БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32871 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық санақтарды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.";
1) тармақша алып тасталсын:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ауыл шаруашылығы санағы – ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) бастапқы статистикалық деректер – статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, әкімшілік деректердің сапасын айқындайтын мемлекеттік орган;";
5) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) статистикалық нысан – статистикалық құжаттың бастапқы статистикалық деректерді белгіленген тәртіппен алуға немесе тіркеуге арналған қағаз немесе электрондық жеткізгіштердегі формуляры (бланк, есептілік нысаны, сұрақнама, сауалнама, санақ парағы және басқа да формулярлар);";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) халық санағы – белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респондентті сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау.";
1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) планшет немесе қағаз жеткізгішті (планшеттерді қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда) пайдаланумен, бастапқы статистикалық деректер және/немесе статистикалық тіркелімдер және/немесе әкімшілік деректер негізінде санақ парақтарын толтырусыз немесе алдын ала толтырумен интервьюердің респондентке сауал жүргізуі арқылы санақ парақтарын толтыруы;
2) бастапқы статистикалық деректер және/немесе статистикалық тіркелімдер және/немесе әкімшілік деректер негізінде санақ парақтарын толтырусыз немесе алдын ала толтырумен, онлайн режимде интернет желісі арқылы электрондық түрде респонденттердің санақ парақтарын толтыруы арқылы жүргізіледі.";
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) алынған мәліметтерді санақ парақтарына енгізумен интервьюерлердің респонденттерге сауал жүргізуі;"
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) интервьюерлердің респонденттен алған бастапқы статистикалық деректерді уәкілетті органға беруін ұйымдастыру;";
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер респондент ұлттық санақ кезеңінде сауалнама жүргізу кезінде болмаған жағдайда немесе одан мәліметтер алу мүмкін болмаған жағдайда, онда деректерді өңдеу процесінде олар бойынша жазбалар әкімшілік деректердің және/немесе қолда бар бастапқы статистикалық деректердің және/немесе статистикалық тіркелімдердің негізінде жүргізіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Санақ парақтарындағы респонденттен алынған бастапқы статистикалық деректер тек статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылады және Заңға сәйкес таратылады.
Ұлттық санақты жүргізу кезінде респонденттерден алынған бастапқы статистикалық деректер құпия болып табылады және Заңның 8-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респонденттің келісімі болған кезде ғана таратылуы мүмкін.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Санақ парақтарында көзделмеген бастапқы статистикалық деректерді жинауға жол берілмейді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19.Ұлттық санақтарды жүргізу кезінде алынған бастапқы статистикалық деректерді уәкілетті орган өңдейді.
Ұлттық санақты жүргізу кезінде алынған қағаз жеткізгіштердегі бастапқы статистикалық деректер ұлттық санақтардың қорытындылары ресми жарияланған сәттен бастап кемінде бір жыл сақталады. Бастапқы статистикалық деректері бар электрондық жеткізгіштер кемінде елу жыл сақталады.
Ұлттық санақтардың қорытындылары электрондық жеткізгіште ресми жариялануға тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы |
А. Иргалиев |