Облыстың балық қорларын пайдалануды жақсарту шаралары туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 10 сәуірдегі № 472 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 05 мамырда № 7 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 01.02.2007 № 9 қаулысымен.

      Облыстың балық қорларын пайдалануды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының "Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Заңының 10 бабы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Облыстың балық қорларын пайдалануды облыстық жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекция мен табиғат қорын пайдаланушылар арасындағы келісім-шарт негізінде іске асырылсын.

      Балық қорларын пайдаланудың төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Облыс аумағындағы теңіз, өзен, көлдер, сутоғандарды кәсіптік балық аулау мақсатында пайдалану тендерлік негізде жүргізілсін. Осы мақсатта мына құрамда тендерлік комиссия құрылсын.

      А. Көшербаев – облыс әкімінің кеңесшісі, төрағасы

      Қ. Шапшанов – облыстық экология және биоқорлар басқармасы бастығы

      Е. Үдербаев – облыстық жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының бастығы

      С. Сердалиева – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитеттің бөлім бастығы

      Б. Жақыпов – облыстық су қорлары жөніндегі комитет төрағасының орынбасары

      Б. Мұхамедов – облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет төрағасының орынбасары

      А. Ахметов – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы

      3. Тендерлік комиссия /А. Көшербаев/ теңіз, өзен көлдер, сутоғандарын кәсіптік балық аулау мақсатында пайдалануға беру шарттарын бір жеті мерзім ішінде бекітіп, толық жариялылықты қамтамасыз ете отырып, аталған су көздерін табиғат қорын пайдаланушыларға беруді іске асырсын.

      Табиғат қорын пайдаланушылар алдын ала ресми ескертуден кейін балық өсіру, аулау шарттарын орындамаған жағдайда тендер комиссиясы су көздерін пайдалану құқығын қайтарып алып оны тендердің кезекті жеңімпазына беретін болсын.

      Аудан әкімдері облыстық тендер комиссиясына тиісті көмек көрсетсін.

      4. Облыс әкімінің 1995 жылғы 3 мамырдағы № 306 "Облыстың балық шаруашылығы су айдындарын жақсарту және тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Комиссия тендердің алғашқы нәтижесін 1997 жылғы 10 маусымда жазбаша хабарласын.

      6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А. Кәмішевке жүктелсін.

      Әкім міндетін атқарушы С. Нұрғисаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады