1970-1979 жылғы азаматтарды 1997 жылғы көктемгi кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 469 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 05 мамырда № 11 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 27 наурыздағы № 3430 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қыметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың сәуір-тамыз айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын, осы Жарлықты жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуіріндегі № 458 қаулысын және Қазақстан Республикасының "жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын, сондай-ақ 1970-1979 жылдары туған азаматтарды 1997 жылдың көктеміндегі мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде және сапалы өткізу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Аудандар мен Қызылорда қаласында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу үшін, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің шешімімен шақыру комиссиялары құрылсын және олардың жұмысы ұйымдастырылсын.

      2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне:

      - азаматтарды әскерге шақыру және әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде әскери комиссариаттарды осы жұмыстарды атқаруға сай жабдықталған шақыру пунктерімен қамтамасыз ету, қажетті мөлшерде дәрігерлер, аяжандар, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші құрамды бөлу;

      - мерзімді әскери қызметке шақыруға орай әскерге шақырылған азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау және осы мақсаттар үшін, шақыру мерзіміндегі кезекшілік үшін қажетті көлік бөліп отыру;

      - әскерге шақырылғандарды мерзімді әскери қызметке салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастыру міндеттелсін.

      3. Аудандардағы және қалалардағы шақыру комиссияларына басшылық ету және олардың іс-қызметін бақылау үшін облыстық шақыру комиссиясы құрылсын /№ 1 қосымша/

      4. Облыстық денсаулық басқармасы /Б. Исмаханбетов/:

      - шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін облыстық шақыру пунктіне білікті маман дәрігерлер мен аяжандар қажетті санын, сондай-ақ аудандарға және Қызылорда қаласына жетіспейтін дәрігер-мамандарды бөлсін;

      - аудандардағы және Қызылордадағы емдеу мекемелерінде шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастырсын, олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін тереңдетілген дәрігерлік тексеру жүргізсін;

      - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1995 жылғы № 61 бұйрығына сәйкес облыстық шақыру учаскесін дәрігерлік жабдықтармен және басқадай шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етсін.

      5. Ішкі істер басқармасы мен темір жол ішкі істер бөлімі /Е.Демінов, А. Сқақов/ және олардың жергілікті жерлердегі органдары шақыру кезеңінде милиция наряды мен жылжымалы милиция пунктерін бөлсін, халықтың көп жиналған жерлерінде және шақырылғандарды тиеу мен тасымалдау кезінде, шығарып салушылар арасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шара көрсін, міндетті әсукери қызметтен бас тартушыларды ісдестіруді жүргізсін.

      6. Азаматтардың хал актісін тіркеу жөніндегі облыстық бөлімі /В. Сейітова/ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың тегі мен аты-жөнінің және азаматтық хал актілеріне олардың туған жылдары мен туылған жерлерінің өзгергендігі, сондай-ақ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді әскери комиссариаттарға 7 күн ішінде хабарласын.

      7. Облыстық әділет басқармасы /Т. Сейітов/ әскери қызметке шақырылғандардың қылмыстық ісі сотта қаралғандары және әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандарға қатысты заңды түрде күшіне енген сот үкімдері жөнінде 7 күн мерзім ішінде әскери комиссариаттарға хабарласын. Әскерге шақырылғандардың сотталғаны туралы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің қандай бабы және қай уақытта бас бостандығынан айырылғандығы көрсетілген сот шешімдерінің көшірмелері немесе анықтамаларды әскери комиссариаттарға жіберсін.

      8. Ішкі істер басқармасына /Е. Демесінов/, МТК-ның Қызылорда облысы бойынша басқармасына /А. Әлібаев/ әскерге шақырылғандардың арасында анықтау мен алдын-ала тексеруде жүргендері туралы әскери комиссариаттарға уақытылы хабарлап тұру ұсынылсын.

      9. "Оңтүстікмұнайгаз" АҚ, Қызылорда жолаушылар тасымалдау паркі, темір жол бөлімшесі, КРЭК АҚ басшылары облыстық әскери комиссариаттарға әскерге шақырылғандарды тасымалдау мен жөнелтуге және кезекшілікке қажетті бөлу мәселесін қарасын.

      10. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ шақыру учаскелеріне бөлінген басқа да қызметшілердің, шақыруға байланысты атқарған қызметі кезінде жұмыс орны, қызметі және орташа айлық жалақысы сақталсын.

      11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрайымы Г. Алтынбековаға жүктелсін.

      Әкім Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады