Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысы 1998 жылғы 29 қыркүйек N 189 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 654. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының валюта заңдарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне ұсынылып отырған толықтырулар бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.):
      1) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін;
      2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                         1998 жылғы 29 қыркүйектегі
                                         N 189 қаулысымен бекітілген
                                         Тіркеу N____

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтырулар

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне мынадай толықтырулар енгізілсін.
      1. 3.09-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
      "Жарғылық қызметі қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғалардың пайдасына сыйлық, қайырмалдық, қайырымдылық жарналары және басқа түсім ретінде қолма-қол ақшамен де аударым арқылы да түскен шетел валютасы олардың уәкілетті банктеріндегі шотына міндетті түрде есептелуі тиіс."
      Үшінші азатжолдағы "пайдасына" деген сөзден кейін "басқа" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. 4.03-тармақтың үшінші азатжолындағы "байланысты" деген сөзден кейін және 5.05-тармақтағы "қызмет үшін" деген сөздерден кейін", сондай-ақ қайырымдылық көмек көрсету үшін" деген сөздермен толықтырылсын.
     3. 4.03-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші азатжолмен толықтырылсын:
     "Осы тармақтың үшінші және төртінші азатжолында көрсетілген нормалар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық қызметтерге, өкілдік мекемелерге, халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне және оларға теңестірілген басқа да ұйымдарға қолданылмайды".

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Оқығандар:

      Багарова Ж.А.
      Икебаева А.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады