Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының қызметкерлерімен кемелерге бақылау жүргізу тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1995 жылғы 26 қазандағы N 210 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 7 тамызда N 572 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012 жылғы 12 қазандағы № 691 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012.10.12 № 691 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Флот жұмысының мемлекеттік реттелуін қамтамасыз ету, кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттылықты болдырмау мәселелерін шешуде бірыңғайлықты орнату мақсатымен
 
                              БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген құжаттар бекітілсін:
      - "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелердегі команда құрамын дипломдау туралы Ереже";
      - "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелер мен жер снарядтарындағы команда құрамын дипломдау жөніндегі біліктілік комиссиялар туралы Ереже";
      - "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігінің Бас инспекциясының қызметкерлерімен кемелерге бақылау жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулық".
      2. Су көлігінің Департаменті жаңа үлгідегі Дипломдар мен Біліктілік бланкілерінің қажетті санын әзірлесін. 1997 жылғы 1 сәуірге дейін Дипломдар мен Біліктілік куәліктерге айырбастау жүргізсін.
      3. 1987 жылғы 27 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы өзен флотының Бас басқармасының бастығының N 16 бұйрығымен бекітілген "Қазақ КСР-нің ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелердегі команда құрамын дипломдау туралы Ереже" және 1994 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі Департаментінің директорымен бекітілген "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелер мен жерснарядтарындағы команда құрамын дипломдау жөніндегі білікті комиссиялар туралы Ереженің" күші жойылды деп есептелсін.
      4. Заң актілерін әзірлеу, жоғарғы кеңеспен байланыс және заң жұмыстарының Басқармасы жоғарыда аталған құжаттарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген  тәртіппен тіркесін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Су көлігі Департаментінің директоры П.Д. Коваленкоға жүктелсін.
 
      Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                             Көлік және коммуникациялар министрінің
                                1995 жылғы 26 қазандағы N 210
                                      бұйрығымен бекітілген
 
            Қазақстан Республикасының Көлік және
       коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде
       жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының қызметкерлерімен
           кемелерге бақылау жүргізу тәртібі туралы
                           НҰСҚАУЛЫҚ

                      I. Жалпы ережелер

      1.1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының Жарғысына (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі департаментімен 1994 ж. 30.11. бекітілген) сәйкес инспекция қызметкерлерінің міндеті:
      - Қазақстан Республикасының кеме қатынасы жолдарында ведомостволық қатыстылығы мен меншіктік нысанына қарамастан пайдаланылатын (құрамдарға) кемелерге (әскери-теңіз жалауымен жүзетін кемелерден және тек спорт жарыстарына пайдаланылатын кемелерден басқа) бақылау жүргізу және олардың иелеріне, команда құрамына бақылау кезінде байқалған кемшіліктерді жою туралы нұсқау беру;
      - экипажбен жинақталмаған, жүзу жарамдылығы туралы куәлігі жоқ, қолданымдағы Ережелерге, стандарттарға, нормаларға сәйкес жабдықталмаған және хал-ахуалы олардағы адамдар мен мүліктерге, сондай-ақ басқа кемелердің (құрамдардың) қауіпсіз жүзуіне, гидротехникалық құрылыстарға қауіп төндіретін кемелердің (құрамдардың) қозғалысын тоқтату.
      1.2. Осы Нұсқаулық кемелерді (құрамдардың) бақылаудың тәртібі мен көлемін белгілейді және ол Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясында тіркеуге (қосып жазуға) жататын кемелерге, сондай-ақ аралас (өзен-теңіз) жүзулеріндегі қазақстандық кемелерге жарамды.
      1.3. Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша шетел кемелерінің жүзуіне құқылық негізге кеме қатынасы жөнінде үкіметаралық Келісімдер мен нақты мемлекет бойынша басқа үкімет шешімдері жатады.

                      II. Бақылау жүргізу тәртібі

      2.1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы желілік учаскелерінің қызметкерлері кеме (оның тіркелген орнына қарамастан) мен экипаждың флотты қауіпсіз пайдалануды реттейтін нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен бақылау жүргізеді. Бақылау капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісі) қатысуымен тұрақта және жүзу барысында да жүргізілуі мүмкін.
      Ішкі су жолдарында жүзетін кемелерді қарау навигацияаралық кезеңнен кейін, ал аралас (өзен-теңіз) жүзулеріндегі кемелерді қарау теңізде пайдаланғаннан соң олардың ішкі су жолдарына кіруі кезінде жүргізіледі.
      Навигация кезінде бір жарым - екі айдан жиілетпей және көлік оқиғалары біткен соң бақылау қарау жүргізіледі.
      2.2. Өз бетімен жүзетін кемелерде мыналар бақыланады:
      2.2.1. Кеме құжаттары (бар екендігі, қолдану мерзімі, оларды жүргізу тәртібі);
      кемеге меншіктік құқық туралы кеме куәлігі және Қазақстан Республикасының жалауымен жүзу құқығы;
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жанындағы Теңіз және Өзен Регистрінің бір жолғы өтуіне (сүйреп әкелетін кеме үшін) рұқсатымен, пайдалануға қабылдау актісімен бірге жүзу жарамдылығы туралы куәлігі мен инспекция актісі;
      кеме ролі;
      вахталық (кеме журналы);
      кеме бақылаудың бірыңғай кітабы;
      кемеде радист қызметі көзделген жағдайда-радиотелеграф журналы (радиожурнал); санитарлық куәлік (бақылау актісі).
      2.2.2. Штат кестесі және кемені пайдалану мен экипаж жұмысын реттеу туралы кеме иесінің бұйрығы (немесе басқа құжат).
      2.2.3. Радиобайланысты тиісті бассейндерде ұйымдастыру бойынша нұсқаулар.
      2.2.4. Кеменің қалықтауы туралы капитанға ақпарат беру.
      2.2.5. Атластар (ЕГС) және навигациялық карталар (көлдер мен су қоймалары үшін), олардың түзетілімдері.
      2.2.6. Вахталық, штурмандық, жалпы кеме қызметі, адамдарды қорғау және кеме өміршеңдігі үшін күрес жөніндегі кеме ішінің құжаттары (бар екендігі, жүргізу сапасы): вахта кестесі; дабыл туралы кесте және экипаж мүшелерінің жеке басының карточкалары; ауа райын болжау журналы (тікпесі); жол ақпараты және кеме иелерінің хабарлауларының журналы (тікпесі); магниттік компастың ауытқу кестесі; кеменің оралымдық элементтерінің кестесі; борт сыртына адам құлағанда оралым жасау сызбасы; РЛС көлеңкелеу секторларының сызбасы.
      2.2.7. Мемлекеттік жалаудың, құбыр маркасының, кеме атының (нөмірінің) борттарда тіркеу нөмірлерінің, корпуста жүк маркасының жазылғандығы, бар екендігі және күйі.
      2.2.8. Жүзу ауданының разрядына және жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың үлгі сызбаларына және жол ауқымына кеменің (құрамның) сәйкестігі.
      2.2.9. Жолаушы сыйымдылығы және жүк көтерімділігі нормаларын, су беті бортының биіктігін (жүк маркасы бойынша) сақтау, кеме басқару бекетінен қалыпты байқауды қамтамасыз ету.
      2.2.10. Жарықтық, көру және дыбыс сигналдарының бар екендігі мен іс-қимылы.
      2.2.11. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы Теңіз және Өзен Регистрінің нормалары бойынша навигациялық, штурмандық және электрлірадионавигациялық құралдардың бар екендігі және іс-қимылы.
      2.2.12. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы Теңіз және Өзен Регистрі инспекцияларының нормаларына құтқару құралдарының, пиротехникалық, апаттық жасақ (іріктеп) ұжымдық және дербес сандарының сәйкестігі. Олардың дұрыс маркирлендірілуі, орналастырылуы және сақталуы.
      2.2.13. Штаттық кестемен және ішкі және аралас (өзен-теңіз) жүзулерде көлік кемелері экипаждарының ең аз құрамы туралы ережеге сай экипаждың жинақталуы.
      2.2.14. Командалық және қатардағы құрамның тиісті қызметтерді атқаруына құқық беретін дипломдарының (біліктілік куәліктерінің), дипломдарға бақылау талондарының, білімін тексеру туралы анықтамаларының бар екендігі.
      2.2.15. Ағымдағы және бұрынғы рейстерде (вахта журналындағы жазу бойынша) құрамдарды қалыптастырудың үлгі сызбаларын, жолаушы сыйымдылығы мен жүк көтерімділігі нормаларын, аудан және жүзу жағдайы бойынша шектеулер және тіркеу құжаттарында, вахта жүргізу тәртібінде көрсетілген басқа талаптарды, ДАУ, ДУ руль қондырғылары бүлінгенде үйрену дабылдары мен машықтану бойынша мерзімді оқу жүргізу.
      2.2.16. ДАУ, ДУ, руль қондырғылары бүлінгенде дабыл бойынша қимыл жасауға экипаж мүшелерінің (бірнеше адамды сұрау жолымен) білімі мен ептілігі (іріктеліп тексеріледі).
      Экипаждың жеткілікті дайындығына күмәнданған жағдайда дабыл жүргізу туралы нұсқау беріледі. "Сылыптау" немесе "борт сыртында адам бар" дабылы болғанда міндетті түрде суға сылып тасталады (сылыптар).
      2.3. Ағымдағы навигацияда кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі инспекциясының қызметкерлері берген нұсқаулардың орындалуы тексеріледі.
      2.4. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі инспекциясының қызметкері тексерген кезде жүзу қауіпсіздігіне әсер ететін механизмдердің, қондырғылардың, жабдықтар мен жүйелердің бүлінгендігін байқаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы Теңіз және Өзен Регистрінің қарауы туралы капитанға нұсқау жазуы тиіс.
      2.5. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі инспекциясының қызметкері бақылау нәтижесі бойынша байқалған бүлінулер тізбесін, нормативтік құқықтық құжаттар баптарын және ескертулерді жою мерзімдерін көрсете отырып, акт құрастырады. Кеме құжаттары болмаған және жүзу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайда кеме қозғалысына тыйым салу туралы шешім қабылдайды және ол туралы кеме иесінің капитанына хабарлайды.
      Бақылау актісі екі данада құрастырылады және Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының қызметкерімен және капитанмен (немесе капитанның аға көмекшісімен) қол қойылады. Капитан қол қоюдан бас тартқанда актіде қол қоюға тартудың дәлелі жазылады.
      Бірінші дана - кемеде, ал екіншісі кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі инспекциясының желілік учаскелерінің істерінде сақталады.
      2.6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының желілік учаскелерінің тексеруші қызметкерлері кемелерді бақылау бойынша актілердегі жазбалардың сенімділігіне белгіленген тәртіппен жауап береді.

              III. Кеме (құрам) қозғалысына тыйым салу (тоқтату)

      3.1. Осы Ереженің 2.2.1. тармағында көрсетілген кеме құжаттарының кемінде бірінің жоқ болуы, радио байланысын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулықтың, түзетілген атластардың (ЕГС), навигациялық карталардың, құтқару құралдарының сынау туралы актінің, Жергілікті жүзу ережелерінің жоқ болуы.
      3.2. Өз бетімен жүзу кемелерінің ең аз экипаж құрамдары туралы ережені бұзу экипажды жинақтауы немесе тиісті қызметті (2.2.13., 2.2.14. т.т.) атқаруға экипаж мүшелерінің құқығы бар екендігін, капитанның, ауысылым капитан-механигінің, 1 штурманның, электр жабдықтары жөніндегі механик көмекшісінің (капитанның аға көмекшісі) ішімдік ішу немесе есірткі шегу жағдайында болуы, белгіленген мерзімнен артық вахтада тұруы.
      3.3. Кеменің өміршеңдігі үшін күресуге экипаждың даярсыздығы.
      3.4. Құтқару құралдарына, апаттық және өртке қарсы жабдықтарға, өлшеу құбыршаларына, адамдарды эвакуациялау жолдарына апаратын жолды жүкпен немесе басқа мүліктермен толтыру.
      3.5. Осы нұсқаулықтың 2.2.2, 2.2.3, 2.2.9, 2.2.10, 2.2.11, 2.2.12, 2.2.16 тармақтары бойынша кемеге (құрам), ондағы адамдарға және мүліктерге немесе басқа кемелердің жүзуіне қауіп төндіретін нормативтік құжаттар талаптарын бұзу.
      3.6. Жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұрынғы бақылау жасаған тұлғалардың нұсқауларын (актілерін) орындамауы.
      3.7. Тармақтардың 3.1. - 3.6. көрсетілген кемшіліктер байқалғанда, олардың кемеге қауіп төндіру дәрежесіне байланысты, оларды жойғанға дейін рейске шығуға тыйым салынады немесе ол жағаға зәкірге қойылады немесе жағаға шығарылады немесе кемшіліктерді жою үшін ең жақын пунктке дейін жүзіп баруға рұқсат етіледі, бұл жағдайда актіде қозғалыс, вахта жүргізу тәртібі, бір тәулік ішіндегі жүзу уақыты және т.б. көрсетіледі.
      Анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін актіде кемені Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының желілік учаскелік тексеруші қызметкеріне көрсету қажеттігі жазылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады