Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотының қаражаттарын қалыптастырудың және пайдаланудың тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1998 жылғы 12 маусымдағы N 12/4479 және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 1998 жылғы 12 маусымдағы N 42/10-98 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 13 маусымда тіркелді. Тіркеу N 518. Бірлескен бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 2004 жылғы 29 қазандағы N 49 және Қаржы министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 416 бірлескен бұйрығымен.

       Ескерту: Бірлескен бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 2004 жылғы 29 қазандағы N 49 және Қаржы министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 416 бірлескен бұйрығымен.

-----------------Бірлескен бұйрықтан үзінді------------------

      "Кейбір мемлекеттік органдардың бюджеттік қорлары және шоттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 1298 қаулысының қабылдануына және "Прокуратура органдарының бюджеттен тыс шоттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1345 қаулысының күші жойылды деп тануға қатысты, "Прокуратура туралы" ҚР Заңының 11-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫЗ:
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жылғы 12 маусымдағы N 42/10-98 және "Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотының қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіткен Қаржы министрінің 1998 жылғы 12 маусымдағы N 12/4479 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
 
----------------------------------- 

      1. Бұл Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 маусымдағы  N 3558  "Қазақстан Республикасының қылмыскерлікпен күрес жүргізу жөніндегі 1997-1998 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және құқық қорғау қызметінің 2000 жылға дейінгі негізгі бағыттары туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі  N 1345  "Прокуратура органдарының бюджеттен тыс шоты туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотының (бұдан әрі - бюджеттен тыс шот) қаражаттарын қалыптастырудың және пайдаланудың тәртібін айқындайды. 
      2. Қаражаттарды есепке алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментінде және оның облыстық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, облыстық және соларға теңестірілген прокуратуралар үшін бюджеттен тыс шоттар ашылуда. 
      3. Салық қызметінің органдары бюджеттің кірістік бөлігінің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тексеру жүргізген яки заңдарда көзделген шараларды қолданған жағдайларды қоспағанда, бюджеттен тыс шоттың қаражаттары прокуратура органдарының талап ету жұмысының нәтижесінде мемлекетке зиянды қайтару және мемлекеттік бюджетті толықтыру жөніндегі жұмыс нәтижелерінің 10 проценті мөлшеріндегі аударымдардың есебінен құралады. 
      Прокуратура органдары мен салық қызметтерінің бюджеттен тыс шоттарына Зейнетақыларды төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталыққа және Жинақтаушы зейнетақы қорларына толықтырып аударылған зейнетақы жарналарының сомасынан 10 процент төлеттірілмейді. 
      Прокуратура органдары төлеттіруге тапсырған сомалар салық органдарының күнтізбелік кезекпен бюджетке аударылатын төлемдермен қатар төлеттіруіне жатады. 
      Прокуратура органдары төлеттірген және есепке алынған болып заңды және жеке тұлғалар прокуратуралық назар аудару шаралары бойынша іс жүзінде аударған сомалар саналады: 
      - салық органдарында тұратын салық төлеушілердің жеке шоттарында көрсете отырып, тиісті бюджеттердің кірісіне - 90 процент мөлшерінде; 
      - салық төлеушілердің жеке шоттарында көрсетпестен, прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотына - 10 процент мөлшерінде аударылады. 
      Прокуратура органдары мен салық қызметтерінің бірлескен тексерулері кезінде бюджеттен тыс шоттарға аударылуға тиісті сомалар тең үлестерге бөлінеді және тиісті бюджеттен тыс шоттарға есептеледі. 
      4. Өндіріп алынған қаражаттар Бас прокуратураның орталық аппараты және жергілікті прокуратура органдары үшін ашылатын, "Аманаттар бойынша сомалар" ағымдағы шоттарында сақталады. 
      Облыстық және соларға теңестірілген прокуратуралар бюджеттен тыс шотта қаражаттардың жиналуына қарай оларды Қазақстан Республикасы Бас прокурорының "Аманаттар бойынша сомалар" шотына нормативтер бойынша аударады. Аударуға арналған нормативтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуроры әрбір нақты жағдайда жеке хаттамалық шешіммен бекітіп отырады. 
      Облыстық және соларға теңестірілген прокуратуралар әрбір айдың 10-жұлдызына дейін Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бюджеттен тыс шотына іс жүзінде аударылған сомалар туралы Қазақстан Республикасының Бас прокурорына тізілім тапсырады. 
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бюджеттен тыс шотына түскен сомалар туралы жиынтық жедел деректер ай сайын 15-жұлдызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне хабарланады. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ай сайын прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотына аударылған қаражаттарға өзара салыстыру жүргізеді. 
      Прокуратура органдарының шешімі бойынша тексеріс барысында ақшалай қаражаттары алынып қойылған жауапкерлер толық ақталған жағдайларда, зиян заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады. 
      Заңсыз есептеуге жол бергені, сондай-ақ шоттың қаражаттарын мақсатсыз пайдаланғаны үшін кінәлі, лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тәртіптік және материалдық жауапқа тартылады. 
      5. Бюджеттен тыс қордың қаражаттары мыналарға пайдаланылады: 
      Бас прокуратураның Астана қаласына көшірілуін қамтамасыз етуге, қызмет ғимараттарын, құрылыстарын, тұрғын үйлерді қайта құруға және салуға және қызметкерлер үшін пәтерлер сатып алуға - 70 процент мөлшерінде; 
      прокуратура органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға (жабдықтар, құралдар, ұйымдық техника, көлік құралдарын сатып алуға) - 10 процент мөлшерінде; 
      қызметшілердің емдік-сауықтыру шараларына, сондай-ақ денсаулық сақтау жөніндегі басқа да мақсаттарға - 10 процент мөлшерінде; 
      қызметшілердің біліктілігін арттыруға байланысты шығындарды төлеуге - 10 процент мөлшерінде. 
      6. Бюджеттен тыс шоттың қаражаттары белгіленген тәртіппен бекітілген шығындар сметасының және хаттамалық шешімдердің негізінде жұмсалады. 
      7. Прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотына түскен қаражаттардың мақсатты пайдалануын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитетіне жүктеледі. 
      Ағымдағы шот шығындары сметасының орындалуы прокуратура органдарының қаржылық қызметтеріне жүктеледі, олар тоқсан сайын бухгалтерлік есептің құрамында, 4-п нысанды (коды 0503241) аманат бойынша "Азаматтар бойынша сомалардың жылжуы туралы" тапсырады. Аманаттар бойынша сомалардың ағымдағы шотына түскен сомалар "Аманаттар бойынша сомалардың ағымдағы шоты" 110-қосалқы шотының дебетіне және "Аманаттар бойынша шығындарға алынған қаражаттар бойынша есептемелер" 176-қосалқы шотының кредитіне жазылады. Аманаттарды орындауға арналған қаражаттардың жұмсалуы "Аманаттар бойынша шығындарға алынған қаражаттар бойынша есептемелер" 176-шы, "Өзге қаражаттар бойынша шығындар" 213-қосалқы шоттардың дебеті және "Аманаттар бойынша сомалардың ағымдағы шоты" 110-қосалқы шотының кредиті бойынша жазылады.
      176-қосалқы шот бойынша есеп айырысулардың талдамалық есебі н.292-а (292-кітапта) карточкаларында, аманаттарды орындауға арналған қаражаттар келіп түскен органдардың көлемінде жүргізіледі.

       Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасы
      Бірінші қаржы                       Бас прокурорының
      вице-министрі                       орынбасары    

      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі                   Бас прокуратурасы
      12 маусым 1998 жыл                  12 маусым 1998 жыл
      N 12/4480                           N 43/10-98

Астана және Алматы қалаларының,
облыстық салық комитеттеріне  
Астана және Алматы қалаларының,
облыс прокурорларына    

 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1345 қаулысының 4-тармағын орындау үшін салық комитеттері тіркелген орыны бойынша салық төлеушілердің аттары және жоғарыда көрсетілген қаулының жұмыс істеу сәтінен бастап салық түрлері бойынша берешек есептен шығарылған сомалары көрсетілген тіркелімді прокуратура органдарына 1998 жылдың 1 тамызына дейін тапсыруы тиіс. Бұл ретте төлем тапсырысының көшірмесі қоса беріледі. 
      Салық комитеттері прокуратура органдары ұсынған тіркелім негізінде 1998 жылғы "__"_____________ дейін жоғарыдағы айтылған қаулының жүзеге асу сәтінен бастап "Төленген төлемдер" бағанындағы дербес шоттағы бюджет алдындағы салық төлеушілердің берешегін өтеу есебінен прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотына түскен қаржыға есеп жүргізулері керек (1998 жылғы "__"_________ N ____ "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотының қаржысын қалыптастыру және пайдалану тәртібі туралы" Нұсқаулық күшіне енген сәтінен бастап). 
      Прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотына түскен және олар растаған сомалар есепте 1-Н анықтамалық "Р" кодымен көрсетіледі (есеп беру нысанының 1-Н жаңа шифрі). Прокуратура органдары өндіріп алған және прокуратура органдарының бюджеттен тыс шотына аударылған соманың есебі "П" нысанында есеп берумен көрсетіліп, прокуратура органдарында тікелей жүргізіледі.
      Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізілген жұмыстар туралы Бас прокуратура мен Қаржы министрлігінің Салық комитетіне хабарлау керек.     

      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасы 
     Бірінші қаржы                         Бас прокурорының 
     вице-Министрі                         орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады