Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 V980489_ бұйрығымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі Нұсқаулығына осы толықтырулармен және өзгерістермен сыртқы заемдар есебінен қаржыландырылатын жобалары бойынша қаржылық операциялардың бухгалтерлік есептегі көрінісін айқындайды.
1) "Бюджеттік ұйымдар үшін шығыстар сметасы атқарылуының бухгалтерлік есептеме шоттарының жоспары":
1.1. 11 "Бюджеттен тыс және валюталық шоттар" шотының атауы "Сыртқы заемдармен бірлесіп қаржыландыру бойынша бюджеттен тыс, валюталық шоттар және арнаулы шоттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
енгізілсін:
1.2. V бөлімге. 11 "Сыртқы заемдар мен бірлесіп қаржыландыру бойынша бюджеттен тыс, валюталық шоттар және арнаулы шоттар" шоттар бойынша "Ақша қаражаттары" - 113 "Сыртқы заемдар бойынша арнаулы шоттар" қосалқы шоты және 114 "Бірлесіп қаржыландырудың арнаулы шоты" қосалқы шоты.
1.3 VII бөлімге. 15 "Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызмет көрсету үшін жеткізушілермен, мердігерлермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар" шоты бойынша "Есептесулер" - 151 "Сыртқы заемдар есебінен міндеттемелер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоты.
1.4 VIII бөлімге. 20 "Бюджет бойынша шығыстар" шоты бойынша "Шығыстар" - 204 "Сыртқы заемдар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" қосалқы шоты.
1.5 IX бөлімге. 23 "Қаржыландыру" шоты бойынша "Қаржыландыру" - 239 "Сыртқы заем қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру".
2) "Бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша сметалардың атқарылуы жөніндегі операциялардың есебі":
2.1. 11 "Сыртқы заемдар мен бірлесіп қаржыландыру бойынша бюджеттен тыс, валюталық шоттар және арнаулы шоттар" шотының "Ақша қаражаттары" V бөлімінің 129-тармағы 113 "Сыртқы заемдар бойынша арнаулы шоттар" және 114 "Бірлесіп қаржыландырудың арнаулы шотымен" толықтырылсын;
132.1-тармаққа мынадай сөздер енгізілсін: "Сыртқы заемдар (заем қаражаттары) бойынша қаражаттардың түсуі және жұмсалуы бойынша қаржылық операциялар" 113 "Сыртқы заемдар бойынша арнаулы шоттар" қосалқы шотында ескеріледі. Арнаулы шот Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған екінші деңгейдегі банкте ашылады.
Сыртқы заемдар бойынша арнаулы шоттарға қаражаттар түскен кезде 113 қосалқы шоттың дебетіне және 229 "Сыртқы заем қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шотының кредитіне жазба жазылады.
Сыртқы заем қаражаттарының қозғалысы бойынша операциялардың есебі н.381 жинақтаушы ведомостында (2 мемориалды ордер) жүргізіледі. Жазбалар бет шоттың және оларға қоса берілген құжаттардың үзінді көшірмелері негізінде жүргізіледі.
113 қосалқы шот бойынша талдау есебі н.294-а карточкаларында шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша жүргізіледі".
2.2. мынадай мазмұндағы 132.2-тармақ енгізілсін: "Республикалық бюджеттен жобаларды бірлесіп қаржыландыру қаражаттарының түсуінің және жұмсалуының есебі 114 "Бірлесіп қаржыландырудың арнаулы шоты" қосалқы шотында жүргізіледі. Арнаулы шот бірлесіп қаржыландырудың арнаулы шотын ашуға деген рұқсат бар жағдайда ашылады. Республикалық бюджет есебінен ұсталатын ұйымдарды бірлесіп қаржыландырудың арнаулы шоттарын ашуға рұқсатты қаражаттарды соңғы алушымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен жасалған, Заем туралы келісім бар болғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті береді.
Республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландырылатын жобаларды жүзеге асыру мақсатында, бюджеттік шотқа қаржыландыруға түскен ұйымдар 090 "Ведомостволық бағынысты ұйымдар мен басқа шараларға арнап аудару үшін ұйымдардың шығыстарына арналған ашық лимиттер" қосалқы шотының дебеті және 230 "Ұйымдардың және басқа шаралардың шығыстарына арнап бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының дебетінде көрініс табады. Сонымен бірге, арнаулы шотқа қаражаттарды аудару кезінде 090 қосалқы шотында кредиттеледі, бұл ретте 114 қосалқы шотында дебеттеледі.
Қаржы жылының 25 желтоқсанына дейін бірлесіп қаржыландырудың арнаулы шотындағы пайдаланылмаған қаражаттар жобаны орындауды жүзеге асырушы ұйымдардың есебінен бюджеттік шотқа қалпына келтіруге жатады, бұл ретте 090 қосалқы шот кредитінің дебеті және 114 қосалқы шот кредиті бойынша жазба жасалады.
Бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қаражаттарының қозғалысы бойынша операциялардың есебі н.381 жинақтаушы ведомостында (2 мемориалды ордер) жүргізіледі. Жазбалар бет шоттың және оларға қоса берілген құжаттардың үзінді көшірмелері негізінде жүргізіледі.
114 қосалқы шот бойынша талдау есебі н.292-а карточкаларында жүргізіледі".
2.3 "Есептесулер" VII бөлімінің 149-тармағы "151 "Сыртқы заемдар есебінен міндеттемелер бойынша есептесулер" деп толықтырылсын;
150.1-тармаққа мынадай сөздер енгізілсін: "151 "Сыртқы заемдар есебінен міндеттемелер бойынша есептесулер" қосалқы шотында жоба бойынша жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға арнап келісім (шарт) жасасқан жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар ескеріледі.
151 қосалқы шот дебеті бойынша мердігермен (жеткізушімен) есеп айырысу бойынша орындалған жұмыстар үшін аударылған сомалар көрініс табады, бұл ретте 113 "Сыртқы заемдар бойынша арнаулы шоттар" қосалқы шотында кредиттеледі. Мердігер (жеткізуші) орындаған жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) сомаларына 204 "Сыртқы заемдар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" қосалқы шот дебетіне және 151 қосалқы шот кредитіне жазба жасалады.
Материалдық құндылықтардың сатып алынған активтерінің құны тиісті материалдық құндылық активтері дебеті және 151 қосалқы шот кредиті бойынша көрініс табады. Сонымен бірге активтерді сатып алу кезінде 204 қосалқы шотының дебеті және 250 "Активтердегі қорлар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жасалады.
151 қосалқы шот бойынша талдау есебі н.292-а талдау есебінің карточкаларында әр жеткізуші және мердігер бойынша жүргізіледі".
2.4. 20 "Бюджет бойынша есептесулер" шотының "Шығыстар" III бөлімінің 195-тармағы "204 "Сыртқы заемдар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар қосалқы шотында" сыртқы заемдар есебінен жобаларды жүзеге асыру барысында жасалған нақтылы шығындар ескеріледі.
Заем қаражаттары Заем туралы келісімде көзделген нысаналы мақсаттарға сәйкес қатаң жұмсалады.
Жалақы төлеу және консультант қызметкерлерге қосымша ақы төлеу сыртқы заем қаражаттарынан сыйақыларды (гонорарларды) төлеу жолымен жүргізіледі. Есептелген сыйақылардың (гонорарлардың) сомасына 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есептесулер" қосалқы шотының кредитіне және 204 қосалқы шот дебетіне жазба жасалады. Қолданылып жүрген заңдармен белгіленген міндетті жарналарға есептелген сомалар 159, 171, 198/1, 199 тиісті қосалқы шоттардың кредиті және 204 қосалқы шоттың дебеті бойынша көрініс табады. Төленген сыйақылардың (гонорарлардың) белгіленген тәртіпте ұсталған сомалары 183 қосалқы шот дебеті және 120 "Касса", 113 "Сыртқы заемдар бойынша арнаулы шот" қосалқы шоттарының кредиті және 17 "Түрлі дебиторлар мен кредиторлармен есептесулер" шотының тиісті шоттарында көрсетіледі.
Сыртқы заемдар бойынша арнаулы шоттар операцияларының банктік қызметтеріне төлем жасау 204 қосалқы шот дебеті және 113 қосалқы шот кредиті бойынша көрініс табады.
Есеп беретін адамның жұмсаған авансының есептен шығарылған сомасына 160 "Есеп беретін адамның есептесулері" қосалқы шотының кредитіне және 113 қосалқы шоттың дебетіне жазба жасалады.
Қаржы жылының соңында 204 қосалқы шот 239 "Сыртқы заем қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шот дебетіне нақтылы жасалған шығындарды есептен шығару жолымен жабылады.
Сыртқы заемдар есебінен жасалған нақтылы шығындардың талдау есебі н.294-а карточкасында жүргізіледі.
2.5 23 "Қаржыландыру" шотының "Қаржыландыру" IX бөлімінің 209-тармағы 239 "Сыртқы заемдардың қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру" деп толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 213.1-тармақ енгізілсін: "239 "Сыртқы заемдардың қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шотында" сыртқы заем қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын жобаларды қаржыландыру ескеріледі.
Қаржы жылы аяқталған бойда сыртқы заемдардың есебінен шығыстардың қорытынды айналымдарын есептен шығару 239 қосалқы шот дебеті, 204 "Сыртқы заемдар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" қосалқы шоты бойынша бухгалтерлік жазба жазылады. 239 қосалқы шот бойынша талдау есебі
бағдарламалар, ішкі бағдарламалар және н.292-а талдау есебінің
карточкасында шығыстардың есебі бойынша жүргізіледі.
3) Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын
ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі Нұсқаулыққа "Негізгі бухгалтерлік
операциялар бойынша қосалқы шоттар корреспонденциясы"
_________________________________________________________________________
| | Операцияның мазмұны | Нөмірі | Қосалқы |
| | | | шоттар |
|_____|______________________________________________|__________|_________|
| 1 | 2 | 3 | 4 |
|_____|______________________________________________|__________|_________|
| | | | |
| | I бөлім. Активтер | | |
| | | | |
| 2.1 |Машиналар мен жабдықтарды, транспорт | 013,015, | 151 |
| |құралдарын, құрал-жабдықтарды және басқа | 016,019 | |
| |активтерді сатып алу | | |
| |Сонымен бірге екінші жазба жазылады | 204 | 250 |
| | | | |
|13.1 |Сыртқы заемдарға алынған активтердің | 250 | 020 |
| |тозуын есептеу | | |
| | | | |
| | II бөлім. Материалдық қорлар | | |
| | | | |
|32.1 |Материалдар мен тамақ өнімдерінің түсуі | 060-069 | 113,151 |
| | | | |
|36.1 |Дәлелді құжаттардың негізінде жұмсалған | 204 | 060-065,|
| |материалдар мен тамақ өнімдерін есептен | | 067,069 |
| |шығару | | |
| | | | |
| | V бөлім. Ақша қаражаттары | | |
| | | | |
|61.1 |Сыртқы заем бойынша арнау шотқа | 113 | 239 |
| |түскен қаражаттар | | |
| | | | |
|61.2 |Жобаларды республикалық бюджеттен бірлесіп | 090 | 230 |
| |қаржыландыруға арналған қаржыландырудың | | |
| |түсі. | | |
| |Сонымен бірге бірлесіп қаржыландырудың | 114 | 090 |
| |арнаулы шоттарына арнап қаражаттарды аудару | | |
| |кезінде екінші жазба жасалды. | | |
| | | | |
|63.1 |Бірлесіп қаржыландырудың қаржы жылының | 090 | 114 |
| |25 желтоқсанына дейін пайдаланылмаған | | |
| |қаражаттарын бюджеттік шотқа қайта | | |
| |қалпына келтіру | | |
| | | | |
| | VІІ бөлім. Есептесулер | | |
| | | | |
|105.1|Жеткізушілердің (мердігерлерді) орындаған | 204 | 151 |
| |жұмыстары, қызмет көрсетулерді жүзеге | | |
| |асырғаны үшін ұсынған шоты | | |
| | | | |
|139.1|Материалдық құндылықтар, жабдықтар, басқа да | 151 | 113 |
| |активтер (орындалған жұмыстар, жүзеге | | |
| |асырылған қызмет көрсетулер) үшін ұсынылған | | |
| |шоттарға сәйкес жеткізушіге (мердігерге) | | |
| |аударылған сома | | |
| | | | |
|144.1|Консультант-қызметкерлерге сыйақыларды | 204 | 180 |
| |(гонорарларды) есептеу | | |
| | | | |
|145.1|Сыйақылардан (гонорарлардан) салықтарды | 180 | 173 |
| |ұстау | | |
| | | | |
|146.1|Консультант-қызметкерлерге сыйақыларды | 180 | 120,113 |
| |(гонорарларды) төлеу | | |
| | | | |
|152.1|Міндетті жарналардың сомаларын есептеу | 204 | 159,171,|
| | | |198/1,199|
| | | | |
|152.2|Міндетті жарналардың сомаларын аудару | 159,171, | 113 |
| | |198/1,199 | |
| | | | |
|120.1|Жұмсалған есеп берілетін сомалар туралы | 204 | 160 |
| |аванстық есепті ұсыну | | |
| | | | |
| | VIII бөлім. Шығыстар | | |
| | | | |
|159.1|Сыртқы заемдар есебінен басқа да шығындарды | 204 | 113 |
| |төлеу | | |
| | | | |
| | IX бөлім. Қаржыландыру | | |
| | | | |
|162.1|Қаржы жылының аяқталған бойы сыртқы қарыздар | 239 | 204 |
| |есебінен жасалған шығындардың соңғы | | |
| |айналымын есептен шығару | | |
| | | | |
|162.2|Республикалық бюджеттен бірлесіп | 230 | 200 |
| |қаржыландырылатын жобалар бойынша жасалған | | |
| |шығындардың соңғы айналымын есептен шығару | | |
|_____|______________________________________________|__________|_________|