"Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi ашық тендерлер өткiзу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" 1996 жылдың 11 шiлдесiндегi N 240 қаулыға өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнің 1996 жылғы 2 тамыздағы N 354 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 6 тамызда тіркелді. Тіркеу N 19. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 тамыздағы N 195 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1996 жылдың 11 шiлдесiндегi N 240 "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi ашық тендерлер өткiзу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде ашық тендерлер өткiзу тәртiбi туралы Ережеге мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:<*>
      7 тармақтағы "тендер шартын анықтайды және бекiтедi" сөзiнен кейiн "және сатудың тәсiлiн" сөздерi қосылып, толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Төрағаның Бiрiншi орынбасары М.О.Рахановқа жүктелсiн.
      ЕСКЕРТУ. Мәтiнiнде сөздер ауыстырылды - ҚР Қаржы  министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен .

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады