БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13844 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әдістеме Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы қызметкерлерінің статистикалық қызметте қолдануына арналған.";
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) елдің ішкі нарық ресурстарында отандық өндіріс тауарларының және импорт бойынша түскен тауарлардың үлестерін айқындау үшін ресурстардың балансы және шикізаттың, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімнің және тұтыну тауарларының аса маңызды түрлерін пайдалану туралы статистикалық ақпарат (бұдан әрі – Ресурстар теңгерімі) пайдаланылады;";
6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"ТБИ-имп есептеу үшін позициялар тізбесі ТБИ құрайтын азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың жекелеген түрлерін қамтиды.";
10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) отандық және импорттық өндіріс тауарлары бағасының өзгеруінің қалыпына келтірілген мәні қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық және "шартты" салмақтың қатынасы ретінде анықталады:
iNimp = ҚСБNimp / Wimp,
iNppi = ҚСБNppi / Wppi,
мұндағы:
iN (imp, ppi) – тиісінше, қалыпқа келтірілген салыстырмалы бағалық;
ҚСБN (imp, ppi) – тиісінше, қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық;
Wimp, Wppi – тиісінше, ТБИ тауар салмағы және ТБИ құрылымындағы импорттық салмағы және отандық тауардың "шартты" ТБИ тауар салмағы.
Алынған шама iNimp – нақты айқындама үшін ТБИ құрамындағы импорттық өндіріс тауарлары бағасының өзгеруін сипаттайтын ТБИ-имп мәні болып табылады.
"Жарма" айқындамасы бойынша ТБИ-имп есептеудің өтпелі мысалы Әдістеменің қосымшасында көрсетілген.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Базалық тұтыну бағасының индексін есептеу әдістемесінде:
11-тармақтың төртінші бөлігі алынып тасталсын;
15-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қалған айқындамалар бойынша қалыпқа келтірілген салмақты ескере отырып БТБИ агрегатталған индексі қайта есептеледі.
Жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге, бензинге және көмірге бағалар өзгерісін есепке алмағандағы БТБИ есептеу осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.";
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды ресми жарияланғаннан кейін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |
Тұтыну бағалар индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеудің өтпелі мысалы
Есептеу мысалында мынадай қысқартулар қолданылады:
1) ҚР-тауары – есептеудегі отандық өндірістің тауары бойынша ақпаратты көрсететін айқындама;
2) ИМП-тауары – республикаға импортталатын тауар туралы ақпаратты көрсететін айқындама;
3) Ресурстар теңгерімі – ресурстардың теңгерімі және шикізаттың, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдердің және тұтыну тауарларының маңызды түрлерін пайдалану туралы статистикалық ақпарат;
4) ТБИ – тұтыну бағаларының индексі;
5) ӨБИ – өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағаларының индексі;
6) ИМПТБИ – импорттық өнімдер түсімі бағаларының индексі.
ҚР-тауар және ИМП-тауарының үлесін анықтау үшін деректер Ресурстар теңгерімінің "ресурстар", "өндіріс", "импорт" тармақтарында берілген және олардың үлес салмағы "ресурстар" жолында анықталады.
1-мысал
ҚР-тауарының және ИМП-тауарының үлесін есептеу
Ресурстар теңгеріміндегі айқындамалар | Ресурстар | Өндіріс | Импорт |
Күрішті қосқанда, жарма, тонна | 71200 | 63215 | 7985 |
оның ішінде күріш | 52219 | 46015 | 6204 |
Деректер айырмашылығы | 18981 (71200-52219) | 17200 (63215-46015) | 1781 (7985-6204) |
"Жармалар" айқындамасындағы үлесі | ҚР-тауар = 0,9062 (17200/18981) | ИМП-тауар = 0,0938 (1781/18981) |
Табылған үлесті ескере отырып, оның ТБИ-дегі салмағына сәйкес айқындамалар бойынша ҚР-тауарының және ИМП-тауарының "шартты" салмағы анықталады.
2-мысал
ҚР-тауарының және ИМП-тауарының шартты салмағын есептеу
Атауы | Ресурстардағы үлесі | ТБИ-дегі салмағы |
А | 1 | 2 |
Жармалар | 0,00387 | |
ИМП- тауары | 0,0938 | 0,00036=(0,00387*0,0938) |
ҚР- тауары | 0,9062 | 0,00351=(0,00387*0,9062) |
Есепті айға нақты салыстырмалы бағалық: ТБИ – айқындамалар бойынша толығымен, ӨБИ – ҚР-тауарларының айқындамалары бойынша, ИМПТБИ – ИМП-тауарларының айқындамалары бойынша анықталады.
