"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 ақпанда № 35721 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде статистикалық ақпаратты әзірлейді және "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 1 бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу негізінде төлем шотын береді, ол көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны ұялы және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірі бойынша шақыру арқылы қосымша хабарланады.";

      3-қосымшада:

      реттік нөмірі 6 - жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 1 бұйрығына сәйкес бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі. Төлем тәсілі – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем екінші деңгейлі банк арқылы төлемге берілген шотқа сәйкес жүргізіледі, көрсетілетін қызметті алушыдан төлем тапсырмасында төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін көрсету талап етіледі.

      ".

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады