Наркологиялық бақылау жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс жұмысқа жіберілетін кәсіптердің Тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау министрлігі 1997 ж. 29 қараша N 4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурыз N 490 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2005 жылғы 7 ақпандағы N 37-ө бұйрығымен.

--------------Бұйрықтан үзінді--------------      

     Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдерінің күші жойылды деп танылсын...

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң      
2005 жылғы 7 ақпандағы   
N 37-ө бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық кесімдерінің тізбесі

     7. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң "Наркологиялық бақылау жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс жұмысқа жіберілетін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" 1997 жылғы 29 қарашадағы N 4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 490 тіркелген) бұйрығы...

---------------------------

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 5 наурыздағы№N 305 қаулысымен бекітілген Үкіметтің "1997-1998 жылдарға арналған есірткіні пайдалануға және заңсыз таратуға қарсы іс-қимыл жасаудың кешенді шаралары" жөніндегі мақсатты бағдарламасының 12-тармағына сәйкес, бұйырамын:
     1. Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитетімен келісілген наркологиялық бақылау жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс жұмысқа жіберілетін кәсіптердің Тізбесі (қоса ұсынылады) бекітілсін.
     2. Облыстар мен Алматы қаласының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары:
     Тізбенің жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдарына жеткізілуін қамтамасыз етсін;
     мемлекеттік еңбек инспекциялары меншік және шаруашылықты жүргізу нысандарына қарамастан жер-жерлердегі жұмыс берушілердің осы Тізбенің талаптарын орындауына бақылау жасасын.

    Министр

                                       Қазақстан Республикасының
                                     Еңбек және халықты әлеуметтік
                                          қорғау министрінің
                                      1994 жылғы 29 қарашада№N 4
                                         бұйрығымен бекітілген

Наркологиялық бақылау
жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылуға
тиіс жұмыстарға жіберілетін кәсіптердің
Тізбесі

    Жұмыс беруші осы ұсынылып отырған Тізбенің негізінде наркологиялық бақылау жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс жұмыстарға жіберілетін кәсіптердің Тізбесін (жергілікті санитарлық-эпидемиялық органдармен бірге) келісіп, бекітеді.
    Қысымы жоғары ыдыстарға қызмет ететін аппаратшылар
    Қалалық электрмен жүретін көліктердің (трамвай, троллейбус) автокөлік құралдарының жүргізушілері
    Іске қосылып тұрған күші 127 В электр қондырғыларымен жұмыс істейтін және оларды оперативті қосатын қызметкер; іске қосу, монтаждау жұмыстарын жүргізуші және жоғары вольтты сынаушы қызметкер;
    Крандар машинистері (краншылар)
    Есірткілік препараттармен, А, Б топтарындағы препараттармен жұмыс істеуге рұқсат етілетін медициналық қызметкер;
    Өрт сөндірумен және жарылғыш заттармен байланысты өндірістік процестерде істейтін қызметкер
    Әскерилендірілген күзеттердің, арнайы байланыс қызметтерінің, инкассация аппаратының, банктердің және басқа да ведомстволар мен қызметтердің дәрімен атылатын қаруды алып жүруі және оны пайдалану рұқсат етілген қызметкерлері
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Білім, мәдениет және денсаулық министрлігінің соттық экспертизасы органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде қызмет етушілер, кімнің іс-әрекеттері есірткі     заттарымен байланысты Газ құтқару қызметтерінің, ашық қалған газ және мұнай фонтандарының пайда болуынан алдын ала сақтандыру және оларды жою жөніндегі әскерилендірілген бөлімдер мен отрядтардың, кен құтқару отрядтарының, өрттен қорғау бөлімдерінің қызметкерлері
    Темір жол, әуе көліктері қозғалысының қауіпсіздігіне жауап беретін диспетчерлік қызметтің қызметкерлері Адамдар мен жүк тасымалдайтын темір жол, теңіз, өзен, әуе көліктерінің қызметкерлері
    Жарылғыш заттарды (ВВ) қолданумен және сақтаумен айналысатын қызметкерлер
    Жер асты жұмыстарының барлық түрінде істейтін қызметкерлер
    Мына заттар:
    қош иісті:
    бензидин және оның қоспалары,
    дианизидин,
    толундин және оның қоспалары,
    нафтиламиндер;
    К бензолы және оның туындылар:
    изопрорилбензол,
    толуол,
    ксилол,
    стирол және т.б. галоидты қош иістілер;
    галоидты бензилдер, хлористы бензилиден;
    галоидты майлы көмірсутектері қатарынан:
    дихлорэтан;
    хлористы метил;
    төрт хлорлы көмірсутегі;
    винихлорид;
    хлористы метилен;
    хлористы метил;
    хлороформа;
    бромэтил;
    трихлорэтилен;
    хлорпрен;
    шектеулі және шектеусіз көмірсутектер өндірісінде істейтін, оларды қайта өңдейтін және осыларды қолданатын қызметкерлер
    Барлық шикізаттардан (органикалық, органикалық емес, синтетикалық
    заттар, өсімдіктер) дәрі-дәрмектер жасайтын өндірістерде істейтін және осы дәрілерді:
    алкалаоид және олардың тұздарын;
    есірткілік анальгетиктерді;
    жалпы анастетиктерді (есірткілерге арналған заттар);
    психотропты заттарды:
    нейролептиктерді,
    транквилизаторларды,
    антидепрассанттарды,
    психикаға ықпал ететін заттарды, ноотропты топтардан басқа;
    ұйықтатын дәрілерді:
    барбитуровты қышқылдарды (барбитоптар),
    алифатты қоспалар қатарын (құрамында галоиды бар),
    туынды бензодиазепин және басқа гетероциклды қоспаларды орап,
    қораптарға салатын қызметкерлер
    Фармация және дәрі-дәрмек тармағы қызметкерлері, есірткі препараттары бар жерге кіруге мүмкіндікті
    Ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, жұмысы есірткі заттарын синтездеуге және ғылыми зерттеуге байланысты, сондай-ақ органикалық қосындылар "Тізбесінде" орналасқан
    Наркологиялық бақылауды жүргізу, оның кезеңділігі мен көлемі
    "Өндірістік факторлардың зиянды, қауіпті және қолайсыз әсеріне
    ұшырайтын қызметкерлерді, жеке көліктің жүргізушілерін міндетті медициналық тексеруден өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1993 жылғы 21 қазандағы N 440 бұйрығына сәйкес белгіленеді.
    Жұмысқа жаңадан орналасушы адамдар (көрсетілген Тізбенің негізінде) наркодиспансерден наркологиялық бақылаудан өткендігі туралы анықтама өткізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады