ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi
комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығынан
үзінді
"Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Заңының
, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436
қаулысының
қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы
Заңының
27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
10) "Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға шетелдiк қатысуды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары мен шетелдегi дипломатиялық миссияларының қызметiн үйлестiрудiң тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 19 қаулысы (1997 жылғы 17 қазан N 405)....
Төраға
--------------------------------------------
"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңның 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға шетелдiк қатысуды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары мен шетелдегi дипломатиялық миссияларының қызметiн үйлестiрудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 30 мамырдағы
N 19 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын
инвестициялық жобаларға шетелдiк қатысуды ынталандыру
мақсатында Қазақстан Республикасының орталық және
жергiлiктi атқарушы органдары мен шетелдегi
дипломатиялық миссияларының қызметiн үйлестiрудiң
тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының негiзiнде әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға шетелдiк қатысуды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары мен шетелдегi дипломатиялық миссияларының қызметiн үйлестiрудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Негiзгi мiндет
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының және шетелдегi дипломатиялық миссияларының негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасына тiкелей инвестицияларды тарту жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру болып табылады.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың
және шетелдегi дипломатиялық миссиялардың
қызметiн үйлестiрудiң тәртiбi
3.1. Комитет тiкелей шетелдiк және отандық инвестицияларды ынталандыру бойынша мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және жүзеге асырады, инвестициялық ынтымақтастық және тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзедi және халықаралық шарттарға қол қояды.
3.2. Комитет Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп немесе оның келiсiмi бойынша "Халықаралық шарттарды жасау, орындау және күшiн жоюдың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 12.12.95 жылғы Заң күшi бар Жарлығының талаптарына сәйкес Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы қос тарапты және көптарапты келiсiмдер, Инвестициялық ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасау туралы ұсыныстар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
3.3. Комитет Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен шетелдегi дипломатиялық миссияларынан осы елдердiң инвестициялық заңдарын қоса алғанда, қажеттi ақпаратты сұрайды және алады, келiп түскен ақпаратты зерделейдi, қос тарапты және көп тарапты қол қойылған құжаттардың қолданылуын және инвестициялық қызмет бойынша басқа елдердiң құзыреттi органдары ұсынған келiсiмдердiң жобаларын талдайды.
3.4. Комитет келiсiмнiң жобаларына басқа Уағдаласушы Тараптың уәкiлеттi органдарымен және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарымен алдын ала келiсу жүргiзедi, келiсiмнiң келiсiлген нұсқасын қол қоюға Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
3.5. Комитет Қазақстан Республикасында басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторлары үшiн әдiл және тең құқықты инвестициялық режимдi қамтамасыз етедi, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың олардың құқықтарына нұқсан келтiруiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдайды.
3.6. Комитет Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы қос тарапты келiсiмдер жасалған елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссияларымен бiрлесiп қазақстандық инвестицияларға қатысты басқа Уағдаласушы Тараптың оның өзiнiң инвестицияларына немесе үшiншi елдердiң инвесторларына беретiн қолайлы режимнен төмен емес режимдi қамтамасыз етуiн бақылауды жүзеге асырады.
3.7. Комитет тiкелей инвестицияларды ынталандыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiнiң жобаларын, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының актiлерiн әзiрлеудi сараптауды жүзеге асырады және оған қатысады.
3.8. Комитет мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға шетелдiк қатысуды ынталандыру бойынша инвестициялық симпозиумдарды, тақырыптық көрмелердi, тұсаукесерлердi қоса алғанда, жыл сайынғы шетелдегi Бiрыңғай республикалық ақпараттық-насихаттық жұмыстың бағдарламасын әзiрлейдi, оның уақытылы орындалуы жөнiнде ақпарат сұрайды, жүргiзiлген шаралардың тиiмдiлiгi мен жүзеге асырылуы туралы жылдық есептi талдайды және оны 14.04.97 жылғы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң N 563 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына құрастырады.
3.9. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Комитетке тауар өндiрiсiн, жұмыстар мен қызмет көрсетудi жедел дамытуды қамтамасыз етуге арналған өз құзыретi бойынша әзiрленген инвестициялық жобаларды инвестициялық ынтымақтастық жөнiнде халықаралық келiссөздер барысында басқа елдердiң уәкiлеттi органдарына және олардың әлеуеттi инвесторларына ұсыну, Комитеттiң шетелдегi тұсаукесер және конференциялар бағдарламасына және жарнамалық өнiмдi енгiзу жолымен жүзеге асырылуына жәрдем көрсетедi.
3.10. Қазақстан Республикасының шетелдiк дипломатиялық миссиялары мен өкiлдiктерi Комитетке:
- келiсiм-шартты әзiрлеу және сараптау барысында инвесторлар мен инвестициялық жоба бойынша, сондай-ақ оны жүзеге асыру уақыты бойынша барлық қажеттi ақпаратты беру;
- өзi тұрған елдегi өкiмет органдарымен, ұйымдармен, фирмалармен және компаниялармен Комитеттiң және оның өкiлдiктерiнiң өзара iс-қимыл жасауы;
- әлеуеттi инвесторлардың Қазақстан Республикасына келу және одан кету визаларын алу, ерекше жағдайларда - жеделдетiлген мерзiмдерде алу мәселелерiн шешу;
- келiсiм-шарттарды әзiрлеуге және жүзеге асыруға байланысты басқа проблемаларды шешу мәселелерiнде жәрдем көрсетедi.
3.11. Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық миссиялары мен өкiлдiктерiнен алынған инвестициялық және экономикалық сипаттағы барлық ақпарат келiсiм бойынша Сыртқы iстер министрлiгi немесе Қазақстан Республикасының құзыреттi органдары арқылы инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша талдау және жұмыста одан әрi пайдалану үшiн Комитетке жолданады.