Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бюджеттен тыс есебiнiң қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртiбi туралы НҰСҚАУ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгi 30.09.1997 ж., Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 1997 ж., Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 01.10.1997 ж. N 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 01 қазанда тіркелді. Тіркеу N 378. Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігінің НҚА мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 1998 жылғы 12 маусымдағы қорытындысы.

      НҰСҚАУ

     

      1. Бұл Нұсқау Қазақстан Республикасы Президентiнiң 20.06.97 жылғы N 3558 K973558_ "Қылмыскерлiкпен күрестiң 1997-1998 жылдарға арналған және құқық қорғау қызметiнiң 2000 жылға дейiнгi негiзгi бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 16.09.1997 жылғы N 1345 P971345_ "Прокуратура органдарыныың бюджеттен тыс есебi туралы" Қаулысына сәйкес жасалған және ол прокуратура органдарының бюджеттен тыс есебiнiң (ары қарай - бюджеттен тыс есеп) қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Қаражатқа есеп жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Бюджет банкiнде және оның облыстық бөлiмшелерiнде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, облыстық прокуратуралар мен оларға теңестiрiлген прокуратуралардың бюджеттен тыс есебi ашылады.

      3. Бюджеттен тыс есептiң қаражаты прокуратура органдарының талап ету жұмысының, сондай-ақ басқа да прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесiнде мемлекетке келген залал нақты өтелiп, мемлекет бюджетiне түскен соманың 10 процентiн аудару есебiнен құралады, ол шараларға бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң орындалуын және мемлекет алдындағы басқа да қаржы мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге байланысты салық қызметiнiң органдары жүргiзген тексеру немесе заңға сәйкес қабылдаған шаралары кiрмейдi.

      Прокуратура органдары талап еткен соманы салық органдары бюджетке түсетiн төлеммен бiрдей календарлық кезекпен өндiруi тиiс.

      Прокуратура органдары өндiрген және есепке алынған деп прокурорлық шара нәтижесiнде заңды және жеке тұлғалардан нақты аударылған сома есептелiнедi:

      - тиiстi бюджетке кiрiс 90 процент мөлшерiнде;

      - прокуратура органдарының бюджеттен тыс есебiне 10 процент мөлшерiнде.

      4. Өндiрiлген қаражат Бас прокуратураның орталық аппараты мен прокуратураның жергiлiктi органдары үшiн ашылатын "Тапсырмалар бойынша сома" есебiнде сақталады.

      Облыстық және оларға теңестірiлген прокуратуралар бюджеттен тыс есепке қаржының жинақталғанына қарай норматив бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның "Тапсырмалар бойынша сома" есебiне аударады. Аудару нормативi әрбiр нақты жағдайда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хаттамалық шешiмiмен өзiнше белгiленедi.

      Облыстық прокуратуралар мен оларға теңестiрiлген прокуратуралар әр айдың 10 жұлдызына дейiн Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бюджеттен тыс есебiне нақты аударылған сома жайында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына тiзiм жiбередi.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бюджеттен тыс есебiне түскен сома жайындағы жиынтық жедел мәлiмет Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгiне әр айдың 15-не дейiн ай сайын хабарланады.

      Тексеру барысында прокуратура органдарының шешiмiмен ақша қаражаты алынған жауапкер толық ақталса, заңда белгiленген тәртiпте залалдың орны толтырылады.

      Қаражаттың заңсыз есепке алынуына және есептегi қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына жол берген лауазымды адамдар. Қазақстан Республикасының күшiндегi заңдарына сәйкес тәртiптiң және материалдық жауаптылыққа тартылады.

      5. Бюджеттен тыс есептегi қаражат мына мақсатта жұмсалады.

      - 70 процент мөлшерiнде Бас прокуратураның Ақмола қаласына көшуiн қамтамасыз ету үшiн, қызмет ғимараттарын, құрылыстарды, тұрғызу үшiн, қызметкерлерге пәтер сатып алу үшiн;

      - 10 процент мөлшерi прокуратура органдарының материалдық техникалық бағасын нығайту үшiн (құрал-жабдықтар, инвентарь, оргтехника, көлiк құралдарын сатып алу);

      - 10 процент мөлшерiнде қызметкерлердi емдеу-сауықтыру шаралары және басқа да денсаулық сақтау мақсаттары үшiн;

      - 10 процент мөлшерiнде қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға байланысты шығаруды өтеу үшiн.

      6. Бюджеттен тыс есептiң қаражаты белгiленген тәртiпте бекiтiлген шығындар сметасы мен хаттамалық шешiмдер негiзiнде жұмсалады.

      7. Ағымдағы есептiң шығындар сметасын пайдалануды бақылау прокуратура органдарының қаржы қызметiне жүктеледi, ол тоқсан сайын бухгалтерлiк есеппен бiрге А-II формада (код 0503242) "Тапсырмалар бойынша соманың жұмсалу барысы жөнiнде есеп" бередi. Тапсырмалар бойынша соманың ағымдағы есебiне түскен сома "Тапсырмалар бойынша соманың ағымдағы есебiнiң" 110 субесебiнiң дебетiне және "Тапсырмалар бойынша шығынға жататын қаражат есеп-қисабының" 176 субесебiнiң кредитiне жазылады.

      Тапсырманы орындауға жұмсалған қаражат шығыны "Тапсырмаларға байланысты шығын үшiн алынған қаражат бойынша есеп-қисаптың" 176-субесебiнiң, "Басқа да қаражаттар бойынша шығынның" 213 субесебiнiң дебетiне және "Тапсырмалар бойынша соманың ағымдағы есебiнiң" 110 субесебiнiң кредитiне жазылады.

      176 субесеп бойынша жүргiзiлетiн есеп - қисапты талдау тапсырмаларды орындауға қаржысы келiп түскен органдарға қатысты ф.292-а карточкаларында (292 кiтапта) жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады