Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Қаулысы 1998 жылы 6 мамырдағы N 101 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 26 маусымда тіркелді. Тіркеу N 85. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының валюта заңдарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Өртембаев А.К.):
      - осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін;
      - осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (аумақтық) басқармаларына (филиалдарына) және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                         Қазақстан Республикасы
                                         Ұлттық Банкi Басқармасының
                                         1998 жылы 6 мамырдағы
                                         N 101 Қаулысымен бекiтiлген
                                         Тiркеу N 634

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 1.02.-тармағындағы және одан әрi мәтiн бойынша "банктiк емес қаржы ұйымдары" деген сөздер "банктiк операцияларды жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1.07.-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1.07. Тазартылған алтын құймаларымен валюта операцияларын жүргiзу тәртiбi осы қатынастарды реттеп отыратын, қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi."
      3. 2.01.-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
      "Заңды тұлғалар - резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша шетел валютасымен төлемдердiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайлардан басқасы аударым тәртiбiмен жүзеге асырылады."
      4. 2.03-тармақтың екiншi азатжолындағы "тиiстi шарт күшiне енген күннен бастап 180 күн iшiнде мiндеттемелердiң орындалуы жүзеге асырылмаған болса" деген сөздер "тараптардың бiрi екiншi тарап мiндеттеменi орындағаннан кейiн 180 күн iшiнде жүзеге асырмаған болса" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 2.03-тармақтың екiншi азатжолындағы, 3.03-тармақтың екiншi азатжолындағы, 5.03-тармақтың екiншi азатжолындағы, 7.03-тармақтағы "және/" деген шылау алынып тасталсын.
      6. 2.04.-тармақтағы: "тiркеу" деген сөзден кейiн "немесе лицензиялау" деген сөздермен толықтырылсын; "тiркеу тәртiбi капитал қозалысына байланысты операцияларды тiркеу тәртiбi туралы 1997 жылдың 24 сәуiрдегi N 129 Ережемен" деген сөздер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. 2.05.-тармақ алынып тасталсын.
      8. 3.01.,4.01.,5.01.-тармақтарындағы "Клиенттердiң екiншi деңгейдегi банктерде банктiк шоттарды ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы" 1997 жылы 4 наурыздағы N 61 Нұсқаулықта деген сөздер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. 3.02.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3.02. Заңды тұлғалардың - резиденттердiң уәкiлеттi банктердегi шоттарына аударым тәртiбiмен түскен шетел валютасы қолданылып жүрген заң талаптары сақталған болса шектеусiз қабылданады.
      Заңды тұлғалар - резиденттер өздерiнiң уәкiлеттi банктердегi шоттарындағы шетел валютасын қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтiн мақсатқа пайдалана алады.
      Заңды тұлғалардың - резиденттердiң валюта шотындағы қолма-қол ақша қаражаты резидент еместерге жалақы төлеуге және олардың қызметкерлерiнiң шетелдiк iссапарларға шығуына байланысты жұмсалуы мүмкiн.
      Заңды тұлғалардың - резиденттердiң бұрын алынған қолма-қол валюта қаражатының пайдаланылмаған бөлiгi олардың уәкiлеттi банктердегi шотына 10 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мiндеттi түрде есептелуге тиiс.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргiзуге берген лицензиясы бар заңды тұлғалар - резиденттер айырбас операцияларын жүргiзу үшiн уәкiлеттi банктердегi өздерiнiң шоттарынан қолма-қол шетел валютасын ала алады.
      10. 3.04.-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргiзуге берген лицензиясы бар заңды тұлғалар - резиденттер қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргiзу үшiн уәкiлеттi банктерден қолма-қол шетел валютасын қолма-қол немесе аударып есеп айырысу арқылы сатып ала алады."
      11. 3.08-тармақтағы және одан әрi мәтiн бойынша "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. 3.09.-тармақтағы "шетел валютасын қолдануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы 1997 жылы 24 сәуiрдегi N 130 Ережеге" деген сөздер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      13. 4.03.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4.03. Заңды тұлғалардың - резидент еместердiң уәкiлеттi банктердегi шоттарына аударым тәртiбiмен түскен шетел валютасы шектеусiз қабылданады.
      Заңды тұлғалар - резидент еместер өздерiнiң уәкiлеттi банктердегi шоттарындағы ұлттық және/немесе шетел валютасын қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтiн мақсатқа пайдалана алады.
      Заңды тұлғалардың - резидент еместердiң валюта шотындағы қолма-қол ақша қаражаты өз қызметкерлерiне жалақы төлеуге және олардың iссапарларға шығуына байланысты жұмсалуы мүмкiн.
      Заңды тұлғалардың - резидент еместердiң бұрын алынған қолма-қол валюта қаражатының пайдаланылмаған бөлiгi олардың уәкiлеттi банктердегi шотына 10 күннен кешiктiрiлмей мiндеттi түрде есептелуге тиiс.
      14. 4.05.-тармақтың және 5.06-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "және Қазақстан Ұлттық Банкiнде тiркелгенi туралы куәлiк" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. 5.03-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "валюта операцияларын" деген сөздерден кейiн "баламасы он мың АҚШ долларынан астам сомаға" деген сөздермен толықтырылсын.
      16. 5.05.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5.05. Жеке тұлғалар - резиденттер мен резидент еместер қолма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасының аумағында тек банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi ұйымдар арқылы айырбас операцияларын жүргiзу үшiн, өздерiнiң валюта шоттарына есептеу үшiн, осы Ережеде көзделген жағдайларда шот ашпай-ақ уәкiлеттi банктер арқылы аударымды жүзеге асыру және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тиiстi лицензиясы бар заңды тұлғалар сататын тауарлар мен қызмет үшiн есеп айырысуға пайдалануға құқылы.
      17. 5-бөлiм мынадай мазмұндағы 5.07.-1., 5.07.-2., 5.07.-3., 5.07.-4. және 5.07.-5.-тармақтармен толықтырылсын:
      "5.07.-1. Жеке тұлғалар - резиденттер мен резидент еместердiң баламасы 10 мың АҚШ доллары дейiнгi сомаға бiр жолы аударым түрiндегi ағымдағы валюта операциялары шот ашпай-ақ уәкiлеттi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Егер осы аударымдар кәсiпкерлiк қызметтi, инвестициялық қызметтi немесе жылжымайтын мүлiк сатып алуды жүзеге асыруға байланысты болса, осы тармақтың нормасы жеке тұлғалар - резиденттер мен резидент еместердiң аударымдарына қолданылмайды.
      5.07.-2. Шетел валютасын Қазақстан Республикасынан аударуды және Қазақстан Республикасына аударылған шетел валютасын алуды жеке тұлға немесе оның уәкiлеттi өкiлi жеке басын куәландыратын құжатты және аударым жасауға берiлген тапсырманы немесе аударымды алуға берiлген өтiнiштi көрсету арқылы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасынан шетел валютасын аударуға арналған тапсырмада мыналар көрсетiлуi тиiс:
      жiберушiнiң аты-жөнi;
      жiберушiнiң жеке басын растайтын құжат туралы мәлiмет (номерi, сериясы, кiм және қашан берiлген);
      СТН (егер жiберушi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық төлеушi болып табылған жағдайда);
      алушының деректемелерi (егер алушы заңды тұлға болса);
      алушының аты-жөнi, сондай-ақ банктiң алушының жеке басының ұқсастығын анықтауына мүмкiндiк беретiн басқа да деректер (егер алушы жеке адам болса);
      қызмет етушi банктiң деректемелерi;
      аударым сомасы және аударымның мақсаты;
      күнi және жеке адамның қойған қолы.
      Жiберушi Қазақстан Республикасынан шетел валютасын аударуға арналған тапсырмада осы аударым кәсiпкерлiк қызметпен, инвестициялық қызметпен немесе жылжымайтын мүлiкке құқық алумен байланысты еместiгiн растайтын жазу болуы тиiс."
      5.07.-3. Қазақстан Республикасына аударылған шетел валютасын алуға арналған өтiнiште мыналар көрсетiлуi тиiс:
      жiберушiнiң аты-жөнi;
      жiберушiнiң жеке басын растайтын құжат туралы мәлiмет (номерi, сериясы, кiм және қашан берген);
      СТН (егер жiберушi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық төлеушi болып табылған жағдайда);
      аударым сомасы және аударымның мақсаты;
      күнi және жеке адамның қойған қолы.
      Алушы адамның Қазақстан Республикасына шетелден аударылған шетел валютасын алуға берген өтiнiшiнде осы аударымның шетелдегi кәсiпкерлiк немесе инвестициялық қызметпен байланысты еместiгiн растайтын жазу болуы тиiс."
      5.07.-4. Жеке тұлға осы ережеде белгiленген талаптарға жауап бермейтiн құжаттарды берсе, сондай-ақ көрсетiлген құжаттарды беруден бас тартса, уәкiлеттi банк шетел валютасын аударуды немесе берудi жүзеге асырмайды.
      5.07.-5. Банк - корреспонденттiң төлем нұсқаулығы болмауына байланысты немесе аударымды алушының келмеуiне байланысты аударымды төлеу мүмкiн болмаған жағдайда, уәкiлеттi банк Қазақстан Республикасына аударылған шетел валютасын түскен күннен бастап 180 күннен кейiн банк корреспондентке қайтарып жiбередi.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады