"Жарақат, оқиға, апат және қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 13 мамырда № 36098 болып тіркелді

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 134) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жарақат, оқиға, апат және қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі-Министрлік) мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 8 мамырдағы
№ 183 Бұйрықпен
бекітілген

      Нысан

      Ұсынылады: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

      Әкімшілік нысанының атауы: Жарақат, оқиға, апат және қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ТИАФ-4

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жыл "__"_______________

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдар, қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын

ЖСН/БСН



      Жинау әдісі: қағаз тасымалдағышта немесе электронды (болған жағдайда)

Жарақат, оқиға, апат және қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы ақпарат

Көрсеткіштердің атауы

Ақпарат

1

Қауіпті өндірістік объектінің атауы


2

Объектінің орналасқан жері, мекен-жайы болмаған жағдайда бойлық-объектінің орналасқан жерінің ендігі


3

Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды


4

Мекенжайдың тіркеу коды


5

Оқиға санаты (жарақаттану, инцидент, авария, қауіпті өндірістік фактордың туындау фактісі)


6

Жағдайлар мен алдын ала себептердің қысқаша сипаттамасы


7

Хабарлама жіберілген күні мен уақыты


      Ұйымның атауы:                                                 Мекенжайы:

      Телефоны_____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы: _________________________________________

      Орындаушы___________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Жарақаттану, инцидент, авария және қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы ақпарат" ТИАФ-4, факті бойынша

      1. Осы түсіндірме "Жарақаттану, инцидент, авария және қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - нысан) толтыру жөніндегі ұсынымдарды айқындайды.

      2. Нысанды қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдар, қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар толтырады және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.

      3. Нысан мемлекеттік және / немесе орыс тілдерінде толтырылады.

      4. 1 жолда жолда жарақат алған қауіпті өндірістік объектінің атауы, инцидент, авария, қауіпті өндірістік фактордың туындау фактісі көрсетіледі.

      6. 2 жолда жарақат алған объектінің орналасқан жері, инцидент, авария, қауіпті өндірістік фактордың туындау фактісі көрсетіледі. Мекенжай болмаған жағдайда бойлық-объектінің орналасқан жерінің ендігі көрсетіледі.

      7. 3 жолда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды көрсетіледі.

      8. 4 жолда мекенжайдың тіркеу коды көрсетіледі.

      9. 5 жолда мыналар көрсетіледі:

      адам жарақат алған жағдайда-жарақат;

      ғимараттар, құрылыстар және (немесе) техникалық құрылғылар қираған, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттар шығарылған жағдайда-авария;

      қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылар істен шыққан немесе бүлінген, аварияға әкеп соқпаған технологиялық процесті жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқыған жағдайда-инцидент;

      қауіпті өндірістік объектілерде және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян (залал) келтіретін физикалық құбылыс болған жағдайда-қауіпті өндірістік фактор.

      10. 6 жолда мән-жайлардың қысқаша сипаттамасы, алдын ала себептері көрсетіледі.

      11. 7 жолда ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жіберу күні мен уақыты көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады