Қарақия ауданы бойынша 2025 - 2027 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 19/219 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 5 наурызда № 4771-12 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12353 болып тіркелген), Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Қарақия ауданы бойынша 2025-2027 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2025 жылғы 28 ақпандағы
  № 19/219 шешіміне қосымша

Қарақия ауданы бойынша 2025-2027 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Маршрут түрі

1

№ 1 "Құрық – Қарақия стансасы"

ауылдық

2

№ 2 "Жетібай – Мұнайшы (Жетібай стансасы)"

ауданішілік


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады