасыз ету қажет болған жағдайлар ерекше жағдайлар болып табылады. Мұндай жағдайларда Тұтынушы мен Жеткізуші теңіз порттарында мұнайды тиеп-жөнелту кестесіне сәйкес көлемде мұнайды қабылдау-тапсыру актілерін ресімдейді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді Тұтынушы төлемге және/немесе шот-фактураға берілген тапсырма бойынша олар Тұтынушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған тарифтерге сәйкес берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Төлем тапсырмалары бойынша төлемді Тұтынушы 100% алдын ала төлем тәртібімен жүргізеді.

      Тұтынушы төлем тапсырмасында және/немесе шот-фактурада көрсетілген кестеге сәйкес тасымалдануға тиіс мұнай көлемі үшін көрсетілетін қызметтерге алдын ала төлем жасайды.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Кестеде көзделген көлемде мұнайды магистральдық мұнай құбыры жүйесіне қабылдаудан негізсіз бас тартқаны үшін Жеткізуші Тұтынушыға 75 (жетпіс бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Шарттың 5-тарауының талаптарына сәйкес келмейтін сапа көрсеткіштері бар мұнай тапсырылған жағдайда (осы тармақтың төртінші абзацында көрсетілген бұзушылықты қоспағанда) Тұтынушы Жеткізушінің талабы бойынша Шарттың 17 және 18-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін мұнайдың әрбір тоннасы (брутто) үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

      204oС температураға дейін қайнайтын фракциядағы органикалық хлоридтердің массалық үлесінің нормасынан асатын мұнай тапсырылғаны анықталған жағдайда, Тұтынушы Жеткізушінің талабы бойынша Шарттың 17 және 18-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін мұнайдың әрбір тоннасы (брутто) үшін 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді, Жеткізушіге оның негізделген шығындарын, сондай-ақ Жеткізушінің үшінші тұлғаларға олардың талабы бойынша төленуге тиіс тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) және/немесе залалдың сомасын өтейді.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Тараптардың келісуі бойынша Шарт Үлгілік Шартқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттерге, мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Суды арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

      Су тұтынудың үлестік нормаларынан асып кету фактісі болған жағдайда, 1 айдағы есепке жазудың жалпы көлемін есептеу кезінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен келісілген су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары шегінде тұтынылған көлемге бірінші кіші топтың тарифі қолданылады, ал қалған көлемге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) 2-кіші топтың тарифі қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      178-14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы, оның ішінде аварияларды жою үшін төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;".

      3. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      208-10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) есептер:

      қаржы-шаруашылық қызмет туралы, инвестициялық қызмет туралы;

      мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша негізгі қорлардың жай-күйі туралы, алдыңғы екі күнтізбелік жылғы еңбек бойынша жалақының құрылымы мен бөлінісі туралы;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады