Жекешелендiру объектiлерiн сатудағы сауда-саттықты реттейтiн нормативтi актiлерге толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылғы 12 ақпан N 79. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 10 наурызда тіркелді. Тіркеу N 38. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 тамыздағы N 195 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 маусымдағы N 1260 "Мемлекеттiк меншiктi басқаруды жетiлдiру, қаржы тәртiбiн нығайту және Қарағанды облысында экономикалық реформаларды жеделдеу және тереңдету жөнiндегi шаралары туралы" қаулысында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1642 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" қаулысына сәйкес және мемлекеттiк меншiктегi өтiмсiз объектiлердi сату процесiн жеделдету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:<*>
      ЕСКЕРТУ. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен .
      1. 1996 жылғы 22 ақпандағы N 60 "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ереженi бекiту туралы" қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
      а) 1.1.5. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1.1.5. Объектi бойынша сауда-саттықта Қатысушы " - Объектiнiң сауда-саттығына келiсетiндiгiн көпшiлiкке өз номерiн көтеру арқылы бiлдiретiн Қатысушы";
      ә) 3.2. тармақ бiрiншi сөйлемнен кейiн мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "Аукционшы сауда-саттық басталар алдында әрбiр объектi бойынша объектiлердiң сауда-саттығына Қатысушылардың санын белгiлейдi. Егер объектiнiң сауда-саттығына Қатысушылардың саны екеуден кем болса, онда сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланады, үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықтан басқа жағдайда объектi жалғыз ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн" одан әрi текстi бойынша.
      2. 1996 жылғы 7 ақпандағы N 37 қаулымен бекiтiлген "Акциялардың мемлекеттiк пакетiн аукциондарда сатудың тәртiбi туралы Ережеге" мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
      а) 1.1.4. мынадай редакцияда жазылсын:
      "1.1.4. "Лот бойынша сауда-саттыққа Қатысушы" - Лоттың сауда-саттығына келiсетiндiгiн көпшiлiкке өз номерiн көтеру арқылы бiлдiретiн Қатысушы";
      ә) 1.2.2. тармақ алынып тасталсын. 1.2.3. және 1.3.4. тармақтар 1.2.2. және 1.2.3. тармақтар болып есептелсiн;
      б) 3.2. тармақтың бiрiншi сөйлемiнен кейiн мына сөздермен толықтырылсын:
      "Аукционшы сауда-саттық басталар алдында әрбiр лот бойынша лоттың сауда-саттығына Қатысушыларды белгiлейдi. Егер лоттың сауда-саттығына Қатысушылардың саны екеуден кем болса, онда сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланады, үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықтан басқа жағдайда лот жалғыз ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн" одан әрi текстi бойынша;
      в) 3.3.1. тармақтағы "Лот бойынша сауда-саттықты, лот сауда-саттығына кемiнде екi сатып алушы қатысқан жағдайда өткiзуге болады" деген сөздер алынып тасталсын.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады