Ақыл-есi кем балаларға арналған интернат үйi туралы ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк құрғау министрлiгi 1997 жылғы 13 тамыздағы N 134-П бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 6 қазанда N 380/1 тіркелді. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 272-ө бұйрығымен

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 272-ө бұйрығымен (2005 жылғы 13 желтоқсандағы "Заң газетінде" N 168(792) жарияланған) .

---------------Бұйрықтан үзінді-------------------

       Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің "Заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын...

      Министр

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің кейбір күші жойылған
бұйрықтарының тізімі

       ...

       4. "Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі туралы ереже" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 134-ө бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндегі 1997 жылғы 6 қазандағы N 380/1 тіркелу нөмірі...

----------------------------------

                             I. Жалпы ережелерi

      1. Ақыл-есi кем балаларға арналған интернат үйi (бұдан әрi балалар интернат-үйi) күтiмге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтiк еңбек арқылы бейiмделуге мұқтаж балалардың тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтiк мекеме болып табылады. 
      Балалар интернат үйiнде бес немесе алты емдiк режимдегi бөлiм немесе топ ұйымдастырылуы мүмкiн. 
      2. Балалар интернат үйi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң келiсiмi бойынша облыстық және астаналық әкiмдердiң шешiмдерiмен құрылады, қайта құрылады және таратылады. 
      3. Балалар үйi өз қызметiн облыстық, астаналық еңбек және әлеуметтiк қорғау басқармаларының басшылығымен жүзеге асырады. 
      4. Облыстар мен астана әкiмдерiнiң келiсiмi бойынша, облыстық, астаналық еңбек және әлеуметтiк қорғау басқармалары, облыстың, қаланың, астананың аумағындағы балалар интернат үйiнiң қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады. 
      5. Балалар интернат үйi өзi орналасқан облыстың немесе қаланың атымен аталады. 
      Бiр елдi мекенде екi және одан көп балалар интернат үйлерi болса, оларға реттiк нөмiрлер берiлуi мүмкiн. 
      6. Балалар интернат үй санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы талаптар мен техникалық қауiпсiздiк талаптарына жауап беретiн бейiмделген және тәрбиеленушiлердiң тұруы үшiн барлық коммуналдық жағдайлармен жабдықталып арнап салынған (типтi) қажеттi бөлмелерi бар үйлерде орналасады. 
      7. Балалар интернат үйiндегi тәрбиеленушiлердi сауықтыру және еңбекке үйретудi жүзеге асыру үшiн, еңбекпен емдеу шеберханалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бекiткен ережеге сәйкес өз қызметiн жүзеге асыратын қосалқы ауыл шаруашылықтары құрылады. 
      Қосалқы шаруашылықтың, еңбекпен емдеу шеберханаларының қызметiнен, ақылы қызмет көрсетулерден түсетiн ақшалай қаражаттар интернат үйiнiң "Ақылы қызмет көрсетулерден түсетiн қаражат" деген ағымдағы шотына аударылады және мақсатты орны бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, тамаққа, медициналық көмек көрсетуге, әлеуметтiк-тұрмыстық және еңбекпен оңалтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға, мәдени-бұқаралық жұмыстар жүргiзуге, еңбекпен емдеу шеберханаларын, қосалқы шаруашылықты дамытуға, еңбек процестерiне белсендi қатысушы қамқорлықтағыларды мадақтауға, қосалқы шаруашылық, еңбекпен емдеу шеберханаларының қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалады.<*> 
      2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қамқорлықтағыларға жәрдемақылар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төленедi.<*> 
      Еңбекпен емдеу шеберханалары мен қосалқы шаруашылықтар, қолданыстағы заңға байланысты, айналым салығын және пайдадан аударым бойынша бюджетке төлемдер төлеуден босатылады. 
      Ақыл-есi кем балалар интернаты жанынан, тәрбиеленушiлердiң негiзгi контингентiне зиян келтiрмей, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетудi қажет ететiн және интернат үйiне орналасу үшiн кезегi жоқ мүгедек балалардың тұрғылықты және уақытша тұруына арналған ақылы бөлiмдердi ұйымдастыруға болады. 
       Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O  бұйрығымен .  V001086_
        8. Балалар интернат үйiнде тұратын тәрбиеленушiлерге көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасын, санитарлық-эпидемияға қарсы режимнiң сақталуын және арнаулы медициналық көмектiң көрсетiлуiн бақылауды, белгiленген тәртiппен, денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады. 
      9. Балалар интернат үйi жергiлiктi бюджетте тұрады, жылдық шығыс сметасы бар заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған өзiнiң мөрi және мөртабаны, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген штаттық кестесi бар. 
      10. Балалар интернат үйi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бұйрықтарын, нұсқама хаттарын, сондай-ақ Ереженi басшылыққа алады. 

       II. Балалар интернат үйiнiң мiндеттерi мен қызметтерi 

      12. Балалар интернат үйiнiң негiзгi мiндеттерi: 
      - тәрбиеленушiлердi материалдық-тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз ету, олар үшiн тұрмыстың жайлы жағдайларын жасау, оларды күту және медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру; 
      - тәрбиеленушiлердi әлеуметтiк еңбекке бейiмдеуге бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табылады. 
      13. Балалар интернат үйi өзiнiң негiзгi мiндеттерiне сәйкес: 
      - тәрбиеленушiлерге тұрмыстық қызмет көрсету, оларға жиhазбен, дүние-мүлiкпен, төсек-орынмен, киiммен және аяқ киiммен жабдықталған тұрғылықты орын берудi; 
      - жасы мен денсаулығын ескере отырып тиiмдi тамақтандыруды; 
      - диспансерлеу, емдеу, мамандарға кеңестiк көмектi ұйымдастыруды, сондай-ақ ауруларды емдеу-алдын алу мекемелерiне жатқызуды; 
      - тәрбиеленушiлердi есту аппараттарымен, көзiлдiрiктермен, протездi-ортопедиялық бұйымдармен, сондай-ақ моторсыз қозғалу құралдарымен (жетек арбалармен, таяқтармен, балдақтармен, кресло-коляскалармен) қамтамасыз етудi; 
      - мүгедек балаларды Қазақстан Республикасының бiлiм және мәдениет министрлiгi әзiрлеп бекiткен арнаулы оқу көлемiндегi бағдарламалар, жоспарлар бойынша оқытуды; 
      - тәрбиеленушiлердi балалар интернат үйiнiң емдеу-еңбек шеберханаларының, қосалқы ауыл шаруашылығының негiзiнде еңбекке оқытуды және бейiмдеудi; 
      - мүгедек балаларға қызмет көрсету, ұстау және күту сапасын жақсарту, алдыңғы қатарлы жұмыс түрлерi мен қызмет көрсету әдiстерiн тәжірибеге енгiзу жөнiндегi шараларды; 
      - персонал еңбегiн ұйымдастыруды және оның бiлiктiлiгiн көтерудi жетiлдiрудi; 
      - тұрғын үй қорын пайдалануды жақсартуға, аумақтарды, қосалқы үйлердi және мәдени-тұрмысқа белгiленген объектiлердi көркейтуге қайырымдылық қоғамдары мен қорларының көмегiн мақсатты пайдалануды жүзеге асырады. 
      14. Балалар интернат үйiнiң қаржылық-шаруашылық қызметi бекiтiлген шығыс сметасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы мақсатта балалар интернат үйiнiң әкiмшiлiгi: 
      - балалар интернат үйiн материалдармен, жабдықтармен, құралдармен, жылумен,<*> iш киiмдермен, мектептiң керек-жарақтарымен, көрнектi құралдармен, ойыншықтармен қамтамасыз етудi және оларды тиiмдi пайдалануды; 
       <*> Ескерту. Белгiленген норма шеңберiнде орталықтандырылған 
                   жылу жоқ болғанда.

        - балалар интернат үйiн ұстауға бөлiнген мемлекеттiк қаржыларды мақсатты және үнемдi жұмсауды және тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етудi; 
      - еңбектi қорғау, техника қауiпсiздiгi мен өртке қарсы қауiпсiздiктi сақтауды; 
      - тұрғын үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды, коммуникацияларды қайта құруды, сондай-ақ күнделiктi және күрделi жөндеудi; 
      - негiзгi қорларды тиiмдi пайдалануды және барлық қосалқы қызметтердiң тоқтаусыз жұмыс iстеуiн; 
      - балалардың спорт бұрыштарын, алаңдарын жасауды және т.т.; 
      - балалар интернат үйiн сәулеттендiру мән көгалдандыруды; 
      - осы Нұсқамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау саласының ұйымдары мен мекемелерiндегi есеп бойынша iстен шыққан мүлiктердi, ақ жаймалар мен төсек орын жабдықтарын, киiм-кешек пен аяқ киiмдердi есептен шығаруды; 
      - бекiтiлген форма бойынша бухгалтерлiк, статистикалық есептердi жүргiзудi, жасауды, оны белгiленген мерзiмде тиiстi органдарға тапсыруды ұйымдастырады. 
      15. Балалар интернат үйiнiң әкiмшiлiгi интернатта тұратын және қамқорлық пен қарауға алуды қажет ететiн тәрбиеленушiлерге қатысты мiндеттердi заң белгiлеген тәртiпте орындайды. 
      Қоғамдық, кәсiподақтық және дiни ұйымдар қатарындағы интернат үйлерiнiң жанынан кемiнде 5 адамнан тұратын қарауына алатын Кеңес құрылады, оның Ережесiн Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi әзiрлейдi және ол балалар интернат үйiнiң тәрбиеленушiлерiн сол интернатта ұстау және оларға қызмет көрсету өндiрiстiк, тұрғын-үй тұрмыстық, әлеуметтiк (қамқорындағыларды еңбекке орналастыру және т.б.) мәселелерiн шешедi. 
      Тәрбиеленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн (жәрдемақы алу, мүлкiне ие болу және т.б.) қорғау үшiн қажет болған жағдайларда және заңдарда көзделген тәртiппен мүлiкке қамқоршы тағайындалуы мүмкiн.<*> 
       Ескерту: 15-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы  N 21-O бұйрығымен .  V001086_

         III. Тәрбиеленушiлердi қабылдау, ұстау және шығарудың 
                           шарттары 
      _________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 
      16. Балалар интернат үйiне дене құрылысы мен ақыл-есiнде ауытқулары бар 4 тен 18 жасқа дейiнгi балалар, сондай-ақ "Интернат үйiне қабылдауға медициналық айғақтама және медицинаға қайшы айғақтамалар туралы" Нұсқамаға сәйкес, заңға байланысты оларды ұстауға мiндеттi жақын туысқандары болғанына қарамай, денсаулығына байланысты күтiмге, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық көмекке мұқтаж психикалық аурулармен зардап шегетiн балалар қабылданады.<*> 
       Ескерту: 16-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен .  V001086_
        17. Балалар интернат үйiне балаларды қабылдау, ата-аналарының, қамқоршыларының арызы немесе интернатқа баланы қабылдау туралы емдеу мекемесiнiң өтiнiшi, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы, медициналық картасы, емдеу-алдын алу мекемесi ресiмдеген аурудың үндеу тарихынан көшiрме, ДКК-ның анықтамасы негiзiнде берiлетiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, облыстық және астаналық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының жолдамалары бойынша жүргiзiледi. 
      Балалар интернат үйiне қабылданған әр балаға: 
      - iшiнде арызы, жолдамасы, тууы туралы куәлiгi (түпнұсқасы) сақталатын жеке iс қағазы; 
      - барлық медициналық құжаттары: бала ауруының үдеу тарихының көшiрмесi, медициналық картасы, психиологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы қосып тiркелген аурудың тарихы арналады. 
      Баланың жеке iс қағазы интернат кеңсесiнде, кадрлар бөлiмiнде арнаулы отқа жанбайтын сейфте сақталады. 
      18. Ең жақсы күтiмдi, медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыру, әлеуметтiк-еңбекке бейiмдеудi жүзеге асыру және оқу-тәрбиелiк жұмыстарын жүргiзу үшiн, тәрбиеленушiлердiң аурулары, жастары ескерiле отырып бөлмелерге орналастырылады және топтарға бөлiнедi. 
      19. Тәрбиеленушiлердiң балалар интернат үйiнен уақытша босатылуы үш айдан аспайтын мерзiмге, дәрiгердiң қорытындысы, ата-аналарының жазбаша арызы немесе туысқандарының оларды қажеттi күтiммен қамтамасыз ететiн мiндеттемелерi болған жағдайда болуы мүмкiн. 
      Ата-аналарына немесе туысқандарына барған кездегi шыққан шығындарды, балалар интернат үйi өтемейдi. 
      20. 16-18 жасқа толған, өзiне қызмет етуге дағдыланған және шамасы келетiн жұмысты меңгерген тәрбиеленушiлер, МӘСК-ның қорытындысына сәйкес және психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның шешiмiмен психикалық-жүйке аурулары интернатына ауыстырылды. 18 жасқа толған тәрбиеленушiлер медициналық айғақтамалары мен жүйке аурулары ауруханасы ДКК-ның қорытындылары ескерiле отырып ересектер интернат үйлерiне ауыстырылады немесе ата-аналарының немесе жақындарының қалауымен үйiне шығарылады. Патологиялық жыныстық жағынан ерте есейген жағдайда медициналық айғақтамалары ескерiле отырып балалар 16 жастан бастап-ақ ересектер интернат үйлерiне ауыстырылуы мүмкін.<*>
       Ескерту: 20-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен .  V001086_
        21. Балалар мекемесiнен шығарылатын тәрбиеленушiлерге, интернат үйiнiң әкiмшiлiгi мынадай құжаттарды ресiмдейдi:
      - балалар интернат үйiнде болған мерзiмi туралы анықтама;
      - мүгедектiгi туралы МӘСК-ның анықтамасы;
      - төлқұжаты;
      - тәрбиеленушiнiң ауруының тарихынан көшiрме және еңбекке дағдыланғандығы туралы қорытындысы бар аударым эпикризы.

       IV. Интернат үйiндегi (арнаулы бағдарламалар мен әдiстер
             бойынша оқытуға қабілетi бар балалар үшiн)
               оқу-тәрбиелiк жұмыстарды ұйымдастыру

      22. Балалар интернат үйiндегi тәрбиеленушiлерге өзiн-өзi қызмет ете алатын дағдыларды, еңбек дағдыларын: үстiртiн сауатқа және санауға үйретудi, балалардың қарапайым ойлауы мен түсiнiгiн кеңейтудi көздейтiн оқу-тәрбиелiк процесс жүзеге асырылады. 
      23. Балалар интернат үйiндегi тәрбиелеу мен оқыту, интернаттағы ақыл-ойлары өте төмен балаларды арнаулы оқу жоспары бойынша тәрбиелеу және дифференцалдық оқыту жөнiндегi Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң арнаулы бағдарламалары мен әдiстерi бойынша жүзеге асырылады.<*>
       Ескерту: 23-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен .  V001086_
        24. Балалар интернаты үйiнде тұратын барлық тәрбиеленушiлер жастарына, дене мен ақыл-парасатының дамуына және еңбек дағдыларын меңгеру мүмкiндiгiне сәйкес топтарға бөлiнедi.
      Балалар 15 адамнан топтарға бөлiнедi:
      - 4 тен 8 жас арасындағы мектепке дейiнгi топ;
      - 8 ден 12 жасқа дейiн дайындау тобы;
      - 12 ден 18 жасқа дейiнгi еңбекпен дайындау тобы;
      (оның iшiнде 14 тен 18 жасқа дейiнгi жасөспiрiмдер тобы);
      - 4 тен 15 жасқа дейiнгi диагностикалық топ.
      Ескерту:
      ақыл-ой дәрежесiнiң мешеулiгiн, еңбекке бейiмдеу мүмкiндiгiн және коррекциялық-тәрбиелiк жұмыстардың әдiстерiн анықтау мақсатында диагностикалық топтар құрылады. 
      25. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, ұжымдық шараларды өткiзу кезiнде, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқыту процесiнде еңбек нұсқаушылары, мұғалiмдер және тәрбиешiлер жүзеге асырады. 
      26. Балалар интернат үйлерiндегi оқу сабақтары Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен мерзiмге сәйкес жүргiзiледi. 
      Оқу-тәрбиелiк процесiн ұйымдастыру кезiнде ақыл-ойлары өте төмен балаларды екi режимдi енгiзу арқылы даралап оқыту принциптерi қолданылады.<*> 
       Ескерту: 23-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен .  V001086_
        27. Оқу группаларына балаларды жинақтап оқыту мүмкiндiгi туралы мәселелердi шешу кезiнде, интернат үйiнiң медициналық-педагогикалық комиссиясының қорытындысы, сондай-ақ балалардың жасы, ал сыныптарға жинақтаған кезде - баланың оқыған жылы есептеледi.

                      V. Педагогикалық к еңес

     28. Балалар интернат үйiндегi тәрбиеленушiлердi оқу-тәрбиелiк жұмыстар мен еңбекке оқытудың негiзгi мәселелерiн шешу мақсатында педагогикалық кеңес құрылады.
      Педагогикалық кеңес жылдық жұмыс жоспарын бекiтедi және оқу жылында 4 реттен кем өткiзiлмейдi.
      Педагогикалық кеңестiң құрамына кiретiндер:
      - балалар интернат үйiнiң директоры (кеңестiң төрағасы);
      - оқу-тәрбиелiк жұмысы жөнiндегi директордың орынбасары;
      - дәрiгер (медициналық бөлiктiң меңгерушiсi);
      - аға тәрбиешi және тәрбиешi;
      - логопед, психолог;
      - көпшiлiк-мәдени ұйымдастырушы;
      - оқу-өндiрiстiк шеберханасының мастерi, еңбек жөнiндегi нұсқаушы, қосалқы шаруашылықтың меңгерушiсi.
      29. Педагогикалық кеңес:
      - балалар интернат үйiнiң оқу-тәрбиелiк жұмыс жоспарын;
      - группалардың әр оқу тоқсанындағы тәрбиелiк жұмыстарының қорытындысын, денсаулықты жақсарту жұмыстарын, таңертеңгiлiк, мерекелiк шараларды және т.т. өткiзудi; 
      - мүгедек балаларға тағайындалған зейнетақының 70% қамқорға алынғандарға (қамқорға алынғандарға жеке-жеке) медициналық-педагогикалық көмекке мақсатты түрде бөлiнуiн; 
      - еңбекке оқытуды жақсарту жөнiндегi шараларды; 
      - балаларды дене шынықтыру мен спорттық тәрбиелеу, соның iшiнде спорттық, мәдени-сауықтыру шараларын өткiзудi; 
      - тәрбиеленушiлердiң денсаулықтарын қорғау жөнiндегi шараларды, оқу, еңбек ету және дем алудың санитарлық-гигиеналық жағдайларын құруды, техникалық қауiпсiздiк жағдайларын;
      - балалар интернат үйiндегi методикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерiн, методикалық кеңестердi, семинарларды және конференцияларды өткiзудiң қорытындыларын қарастырады.
       Ескерту: 29-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 21-O бұйрығымен .  V001086_
        30. Педагогикалық кеңестiң мүшелерi өз ықыластарымен оқу-тәрбиелiк жұмысқа байланысты мәселелерi педагогикалық кеңестiң қарауына енгiзуге құқылары бар.
      31. Педагогикалық кеңестiң мәжiлiстерiнде талқыланатын мәселелердiң орындалу мерзiмi мен оларды орындауға жауапты адамдар көрсетiлген шешiмдер қойылады.
      32. Педагогикалық кеңестiң шешiмi кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi.
      33. Педагогикалық кеңестiң iстерiн жүргiзу үшiн, оның мүшелерiнiң iшiнен жыл сайын, мәжiлiстердiң хаттамасын жүргiзетiн, кеңестiң есеп беру кезеңiнiң жұмысы туралы құжаттарды сақтайтын хатшысы сайланады.
      34. Педагогикалық кеңестiң төрағасы кеңестiң қабылдайтын шешiмдерiнiң орындалуына жүйелi тексерудi ұйымдастырады және тексеру қорытындылары туралы кеңестi хабардар етедi.

              VI. Балалар интернат үйiн басқару

      35. Балалар интернат үйiн директор басқарады, оны облыстық және астаналық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      36. Директор балалар интернат үйiнiң барлық жұмыстарын ұйымдастырады және оның жағдайы мен қызметiне толық жауап бередi. 
      Балалар интернат үйiнiң директоры педагогикалық кеңеспен келiсе отырып, қарауындағы балаларды күтуде және қарауда, сондай-ақ оларға тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуде, мүгедек балалардың әлеуметтiк-еңбекке бейiмделу дәрежесiнде жоғары көрсеткiшке жатқан жұмыскерлерге сыйлық бередi. 
      37. Директор балалар интернат үйiнiң атынан сенiмхатсыз iс-әрекет жасайды, оны барлық ұйымдар мен мекемелерге таныстырады, балалар интернат үйiнiң мүлiктерi мен қаражатын белгiленген тәртiп бойынша басқарады, қайта сенiм бiлдiру құқығы бар сенiмхат бередi, банкте балалар интернат үйiнiң ағымдағы есеп-шотын ашады. 
      Директор, өз құзыры шеңберiнде, балалар интернат үйi бойынша бұйрықтар шығарады, еңбек заңдылығына сәйкес жұмыскерлердi жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, балалар интернат үйiнiң жұмыскерлерiн мадақтау және оларға тәртiптiк жаза қолдану шараларын қолданады. 
      38. Директор Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бұйрығына сәйкес педагогикалық, медициналық және басқа кадрларды iрiктеу мен орналастыруды қамтамасыз етедi, педагогикалық және медициналық қызметкерлердiң жұмысын, олардың бiлiктiлiктерiн көтеруiн басқаруды жүзеге асырады, сондай-ақ балалар интернат үйiне тәрбиеленушiлердi жинақтауға қатысады және оқу-тәрбиелiк жоспарының орындалуына жауап бередi.
      39. Балалар интернат үйiнiң әкiмшiлiгi белгiленген тәртiп бойынша:
      - iшкi тәртiп ережелерiн қабылдайды;
      - мекемедегi тұрғын орындарын бөледi.
      40. Балалар интернат үйiнiң жұмысын және қаржылық-шаруашылық қызметiн тексерудi, жоғары тұрған және басқа ұйымдар жүргiзедi.

                                                       N 1 қосымша

(Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнде ресiмделедi)
__________________________________________________________________
     (еңбек және әлеуметтiк қорғау бөлiмi)
Шешесiнен ________________________________________________________
                    (Ф.А.Ә.)
Әкесiнен _________________________________________________________
                    (Ф.А.Ә.)
тұратын мекен-жайы _______________________________________________
__________________________________________________________________
Немесе ата-анасының орнындағылар (туысқандары, қамқоршылары,
дәрiгерлер, көршiлерi, әкiмшiлiк органдары, бiлiм орындары және т.т.)
___________________________________________________________________
(Ф.А.Ә., туыстық жақындығы, жасы, отбасының жағдайы, әлеуметтiк
___________________________________________________________________
мәртебесi, жалақысы, тұратын мекен жайы)

                         Ө Т I Н I Ш

     Менiң ұлым (қызым)____________________________________________
                             фамилиясы, аты, әкесiнiң аты
______________________________________денсаулығына байланысты
  туған жылы, айы, күнi
күтiмге және медициналық қызметке мұқтаж болғандықтан, балалар
интернат үйiне қабылдауларыңызды сұраймын.
     Балалар интернат үйiне қабылдау, күту және шығару шарттарымен 
таныстым.
     Өтiнiшке қосымшалар: тууы туралы куәлiгi, ақыл-есi кем
балаларға арналған интернат үйiне күтiлуге мұқтаж баланың денсау.
лығы туралы облыстық психиологиялық-медициналық-педагогикалық
комиссияның қорытынды хаттамасы, медициналық картасы.

     ________________________                ______________________
           (мерзiмi)                                 (қолы)

Азамат ____________________________өтiнiшi________бет қосымшалармен
199__ж. "  "_____________қабылданып, N______ тiркелдi

                         Маман ____________________________________
                                        қызметi, Ф.А.Ә.
                                        ___________________________
                                                (қолы)

                                                       N 2 Қосымша

_______________________________
Фамилиясы, аты, әкесiнiң аты
_____________________
Туған жылы
Педиатр____________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
N 63 нысанының (егу) көшiрмесi          Сериясы________ N _________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қандағы РВ анализы ________________________________________________
               ВИЧ ________________________________________________
               биохимиялық
               АЛТ ________________________________________________
               АСТ ________________________________________________
               Австралия антигены _________________________________
               N 30 нысаны ________________________________________
               (оба ауруын қоздырушы)
Зәрдiң жалпы анализы ______________________________________________
Iшек тобының анализдерi:
үлкен дәреттегi яйцеглистке _______________________________________
дизентерияға ______________________________________________________
iшек құртын тазартуға______________________________________________
Дифтерияға жағынды алу ____________________________________________
Психиатр _________________________________________________________
___________________________________________________________________
Хирург ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
Фтизиатр __________________________________________________________
Дерматолог ________________________________________________________
Эндокринолог ______________________________________________________
Окулист ___________________________________________________________
Стоматолог ________________________________________________________
Лор _______________________________________________________________

                                Аурухананың меңгерушiсi
                                _______________________
                                         қолы

М.О. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады