БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28262 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Бұйрықтың кіріспесі келесі редацияда жазылсын:
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
"Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесі" осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалауды жүргізу әдістерін белгілейді.
2. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау объектілері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларынан өнеркәсіптік-инновациялық субъектілерінің қызметіндегі қол жеткізген нәтижелері болып табылады.
3. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік әсері – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын (оның құралдары арқылы) іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген материалдық және материалдық емес әл-ауқаттың, өмір сүру жағдайларының, жекелеген әлеуметтік топтар (белгілі бір адамдар саны) үшін адам әлеуетін өсіру және іске асыру мүмкіндіктерінің өзгеруі;
2) жеке табыс салығы – жеке тұлғаның салық салынатын табысынан төлем көзінен және өз бетінше салық салу кезінде алынатын салық;
3) корпоративтік табыс салығы - мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік орта білім беретін оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар төлеушілері болып табылатын салық;
4) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
5) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қоры;
6) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) салықтар – салық кодексінде көзделген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипаттағы жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
8) тиімділікті бағалау – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингі процесінде алынған деректер негізінде есептелетін бағалау;
9) таза табыс – есепті кезеңде жүргізілген шығыстар шегерілгеннен және табыс салығы (КТС, ЖТС) төленгеннен кейін қалатын кәсіпорынның (ұйымның) табысы;
10) ұлттық институт – өнеркәсіпті және елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты;
11) экономикалық тиімділік – жергілікті экономика, сала/сектордың немесе өңір экономика параметрінің (лерінің) өзгеруі, мемлекеттік өнеркәсіпті ынталандыру шараларын іске асыру нәтижесінде жоспарланудан күтілетін және/немесе қол жеткізілген өзгертулер.
2-тарау. Тиімділікті бағалауды жүргізу тетігі
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау жылына бір рет жүргізіледі.
5. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субъектілері жыл сайын басшының қолы қойылып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша есепті кезеңнен кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың ұсынылған шараларының тиімділігі туралы қорытынды есептілік жібереді.
6. Ұлттық институт уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін талдау бойынша қызметтер көрсетеді.
3-тарау. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізу
7. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау қаржыландыруды алған және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингінен шықпаған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің деректері негізінде қалыптастырылған өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің деректері негізінде жүргізіледі.
8. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау Заңның 29-бабының 6) және 7) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 29-бабында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының бір түрін алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері арасында жүргізіледі.
9. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы үшін өлшемшарттар айқындалған:
1) қоса қаржыландыруды қоса алғанда, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қаржыландыру:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
2) лизингтік қаржыландыру:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
3) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктер беру:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
4) қаржы институттары арқылы кредит беру:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
6) ішкі нарықта ынталандыру:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
7) Өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
8) шетелдік сатып алушыларға өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтері бойынша берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
9) экспорттық сауданы қаржыландыру, кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін ұсыну:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты ;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
10) еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
11) аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
12) берешекті қайта құрылымдау:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері;
13) өнеркәсіптік гранттар беру:
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты;
мемлекеттік ынталандыру шараларын қолданудың әсері.
Жоғарыда аталған өлшемшарттар әмбебап болып табылады және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңа құрылған шараларына таралуы мүмкін.
____________________________________
* Өлшем өнеркәсіптік инновациялық қызмет субъектілері үшін тікелей қаржыландыруды көздемейтін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларына қолданылмайды.
10. Қаржыландыру қағидаты бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын екі бағытқа бөлуге болады:
1) қайтарымды (кредиттік) – өтеулі қаржыландыруды көздейтін шаралар: өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды, қаржы институттары арқылы кредиттеуді, жарғылық капитал арқылы лизинг пен кредиттеуді қоса алғанда, қаржыландыру;
2) өтеусіз (қаржыландыру бойынша) – өтеусіз қаржыландыруды көздейтін шаралар: экспорттық сауданы қаржыландыру, сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін беруге қаржыландыру, кепілдік, өнеркәсіптік гранттар.
Кредиттер түрінде жүзеге асырылатын (қайтарылатын) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты осы шараны алған өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің өнеркәсіп-инновациялық жүйе субъектісіне қайтарған ақша қаражатының сомасын және мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің өзгеру сомасын (мемлекеттік ынталандыру шарасын алғанға дейін қатысты) шараны капиталдандыру коэффициентіне көбейтілген қосу жолымен айқындалады, осы шараны алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің көрсетілген кезеңіне нақты бөлінген бюджет қаражатының сомасына бөлінеді. Келесі жолмен есептеледі:
t – өлшемшартты бағалау кезеңі (1 жыл, 2 жыл, 3 жыл...);
Ерекшелік: егер өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі арасындағы Шартқа сәйкес қаржы қаражатын қайтару сомасы жылдар бойынша біркелкі (барабар) бөлінбесе, қайтарымды (кредиттік) шаралар үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшартын айқындау кезінде, сонда бөлгіш (формулалар) көбейту арқылы анықталады нақты бөлінген бюджет қаражатының сомасы өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің жекелеген субъектісі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне осы өлшем бойынша (Х түрі) t - уақыт кезеңі үшін Шартқа сәйкес кредитті қайтару пайызына (
Қайтару пайызы (
Өтеусіз қағидат бойынша жүзеге асырылатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық өлшемшарты мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің өзгеру сомасын (мемлекеттік ынталандыру шарасын алғанға дейін қатысты) және осы шараны алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің шарасын капиталдандыру коэффициентін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің көрсетілген кезеңіне нақты бөлінген бюджет қаражатының сомасына көбейту жолымен айқындалады, осы шараны алған. Келесідей есептеледі:
где,
t – өлшемшартты бағалау кезеңі (1 жыл, 2 жыл, 3 жыл...);
Өнеркәсіптің өнеркәсіптік-инновациялық қызметі субъектісінен (
0 кезең – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері осы мемлекеттік шараны (х түрін) алғанға дейін өткен жыл (ұзақтығы 1 жыл);
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің өсімі (
Ескертпе: шараның қайтарымдылық критерийін айқындау кезінде (қаржыландыру қағидатына қарамастан) егер салық түсімдерінің өсімі теріс болса, онда салық түсімдерінің өсімінің мәні 0 қойылады. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасын шараның қайтарымдылық критерийі бойынша бағалау кезінде, егер шараның қайтарымдылық критерийінің мәні өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің әрбір субъектісі үшін 2-ден артық болса, біз 2 мәнін қоямыз.
11. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша мониторингке өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісін енгізу және оны алып тастау кезеңі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде жасалған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісі арасындағы келісімнің шарттарымен айқындалады. Бұл ретте "өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру" өнеркәсібін мемлекеттік ынталандыруға қарай өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісін мониторингке қосу жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалық көрсеткіштерге сәйкес жоба пайдалануға берілгеннен кейінгі бірінші есепті жылдан бастап жүзеге асырылады.
12. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық тиімділігін бағалау қайтарымдылық индексін есептеу жолымен мына формула бойынша айқындалады:
Өз кезегінде, нәтиже алынғаннан кейін қайтарымдылық индексінің тиімділігін бағалау қайтарымдылық индексін бағалау шкаласы негізінде жүргізіледі:
13. "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланудың әсері" өлшемшарты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасын алғаннан кейін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің қызметіне әсерін көрсетеді, бұл сайып келгенде өнеркәсіп саласына әсерін, онымен қоса мемлекеттік өнеркәсіпті ынталандыру шараларының экономикалық және әлеуметтік әсерлерін көрсетеді.
"Мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланудың әсері" есебі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесін (х түрін) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері айқындау жолымен жүзеге асырылады, ол өз кезегінде осы шараны алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесінің сомасын көрсетілген кезеңдегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің негізгі көрсеткіштерінің санына бөлу жолымен айқындалады.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының көрсеткіштеріне (түрлеріне) қол жеткізу дәрежесі мынадай түрде айқындалады:
n – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасын алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің t кезеңіндегі негізгі көрсеткіштердің саны (х түрі).
14. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасын пайдаланудың әсерін бағалау мемлекеттік ынталандыруға (х түріне) қарай индексті есептеу жолымен айқындалады, ол мына формула бойынша есептеледі:
n – уақыт кезеңіндегі өнеркәсіпті (х түрін) мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің саны ( анықтау үшін пайдаланылған өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің сол субъектілері)
15. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының негізгі көрсеткіштері (х түрі) - бұл уәкілетті орган мен өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субьектісі арасындағы шартта айқындалған, көрсетілген шара шеңберінде қол жеткізу үшін белгіленген, онымен қоса мемлекеттік өнеркәсіпті ынталандыру шараларының экономикалық және әлеуметтік әсерлерін айқындайтын негізгі көрсеткіштер (персонал саны, сатудан түскен табыс, еңбек өнімділігі және т.б.).
16. Өлшемшарт бойынша есептеу өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісі ұсынған ақпарат негізінде жүргізіледі.
17. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының тиімділігін бағалау мемлекеттік ынталандыру шарасының қайтарымдылық индексі (
Нәтижелер негізінде 2-қосымшаға сәйкес көрсеткіштер бойынша мемлекеттік ынталандыру шарасының тиімділік деңгейін анықтауға болады.
Көрсеткіштерді бағалаудың сандық мәнінің белгіленген шекті мәнге сәйкестігі мемлекеттік ынталандыру шарасының тиімділігін және оны қаржыландырудың орындылығын көрсетеді.
18. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері, егер жасалған келісімнің (өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі арасында) талаптарында өзгеше көзделмесе, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қарсы міндеттемелерді орындау кезеңі аяқталған сәтке дейін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі бойынша ақпаратты толық көлемде ұсынады.
2022 жылғы 27 мамырдағы № 297 |
|
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесіне 1-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.mps.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
"Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер"
Нысанның индексі: 1-ОЭ
Кезеңділік: жылдық
Есепті кезең: 20___ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері
Нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей
ЖСН/БСН |
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде.
т/т № | Ынталандыру шарасын алған өтініш берушінің атауы | Аймақ (облыс, қала) (ӘАОС) | Сала | Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы | Субъектінің санаты |
Баған | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | |||||
2 |
Кестенің жалғасы
Алған жылы | Мониторинг кезеңі (жылдар) | Қаржы қаражатын қайтарудың жалпы мерзімі (жылдар) | Қаржыландырылған сома (бөлінген бюджет қаражаты), мың теңге | Қайтару пайызы (D_t), % | Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне салынған қаражаттың жалпы сомасы, мың теңге |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Кестенің жалғасы
Субъект қайтарған ақша қаражатының сомасы, мың теңге | КТС/ЖТС, корпоративтік / жеке табыс салығы (есепті кезеңде), мың теңге | Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері (есепті кезеңде), мың теңге | Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері (0 кезеңде), мың теңге |
12 | 13 | 14 | 15 |
Кестенің жалғасы
1-көрсеткіш (есепті кезеңде) | 1 көрсеткіш (0 кезеңде) | 2 көрсеткіш (есепті кезеңде) | 2 көрсеткіш (0 кезеңде) |
16 | 17 | 18 | 19 |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________
Телефоны
Телефон________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ____________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам:
_________________________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) __________
Күні "____" ___________ 20__ жыл
2022 жылғы 27 мамырдағы № 297 |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
|
Нысан |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме" (нысанның индексі: 1-ОЭ, кезеңділік: жылдық)
Әкімшілік нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) жеке табыс салығы – жеке тұлғаның салық салынатын табысынан төлем көзінен және өз бетінше салық салу кезінде алынатын салық;
2) корпоративтік табыс салығы - мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік орта білім беретін оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар төлеушілері болып табылатын салық;
3) мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері – белгілі бір кезеңдегі өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің мемлекеттік бюджетке салықтық аударымдарының сомасы (КТС, ҚҚС, мүлік салығы және т. б.).
1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер" нысанның (бұдан әрі – Нысан) 1-бағанында ынталандыру шарасын алған өтініш берушінің атауы көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында аймақ (облыс, қала) атауы көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында сала атауы көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында субъектінің санаты көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында алған жылы көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік ынталандыру шараларының мониторинг кезеңі, жылдары көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында Lt өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісіне қаржы қаражатын қайтарудың жалпы мерзімі (қайтару кезеңінің бірінші күнінен бастап) (олардың арасындағы Шартқа сәйкес), жыл көрсетіледі. Бұл ретте қаржы қаражатын қайтарудың жалпы мерзімі қаржыландырудың жалпы мерзімі мен инвестициялық кезеңнің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
9. Нысанның 9-бағанында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қаржыландырылған сомасы (нақты бөлінген бюджет қаражаты), мың теңге көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында Шартқа сәйкес қайтарылатын қаражаттың жалпы сомасына қатысты t-уақыт кезеңі үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің (өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісіне) қайтарылатын қаржы қаражатының үлесі (Dt), қайтару пайызы көрсетіледі.
11. 11-бағанда өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің меншікті қаражатын және қаржыландырудың өзге де көздерін қоса алғанда, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне (шара алу кезеңінің басынан бастап) салынған VСt қаражатының жалпы сомасы, t - уақыт кезеңі үшін мың теңге көрсетіледі.
12. 12-бағанда V(t) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісіне (олардың арасындағы шарт шеңберінде) осы шараны (х түрін) алғаннан кейінгі t - уақыт кезеңі үшін қайтарған ақша қаражатының сомасы, мың теңге көрсетіледі.
13. Нысанның 13-бағанында есепті кезеңде төленген корпоративтік/жеке табыс салығының (КТС/ЖТС) сомасы, мың теңге көрсетіледі.
14. Нысанның 14-бағанында мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің сомасы көрсетіледі (0 кезеңде), мың теңге.
15. Нысанның 15-бағанында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының 1-көрсеткіші көрсетіледі (есепті кезеңде), мың теңге.
16. Нысанның 16-бағанында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының 1-көрсеткіші көрсетіледі (0 кезеңде), мың теңге.
17. Нысанның 17-бағанында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының 2-көрсеткіші көрсетіледі (есепті кезеңде).
18. Нысанның 18-бағанында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының 2-көрсеткіші көрсетіледі (0 кезеңде).
19. Нысанның 19-бағанында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының 2-көрсеткіші көрсетіледі (0 кезеңде).
* Бағандарда (15,16,17,18) көрсетілген көрсеткіштер - өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісі арасындағы шартта көрсетілген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың әрбір өлшемі бойынша бекітілген көрсеткіштер. Егер шартта 2 немесе одан да көп көрсеткіш көрсетілген болса, онда осы көрсеткіштер бойынша деректерді толтыру үшін жаңа бағандар қосылады.
2022 жылғы 27 мамырдағы № 297 |
|
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесіне 2-қосымша |
Мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділік деңгейін айқындау жөніндегі кесте.
1-ден төмен | 1-ден 1,1-ге дейін | 1,1-ден 1,2-ге дейін | 1,2 жоғары | |
1-ден төмен | тиімсіз шара (шара қайта қарауды қажет етеді) | тиімсіз шара (шара қайта қарауды қажет етеді) | тиімсіз шара (шара қайта қарауды қажет етеді) | тиімсіз шара (шара қайта қарауды қажет етеді) |
1-ден 1,1-ге дейін | тиімсіз шара (шара қайта қарауды қажет етеді) | шара тиімділігінің орташа деңгейі | шара тиімділігінің орташа деңгейі | шара тиімділігінің орташа деңгейі |
1,1-ден 1,2-ге дейін | шараның тиімділігінің төмен деңгейі | шара тиімділігінің орташа деңгейі | шара тиімділігінің орташа деңгейі | шара тиімділігінің жоғары деңгейі |
1,2 жоғары | шараның тиімділігінің төмен деңгейі | шара тиімділігінің орташа деңгейі | шара тиімділігінің жоғары деңгейі | шара тиімділігінің жоғары деңгейі |