Олардың салмағы ескеріліп, құрылымдық салыстырмалы бағалық анықталады.
3-мысал
Құрылымдық салыстырмалы бағалықты есептеу
Атауы | ТБИ салмағы | Нақты салыстырмалы бағалық | Құрылымдық салыстырмалы бағалық |
А | 2 | 3 | 4=2*3 |
Жармалар | 0,00387 | 1,0454 | 0,004046 |
ИМП-тауар | 0,00036 | 0,9666 | 0,000348 |
ҚР-тауар | 0,00351 | 1,0135 | 0,003557 |
Бағалар индексінің нақты мәні пайдаланылғандықтан ТБИ (3-баған) айқындамасы бойынша салыстырмалы бағалық ТБИ және ИМПТБИ бойынша салыстырмалы бағалықтың орташа мөлшері болып табылмайды. Яғни орташа мән құрамды мән болуы тиіс деген шарт орындалмайды. Мысалға: 0,9666 ≤ 1,0454 ≥ 1,0135.
Тиісінше, ҚР мен – ИМП тауарға құрылымдық салыстырмалы бағалық жиынтығы (0,003905 = 0,003557+0,000348) ТБИ бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалыққа тең емес (=0,004046).
ҚР-тауар және ИМП-тауарларға құрылымдық салыстырмалы бағалықты қалыпқа келтіру жүзеге асырылады. Қалыпқа келтіру коэффициенті ҚР тауары және ИМП тауарларына (1,036108=0,004046/0,003905) құрылымдық салыстырмалы бағалық сомасына ТБИ бойынша нақты құрылымдық салыстырмалы бағалықтың қатынасымен анықталады.
Алынған қалыпқа келтіру коэффициентін ҚР-тауар және ИМП-тауар құрылымдық салыстырмалы бағалығына көбейту арқылы қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық табылады.
4-мысал
Қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалықтың есебі
Атауы | Құрылымдық салыстырмалы бағалық | Қалыпқа келтірілген коэффициент | Қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық |
А | 4=2*3 | 5 | 6=4*5 |
Жармалар | 0,004046 | 1,036108 | 0,004046 |
ИМП-тауар | 0,000348 | 0,000361 | |
ҚР-тауар | 0,003557 | 0,003685 |
ҚР-тауары мен ИМП-тауарларына қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық және осы айқындаманың салмағы негізінде ҚР-тауары және ИМП-тауарлары бойынша салыстырмалы бағалық қайта есептеледі.
5-мысал
Айқындама бойынша ТБИ-имп ескерілген салыстырмалы бағалықты есептеу
Атауы | ТБИ-дегі салмағы | Нақты салыстырмалы бағалық | Қалыпталған құрылымдық салыстырмалы бағалық | Қалыпталған салыстырмалы бағалық |
А | 2 | 3 | 6=4*5 | 7=6/2 |
Жармалар | 0,00387 | 1,0454 | 0,004046 | 1,0454 |
ИМП-тауар | 0,00036 | 0,9666 | 0,000361 | 1,0016 |
ҚР-тауар | 0,00351 | 1,0135 | 0,003685 | 1,0500 |
Нәтижесінде ТБИ мәні ҚР-тауар және ИМП-тауарларына бағаның өзгеруі беталысын ескеретін, орташа өлшенген шама орнығады. Орташа мәні құрастырылған мәннің шегінен табылу керек: 1,0016 ≤ 1,0454 ≤ 1,0500 деген жағдай қалпына келеді.
Осылайша "жармалар" айқындамасы бойынша 104,5% тең ТБИ құрамындағы ТБИ-имп 100,2% (1,0016*100%) құрады.
Жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге, бензинге және көмірге бағалар өзгерісін есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексін есептеу мысалы
Атауы | Салмақ | Базалық жылғы желтоқсанға (өткен ай) бағалық салыстырмалы шама | Есепті айдың бағалық салыстырмалы шамасы | Құрылымдық бағалық салыстырмалы шама базалық жылғы желтоқсанға | |||
үш құрамдас бөліксіз тұтыну бағасының индексі бойынша | қалыпқа келтірілген | өткен айға | базалық жылғы желтоқсанға | есепті айға | өткен айға | ||
А | 1 | 2 | 3 | 4=6/7 | 5=3*4 | 6=2*5 | 7=2*3 |
Базалық тұтыну бағасының индексі | |||||||
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер | 0,93565 | 1,00000 | 1,563421 | 1,008753 | 1,577106 | 1,57710621 | 1,56342102 |
Ұн | 0,00911 | 0,00974 | 1,514634 | 1,039968 | 1,575171 | 0,01534217 | 0,01475254 |
Жоғары сұрыпты бидай ұны | 0,00365 | 0,00390 | 1,591084 | 1,037838 | 1,651287 | 0,00644002 | 0,00620523 |
Бірінші сұрыпты бидай ұны | 0,00546 | 0,00584 | 1,463581 | 1,041514 | 1,524340 | 0,00890215 | 0,00854731 |
Үш құрамдас бөлікті есепке алмағандағы базалық тұтыну бағасының индексін есептеу тәртібі:
1) жаңадан жиналған жемістер мен көкөністерді, бензинді, көмірді алып тастаған кезде олардың үлес салмағы және баға өзгерісі шартты түрде нөлге тең деп қабылданады;
2) жоғарыда аталған айқындамаларды алып тастағаннан кейін қалған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық салмағы 0,93565 ≠ 1,00000 болады. Салмақтар қалыпқа келтіру коэффициенті көмегімен қалыпқа келтіріледі:
kN = 1 / 0,93565.
Оны есепке алғанда айқындамалар бойынша қалыпқа келтірілген салмақ (2-баған):
жоғары сұрыпты ұн | 0,00365 * 1/0,93565 = 0,00390 |
бірінші сұрыпты ұн | 0,00546 * 1/0,93565 = 0,00584 |
ұн тобы бойынша | 0,00390 + 0,00584 = 0,00911 |
3) өткен айға ұзақ мерзімді бағалық салыстырмалы шама бойынша деректер (3-баған) тұтыну бағасының индексі есептеуінен алынады. Тұтыну бағасы индексінің тиісті есептеуіндегідей анықтау үшін қалыпқа келтірілген салмақты ескере отырып қысқа мерзімді бағалық салыстырмалы шама (4 және 5-баған) есептеледі:
а) айқындамалық жолдар бойынша: өткен айдың құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы базалық жылғы желтоқсанға (7-баған) 7-баған = 2-баған * 3-баған:
жоғары сұрыпты ұн бойынша 0,00390 * 1,591084 = 0,00620523;
бірінші сұрыпты ұн бойынша 0,00584 * 1,463581 = 0,00854731.
б) айқындамалық жолдар бойынша: есепті айдың құрылымдық бағалық салыстырмалы шамасы базалық жылғы желтоқсанға (6-баған) 6-баған = 2-баған * 5-баған:
жоғары сұрыпты ұн бойынша 0,00390 * 1,651287 = 0,00644002;
бірінші сұрыпты ұн бойынша 0,00584 * 1,524340 = 0,00890215.
в) ішкі класс түрлері, ішкі класс, класс, топ, бөлім түрлері бойынша құрылымдық бағалық салыстырмалы шамалар оларға кіретін құрамдас бөліктерді тізбектеп жиынтықтау жолымен анықталады.
Мысалы, ішкі класс (5-деңгей) бөлігі бойынша құрылымдық (6 және 7-бағандар) бағалық салыстырмалы шамалар оған кіретін айқындамалық (6-деңгей) жолдардың жиынтығы ретінде есептеледі.
ұн бойынша 6-баған 0,00644002 + 0,00890215 = 0,01534217;
ұн бойынша 7-баған 0,00620523 + 0,00854731 = 0,01475254.
4) топтық жолдар бойынша бағалық салыстырмалы шама базалық жылғы желтоқсанға ұзақ мерзімді құрылымдық шаманы бөлу арқылы есептеледі.
есепті айдың өткен айға 4-баған = 6-баған / 7-баған:
ұн бойынша 0,01534217 / 0,01475254 = 1,039968;
базалық жылғы желтоқсанға – 5-баған = 6-баған / 2-баған:
ұн бойынша 0,01534217 / 0,00974 = 1,575171.