Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31, 37-баптарына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданының әкімі | А.Кадралина |
Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы | А.Бралина |
Бірлескен Жақсы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 наурыздағы № a-1/26 қаулысына және Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 наурыздағы № 8С-40-2 шешіміне қосымша |
Жақсы ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар | Оның ішінде | ||
егістік | шабындықтар | жайылымдар | |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | |||
4500 | 3300 | 150 | 1050 |
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін | |||
30000 | 22000 | 1000 | 7000 |