"Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi шығындарын өтеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылғы 22 сәуiрдегі N 16 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 15 қазанда тіркелді. Тіркеу N 397. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығымен

     

------------------Бұйрықтан үзінді------------
      "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысының  қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      8) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шартқа сараптама жүргiзу жөнiндегi шығындарын өтеудiң тәртiбi туралы" нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 22 мамырдағы N 16 қаулысы (1997 жылғы 15 қазан N 397)....

      Төраға

--------------------------------------------

     

"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
      Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi шығындарын өтеудiң тәртiбi туралы" нұсқаулық бекiтiлсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 22 сәуiрдегi
N 16 қаулысымен
Бекiтiлген

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiм мен
келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру және оны
жүргiзу жөнiндегi шығындарын өтеудiң тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы нұсқаулық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңына (бұдан әрi "Заң") сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiмге сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу, сондай-ақ келiсiм-шартты әзiрлеу және сараптау жөнiндегi шығындарын (бұдан әрi "Комитеттiң шығындары") өтеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      Осы нұсқаулықта пайдаланылатын айқындамалар мен терминдер осы Заңдағы айқындамалар мен терминдерге сәйкес келедi.

I. Жалпы ережелер

      1.1. Комитеттiң өзiнiң функцияларын жүзеге асыру процесiнде инвестициялық өтiнiмге сараптама жүргiзу, сондай-ақ келiсiм-шартты әзiрлеу және сараптау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан кеңесшiлер, консультанттар мен сарапшылар тартуға құқылы.
      1.2. Комитеттiң шығындарын өтеу осы нұсқаулықта белгiленген тәртiппен инвестордың есебiнен жүзеге асырады.
      1.3. Комитеттiң шығындары ретiнде Комитеттiң өзiнiң тiкелей функциональдық мiндеттерiн орындауын қоспағанда, инвестициялық өтiнiмге сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу, келiсiм-шартты әзiрлеу бойынша өзiнiң функцияларын жүзеге асыра отырып, iз жүзiнде шеккен барлық, оның iшiнде күтпеген шығыстары ұғылады.

II. Комитеттiң шығындарының түрлерi және
оларды растау

      2.1. Комитеттiң мынадай шығыстары шығындары болып табылады:
      2.1.1. Кеңесшiлердiң, консультанттардың және тәуелсiз сарапшылардың қызметтерiне ақы төлеу;
      2.1.2. Комитеттiң және тартылған мамандардың iссапарлары мен қосымша шығыстарына ақы төлеу (көлiк шығыстарын, визаларды ресiмдеу мен қажет болған жағдайларда сақтандыруды, тұруға, тамаққа ақы төлеудi қоса алғанда);
      2.1.3. Коммуникациялық қызметтерге ақы төлеу (телефон, телеграф, факс, электронды почта, INТЕRNЕТ, почта, оның iшiнде экспресс почта);
      2.1.4. Ұйымдастыру техникасын пайдалану, оның iшiнде шығыс материалдары: қағаз, кеңсе тауарлары және т.б.
      2.2. Инвестор Комитеттiң өзiнiң инвестициялық жобасына тiкелей қатысты шығындарын ғана төлейдi.
      2.3. Осы нұсқаулықтың 2.1.1.; 2.1.2., 2.1.3-тармақтарында көрсетiлген шығындарды Комитет құжатты түрде растайтын (төлем тапсырмасы, шығыс ордерi, чек және т.б.).
      2.4. Осы нұсқаулықтың 2.1.4. және 2.1.5-тармақтарында көрсетiлген шығындардың мөлшерiн Комитет қолданылып жүрген тарифтерге сәйкес айқындайды.

III. Инвестордың Комитеттiң шығындарын
өтеуiнiң тәртiбi

      3.1. Инвестор инвестициялық өтiнiмнiң IХ-тармағында осы нұсқаулықпен танысқандығын растайды және оны сақтауға мiндеттенедi.
      3.2. Комитеттiң шығындарын өтеу екi кезеңде жүзеге асырылады:
      3.2.1. I кезең - инвестор өтiнiм тiркелген сәтiнен бастап үш банк күннiң iшiнде Комитеттiң есеп айырысу шотына Комитетке инвестициялық өтiнiмдi ұйымдастыру және оны жүргiзу, сондай-ақ келiсiм-шартты әзiрлеу мен сараптау үшiн қажеттi шығындардың сомасына 25% мөлшерiнде аванс аударады. Комитеттiң инвестициялық өтiнiмдi әзiрлеу және оны жүргiзу, келiсiм-шартты әзiрлеу мен сараптау жөнiндегi шығындары Комитет бекiткен кеңесшiлердiң консультанттар мен тәуелсiз сарапшылардың ұсынған мәлiметтерiнiң негiзiнде айқындалады.
      3.2.2. II кезең - келiсiм-шартқа қол қойылған сәттен бастап үш банк күнiнiң iшiнде Комитеттiң есеп айырысу шотына Комитеттiң iс жүзiндегi өтелмеген бөлiгiн аударады.
      3.3. Инвестордың Комитеттiң шығындарын толық өтеуi келiсiм-шартты тiркеудiң мiндеттi шарты болып табылады.
      3.4. Егер Комитет пен инвестор келiссөздер процесiнде келiсiм-шартты жасау жөнiнде келiсiмге келе алмаса, нәтижесiнде онда инвестор келiспеушiлiктер туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейiн бес банк күнi iшiнде Комитетке шығындардың төленбеген бөлiгiн өтеуi тиiс.

IV. Инвестордың жауапкершiлiгi

      4.1. Инвестор осы нұсқаулықтың 3.2.1-тармағын бұзған жағдайда, Комитет инвестициялық өтiнiмге сараптаманы бұзушылықтың бүкiл мерзiмiне тоқтата тұруға құқылы, бiрақ бұл мерзiм он екi күннен аспайды. Егер инвестор он екi күннiң iшiнде жолсыздықты түземесе, онда өтiнiмнiң күшi жойылады.
      4.2. В случае нарушения инвестором п.3.2.2. настоящей Инструкции Комитет имеет право приостановить регистрацию контракта на весь срок нарушения, но не более, чем на двенадцать дней. Если в течение двенадцати дней инвестор не исправит нарушение, то контракт может быть аннулирован. <*>
      Ескерту: 4.2-тармақтың қазақша аудармасы жоқ болғандықтан орысша мәтінде берілді.

V. Дауларды шешудiң тәртiбi

      5.1. Осы нұсқаулықты атқару процесiнде Комитет пен инвестордың арасында туындауы мүмкiн кез келген даулар мүмкiндiгiнше келiссөздер жолымен шешiлуi тиiс.
      5.2. Егер келiссөздер процесiнде Комитет пен инвестор келiсiмге келмесе, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiлуi тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады