"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 297 Бұйрықпен бекітілген |
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалауды жүргізу әдістерін белгілейді.
2. Өнеркәсіпті субъектілер берген мемлекеттік ынталандыру шараларынан өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің қол жеткізген нәтижелері тиімділікті бағалау объектілері болып табылады.
3. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері – даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілетті өнеркәсіпті дамыту қоры;
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) тиімділік индексі – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігінің есептік көрсеткіші;
5) тиімділікті бағалау – мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруды мониторингтеу процесінде алынған деректер негізінде есептелетін бағалау;
6) ұлттық институт – өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.01.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2024 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Тиімділікті бағалауды жүргізу тетігі
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау жылына бір рет жүргізіледі.
5. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субъектілері жыл сайын басшының қолы қойылып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың ұсынылған шараларының тиімділігі туралы қорытынды есептілік жібереді.
6. Ұлттық институт уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін талдау бойынша қызметтер көрсетеді.
7. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын есепті жылдан кейінгі 31 наурызға дейінгі мерзімде ұсынады.
3-тарау. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізу
8. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау үшін уәкілетті орган "Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 208 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27692 болып тіркелген) нысандарды және осы Әдістеменің 12-тармағына сәйкес өлшемшарттар бойынша балл беру әдісін пайдаланады.
9. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау өнеркәсіптің өңдеуші секторында қызметті жүзеге асыратын, қаржыландыру алған және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру мониторингінен шықпаған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері арасында жүргізіледі.
10. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау Заңның 29-бабының 6) және 7) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 29-бабында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының бір түрін алған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері арасында жүргізіледі.
11. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы үшін мынадай өлшемшарттар айқындалған:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жыл сайынғы негізде заттай мәнде өткізілетін өнім көлемін ұлғайту;
2) лизингтік қаржыландыру:
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес заттай мәнде пайдалануға берілгеннен кейін өндірілетін өнім көлемін ұлғайту;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін лизинг мерзімі ішінде жұмыс орындарын құру және/немесе сақтау;
3) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілдемелер беру:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жыл сайынғы негізде заттай мәнде өткізілетін өнім көлемін ұлғайту;
4) қаржы институттары арқылы кредит беру:
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес заттай мәнде пайдалануға берілгеннен кейін өндірілетін өнім көлемін ұлғайту;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін лизинг мерзімі ішінде жұмыс орындарын құру және/немесе сақтау;
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жыл сайынғы негізде заттай мәнде өткізілетін өнім көлемін ұлғайту;
6) ішкі нарықта ынталандыру:
2 (екі) жыл ішінде кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
7) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:
2 (екі) жыл ішінде кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
8) өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға берілетін кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:
ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнімнің экспорты;
9) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін пайдалану:
ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнімнің экспорты;
10) еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру:
2 (екі) жыл ішінде кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;
11) аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру:
аумақтық кластерлер қатысушыларының өнім өндіруші кәсіпорындардың еңбек өнімділігін бірлескен жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша кемінде 2%-ға арттыру;
бірлескен жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша аумақтық кластерлерге қатысушылардың өнім экспортының көлемін кемінде 3%-ға ұлғайту;
12) берешекті қайта құрылымдау:
жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жыл сайынғы негізде заттай мәнде өткізілетін өнім көлемін ұлғайту;
13) өнеркәсіптік гранттар беру:
кәсіпорынның өндіріс көлемін заттай мәнде 2 (екі) жыл ішінде 10%-ға ұлғайту;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
2 (екі) жыл ішінде экспорт көлемін заттай мәнде 10%-ға ұлғайту.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.01.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде әрбір өлшемшарттар бойынша 0-ден 3-ке дейінгі балл беріледі.
Балл төрт өлшемді шәкіл бойынша нақты өлшемшарттардың маңыздылығын келесідей анықтайды:
Егер өлшемшарттардың мөлшері диапазонда болса, 0 балл беріледі
0 < 5%;
Егер өлшемшарттардың мөлшері диапазонда болса, 1 балл беріледі
6% > 25%;
Егер өлшемшарттардың мөлшері диапазонда болса, 2 балл беріледі
26% > 50%;
Егер өлшемшарттардың мөлшері диапазонда болса, 3 балл беріледі
51% > 100%.
13. Өлшемшарттар бойынша балдар сомасы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасының тиімділігін мынадай формула бойынша бағалауға мүмкіндік береді:
S=(∑БК) / N
онда:
S – тиімділік индексі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары;
∑бк – өлшемшарттар бойынша балдар сомасы;
N – өлшемшарттар саны.
14. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнеркәсібін мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы бойынша интервалдық мәндер шеңберінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділік индексін табу кезінде жеке бағаланады.
15. Өлшемшарттар бойынша есептеу өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісі ұсынған ақпарат негізінде жүргізіледі.
16. Егер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары тиімділігінің индекстері осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аралық мәндерде болса, шараның іске асырылу тиімділігінің деңгейі беріледі:
бірінші бағанда ұсынылған шарадан тиімділіктің жоғары деңгейі ретінде бағаланады;
екінші бағанда ұсынылған шарадан тиімділіктің орташа деңгейі ретінде бағаланады;
үшінші бағанда ұсынылған шарадан тиімділіктің төмен деңгейі ретінде бағаланады;
төртінші бағанда ұсынылған шарадан тиімсіз деп бағаланады.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесіне 1-қосымша |
|
Нысан |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылады
Нысан www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
"Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер"
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.01.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Есепті кезең: 20___ жыл
Индексі: 1-ТБ
Кезеңділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей
р/с № | Ынталандыру шарасын алған өтініш берушінің атауы | Аймақ (облыс, қала) Әкімшілік-аумақтық объектілердің ведомстволық сыныптауышы (ӘАОС) | Сала | Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы | Субъектінің санаты | Нақты бөлінген бюджет қаражатының сомасы, мың теңге |
1 | ||||||
2 | ||||||
Барлығы: |
Кестенің жалғасы
Әсерлер | |||||||
1-өлшемшарт | Балл | 2-өлшемшарт | Балл |
∑ | Жоба мәртебесі | ||
Жоспар | Нақты | Жоспар | Нақты | ||||
Атауы (респонденттің) ______________________________________________________
Мекенжайы (респонденттің)_________________________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
____________________________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушы:________________________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Орындаушының телефон нөмірі, электрондық мекенжайы: ___________________
Күні "____" ___________ 20__ жыл
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын
іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша
түсіндірме осы Нысанға қосымшада келтірілген.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер" нысанның (бұдан әрі – Нысан) 1-бағанында ынталандыру шарасын алған өтініш берушінің атауы көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында аймақ (облыс, қала) ӘАОС атауы көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында сала атауы көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында субъектінің санаты көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында нақты бөлінген бюджет қаражатының сомасы (мың теңге) көрсетіледі.
7. Нысаннын 7-8 бағандарында осы Әдістеменің 11-тармағына сәйкес, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы үшін арнайы айқындалған өлшемдер атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 9-бағанында өлшемшарттар бойынша баллдар сомасы көрсетіледі.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары тиімділігінің индекстері
№ р/с |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру | Жобалар ды лизингтік қаржыландыру | Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілдемелер беру | Қаржы институтта ры арқылы кредит беру | Жарғылық капиталдар ға инвестицияларды жүзеге асыру | Ішкі нарықта ынталандыру | Өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу | ||||
егер, өлшемшарттар бойынша аралық мән: | ||||||||||
1 | тиімділіктің жоғары деңгейі | 6 | 8 - 9 | 6 | 8 - 9 | 6 | 4 | 4 | ||
2 | тиімділіктің орташа деңгейі | 4 - 5 | 6 < 8 | 4 - 5 | 6 < 8 | 4 - 5 | 3 - 4 | 3 - 4 | ||
3 | тиімділіктің төмен деңгейі | 2 - 3 | 3 < 6 | 2 - 3 | 3 < 6 | 2 - 3 | 1 - 2 | 1 - 2 | ||
4 | тиімсіз | < 2 | < 3 | < 2 | < 3 | < 2 | < 1 | < 1 |
Кестенің жалғасы
№ р/с |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау | Экспорттық саудалық қаржыландыру, Кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін беру | Еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру | Аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру | Берешекті қайта құрылымдау | Өнеркәсіптік гранттар беру | ||
егер өлшемшарттар бойынша аралық мән: | |||||||
1 | тиімділіктің жоғары деңгейі | 4 | 4 | 4 | 6 | 6 | 8 - 9 |
2 | тиімділіктің орташа деңгейі | 3 - 4 | 3 - 4 | 3 – 4 | 4 - 5 | 4 - 5 | 6 < 8 |
3 | тиімділіктің төмен деңгейі | 1 - 2 | 1 - 2 | 1 – 2 | 2 - 3 | 2 - 3 | 3 < 6 |
4 | тиімсіз | < 1 | < 1 | < 1 | < 2 | < 2 | < 3 |