------------------Бұйрықтан үзінді------------
"Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Заңының
, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436
қаулысының
қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы
Заңының
27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
4) "Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыруға арналған келісім-шарт туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі N 8 қаулысы (1997 жылғы 20 қазан N 409)....
Төраға
--------------------------------------------
"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы
Заңының
4-тарауына сәйкес Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитет қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының экономикасының басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға арналған келiсiм-шарт туралы Ереже" бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
төрағасы
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 9 сәуiрдегi
N 8 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының экономикасының басым
секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға
арналған-келiсiм-шарт туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Келiсiм-шарт - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Комитет) мен инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғалардың арасында жасалған - шарт.
2. Комитет - Қазақстан Республикасының Инвестицияларға уәкiлеттi жалғыз мемлекеттiк орган, оған келiссөздер жүргiзу, келiсiм-шартқа қол қоюдың, тiркеудiң талаптары мен тәртiбiн айқындау құқығы берiлген.
3. Инвестор - инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғалар. Егер Инвестор ретiнде келiсiм-шартта заңды тұлға құқығы жоқ консорциум (заңды тұлғалардың бiрлестiгi) болса, онда консорциумға кiретiн заңды тұлғалардың ортақ құқықтар болады және жасалған келiсiм-шарт бойынша ортақ мiндеттерде болады. Консорциум өзiне кiретiн заңды тұлғалардың сенiм-хатының негiзiнде iс-қимыл жасайды.
4. Комитет бекiткен негiзгi келiсiм-шарт Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде тараптардың өзара құқықтар мен мiндеттерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңдық шеңберлерiн айқындайды.
Негiзгi келiсiм-шарт бiрдейлендiрiлген бөлiк (әрбiр ретте өзгерiссiз күйде қалатын жалпы жағдайлар) мен келiсiлетiн бөлiктен (тараптардың атауы, келiсiм-шартты жасаудың мерзiмi мен орны, берiлген жеңiлдiктер мен преференциялардың талаптары мен түрлерi және тараптардың келiсуiн талап ететiн т.б.) тұрады.
5. Осы Ережеде пайдаланылатын анықтамалар мен терминдер "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңындағы терминдермен және анықтамалармен және деректермен сәйкес келедi.
6. Осы Ереже келiсiм-шартты жасаудың мынадай тәртiбiн белгiлейдi:
а) Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық қызметке мүдделi Инвестор Комитет бекiткен тәртiп пен нысанда өзiне ынталандыру шараларын қолдану туралы негiздемелеп инвестициялық өтiнiм бередi.
Өтiнiмдi қабылдау туралы оң шешiлген кезде тараптар келiсiм-шартты әзiрлеу мақсатында келiссөздерге кiрiседi;
б) Комитет - келiсiм-шарттың талаптары бойынша келiссөздер жүргiзедi, келiсiмге қол жеткiзiлмегенi үшiн жауаптылықта болмайды. Келiссөздердi адал жүргiзбеген немесе үзген Инвестор келiсiм-шартты ұйымдастыру және жүргiзу бойынша Комитетке келтiрiлген шығындар үшiн жауапты болып табылады.
в) Комитет Инвестормен бiрлесiп келiсiм-шартты 60 күннен аспайтын мерзiмде әзiрлейдi. Комитет ерекше жағдайларда келiсiм-шартты әзiрлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ бұл 60 күннен аспайды.
Комитет келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде инвестициялық жобаның "Келiсiм-шартқа сараптама жүргiзудiң тәртiбi туралы" бекiтiлген нұсқаулыққа сәйкестiгiне сараптама жүргiзедi. Комитет жеңiлдiктер мен преференцияларды келiсiм-шартқа Инвестордың қол қоюы арқылы сараптама қорытындысының негiзiнде бередi.
Комитет келiсiм-шарттың жобасын әзiрлеу кезiнде Негiзгi келiсiм-шарттың ережелерiн, келiсiм-шарт туралы ереженi және Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.
Инвестор негiзгi шартқа қосымша талаптар немесе өзгерiстер енгiзуге ұсыныс жасаған кезде Комитет енгiзiлген ұсыныстарға сараптама жүргiзуге құқылы. Сараптама қорытындысының негiзiнде Комитет келiсiм-шарттың ұсынылған талаптарымен өзiнiң келiсетiндiгi немесе келiспейтiндiгi (бас тартатындығы) туралы Инвесторға жазбаша хабарлама бередi. Келiсiм-шарттың ұсынылған жобасының жекелеген талаптарымен, келiспеген, не одан толық бас тартқан жағдайда, Комитет дәл сол мерзiм iшiнде өзiнiң талаптарын, оларды Инвестор ұсынған келiсiм-шарттың жобасына келiспеушiлiктердi келiсу хаттамасымен ресiмдеп ұсынуға мiндеттi.
г) Тiкелей келiссөздер процесiнде әзiрленген жеке тараптармен келiсiлген келiсiм-шарттың жобасына оған қол қойылғанға дейiн Комитеттiң Дирекцияларында мiндеттi тәртiпте визалар қойылады және қажет болғанда орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бекiтiлген кестеге сәйкестiгi келiсiледi. Барлық келiсушi және рұқсат етуге құжаттарды, лицензияларды, визаларды және басқа құжаттарды алған соң келiсiм-шарттың жобасының ең ақырғы нұсқасы Комитеттiң Дирекциялар Кеңесiнiң қарауына ұсынылады.
Дирекциялар Кеңесi терiс шешкен жағдайда келiсiм-шарт тиiстi қарармен тиянақтауға және талаптарын өзгертуге N 4 Дирекцияға жiберiледi немесе N 1 Дирекция Инвесторға келiсiм-шартты жасаудан бас тартудың себептерiн көрсетiп жазбаша мәлiмдеме әзiрлейдi.
д) Келiсiм-шартқа Комитеттiң басшысы мен Инвестордың уәкiлеттi өкiлi қол қояды.
ж) Қол қойылған келiсiм-шарт Комитетке Комитет белгiлеген тәртiпте және жағдайда 15 (он бес) күннiң iшiнде тiркеледi.
е) Комитет пен Инвестордың арасындағы келiсiм-шартты тiркеудiң куәландырушы фактiсi Инвесторға берiлген түрлi жеңiлдiктер мен преференциялар және олардың қолдану мерзiмi көрсетiлетiн белгiленген нысандағы куәлiктi беру болып табылады. Тiркеу туралы куәлiк преференциялар болып табылады. Куәлiктi ресiмдеудiң рәсiмi және оның нысаны Комитет бекiткен "Инвесторлармен келiсiм-шартты тiркеудiң тәртiбi туралы" нұсқаулықпен айқындалады.
7. Комитеттiң инвестициялық өтiнiм мен келiсiм-шарт ұйымдастыру және сараптама жүргiзу жөнiндегi шығындарын өтеу "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзу жөнiндегi шығындарын өтеудiң тәртiбi туралы" нұсқаулыққа сәйкес Инвестордың есебiнен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарына келiсiм-шарттың
бастапқы ережелерiн одан әрi сақталуын мүмкiн
етпейтiн немесе оның экономикалық ережелерiн елеулi
өзгертуге апаратын өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлген жағдайда келiсiм-шартқа өзгерiстер немесе
түзетулер енгiзудiң тәртiбi
8. Келiсiм-шарттың тұрақтылық кепiлдiгi Қазақстан Республикасының заңдарына келiсiм-шарттың бастапқы ережелерiн одан әрi сақталуын мүмкiн етпейтiн немесе оның экономикалық ережелерiн елеулi өзгертуге апаратын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда тараптардың экономикалық мүдделерiн қалыпқа келтiру үшiн келiсiм-шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен бекiтiледi.
9. Шетел Инвесторына Қазақстан Республикасының заңдары өзгерген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары өзгерген кезде кепiлдiктер беретiн "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының күшi қолданылады.
10. Қазақстан Республикасының заңдарына келiсiм-шартқа қол қойылған күннен кейiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда олар келiсiм-шарттың бастапқы ережелерiн одан әрi сақтауды мүмкiн етпеуге алып барса немесе оның экономикалық ережелерiнiң елеулi өзгеруiне алып келсе, мүдделi тарап басқа тарапқа келiсiм-шартқа өзгерiстер немесе түзетулер енгiзу туралы жазбаша түрде ұсыныспен өтiнiш жасайды.
жазбаша нысан деп өзiндегi ақпараттың жазбасын сақтайтын және танылатын түрде шығарылуға қабiлеттi хабарламаның кез келген түрi танылады.
Келiсiм-шарттың экономикалық ережелерi, егер тараптар келiсiм-шарт мүлде жасалмайтындығы немесе елеулi түрде ерекшеленетiн жағдайда жасалуын алдын ала орынды түрде көре бiлетiндей тұрғыда өзгерсе, елеулi өзгерiс деп танылады.
Комитет пен бекiтiлген инвестор келiсiм-шартқа өзгерiстердi немесе түзетулердi екiжақты келiсiм бойынша енгiзіледi. Келiсiм-шартқа өзгерiстер немесе түзетулер енгiзiлуi тәртiбi келiсiм-шартты жасаудың тәртiбiне ұқсас. Келiсiм-шарт өзгерген кезде тараптардың мiндеттемелерi өзгерген түрiнде қолданылуы жалғастырылады.
11. Тараптардың келiсiм-шартқа енгiзген өзгерiстерi (толықтырулары) келiсiм-шарттың өзгерген (толықтырған) мәтiнi Комитеттiң Әкiмшiлiк тiркеу және бақылау дирекциясында тiркелген сәттен бастап, тараптардың келiсiмi бойынша бұдан кешiрек мерзiмдер белгiленбеген болса, заңды күшiне ие болады.
Инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға арналған келiсiм-шартқа өзгерiстердi (толықтыруларды) тiркеудiң тәртiбi келiсiм-шартты тiркеудiң тәртiбiне ұқсас.
12. Егер тараптар келiсiм-шарттың ережелерiне елеулi түрде өзгерген жағдаяттарға сәйкестiкке келтiру туралы келiсiмге келмесе, келiсiм-шарт бұзылады. Келiсiм-шарт бұзылған кезде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады.
13. Келiсiм-шарттың бұзылуы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында келiсiм-шарттың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, тараптардың келiсiмi бойынша мүмкiн. Келiсiм-шартты бұзудың тәртiбi келiсiм-шартты жасаудың рәсiмiне ұқсас.
14. Комитет сондай-ақ келiсiм-шартты мынадай жағдайларда бiржақты тәртiппен бұза алады:
а) бекiтiлген инвестордың комитетке тапсырған кез келген мәлiметтерiнде елеулi фактiлердi бұрмалау немесе жасырылғандығын анықталса.
Елеулi фактiлердiң бұрмаланғандығын немесе жасырылғандығы анықтау кезiнде назарға, атап айтқанда, мыналар алынуы тиiс:
- бекiтiлген инвестордың Комитет пен Қазақстан Республикасы үшiн олар келiсiм-шартты жасау кезiнде есептеуге құқылы нәрседен едәуiр дәрежеде айырылатын залалға алып баратын фактiлердi бұрмалауы немесе жасырылуы елеулi түрде деп танылады;
- бұрмалау немесе жасыру әдейi немесе дөрекi ұқыпсыздықтан жасалған ба.
Комитет келiсiм-шартты, егер ол бiлдiру тiлiн немесе iс-қимыл түрiн қоса алғанда, Инвестордың жалған өтiнiшiнiң нәтижесiнде немесе Инвестор адал iскерлiк практиканың орынды коммерциялық стандарттарына сәйкес хабарлауы тиiс фактiлердi жасыру нәтижесiнде жасалған болса, келiсiм-шартты бұза алады.
б) Бекiтiлген инвестор өзiнiң мiндеттемелерiн атқармаса немесе келiсiм-шартта ескертiлген ережелердi сақтамаса, бұл ретте мыналар ескерiледi:
- осы жолсыздықтар сондай-ақ елеулi сипатта болуы және Комитеттiң келiсiм-шарт бойынша құқықтары мен мүдделерiне нұқсан келуiне елеулi ықпал етуi тиiс;
- егер мiндеттемелердi атқару мерзiмi басталғанға дейiн Инвесторға анық болса, бұл келiсiм-шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердiң елеулi түрде орындалмауы орын алса, Комитет келiсiм-шартты бұзуға құқылы.
в) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу.
Қазақстан Республикасы заңдарын бұзылу ұғымын айқындау кезiнде мыналар назарға алынуы тиiс:
- инвестордың Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы инвестициялық жоба мен жасалған келiсiм-шарт бойынша өзiне алған мiндеттеменi жүзеге асыруға байланысты болуы және келiсiм-шарттың ережелерiне едәуiр әсер етуi тиiс;
- заңдарды бұзу әдейi немесе дөрекi ұқыпсыздықтан жасалған ба?
15. Келiсiм-шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады, бiрақ 14-тармақтағы аталған негiздер бойынша бекiтiлген инвестор мынадай жауаптылықта болады:
а) келiсiм-шартты бұзу кезiнде соған сәйкес берiлген салықтық жеңiлдiктер (табыс салығы жер салығы және мүлiк салығы бойынша жеңiлдiктер мен кеден жеңiлдiгi) жабдықтың, шикiзат пен материалдардың импортына кеден бажын салудан толық немесе iшiнара босату) аталған жеңiлдiктер тиiстi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкциялары қолданылып және келiсiм-шарттың ережелерiне сәйкес Инвестордың (салық төлеушiнiң) қызметiнiң бүкiл кезеңi үшiн бюджетке есептелiп, енгiзiлуге жатады.
б) келiсiм-шартты бұзу кезiнде соған сәйкес берiлген мемлекеттiк заттық гранттарды Инвестор қайтарады. Егер қайтару заттық түрiнде және бастапқы өзгерiлмеген түрiнде мүмкiн болмаса немесе бұлай қабылданымды болмаса, келiсiм-шартта көрсетiлген объектiнiң құнын ескере отырып және Қазақстан Республикасының заңдарында немесе осы келiсiм-шартта көзделген тиiстi айыппұл шараларын қолдана отырып, бұл орынды деп табылса, ақшалай нысанда тиiстi өтеу жүргiзiлуi тиiс.
16. Келiсiм-шартты бiр жақты бұзу кезiнде, Комитет бұл жөнiнде, бекiтiлген инвесторды жазбаша түрде ескертуге мiндеттi, бiрақ бұл уақыт егер келiсiм-шартта бұдан гөрi кеш мерзiмдер көзделмесе, бiр айдан аспауы тиiс.
17. Келiсiм-шартты бұзу және тоқтату дауларды реттеу туралы келiсiм-шарттың қандай да болмасын ережелерiн немесе келiсiм-шарттың кез келген ережелерiн қозғамайды, олар ол тоқтатылғаннан кейiн де қолданыла беруi тиiс.
18. Комитет пен Инвестордың арасындағы келiсiм-шартты жасау, атқару, бұзу, келiсiм-шарттың атқарылуын бақылау, ынталандыру шараларын қолдану мәселелерiне байланысты даулар, келiсiм-шартқа тiкелей байланысты өзге даулар мүмкiндiгiнше келiссөздер жүргiзу жолымен, оның iшiнде сарапшыларды тартып не келiсiм-шартта белгiленген рәсiмдердi қоса алғанда, дауларды шешудiң бұрын келiсiлген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
Тараптардың жоғарыда айтылған негiздер бойынша арасында туындаған дауларды шешудiң тәртiбi егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында немесе келiсiм-шарттың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
19. Қазақстандық инвесторлармен дауларды шешу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралады.
20. Шетел инвесторларымен дауларды шешу, егер келiсiм-шарттың ережелерiнде немесе инвестормен өзге келiсiмде өзгеше көзделмесе, "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
21. Егер келiсiм-шарттың ережелерiнде немесе Инвестормен өзге келiсiмде тiкелей өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының құқығы қабылданымды құқық деп танылады.
22. Комитеттiң Әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау дирекциясы бекiтiлген инвесторлардың жасалған келiсiм-шарт бойынша өздерiне алған мiндеттемелерiн атқаруын бақылауды қоса алғанда, инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн бақылау жасауды "Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн бақылау жасауды жүзеге асырудың тәртiбi туралы" нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады.