Қазақстан Республикасы бiлiм мекемелерiнiң мөлшерленбеген жұмыс күндi (аптасына 41 сағат) лауазымдары мен қызметкерлерiнiң Тiзiмiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бiлiм, Мәдениет және Денсаулық Сақтау Министрлiгi 1997 жылғы 11 қараша N 438. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 ақпан N 471 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 554 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 14.01.97. ж. N 64 "Заңға тәуелдi актiлердi әрі қарай өңдеу жөнiндегi жұмыстар туралы" қаулысына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым қызметкерлерi кәсiподағының Орталық Комитетiмен келiсiлген (11.11.1997 ж. NN 03-2/4981, 2-14/78) "Жыл сайынғы демалыстарының ұзақтығы 24 жұмыс күнiмен бекiтiлген бiлiм саласы мекемелерiнiң мөлшерленбеген жұмыс күндi (аптасына 41 сағат) лауазымдары мен қызметкерлерiнiң Тiзiмi" бекiтiлсiн.
      2. Облыстық (қалалық) бiлiм басқармаларының (департаменттердiң) бастықтары, жоғары, орта арнаулы оқу орындарының және басқа республикалық бiлiм мекемелерiнiң басшылары осы Тiзiмдi басшылыққа алсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме мiндеттеймiн.

      Вице-министрдiң
      мiндетiн орындаушы

  Қазақстан Республикасы             Бiлiм және ғылым қызметкерлер
  Еңбек және халықты әлеуметтiк      кәсiподағы Орталық Комитетiнiң
  қорғау министрi                    төрағасы
  ______________________             ________________________
     11 қараша 1997 ж.                  11 қараша 1997 ж.
      N 03-2/4982                         N 214/78

Жыл сайынғы демалыстарының ұзақтығы 24 жұмыс күнiмен
бекiтiлген бiлiм саласы мекемелерiнiң мөлшерленбеген
жұмыс күндi (41 сағат) лауазымдары мен қызметкерлерiнiң
ТIЗIМI

      Бiлiм мекемелерiнiң мөлшерленбеген жұмыс күндi лауазымдары тiзiмiне қызметкерлердiң мынадай санаттары кiредi:
      - психологтар, аға вожатыйлар, өндiрiстiк оқу шеберлерi, жетiм және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерi мен мектеп-интернаттардың еңбек нұсқаушылары, балалар және жасөспiрiмдермен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы педагогтар, колледждер, демалыс үйлерi, пансионаттар, үлкендерге арналған әлеуметтiк қамтамасыз ету мекемелерiнiң балалар мекемелерiнiң (алаңдарының) тәрбиешiлерi, библиотека қызметкерлерi, әдiскерлер, лаборанттар, аға ғылыми қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер;
      - мекемелердiң, ұйымдар мен өндiрiстердiң (мектеп директорларынан басқа) басшылары (бастықтары, меңгерушiлерi, директорлары), олардың орынбасарлары мен көмекшiлерi;
      - құрылым бөлiмдерiнiң (бас басқармалардың, басқармалардың, бөлiмдердiң, инспекциялардың, секторлардың, канцеляриялардың экспедициялардың, топтардың, кабинеттердiң, оқу залдарының, бөлiмшелердiң, цехтардың, өндiрiстердiң, шеберханалардың, бюролардың, зертханалардың, секциялардың, учаскелердiң, шаруашылықтар және т.б.) iс басқарушылары, олардың орынбасарлары, оқу хатшылары мен жауапты хатшылары;
      - бас инженерлер, конструкторлар, энергетиктер, механиктер, технологтар, экономистер, арбитрлар және басқа бас мамандар мен олардың орынбасарлары;
      - аға мамандар мен мамандар: инспектор-әдiскерлер, инспекторлар, әдiскерлер, зертханашылар (мектеп, мектеп-интернаттар инспекторларынан, әдiстемелiк кабинеттердiң әдiскерлерiнен, ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң зертханашыларынан (жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi бар), жоғары оқу орындары мен колледждердiң зертханашыларынан, мектеп зертханашылары мен мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн көтеру институттарының әдiскерлерiнен басқа), референттер, барлық мамандықты инженерлер, конструкторлар, технологтар, энергетиктер, шеберлер, бақылау шеберлерi, жұмыс өндiрушiлерi, механиктер, экономистер, экономист-статистиктер, статистиктер, товароведтер, юрисконсульттар, барлық мамандықты техниктер, диспетчерлер, нормировщиктер, әкiмшiлiктер, операторлар, жабдықтау агенттерi, экспедитор агенттерi, экспедиторлар, табельщиктер, учетчиктер, нұсқаушылар;
      - бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарлары, аға бухгалтерлер, бухгалтерлер, аға ревизорлар, ревизорлар, бухгалтер-ревизорлар, аға кассирлер, кассирлер, бухгалтер-кассирлер, кассир-инкассаторлар, инкассаторлар, есепшi-кассирлер, есепшiлер (бухгалтер болмаған кезде);
      - хатшылар, хатшы-стенографистер, хатшы-машинистер;
      - архив меңгерушiлерi (бастықтары), аға архивариустар, архивариустар (архив меңгерушiлерi болмаған кезде);
      - аға iс жүргiзушiлер, iс жүргiзушi-машинистер, машинистер, стенографистер;
      - iс жүргiзушiлер, iс жүргiзушi-машинистер;
      - сырттай және кешкi оқу, әкiмшiлiк-шаруашылық жұмысы бойынша проректорлар, ректорлар көмекшiлерi, декандардың орынбасарлары;
      - филиалдардың, оқу-консультация пункттердiң меңгерушiлерi (директорлары), автомобиль жүргiзуге iс жүзiнде оқыту нұсқаушылары, ауылшаруашылық машиналарымен жұмысқа үйрету нұсқаушылары;
      - мектептен тыс мекемелерi ансамбльдерiнiң педагог-ұйымдастырушылары;
      - арнайы мектептердегi аға кезекшiлер мен кезекшiлер;
      - аудармашылар, аудармашы-дактилологтар, соқыр мұғалiмдер мен оқытушылардың ассистенттерi;
      - бiлiм мекемелерiнiң аға және патронажды мейiрбикелерi, мектептер, мектеп-интернаттар мен балалар үйлерiнiң мейiрбикелерi мен фельдшерлерi;
      - бас редакторлар, жауапты редакторлар мен оларды орынбасарлары, редакциялар меңгерушiлерi, бөлiм меңгерушiлерi, техноруктар, жауапты хатшылар мен олардың орынбасарлары, шығарушылар, аға редакторлар, редакторлар және олардың орынбасарлары, кiшi редакторлар, техникалық редакторлар, аға әдебиет қызметкерлерi, әдебиет қызметкерлерi, кiшi әдебиет қызметкерлерi, корреспонденттер, фотокорреспонденттер, корректорлiктердi меңгерушiлер, аға корректорлар, корректорлар, жазба оқушылары;
      - көркемдiк жетекшiлерi, бас режиссерлер, режиссерлердiң көмекшiлерi, режиссерлер;
      - дирижерлер, концертмейстерлер, балетмейстерлер, аккомпаниаторлар, костюмерлер меңгерушiлерi, хормейстерлер;
      - кинорежиссерлер, кинооператорлар, кинооператорлардың ассистенттерi, монтажерлер, фильмотекалардың меңгерушiлерi;
      - бас суретшiлер, барлық маманды суретшiлер;
      - экскурсоводтар, экскурсовод-әдiскерлер;
      - агрономдар, бағбандар, гүл отырғызушылар, арашылар, энтомологтар, дендрологтар, зоологтар;
      - оқу кемелерiнiң капитандары және олардың көмекшiлерi, механиктердiң көмекшiлерi, боцмандар, су станцияларының басшылары;
      - есеп-есептеу станциялары мен электрондық-есептеу машиналарының басшылары мен олардың орынбасарлары, математик-программистер, математиктер мен программистер;
      - аға аспазшылар;
      - қойма меңгерушiлерi мен олардың орынбасарлары, аға қоймашы мен қоймашылар (қойма меңгерушiлерi болмағанда), материалдық қоймалардың тексерушiлерi;
      - гараж меңгерушiлерi, автобазалар мен гараждардың механиктерi, жеңiл машиналардың жүргiзушiлерi;
      - тұрғын-эксплуатациялық кеңселерiнiң бастықтары, үй басқармалары, кiтапханалар меңгерушiлерi, коменданттар;
      - өрт-күзету, өрт-кезектi сақтандыру, қарауыл бастықтары мен олардың көмекшiлерi, кезек бастықтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады