Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтарының және оның филиалдарының ақпараттық қызмет көрсетуі туралы Ережесі

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1997 жылғы 20 маусым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 17 шілдіде тіркелді. Тіркеу N 334. Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығымен. ~V001035

      1. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы заң күші бар "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" U952727_ Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236 P970236_ "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы" қаулысына сәйкес дайындалған.
      2. Осы Ережемен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтар және оның филиалдарының (әрі қарай тіркеуші органдар) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттық қызмет көрсетудің тәртібі, негіздері, шарттары мен түрлері белгіленеді.
      3. Жылжымайтын мүлікке жүргізілген тіркеу және тіркелген құқықтар туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылады және оны алуда заңға сәйкес мүдделі пайдаланушы-азаматтарға, заңды тұлғаларға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсынылады.
      4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат ұсыну Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 P961316_ ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қаулысымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, ал аталған Ереженің 5-тармағымен белгіленген жағдайларда - ақысыз тәртібі Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Төлем объектілік белгі бойынша айқындалатын ақпараттық қызмет көрсетудің әрбір бірлігі үшін осы ережемен белгіленген жағдайлардан басқа, жүзеге асырылады.
      5. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат ашық және түсінікті болады. Осы ережеге сәйкес заңдармен қатысты мемлекеттік құпияларға немесе мемлекеттік емес құпияларға ақпарат ерекшелікті құрайды. Пайдаланушылар тіркеуші орган алдында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге алым алу тәртібі және ақпараттық қызмет көрсету туралы Ереженің 5-тармағымен көзделген, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес мемлекеттік немесе мемлекеттік емес құпияларға заңдарға қатысты ақпарат ұсыну жағдайларынан басқа сұралатын ақпарат алу қажеттігін негіз етуге міндетті емес.
      6. Мемлекеттік құпияларға қатысты ақпарат ұсыну Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау туралы" Z931000_ Заңымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      7. Азаматтар (дербес мағлұматтар) және басқа құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мағлұматтар, жеке тұлғаның тегін, есімін, әкесінің атынан басқа, заңды тұлғалардың атаулары мен реквизиттері мемлекеттік емес құпиялар санатына жатқызылады және ақпараттық қызмет көрсету мәні болып табылмайды.
      8. Тіркеу туралы ақпарат осы Ереженің 18-тармағымен белгіленген жағдайлардан басқа, нақты объект бойынша ғана ұсынылады.
      9. Осы ережеге сәйкес тіркеуші органдар арқылы ұсынылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы жалғыз заңды елеулі ақпарат болып табылады.
      10. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ олардың құқық иеленушілері туралы ақпаратқа ие тіркеуші орган заңға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынылатын ақпараттың дәлдігі үшін, осындай ақпаратты ұсыну және пайдалануды қорғау, өңдеу тәртібін бұзғаны үшін жауап береді.
      11. Тіркеуші органдардың талабы бойынша сот тәртібімен заңсыздық белгіленуі мүмкін және басқа органдардың және ұйымдардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы ақпарат жинау және ұсыну жөніндегі қызмет тоқтатылуы мүмкін.

      2. Ақпарат ұсыну негізі және тәртібі

      12. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат ұсыну сұрау берілетін орган, ұсынылатын ақпарат түрі, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, оның орналасқан жері, арыз берушінің мәліметтері (тегі, есімі, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері, жеке тұлғаның тұратын жері, заңды тұлғаның атауы мен реквизиттері) көрсетілетін жазбаша сұрау салу негізінде жүзеге асырылады. Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар олардың құзыретімен келген және нормативтік-құқықтық актілермен көзделген басқа да жағдайларда сұрау салуда ақпарат талап етілетін, сондай-ақ сұрау салынатын ақпаратты пайдалану мақсатының (бағытының) негіздері көрсетіледі.
      13. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алу үшін сұрау салудан басқа арыз беруші тіркеуші органға мынадай құжаттарды береді:
      1) жеке басын куәландырушы құжат;
      2) заңмен белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттігін куәландырушы құжат;
      3) төлем туралы банктің белгісімен ақпараттық қызмет көрсету туралы төлем енгізгені туралы құжат.
      14. Тіркеуші орган сұрау салу негізінде арыз берушіге жазбаша түрде жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты оның жазбаша сұрау салуы түскен сәттен бастап 10 күннен асырмай ұсынуға міндетті.

      3. Ақпараттық қызмет көрсету түрлері

      15. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат:
      1) арыз берушінің сұрау салуына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы мағлұматты қамтитын құқықтық кадастрдің тіркеуші бетінен көшірмені;
      2) құқықтық кадастрдың тіркеуші қағазынан және жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелер бұрын тіркелген (жылжымайтын объект тарихы) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу объектісінің барлық құқық иелері және олардың бөлігін қамтитын тіркеуші органның басқа да ақпараттық базасынан көшірмені;
      3) жылжымайтын мүлік объектісі жоспарларын (сызбаларын) қоса, тіркеуші органмен куәландырылған тіркеуші іс құжаттарының көшірмелерін;
      4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелер туралы жинақталған мағлұматтардың анықтамаларын;
      5) жылжымайтын мүлік объектілері, олардың идентификациялық және техникалық объектілері туралы анықтамаларды;
      6) қарау сатысындағы тіркеуші органға қабылданған өтініштер туралы анықтамаларды;
      7) ақпараттық қызмет көрсетуге үшінші адамдардың берген және атқарылған сұрау салулары туралы құқық иеленушінің сұрау салулары жөніндегі анықтамалар беру түрінде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі Агенттігімен және тіркеуші органдармен осы Ережемен белгіленген талаптарға сәйкес ақпараттық қызмет көрсетудің өзге де түрлері де белгіленуі мүмкін.
      16. Құқықтық кадастрдың тіркеуші қағазынан көшірме мынаны қамту керек: жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, оның кадастрлық нөмірі, көлемі, орналасқан жері (мекен-жайы), қолданылып жүрген барлық құқықтар, ауыртпалықтар (шектеулер), құқық иеленушілер мен олардың үлес мөлшері немесе арыз берушінің сұрауына сәйкес тіркеуші қағаздың үлгісінен өзге де ақпарат туралы мағлұматтар.
      17. Тіркеуші органмен куәландырылған тіркеуші істегі құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері құқық иеленушінің, құқық қорғау және сот органдарының сұрау салулары бойынша беріледі. Аталған құжаттар өзге жағдайларда мемлекеттік емес құпия болып танылады және құқық иесінің жазбаша келісімімен ұсынылады.
      18. Олардың ісіндегі азаматтық және қылмыстық істерге қатысты,

сондай-ақ пайдаланушылардың арнайы сұрау салуы бойынша құқық қорғау және 
сот органдарының дәлелді сұрау салулары бойынша ақпарат объектілік белгі 
бойынша ғана ұсынылады.
     19. Құқықтық кадастрдың тіркеуші қағаздарындағы көшірмелерден және 
ақпараттық қызмет көрсетудің басқа да түрлеріндегі жылжымайтын мүлікке 
құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы 
куәлікте қамтылатын мағлұматтар берілген сәтке жарамды.
     
     
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады