"Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң өкiлдiктерi туралы" ереженi бекiту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 17 мамырдағы N 14 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 28 қазанда тіркелді. Тіркеу N 416. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығымен

      ------------------Бұйрықтан үзінді------------
      "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысының  қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      7) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң өкiлдiктерi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 17 мамырдағы N15 қаулысы (1997 жылғы 28 қазан N 416)....

      Төраға

--------------------------------------------

     

"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
      қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң өкiлдiктерi туралы" ереже бекiтiлсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 17 сәуiрдегi
N 14 қаулысымен
бекiтiлген

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң өкiлдiктерi туралы"
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi "Комитет") өкiлдiктерiнiң қызметiн реттейдi.
      Осы Ереже пайдаланылатын айқындамалар мен терминдер осы Заңдағы айқындамалар мен терминдерге сәйкес келедi.

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1. Комитет өзiне жүктелген функцияларды тиiмдi орындау үшiн аймақтық және шетелдiк өкiлдiктерiн құрады.
      Комитеттiң өкiлдiктерi (бұдан әрi "өкiлдiктер") заңды тұлғалар болып табылмайды және Комитеттiң мүдделерiн бiлдiретiн және оның атынан iс-әрекеттер жасайтын оның оқшауланған бөлiмшелерi ретiнде құрылады.
      1.2. Аймақтық өкiлдiктер өздерiнiң жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын Халықаралық шарттарды "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Ереженi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      Шетелдiк өкiлдiктер жоғарыда санамаланғанға қоса сондай-ақ өздерi аумағында тұратын мемлекеттердiң заңдарын сақтайды.

II. ӨКIЛДIКТЕРДIҢ МIНДЕТТЕРI

      2.1. Аймақтық өкiлдiктердiң мiндеттерi:
      - Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының келiсiм-шарттарды әзiрлеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      - аймақтың инвестициялауға мұқтаж объектiлерi туралы ақпаратты жинау және жүйелеу;
      - әуелеттi инвесторларды аймақтың инвестициялық қажет етулерiмен таныстыруға жағдай жасайтын шараларды, оның iшiнде беташар рәсiмдерiн, конференцияларды, көрмелер мен сипозиумдарды ұйымдастыру мен өткiзу;
      - әуелеттi инвесторларға, сондай-ақ басқа да мүдделi тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдары, комитеттiң нормативтiк құжаттары мен инвестициялық қызметке қатысты басқа да қызықтыратын мәселелер бойынша консультациялар беру жолымен Қазақстан Республикасының экономикасына тiкелей отандық инвестицияларды тарту болып табылады.
      2.2. Шетелдiк өкiлдiктерiнiң мiндеттерi:
      - Қазақстан Республикасының экономикасы мен оның инвестициялық қажет етулерi туралы ақпараттық материалдарды әзiрлеу және тарту;
      - Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық миссияларымен келiсiм-шарттарды әзiрлеу мен жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      - шетел мемлекеттерiнiң өкiмет органдарымен, халықаралық ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара iс-қимыл жасау;
      - әуелеттi инвесторларды Қазақстанмен және оның инвестициялық қажет етулерiмен таныстыруға жағдай жасайтын шараларды, оның iшiнде беташар рәсiмдерiн, конференцияларды, көрмелер мен симпозиумдарды ұйымдастыру мен өткiзу;
      - шет елдердiң инвестицияларды тарту және мемлекеттiк қолдау саласында тәжiрибесiн зерделеу мен талдау;
      - әуелеттi инвесторларға Қазақстан Республикасының заңдары мен Комитеттiң нормативтiк құжаттары бойынша, сондай-ақ инвестициялық қызметке қатысты басқа да қызықтыратын мәселелер бойынша консультациялар беру жолымен Қазақстан Республикасының экономикасына тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту болып табылады.

III. ӨКIЛДIКТЕРДIҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

      3.1. Аймақтық өкiлдiктер Қазақстан Республикасының экономикасына тiкелей отандық инвестицияларды тарту мақсатында Комитеттiң атынан жергiлiктi атқарушы органдармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға өкiлеттi.
      3.2. Шетелдiк өкiлдiктер Қазақстан Республикасының экономикасына тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту мақсатында Комитеттiң атынан Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық миссияларымен, шетел мемлекетiнiң өкiмет органдарымен, халықаралық ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға өкiлеттi.

IV. ӨКIЛДIКТЕРДIҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      4.1. Аймақтық өкiлдiктердi ашу үшiн:
      - Комитеттiң өкiлдiктi ашу туралы қаулысы;
      - осы Ереже заңдық негiз болып табылады.
      4.2. Шетелдегi өкiлдiктер үшiн осы Ереженiң 4.1-тармағының талаптарына қосымша:
      - Қазақстан Республикасы мен өздерi болатын елдiң арасында халықаралық шарттың (келiсiм) немесе Комитет пен өздерi болатын елдiң тиiстi органдарының арасындағы екi тарапты (көп тарапты) келiсiмнiң қорытындысы;
      - өздерi болатын елдiң заңдарына сәйкес шетелдiк өкiлдiктiң тiркелуi және тiркелуге қабылдануы қажет.
      4.3. Комитет өкiлдiктерге олардың қызметiне қажеттi мүлiк бередi.
      4.4. Өкiлдiктердiң қызметiне өкiлдiктердiң басшылары (өкiлдерi) басшылық жасайды, олар лауазымдары бойынша Комитеттiң бас инженерi болып табылады және Комитеттiң қаулысымен бекiтiледi.
      4.5. Шетелдiк өкiлдiктердiң басшылары өздерiнiң өкiлеттiктерi бойынша өздерi тұрған елдегi Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң кеңесшiсiне теңестiрiледi және оларға халықаралық шартқа немесе негiзiнде шетелдiк өкiлдiк құрылған келiсiмге сәйкес артықшылықтар мен иммунитет берiледi.
      4.6. Өкiлдiктердiң басшылары өз қызметiн сенiмхаттың негiзiнде жүзеге асырады және Комитет бекiткен лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
      4.7. Өкiлдiктердiң басшылары өздерiнiң мiндеттерiн орындауы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес жауаптылықта болады.
      4.8. Өкiлдiктер қызметкерлерiнiң санын, құрылымы мен еңбегiне ақы төлеу шарттарын Комитет Төрағасы бекiтедi.

V. ӨКIЛДIКТЕРДIҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI

      Өкiлдiктердiң Комитет берген өкiлеттiктердiң шегiнде жасайтын iс-әрекеттерi, оның iшiнде азаматтық-құқықтық мәмiлелерi Комитет үшiн құқықтар мен мiндеттердi құрады, оларды өзгертедi және тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады