Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/46 "Маңғыстау облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеу үшін жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 18/201 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 4 ақпанда № 4100 болып тіркелді

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1."Маңғыстау облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеу үшін жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/46 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4604-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2025 жылғы 30 қаңтардағы
  № 18/201 шешіміне қосымша
  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2023 жылғы 27 қыркүйектегі
  № 5/46 шешіміне қосымша

Маңғыстау облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеу үшін жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1 – тарау. Жалпы ережелер

      1.Осы Маңғыстау облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеу үшін жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері (бұдан әрі – Тәртіп) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әзірленді және Маңғыстау облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеу үшін жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2.Негізгі ұғымдар:

      1)әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      2)жұмыс беруші – тиісті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;

      3)медицина немесе фармацевтика қызметкері (бұдан әрі – қызметкерлер) – жоғары медициналық кәсіптік білімі бар және медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

      3.Әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.

      Бес жылдық кезеңге қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі енгізілмейді.

2 – тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері

      4.Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      5.Әлеуметтік қолдау біржолғы төлемнен тұрады:

      1)Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалған аса тапшы медициналық мамандықтар бойынша кемінде бес жыл мерзімге ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген қызметкерлерге – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде;

      2)кемінде бес жыл мерзімге Жаңаөзен қаласына жұмыс істеуге келген қызметкерлерге – 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

      3)кемінде бес жыл мерзімге Ақтау қаласына жұмыс істеуге келген қызметкерлерге – 3 000 000 (үш миллион) теңге мөлшерінде.

3 – тарау. Әлеуметтік қолдау алуға үміткер медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      6.Маңғыстау облысының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі қызметкері (толық ставкада жұмыс жасайтын) болып табылатын медицина немесе фармацевтика қызметкері (жұмыс өтіліне талап қойылмайтын) әлеуметтік қолдау алуға құқылы.

      7.Әлеуметтік қолдау төменде көрсетілген тұлғаларға көрсетілмейді:

      1)бұрын Маңғыстау облысының жергілікті бюджеті қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау алған қызметкерлерге, оның ішінде осы әлеуметтік қолдау шаралары жүйесі аясында бұрын ақшалай қаражаттарды қайтару бойынша міндеттемелерін орындамағандар;

      2)Маңғыстау облысының жергілікті бюджеті қаражаты есебінен резидентура бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған және жергілікті атқарушы орган мен резидент арасындағы шартта көзделген Маңғыстау облысының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында мерзімін өтемеген қызметкерлерге.

4 – тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі

      8.Уәкілетті орган ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жіберілген әлеуметтік қолдау алуға үміткер тұлғалар үшін конкурс өткізеді.

      9.Үміткерлер әлеуметтік қолдау алу конкурсына қатысу үшін уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:

      1)жеке куәлігінің көшірмесі;

      2)жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

      3)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (Қазақтан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);

      4)Маңғыстау облысының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін.

      10.Әлеуметтік қолдау көрсету туралы құжаттарды қарау уәкілетті органмен құрылған комиссиямен жүзеге асырылады.

      Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрауы тиіс.

      Комиссия төрағасы уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады.

      Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      11.Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:

      1)үміткерлердің ұсынылған құжаттарын қарайды;

      2)әлеуметтік қолдау көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12.Комиссия үміткерлердің ұсынған құжаттарын қарайды және он бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      13.Біржолғы төлем өтініш, комиссия шешімі және жұмыс берушінің қызметкермен жасақталған еңбек шарты негізінде екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы қызметкерлердің жеке шоттарына аудару жолымен комиссиямен шешім қабылданған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде комиссияның қабылдаған шешімі жөнінде қызметкерлерді және жұмыс берушілерді хабарландырады.

      14.Жұмыс беруші әлеуметтік қолдау көрсету туралы комиссия шешімі қабылданған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әлеуметтік қолдау көрсету туралы комиссияның оң шешімін алған қызметкермен жұмыс берушіде әлеуметтік қолдауды жұмыспен өтеу талабымен еңбек шартын (еңбек шартына қосымша келісімді) жасасады.

      15.Қызметкерлермен еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші уәкілетті органды еңбек шарты бұзылған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

      16.Жұмыс берушімен еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, қызметкер еңбек шарты бұзылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде төленген әлеуметтік қолдау сомасын ерікті түрде қайтарады.

      Бұл ретте қайтару сомасы әлеуметтік қолдауды жұмыс берушіде жұмыспен өтеу уақытына тепе-тең есептеледі.

      17.Төленген әлеуметтік қолдау сомасын қызметкермен осы Тәртіпте көзделген мерзімдерде ерікті түрде қайтарудан бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап қою арқылы бұрын аударылған бюджет қаражаттарын облыстық бюджеттің кірісіне қайтару бойынша шаралар қабылдайды.

      18.Қызметкер әлеуметтік қолдауды алу кезінде жұмыс жасаған медициналық ұйымында әлеуметтік қолдауды жұмыспен өтеуі қажет.

      Бұл ретте уәкілетті органмен өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкерді Маңғыстау облысы шегінде ауылдық жерлерде және кенттерде, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан бір медициналық ұйымнан басқасына ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметкерге көрсетілген әлеуметтік қолдау сақталады.

      Мұндай жағдайда басқа елді мекенде орналасқан медициналық ұйымға ауысқаны үшін әлеуметтік қолдау қайтадан көрсетілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады