"Аукциондарда мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату тәртiбi туралы" Ереженi бекiту туралы"<*> ЕСКЕРТУ. Мәтiнiнде сөздер ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен.~V970386

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 7 ақпан N 37 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 19 ақпанда N 153 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 тамыздағы N 195 бұйрығымен.

&ltATTR name="zg" value=""Аукциондарда мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату тәртiбi туралы" Ереженi бекiту туралы"

; ЕСКЕРТУ. Мәтiнiнде сөздер ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен.~V970386"/&gt

;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 ж. 23 желтоқсандағы "Жекешелендiру жөнiнде" Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және аукциондарда мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату тәртiбiн үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:<*>
      1. Ұсынылатын Аукциондарда мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату тәртiбi туралы Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Аукциондарда мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату жоғарыда аталған Ережеге сәйкес жүзеге асыру керектiгi белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы комитетiнiң 1995 жылғы 9 тамыздағы N 60 жекешелендiру жөнiндегi қаулымен бекiтiлген, және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 1995 жылғы 10 қарашадағы N 148 "Жекешелендiру жөнiндегi" қаулысына 1995 ж. 25 тамызда енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар мен келiсiлген "Ашық аукциондарда мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату тәртiбi жөнiндегi уақытша Ереже" күшiн жойған деп танылсын.
      4. Мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату Басқармасы акционерлiк қоғамдарының бастығы К.С.Құттыбаеваға және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жекешелендiру Басқармасының бастығы Н.Ж.Махимовқа 1996 ж. 1 наурызға дейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру жөнiндегi" заң күшi бар Жарлығына және "Аукциондарда мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату тәртiбi жөнiндегi Ережеге" аукциондарда мемлекеттiк акциялар пакеттерiн сату тәртiбiн реттейтiн нормативтiк актiлер мен нұсқауларға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзiлсiн.
      5. Осы қаулы орындалуын бақылау Төраға орынбасарлары Ю.Е.Дуберманға және Т.С.Сарабековаға жүктелсiн.

      Төраға

                                        Қазақстан Республикасының
                                        Жекешелендiру жөнiндегi
                                        мемлекеттiк комитетiнiң
                                        1996 жылғы 7 қаңтардағы
                                            N 37 қаулысымен
                                              бекiтiлген

Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн аукциондарда
сату тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жекешелендiру жөнiндегi" заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрленген және акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн аукциондарда сату тәртiбiн реттейдi.

      1.1. Негiзгi анықтамалар

      Егер контексте өзге көзделмесе, ережеде мұнан былай анықталғандай, сөйлем мен сөздер мына мағыналарда болады:
      1.1.1. "Сатушы" - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi;
      1.1.2. "Ұйымдастырушы" - Сатушы немесе акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сату аукционын дайындау мен өткiзiлуiн ұйымдастыратын заңды немесе жеке тұлға;
      1.1.3. "Қатысушы" - аукционға қатысушы үшiн белгiленген тәртiпке тiркелген заңды немесе жеке тұлға;
      <*>
      1.1.4. "АҚ" - акционерлiк қоғам;
      1.1.5. "Сауда" - лоттар сатудың аукциондық түрi;
      1.1.6. "Сауданың ағылшынша тәсiлi" - алдын ала хабарланып, ең жоғарғы бағаны ұсынған жалғыз қатысушы қалған сәтке дейiнгi алғашқы бағаның жоғарылау сауда тәсiлi;
      1.1.7. "Сауданың голланд тәсiлi" - бiр қатысушының лотты хабарланған бағамен сатып алуға келiскен сәтiне дейiнгi алғашқы бағаның хабарланған қадаммен төмендеу сауда тәсiлi;
      1.1.8. "Лот" - саудаға шығарылатын нақты акционерлiк қоғамның
акцияларының бүтiндей саны;
      1.1.9. "Лоттың ең төмен бағасы" - лот одан төмен бағаға сатылуға болмайтын баға;
      1.1.10. "Лоттың алғашқы бағасы" - әр лот бойынша сауда басталатын баға;
      1.1.11. "Сауда бағасы" - сауданың нәтижесiнде белгiленген лоттың соңғы бағасы;
      1.1.12. "Жеңушi" - саудада лот үшiн ең жоғары баға ұсынған қатысушы;
      1.1.13. "Сатып алушы" - сатушымен акцияларды сатып алу-сату шартын жасасқан жеңушi;
      1.1.14. "Жеке тұлғалар" - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.
      ЕСКЕРТУ. 1.1.4.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997.02.12. N 79 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 1.1-баптағы 1.1.4-тармағы алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi Департаментiнiң 1997.07.28. N 49 қаулысымен .
      1.2. Сату объектiсi
      1.2.1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi сатуға берген, АҚ акцияларының мемлекеттiк пакеттерi сату объектiсi болып табылады.<*>
      Сату объектiсiн аукционға шығару туралы шешiмдi Сатушы қабылдайды.
      1.2.2. Акциялардың мемлекеттік пакеті аукционға тұтастай, бір лотомен шығарылады және сату сауданың ағылшындық әдісімен жүзеге асырылады. Бұл пакет екінші аукционға шығарылған кезде сату сауданың голландтық әдісі бойынша тұтастай бір лотомен жүзеге асырылады. Үшінші және одан кейінгі аукциондарға шығарылған кезде мемлекеттік акциялардың пакеті Сатушының шешімі бойынша АҚ жарғылық капиталының 10 %-інен аспайтын лотоларға бөлшектелуі мүмкін және оны сату сауданың голландтық әдісі бойынша жүзеге асырылады.<*>
      ЕСКЕРТУ. 1.2.2.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 1998.03.30. N 154 қаулысымен .
      1.2.3. Аукционға қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiпте акциялардың эмиссиясын тiркеген, АҚ акцияларының мемлекеттiк пакеттерi шығарылады.
      1.2.4. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сатқан кезде қолданылып жүрген заңдар бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелерге қоятын барлық талаптарды сақтауға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 1.2.2.-тармақ күшiн жойды, 1.2.3.,1.2.4.-тиiсiнше 1.2.2. 1.2.3. болып саналды - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997.02.12. N 79 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 1.2-бап жаңа 1.2.2.-тармақпен толықтырылды, 1.2.2.,1.2.3.-тиiсiнше 1.2.3., 1.2.4.-тармақтары болып саналды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi Департаментiнiң 1997.07.28. N 49 қаулысымен.
      1.3. Сатушы мен Ұйымдастырушы
      1.3.1. Сатушы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сатуды қолданылып жүрген заңдар мен осы Ереже белгiлеген тәртiпте жүзеге асырады.
      1.3.2. Сатушының ерекше функциялары мыналар болып табылады:
      - акциялардың мемлекеттiк пакеттерi аукционға шығарылатын АҚ-ның тiзiмiн белгiлеу;
      - АҚ-ды бөлек аукциондар бойынша бөлу және оларды өткiзу мерзiмiн анықтау;
      - лоттың алғашқы және ең төмен бағасын белгiлеу;
      - кепiлдiк жарна қабылдау;
      - аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзуге Ұйымдастырушылармен шартқа отыру;
      - аукциондардың ұйымдастырылу мен өткiзiлу барысын бақылауды жүзеге асыру;
      - сауда Жеңушiсiмен сауда-саттық шартқа отыру және олардың орындалуын бақылау;
      - екiншi және кейiнгi аукциондарға шығарған кезде акциялардың
пакеттерiн лоттарға бөлу;
      - Қатысушылармен, Сатып алушылармен және Ұйымдастырушылармен есептесудi жүзеге асыру.
      1.3.3. Сатушы аукционды өз бетiнше ұйымдастырады және өткiзедi немесе бағалы қағаздардың нарығында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына бiрiншi санаттағы лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалармен акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сату бойынша аукцион ұйымдастыруға және өткiзуге шарт жасасады (делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру).
      Сатушы осы Ереженiң 1.3.2. бабында көрсетiлген функцияларды шар бойынша беруге құқылы емес.
      1.3.4. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сату туралы аукционды ұйымдастыру және жүргiзу шарты Сатушы мен Ұйымдастырушы арасында жазбаша түрде жасалады және мына мазмұнды қамту керек:
      - Ұйымдастырушы лицензиясының күнi, нөмiрi және қолданылу мерзiмi;
      - жеке аукциондар бойынша бөлiнген акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң тiзiмi;
      - аукционды өткiзудiң соңғы мерзiмдерi;
      - әрбiр АҚ бойынша акциялардың мемлекеттiк пакеттерi көлемi;
      - лоттардың саны;
      - әр лотты сатудағы сауда өткiзу әдiсi;
      - әр лоттың алғашқы немесе ең төменгi бағасы;
      - кепiлдiк жарнаның мөлшерi мен оны енгiзу тәртiбi;
      - әрбiр АҚ бойынша Ұйымдастырушыға берiлетiн құжаттардың тiзiмi;
      - аукционды дайындау мен өткiзу барысы туралы Ұйымдастырушы есебiнiң мезгiлдiлiгi мен түрi;
      - Ұйымдастырушының сыйақы көлемi мен шарттары және Сатушымен өзара есептесу тәртiбi;
      - өзара мiндеттемелiк пен жауапкершiлiк;
      - шарттың қолданылу мерзiмi мен оны бұзу шарттары.
      1.3.5. Ұйымдастырушының сыйақы көлемi осы Ереженiң 4.2. бабының тәртiптерiне сәйкес, Сатып алушы аванстық төлем жүргiзiлу, әр лоттың сатылу бағасынан кем дегенде 5 процентiн құрайды.
      1.4. Аукционға қатысушы
      1.4.1. Аукционға қатысуға жеке тұлғалар осы Ереженiң 2.5. бабымен белгiленген тәртiпте тiркеуден өткен мемлекеттiк емес заңды және шетелдiк заңды тұлғалар жiберiледi.
      1.4.2. Аукционға қатысушылар бола алмайтындар:
      а) жарғылық қордағы мемлекеттiк меншiк үлестерi 20 проценттен астам шаруашылық серiктестiктер;
      б) аукционды ұйымдастырушы;
      в) акциялары саудаға шығарылатын АҚ;
      г) сатып алу-сату шартын жасасу мен орындау бойынша тиiстi мiндеттерiн орындамаған алдыңғы саудаларды жеңушiлер.
      1.4.3. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сатқан кезде Сатып алушы - акционерлiк қоғам акционерлiк қоғамның акцияларының 25 процентiнен артық сатып ала алмайды, егер соңғысы Сатып алушының акцияларына ие болса.
      1.4.4. Аукционға кiру билетiн сатып алған барлық тiлек бiлдiрушiлер қатысуға құқылы. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлерi кiру билеттерiне ақы төлеуден босатылады.

II. Аукционды өткiзуге дайындық

      2.1. Аукционға дайындықтың тәртiбi
      2.1.1. Аукционды өткiзуге дайындық мына тәртiпте жүзеге асырылады:
      - лоттар қалыптастырылады;
      - лоттардың алғашқы және ең төменгi бағалары белгiленедi;
      - әр лотты сату әдiсi белгiленедi;
      - лоттар жеке аукциондар бойынша бөлiнедi;
      - кепiлдiк жарна енгiзу көлемi мен тәртiбi белгiленедi;
      - аукциондарды өткiзу мерзiмдерi анықталады;
      - қажет болса, акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн сату бойынша аукционды ұйымдастыру мен өткiзуге шарт жасасу құқығына тендер өткiзiледi;
      - сату проспектiлерi, ақпараттық бюллетеньдер, аукциондық карталар АҚ-ға бару графиктерi жасалады;
      - аукцион өтетiндiгi туралы ақпараттық хабар жарияланады және басқа жарнамалық қызмет жүзеге асырылады;
      - кепiлдiк жарналар қабылданады;
      - қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi.
      2.2. Лоттардың алғашқы және ең төмен бағалары
      2.2.1. Мемлекеттік акция пакеті мемлекеттік акциялар пакеттерінің бағасын реттейтін нормативтік-құқықтық акт қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актіге сәйкес белгіленген есептік бағадан 10% төмен емес деңгейде анықталатын ең төменгі бағадан егер сауда өткізуде бұл ең төменгі баға белгіленген болса, төмен сатылмайды. Голландық тәсіл бойынша ең төменгі баға белгіленбейді.<*>
      ЕСКЕРТУ. 2.2.1.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті 1996.04.09. N 134 қаулысымен .
      2.2.2. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн ағылшынша тәсiлмен сатқан кезде алғашқы баға акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң есеп айырысатын ең төмен бағасына тең.
      2.2.3. Сауданың голландық тәсілі бойынша мемлекеттік акциялар пакеттерін сатуда ең алғашқы баға жоғарылайтын коэффициентке нормативтік-құқықтық актіге сәйкес анықталған есептік бағаны көбейту жолымен анықталады. Бұл коэффициент Сатушы арқылы белгіленеді, бірақ 10-төмен төмен болмайды.<*>
      ЕСКЕРТУ. 2.2.3.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті 1996.04.09. N 134 қаулысымен .
      2.3. Кепiлдiк жарна
      2.3.1. Кепiлдiк жарна Қатысушының мына мiндеттерiнiң қамтамасыз етiлуi болып табылады:
      - саудада жеңген жағдайда сауда нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;
      - сауда нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес сауда-саттық шарт жасасу;
      - сауда-саттық шарт бойынша мiндеттердi тиiстi түрде орындау.
      2.3.2. Аукционға қатысу үшiн кепiлдiк жарна аукционға шығарылатын акциялардың (лоттардың), барлық мемлекеттiк пакеттерi үшiн бiрдей көлемде белгiленедi және мына әдiстемемен есептелiнедi:
      а) әрбір лот бойынша:
      - лоттың алғашқы бағасынан - сауданың ағылшын тәсiлi бойынша;
      - қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актіге сәйкес анықталған лоттың есептік бағасынан - сауданың голландық тәсілі бойынша - 5-15% дейін (сатушы бойынша) анықталады;<*>
      б) осы баптың "а" тармағындағы алынған орта арифметикалық көлемi белгiленедi;
      в) аукционға шығарылатын лоттардың санынан аз ең алғашқы немесе төмен бағасы белгiленедi;
      г) кепiлдiк жарнаның көлемi осы баптың "б" және "в" тармақтарындағы алынған мөлшерлердiң ең азына тең қабылданады.
      ЕСКЕРТУ. 2.3.2.-тармақ өзгертілді - ҚР жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті 1996.04.09. N 134 қаулысымен .
      2.3.3. Қатысушылар кепiлдiк жарналардың кез келген санын енгiзуге құқылы, мұнда бiр кепiлдiк жарна бiр лот сатып алу құқығын бередi.
      2.3.4. Кепiлдiк жарна ақпараттық хабарда белгiленген және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес түрде және тәртiпте енгiзiледi. Кепiлдiк жарнаның көлемi ақпараттық хабар жарияланғаннан кейiн өзгеруi мүмкiн емес. Кепiлдiк жарна Қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлғамен енгiзiлуi мүмкiн. Кепiлдiк жарнаның алушысы Сатушы болып табылады.
      2.3.5. Саудада жеңген және сауда-саттық шартты жасаған Қатысушының кепiлдiк жарнасы сауда-саттық шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады.
      2.3.6. Кепiлдiк жарна Сатушыға мына жағдайларда қайтарылмайды:
      - оның өткiзiлуiне кем дегенде үш күн қалғанда аукционға қатысудан бас тартса;
      - Жеңушi сауда нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан не сауда-саттық шартты жасасудан бас тартса;
      - сауда-саттық шарт бойынша мiндеттемелердi орындамаса немесе тиiстi емес орындаса;
      - Қатысушының осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңдары мен оған қойылатын талаптарға байқалған сәйкессiздiгiнде.
      Барлық қалған жағдайларда кепiлдiк жарналар аукцион аяқталған күннен бастап 5 банктiк күннен асырмай, ал егер ақша аукционнан кейiн Сатушының есебiне түссе, онда олардың түскен күнiнен бастап 5 банктiк күн аралығында қайтарылады.
      2.4. Ақпараттық хабар және басқа жарнамалық материалдар
      2.4.1. Аукционды өткiзу туралы ақпараттық хабар аукционның өткiзiлуiне дейiн кемiнде 30 күн қалғанда жариялануға тиiс:
      а) барлық жағдайларда республикалық ресми баспасөзде қазақ және орыс тiлдерiнде;
      б) облыстық баспада, соның iшiнде, егер АҚ осы облыста орналасқан болса (соның iшiнде Алматы облысында) және немесе оның аумағында өткiзiлсе.
      2.4.2. Ақпараттық хабар кемiнде 200 кв.см. көлемiнде болуға тиiс.
      2.4.3. Ақпараттық хабарда мыналар болуға тиiс:
      - аукционның өткiзiлу күнi, жерi мен уақыты;
      - акциялары саудаға шығарылатын АҚ-ның атауы, қызметiнiң негiзгi профилi мен мекен-жайы;
      - әр АҚ бойынша шығарылатын лоттардың көлемi (жарғылық қордың процентiмен);
      - әр лот бойынша сауда өткiзу тәсiлi;
      - саудаға шығарылатын лоттардың алғашқы және ең төмен бағасы;
      - кепiлдiк жарнаның көлемi мен алушының есеп айырысатын шоты;
      - өтiнiштер қабылдайтын жер мен мерзiмi;
      - сату проспектiлерi, ақпараттық бюллетеньдер, аукционды өткiзу тәртiбi мен өзге ақпарат алуға болатын жердiң телефондары мен мекен-жайлары;
      - Сатушының шешiмiмен басқа қосымша ақпарат.
      2.4.4. Әр ақпараттық хабар жарияланатынынан бұрын мыналарды дайындау керек:
      а) АҚ-ның қаржы-экономикалық жағдайын бағалау және оның бағалы қағаздарына капитал салу нәтижелiлiгi туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi АҚ туралы ақпарат бар және мына көшiрмелерден тұратын сату проспектiсi:
      - акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қабылдау-беру актiсi;
      - құрылтайшы құжаттар;
      - акциялардың эмиссиясы проспектiсi мен эмиссияны тiркеу туралы куәлiк;
      - осы АҚ акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн аукционға шығару туралы Сатушымен шешiм қабылдаған күнге дейiн соңғы есеп беру мерзiмiнiң қосымшаларымен бухгалтерлiк баланстары.
      а) сату проспектiсiнде, сондай-ақ басқа қосымша мәлiметтер (инвесторға қауiп туғызатын факторлардың талдауы кәсiпорында техникалық қайта жабдықтаудың болуы мүмкiн варианттар туралы мағлұматтар, осындай қайта жабдықтаудан кейiнгi оның пайдалылығының есептерi, өндiру үшiн қажеттi инвестициялардың көлемiн бағалау, өндiрiлген өнiмнiң дүниежүзiлiк немесе iшкi және тағы басқа рыноктарындағы болашақты бағалау және т.с.с.) болуы мүмкiн.
      б) ақпараттық бюллетень ақпараттық хабарландыруда болатын барлық негiзгi мәлiметтердi және АҚ туралы басқа да қосымша ақпаратты (өнiм шығару көлемiн, шикiзат пен өтiм рыноктарын, негiзгi қорлардың сипаттамасын және басқа да) қамтиды.
      Бюллетень Сатушы белгiлеген мiндеттi түрде жiберу тiзiмiне сәйкес ақпараттық хабарландыру жарияланғанға дейiн жiберiледi.
      в) әрбiр қатысушыға тiркеу сәтiнде берiлетiн детальды сипатталғандардың тiзiмiн қамтитын, аукционға шығарылатын аукциондық карта.
      г) АҚ бару графигi.
      2.4.5. Ақпараттық хабар жарияланғаннан кейiн Ұйымдастырушы АҚ ақпаратқа, сату объектiсi мен аукционды өткiзу ережелерi туралы ақпаратқа барлық тiлек бiлдiрушiлерге еркiн кiруiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2.4.6. Жарнаманың басқа түрлерi еркiн түрде жүзеге асырылады, әрi ең көп Қатысушыларды шақыруға бағытталуға тиiс.
      2.5. Қатысушыларды тiркеу
      2.5.1. Аукционға қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукционға бiр сағат қалғанда аяқталады.
      2.5.2. Аукционға Қатысушы ретiнде тiркелу үшiн:
      - аукционға қатысуға арыз;
      - төлқұжат немесе адамды куәландыратын өзге құжат;
      - кепiлдiк жарна қосқанын растайтын төлеу құжаттың түпнұсқасы және көшiрмесiн;
      - өкiлдiң өкiлдiгiн куәландыратын құжатты тапсыру керек.
      Заңды тұлғалар:
      - заңды тұлғаны тiркеу туралы жарғы мен куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн қосымша ұсынады.
      АҚ олардың акцияларына (ақпараттық хабарды жариялау сәтiне дейiн) ие, жарғылық қордағы мемлекет үлесi туралы және АҚ туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тiзiмiне көшiрменi қосымша ұсынады.
      2.5.3. Сатушы мен Ұйымдастырушының:
      - Қатысушыдан оның аукционға шығарылғандар санынан сол және басқа лоттарды алу ойлары туралы ақпаратты талап етуге;
      - сауданы дайындау және өткiзудiң бүкiл кезеңi iшiнде сауда қатысушыларына қатысты ақпаратты жаймауға;
      - осы Ереженiң 2.5.2. тармақтарында көрсетiлгендерден басқа қатысушы ретiнде тiркеу үшiн қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге құқтары жоқ.
      2.5.4. Тiркеуден өткен адам аукцион күнi аукциондық нөмiрге айырбасталатын қатысушы билетiн алады, сауда кезiнде басқа адамның аукциондық нөмiрдi пайдалануына тыйым салынады.

III. Аукционды өткiзу

      3.1. Аукционды Аукционшы жүргiзедi. Аукцион оны өткiзу ережелерiн хабарландырудан басталады. Қатысушылар мен қатысатын адамдар аукцион барысына әсер етуге немесе оны жүргiзу ережелерiн бұзуға құқықтары жоқ, олай болмаған күнде олар аукцион жүргiзiлетiн залдан кетулерi керек.
      Саудаға лоттарды шығару жүйелiлiгi туралы шешiмдi Аукционшы қабылдайды. Бұл тәртiп аукциондық картада белгiленген тәртiпке сәйкес келмеуi мүмкiн.
      3.2. Әрбiр лот бойынша сауда Аукционшының сату объектiсiн, оның қысқаша сипаттамасын, сауда жүргiзу әдiсiнен, алғашқы бағасынан және бағаны өзгерту қадамын хабарландырудан басталады. Аукционшы бұл жөнiнде хабарлай отырып, сауда процесiнде қадамын өзгертуге құқылы. Өзгеру қадамы лоттың ағымдағы бағасының 5-тен 10% дейiнгi көлемiнде белгiленедi. <*><*>
      ЕСКЕРТУ. 3.2.-тармақ толықтырылды - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997.02.12. N 79 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 3.2.-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi Департаментiнiң 1997.07.28. N 49 қаулысымен.
      3.3. Сауда төменде көрсетiлген әдiстердiң бiреуi бойынша жүргiзiледi:
      3.3.1. Сауданың ағылшынша тәсiлi:
      - Аукционшы лоттың алғашқы бағасы мен бағаның өсу қадамын жариялайды. Саудаға қатысушылар нөмiрдi көтере алғашқы бағаны көтередi, бiрақ хабарланған қадамнан кем емес. Аукционшы лоттар бойынша саудаға қатысушылардың аукциондық нөмiрлерiн хабарлайды, бағаны бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Лоттар бойынша сауда ең жоғарғы ұсынылған бағаға дейiн барады. Лот үшiн ең жоғарғы бағаны ұсынған Қатысушы Аукционшы болып хабарланады. Аукционшы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа нөмiрлер көтерiлмесе балғаның соққысымен осы лоттың сатылғандығы туралы хабарлайды.<*>
      Егер кемi екi қатысушы лоттың бастапқы бағасын бағаны екi қадамнан кем емес арттырған жағдайда ғана лот бойынша сауда жасалған болып саналады.<*>
      ЕСКЕРТУ. 3.3.1.-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997.02.12. N 79 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 3.3.1.-тармақ екiншi абзацпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi Департаментiнiң 1997.07.28. N 49 қаулысымен.
      3.3.2. Сауданың голландтық тәсiлi:
      - Аукционшы лоттың алғашқы бағасын хабарлайды және жаңа баға жариялай отырып, оны жарияланған қадаммен төмендетедi. Аукционшы жарияланған баға бойынша аукциондық нөмiрiн бiрiншi көтерген Қатысушы нөмiрiн атайды және балға соққысымен осы лот бойынша оны Жеңушi деп жариялайды. Егер Аукционшымен лоттың ең төмен бағасын хабарлағанда Қатысушылардың бiреуi де осы лотты алуға тiлек бiлдiрмесе, онда лот саудадан алынады.
      Егер оның өткiзiлу сәтiне дейiн пайдаланылмаған кепiлдiк жарнасы бар тек бiр ғана тiркелген қатысушы қалса, лот тек жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi саудалардан басқа жағдайларда лот бойынша сауда жасалмаған болып саналады.<*>
      Егер бiр уақытта бiр немесе одан да көп нөмiрлер көтерiлген жағдайда кiм нөмiрiн бiрiншi көтерiлгендiгi жайлы шешiмдi Аукционшы қабылдайды және Қатысушылар онымен таласуға құқы жоқ. Ерекше жағдайларда Аукционшы жеребе процедурасына келуге құқылы.
      Сауданың осы тәсiлi электронды жүйенi пайдаланумен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 3.3.2.-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi Департаментiнiң 1997.07.28. N 49 қаулысымен.
      3.4. Әрбiр сатылған лот бойынша сауда қорытындылары Ұйымдастырушы, Аукционшы және Жеңушi қол қоятын сауда қорытындылары туралы хаттамамен әрбiр лот бойынша сауда аяқталған соң дайындалады. Аукционшы хаттамаға қол қою үшiн үзiлiс жариялауға құқылы. Хаттама үш данада жасалады, Сатушыға, Сатып алушыға және Ұйымдастырушыға бiр-бiрден. Ұйымдастырушы Сатушыға сауда нәтижелерi туралы хаттаманың бiр данасын аукционды өткiзуден бiр күн кешiктiрмей беруге мiндеттi.
      3.5. Сауда қорытындылары туралы хаттама сауда нәтижелерi мен Жеңушi және Сатушының сату бағасы бойынша мемлекет акциялар пакетiн сатып алу-сату шартын жасау мiндеттемелерiн белгiлейтiн құжат болып табылады. Жеңушi хаттамаға қол қойған күннен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, сатып алу-сату шартын жасауға құқылы, мерзiмi өтiп кетсе бұл құқық жойылады.
      3.6. Лот аукционда сатылмай қалған жағдайда осы Ереженiң 1.2.2. баптарында жазылған процедураларға сәйкес келесi аукциондарға қайта шығарылады.

IV. Сатып алушылармен есептеу тәртiбi және
меншiк құқығын ресiмдеу

      4.1. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатып алу-сату шартын Сатушы мен Сатып алушы арасында жазбаша түрде жасалады және онда шарт жасасу негiзi ретiнде сауда қорытындылары туралы хаттамаға сiлтеме болуы керек.
      4.2. Сатып алу-сату шарты бойынша есептесулер Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалады, мұндайда Сатып алушы мынадай тәртiпте есептесу жүргiзедi:
      а) аванс төлемi акцияларды сату бағасынан кемiнде 15 процентi көлемiнде сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап 5 банктiк күннен кешiктiрмей енгiзiледi. Кепiлдiк жарна аванс төлемiне тиiстi есепке кiредi;
      б) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзiлу керек.
      4.3. Соңғы төлемдi 5 банктiк күнге ұзартқан жағдайда, Сатушы бiржақты тәртiппен шартты бұзуға және Сатып алушыдан кепiлдiк жарнамен табылмаған бөлiкте нақты залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
      4.4. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн толық төлеп болғаннан кейiн сатып алу-сату процедурасы, акциялар меншiк иесiнiң өзгеру туралы тiзбеде сәйкес жүргiзiлуiн АҚ бағалы қағаздар ұстаушыға тiркеушi-тiзбе жетекшісiне тапсыратын акцияларды қабылдау-беру актiсiне қол қоюмен аяқталады.
      4.5. Сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша акцияларға меншiк құқы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" заң күшi бар Жарлығымен көзделген тәртiпте ымыраласуларды тiркеу сәтiнен басталады.

V. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудан түскен
қаражаттар

      5.1. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатудан түскен қаражаттар Қазақстан Республикасы Үкiметiмен анықталатын аукционды ұйымдастыру және өткiзу шығындарынан басқа мемлекеттiк бюджет пайдасына жiберiледi.
      5.2. Ұйымдастырушыға берiлетiн сыйақы Сатушының аукционды дайындау мен өткiзу шығындарына енгiзiледi.
      5.3. Аукционды жүргiзуге байланысты ақпараттық және жарнамалық материалдарды сатудан және кiру билеттерiн сатудан түскен табыстар Ұйымдастырушының иелiгiнде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады