"Инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасаудың тәртiбi туралы нұсқаулықты" бекiту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Төрағасының 1997 жылғы 8 сәуiрдегі N 6 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 15 қазанда тіркелді. Тіркеу N 401. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығымен.

      ------------------Бұйрықтан үзінді------------
      "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысының  қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      3) "Инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылау жасаудың тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1997 жылғы 28 наурыздағы N 6 қаулысы (1997 жылғы 15 қазан N 401)....

      Төраға
 
--------------------------------------------

      "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
      Қоса берiлiп отырған Инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасаудың тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 8 сәуiрдегi
N 6 қаулысымен
бекiтiлген

Инвестициялық жобалардың iске асырылуына
бақылау жасаудың тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы Нұсқаулық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және оны орындау үшiн әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) бекiтiлген инвесторлардың (бұдан әрi - Инвестор) арасында жасалған келiсiм-шарттар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасаудың тетiгiн айқындайды.

1. Инвестициялық жобалардың iске асырылуына
бақылау жасаудың мақсаты

      1.1. Бақылау деп Комитеттiң "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекiтiлiп берiлген өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы ұғылады.
      1.2. Бақылаудың мақсаты:
      - инвестициялық жобаларды iске асыру процесiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау;
      - инвестордың келiсiм-шартта бекiтiлген мiндеттемелерiн атқаруының дұрыстығы мен толықтығын тексеру;
      - инвестордың келiсiм-шарт бойынша берiлген жеңiлдiктер мен преференцияларды пайдалануының дұрыстығын тексеру болып табылады.

2. Комитеттiң инвестициялық жобалардың iске асырылуына
бақылау жасау жөнiндегi өкiлеттiктерi

      Инвестициялық жобалардың iске асырылуына бақылау жасау үшiн Комитет мынадай құқықтарға ие:

      2.1. инвестордың инвестициялық жобаға қатысты заңдық, бухгалтерлiк, техникалық және өзге де құжаттамасын тексеруге;
      2.2 инвестордан осы нұсқаулықтың 3-бөлiмiне сәйкес келiсiм-шарттың iске асырылуының барысы туралы есептi талап етуге;
      2.3. инвестордан тексерiстер процесiнде табылған жолсыздықтарда түзетудi талап етуге;
      2.4. келiсiм-шарттың iске асырылуына қатысты қосымша кезкелген ақпаратты талап етуге;
      2.5. келiсiм-шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн бұзушы инвесторға осы нұсқаулықтың 4-бөлiмiнде көрсетiлген ықпал ету шараларын қолдануға;
      2.6. бақылау функцияларын атқару процесiнде тиiстi мемлекеттiк органдарды тартуға;
      2.7. министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан Комитеттiң келiсiм-шартты iске асырылуына байланысты қаулыларын мiндеттi түрде атқаруын талап етуге.

3. Инвестордың есеп беруi

      3.1. Инвестор тоқсан сайын, тоқсаннан кейiнгi айдың 20-ынан кешiктiрмей, не келiсiм-шартта көзделген басқа мерзiмде Комитет белгiлеген және келiсiм-шартта көзделген нысан бойынша келiсiм-шарттың iске асырылу барысы туралы есеп тапсырады.
      3.2. Инвестор жыл сайын 1 наурызға дейiн Комитетке өткен жылдағы қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы аудиторлық қорытындымен расталған есеп тапсыруға мiндеттi.
      3.3. Инвестор өзiнiң мiндеттемелерiн орындауы мүмкiн емес жағдайда бiр ай мерзiмде Комитетке мiндеттемелерiн атқаруға кедергi келтiрушi себептер туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
      3.4. Инвестордың келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелерiн қандай да болмасын бұзушылықтары анықталған жағдайда Комитет инвесторға анықталған жолсыздықтар туралы көрсетедi және оларды жоюдың мерзiмдерiн белгiлейдi.

4. Инвесторға қолданылатын ықпал ету шаралары

      4.1. Комитеттiң инвесторға қолданатын ықпал ету шаралары:
      - инвестордың нақты жолсыздықтары мен оны жою үшiн қажет мерзiмдi көрсетiп өзiне қабылдаған мiндеттемелерiн бұзғаны туралы ескерту;
      - келiсiм-шартты бұзу.
      4.2. Комитет инвесторға ықпал ету шараларын мынадай жағдайларда қолдануға құқылы:
      4.2.1. инвестор Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанда;
      4.2.2. инвестор келiсiм-шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн бұзғанда;
      4.2.3. инвестор есеп беру мерзiмдерiн бұзғанда;
      4.2.4. тапсырылған есептер Комитет бекiткен, немесе келiсiм-шартта көзделген нысанға сәйкес келмегенде;
      4.2.5. инвестор Комитетке тапсырған кез келген мәлiметте елеулi фактiлердi бұрмалағанда немесе жасырғанда.

5. Дауларды шешу

      5.1. Комитеттiң инвестициялық жобаның iске асырылуына бақылау жасауына байланысты даулар мүмкiндiгiнше келiссөздер жолымен шешiледi.
      5.2. Егер келiссөздер процесiнде Комитет пен инвестор келiсiмге келмесе, дау келiсiм-шартта белгiленген рәсiмдерге сәйкес шешiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады