-----------Бұйрықтан үзінді-----------
1. Қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күші жойылды деп танылсын...
Министр
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
күшi жойылған кейбiр нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң тiзбесi
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Алқасының "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Аудиторларды аттестациялау жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясы туралы" 1997 жылғы 5 мамырдағы N 12, 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 335 Мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген қаулысы...
-----------------------------
I бөлiм. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанында Қазақстан Республикасының 18.10.93 ж. N 2446-ХII "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" заңына сәйкес үмiткерлердi, Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметпен шұғылданғысы келетiн шетелдiктердi аттестациялау мақсатында құрылған Бiлiктiлiк комиссиясының (әрi қарай - Комиссия) жұмыс тәртiбiн белгiлейдi.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының 18.10.93 ж. N 2446-ХII "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" заңды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар, 26.12.95 ж. N 2732 "Бухгалтерлiк есеп туралы" Жарлығын, Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметiнiң аудиторлық қызмет мәселелерiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Аудиторлық бiлiктiлiк куәлiгiн алудан үмiткерлердiң бiлiктiлiк дәрежесiн анықтау мақсатында құрылатын комиссия мыналардан тұрады:
- бiлiктiлiк дәрежесi кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын аудитордың, бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық стажы бар аудиторлардың, бухгалтерлiк есеп және аудиттiң әдiстемесiмен, әрi бухгалтерлер және аудиторларды оқытумен тiкелей шұғылданатын аудиторлардың бiлiктiлiк куәлiгiмен расталған аудиторлар;
- мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi.
Мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң аудиттiң әдiстемелерiн (заң актiлерiн, стандарттарды) әзiрлеуге, аудиттiк қызметтiк лицензия беруге тiкелей қатысуы, аттестациялау жөнiндегi Бiлiктiлiк және емтихан комиссияларына мүше болуы, бухгалтерлiк есеп және аудит жөнiндегi ғылыми-оқытушылық қызметi олардың аудитор ретiндегi қызметiне растама болып табылады.
Комиссия 5 жылдық мерзiмге, 14 адамдық құрамда құрылады, олардың 7-еуi аудиторлардың, 7-еуi -мемлекеттiк органдардың өкiлдерi.
4. Комиссияның адам құрамын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алқасы бекiтедi. Комиссияның төрағасы болып бухгалтерлiк есептiң және аудиттiң әдiстемесiн әзiрлеумен тiкелей шұғылданатын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қызметкерлерiнiң комиссиясы құрамына кiретiн аудитор сайланады.
5. Аудитордың бiлiктiлiк куәлiгiн алуға үмiткердiң жоғары экономикалық яки орта арнаулы бiлiмi және кемiнде 2 жылдық экономикалық, қаржылық, есептеу-талдау, бақылау-тексеру немесе құқықтық жұмыс тәжiрибесi болуға тиiс. Арнаулы бiлiмге қосымша, осы саладағы жоғары бiлiм туралы куәлiк кемiнде 300 сағаттық көлемдегi сабаққа сәйкес келетiн, оқу орнының арнаулы курсынан немесе қайта даярлау курсынан өткендiгi туралы құжатпен расталуы керек. Мұның iшiнде:
Бухгалтерлiк есеп 100 сағат
Аудит 90 сағат
Салық салу 40 сағат
Қаржылық талдау 40 сағат
Құқық негiздерi 30 сағат
6. Үмiткер аудитордың бiлiктiлiк куәлiгiн алуға қажеттi емтиханды тапсыру үшiн талап етiлетiн дайындықтар мақсатында, өзiне қолайлы кез-келген уақытта бухгалтерлердi немесе аудиторларды қайтадан даярлауды жүзеге асыратын оқу орталықтарында бiлiм алуға құқығы бар.
7. Үкiметкердi аттестациялау тоқсан сайын бiр рет өткiзiледi. Аттестацияны өткiзетiн нақты мерзiмдi Комиссия белгiлейдi және баспасөзде бiр айдан аспайтын мерзiмде жариялануға тиiс.
8. Аттестация Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен ақылы негiзде жүргiзiлуi мүмкiн.
9. Жыл сайын 31 желтоқсанға дейiн Бiлiктiлiк емтиханына енгiзiлетiн мәселелердiң тiзбесi жарияланады. Комиссия осы тiзбеге сәйкес емтихан билеттерiн белгiлейдi.
10. Бiр мезгiлде аттестацияланатын үмiткерлердiң саны 10 адамнан кем емес және 25 адамнан артық емес болуы керек.
11. Бiлiктiлiк және емтихан комиссияларының қызметiн ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемесi департаментi жүзеге асырады.
12. Комиссияның шешiмi туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне шағым жасауға болады.
II бөлiм. Комиссияның мiндеттерi
13. Комиссияға мынадай мiндеттер жүктеледi:
- аудитордың бiлiктiлiк куәлiгiн алғысы келетiн үмiткерлердiң бiлiмiн анықтау;
- аудитордың бiлiктiлiк дәрежесiн ұдайы көтеру мақсатында бақылауды жүзеге асыру;
аудиторлар туралы деректердiң ақпараттық базасын қамтамасыз ету.
III бөлiм. Комиссияның функциялары
14. Комиссия оған жүктелген мiндеттерге сәйкес:
- бiлiктiлiк емтиханын жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
- мынадай пәндер: бухгалтерлiк есептiң теориясы, аудит, салық салу қаржылық талдау жасау, құқық негiздерi бойынша бiлiктiлiк емтиханын алудың бiртұтас бағдарламасын бекiтедi;
- қажет болған жағдайда емтихандық билеттердi тексерiп, бекiтедi;
- емтиханды өткiзудiң уақытын белгiлейдi;
- емтихандық комиссияның құрамын бекiтедi;
- бекiтiлген бағдарламаға сәйкес үмiткерлердi аттестациялауды жүргiзедi;
- бiлiктiлiк емтихандарының нәтижелерiн қарайды және бекiтедi;
- Комиссия белгiлеген үлгi бойынша бiлiктiлiк куәлiгiн бередi;
- баспасөзде аудиторлардың тiзiмiн жариялай отырып, Бiлiктiлiк куәлiгiн алған аудиторлардың мемлекеттiк тiзбесiн жүргiзедi;
- заңдарда белгiленген шарттарға сәйкес, баспасөзде жариялай отырып ақпараттық куәлiкке талдау бередi;
- есеп берiлiп отырған жылдың бiрiншi ақпанынан кешiкпей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнде атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша өз қызметi туралы есеп тапсырады.
IV бөлiм. Комиссияның құқықтары
15. Комиссияның мынадай құқықтары бар:
- орталық экономикалық органдардың, салық қызметкерлерiнiң мамандарын, оқыту және емтихан комиссиясының құрамына арналған билеттердi дайындауға қатысатын бухгалтерлер мен аудиторларды тәжiрибеден өткiзетiн құрамды белгiлеу;
- үмiткерден қажеттi құжаттарды растығына күдiк туған жағдайда, оны растайтын қосымша дәлелдемелiк құжаттарға бiлiктiлiк куәлiгiн анықтауды талап ету;
- емтихан комиссиясы қойған бағаның шындығына күдiк туған жағдайда қайтадан емтихан тапсыруға рұқсат ету;
- бухгалтерлiк есеп, салық салу, аудит және құқық мәселелерi жөнiндегi өзгерген заң жүзiндегi және нормативтiк актiлерге байланысты бiлiктiлiк емтиханын жүргiзу туралы шешiм шығару;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Комиссияның қызметтегi құрамы бойынша олардың бiлiктiлiгiн одан әрi көтеру жөнiнде және аттестациялау шарасын жүргiзудiң тәртiбiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс жасау;
- өзiнiң өкiлеттiлiгiне сәйкес басқада шешiмдер қабылдау.
V бөлiм. Комиссия жұмысының ретi
16. Комиссия құрамына Комиссияның төрағасы, оның орынбасары, жауапты хатшысы мен мүшелерi кiредi.
17. Комиссияның төрағасы:
а) Комиссияның мәжiлiстерiн жүргiзедi және оның шешiмдерiне
қол қояды;
б) Комиссияның жұмысына басшылық жасайды;
в) Комиссияның беретiн бiлiктiлiк куәлiктерiн қол қойып
бекiтедi;
г) Комиссияның басқа да шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
д) Комиссия төрағасының орынбасарын және жауапты хатшысын
тағайындайды.
18. Комиссия төрағасының орынбасары ол болмаған кезде Комиссия
төрағасының өкiлеттiлiгiн жүзеге асырады.
19. Комиссия жауапты хатшысы:
а) 5 күннен кешiкпей, кезектi мәжiлiстiң уақыты, өтетiн орны және күн тәртiбi туралы оның мүшелерiн жазбаша түрде хабардар етедi. Одан кейiнгi мәжiлiстердiң материалдарына қажеттi деректердi жинастырады;
б) Комиссияның шешiмiне қол қояды;
г) өзiнiң өкiлеттiгi шегiнде Комиссия төрағасының тапсырмасын
орындайды.
20. Комиссияның мүшелерi оның мәжiлiстерiне қатысады, сондай-ақ Төрағаның, оның орынбасарының тапсымалдарын орындайды.
21. Комиссияның мәжiлiстерi 1 ақпанға дейiн Комиссияның төрағасы жыл сайын бекiтiп отыратын, жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi.
22. Комиссияның кезектен тыс мәжiлiстерi:
- Комиссия төрағасының;
- Комиссия төрағасы орынбасарының;
- Комиссияның кемiнде үш мүшесiнiң талабы бойынша өткiзiледi.
23. Комиссияның мәжiлiсi оның 2/3 мүшесi қатысқан жағдайда құқықты деп саналады.
Комиссияның шешiмдерi мүшелерiнiң қарапайым басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның, ол жоқ болса, Орынбасардың дауысы шешушi болып саналады.
24. Мәжiлiстердiң өткiзiлуi және шешiмдердiң қабылдануы оған қатысқан Комиссия мүшелерiнiң бәрi қол қойған мәжiлiс хатпен бекiтiледi.
25. Мәжiлiстерге Комиссияның мүшесi ұдайы қатыспаған жағдайда (кемiнде үш рет), Комиссияның Төрағасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне оны Комиссия мүшелiгiнен алып тастау және ауыстыру туралы ұсыныс жасауға құқықты.
26. Комиссия аттестация жүргiзiлетiнi туралы мезгiлден кемiнде бiр ай бұрын емтихандық Комиссияның құрамын белгiлейдi емтихан Комиссиясы 7 адамнан құралады.
27. Емтихан Комиссияның құрамына оның кемiнде үш мүшесi, мемлекеттiк органдардың мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылар, iс жүзiнде тәжiрибеден өткен бухгалтерлер мен аудиторлар, емтихан бағдарламасына кiрген мәселелерге байланысты кәсiптiк мамандығы бар бiлiктi адамдар енгiзiледi.
28. Емтихан Комиссиясындағы адамдардың құрамы аттестация өткiзiлетiн мерзiмге байланысты Комиссияның мәжiлiсiнде бекiтiледi.
29. Емтихандық Комиссияның Төрағасы Комиссияның Төрағасы болып тағайындайды.
30. Емтихандарды жүргiзу тәртiбiн Комиссия бекiтедi.
31. Бiлiктiлiк куәлiгiн хаттауды және берудi емтиханның нәтижелерi жөнiнде шешiмдi 5 күннiң iшiнде Комиссия жүзеге асырады.
32. Аудиторға берiлген бiлiктiлiк куәлiгi 5 жылға дейiн күшiн сақтайды.
33. Аудитор бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн сақтайтын кезеңде Комиссия белгiлеген тәртiпке сәйкес, өзiнiң бiлiктiлiк дәрежесiн көтеруге тиiс.
34. Мерзiмi өтпеген куәлiгiн жоғалтқан жағдайда аудиторға оның өтiнiшi бойынша аттестациядан өтуi үшiн төленетiн ақының 50% көлемiнде айыпақы төлеу жөнiнде шешiмiмен оның қосымша үлгiсi берiлуi мүмкiн.