"Мемлекеттiк органдардың бекiтiлген инвестордың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы жөнiндегi қызметiн үйлестiруiнiң тәртiбi туралы нұсқаулықты" бекiту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнің қаулысы 1997 жылғы 30 маусым N 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 3 қарашада тіркелді. Тіркеу N 411. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығымен.

ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығынан
үзінді

      "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысының  қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      11) "Мемлекеттiк органдардың бекiтiлген инвестордың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы жөнiндегi қызметiн үйлестiруiнiң тәртiбi туралы" нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 25 қаулысы (1997 жылғы 20 қазан N 411)....

      Төраға

--------------------------------------------

      "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
      Қоса берiлiп отырған "Мемлекеттiк органдардың бекiтiлген инвестордың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы жөнiндегi қызметiн үйлестiруiнiң тәртiбi туралы нұсқаулық" бекiтiлсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 30 маусымдағы
N 25 қаулысымен бекiтiлген

"Мемлекеттiк органдардың бекiтiлген инвестордың
инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы жөнiндегi
қызметiн үйлестiруiнiң тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

I. Жалпы ереже

      Осы Ереже "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 16-баптарының негiзiнде әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - "Комитет") министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың (бұдан әрi - "мемлекеттiк органдар") бекiтiлген инвесторлардың жүзеге асыратын инвестициялық жобасын (бұдан әрi "жоба") iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiруiнiң тәртiбiн айқындайды.

II. Негiзгi мiндетi

      Осы Нұсқаулықтың негiзгi мiндетi бекiтiлген инвестордың инвестициялық жобаны жүзеге асыруы үшiн қолайлы жағдайлар жасау және оның қызметiн экономиканың басым секторларында кеңейту мақсатында мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру болып табылады.

III. Жобаны жүзеге асыру барысындағы үйлестiру
тәртiбi

      3.1. Комитеттiң негiзгi функцияларына сәйкес мемлекеттiк органдардың келiсiм-шартты өзгертудi талап ететiн немесе қандай да болмасын төлемдердi өзгертуге апарып соғатын қосымша жағдаяттар туындайтын кезде олардың iс-әрекетiн келiсу жолымен жобаны жүзеге асыру жөнiндегi келiсiм-шарттың ережелерiн атқаруын қамтамасыз етедi.
      3.2. Мемлекеттiк органдар бiр айлық мерзiмде жобаны жүзеге асыруға қатысты бекiтiлген инвестордың өтiнiшiн қарайды.
      3.3. Жобаның тиiмдiлiгiн арттыру және осы бағыттағы жұмысты жүйелеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн мемлекеттiк органдар комитетке жобаларды жүзеге асыру және сала немесе аумақ бойынша мүмкiн ұсыныстармен рұқсат етушi құжаттарды пайдаланудың барысы туралы шолу ақпаратын жолдай алады.
      3.4. Мемлекеттiк органдардың Комитетпен келiспей жоспарланбаған тексерiстер жүргiзуiне, ұсыныстамалар беруiне қосымша төлемдер мен жарналар тағайындауына және инвестордың шаруашылық қызметiне өзге де араласуына жол берiлмейдi.
      3.5. Инвестициялық жобаның жүзеге асырылуына кедергi келтiретiн факторлар анықталған жағдайда комитет лауазымды тұлғаның "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы мәселе қоюға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады