Салықтық жеңілдіктерді берудің рәсімін жетілдіру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің қаулысымен бекітілген 1998 жылғы 7 тамыз N 131 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 20 тамызда тіркелді. Тіркеу N 579. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 01/7 қаулысымен. ~V001120

      Салықтық жеңілдіктерді берудің рәсімін жетілдіру мақсатында және "Жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі және инвесторлар мен келісім-шарттар жасасу кезінде оларды берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі N 3445 U973445_ Жарлығымен бекітілген Жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі және инвесторлар мен келісім-шарттар жасасу кезінде оларды берудің тәртібі туралы ережеге және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі N 3445 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3988 U983988_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Стандартты салықтық жеңілдіктерді қолдану кезінде негізгі капиталға тікелей инвестициялардың көлемінің шекті мөлшері - 10 млн. АҚШ доллары болып белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін:
      1) 2000 жылға дейін кезеңге арналған тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін мейлінше маңызды өндірістердің тізімі (1-қосымша);
      2) Инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде стандартты салық жеңілдіктерінің мөлшері және оны берудің тәртібі туралы ереже (2-қосымша);
      3) Инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде стандартты салықтық жеңілдіктерді алуға арналған өтінім (3-қосымша);
      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің мынадай шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:
      1) "2000 жылға дейін кезеңге арналған тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін мейлінше маңызды өндірістердің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1997 жылғы 10 сәуірдегі N 11 қаулысы;
      2) "Жеңілдіктер мен преференцияларды берудің, олардың мөлшерлері мен мерзімдерін айқындаудың тәртібі жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1997 жылғы 13 маусымдағы N 20 қаулысы;
      3) "Алкогольсіз сусындар мен шараптардың өндірісі бойынша стандартталған жеңілдіктер мен преференциялар пакетін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 1 қаулысы.

      Төраға
                                                                1-қосымша 



                                                Қазақстан Республикасының 

Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1998 жылғы 7 тамыздағы N 131 қаулысымен бекітілген


         2000 жылға дейінгі кезеңге арналған тікелей отандық және

              шетелдік инвестицияларды тарту үшін мейлінше 
                          маңызды өндірістердің 
                                 ТІЗІМІ 
     
                       1. ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ 
     
Темір жолдар 
Темір жол көлігінің жұмысын қамтамасыз ету объектілері 
     Темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу 
     Темір жол вокзалдары 
Автомобиль жолдары автовокзал кешендерімен
Әуежайлар әуежай кешендерімен
Аэронавигация объектілері
Теңіз және өзен порттары
     Су және жер бетіндегі құрылыстар
Көпірлер мен жолөтпелері
Газ құбырлары
Электр және жылу станциялары
Трансформаторлық кіші станциялар мен электр беру желілері (арналығынан 
басқа)
     Электр энергиясын электр тораптарымен жинау, беру және бөлу 
Телекоммуникациялық желілер 
     Селолық жерлер үшін сымсыз спутниктік байланыс жүйесі 
     Халықаралық және қалааралық байланыс инфрақұрылымы (ақпараттық 
суперарна)
     
                          2. ӨҢДЕУШІ ӨНЕРКӘСІП 
     
     Киім, жіп мата, аяқ киім, мех және тері бұйымдарын шығару 
Жиһаз және фурнитура өндірісі 
Картон-қағаз өнімінің жаңа түрлерінің өндірісі 
     Қағаз массасы, қағаз және картон өндірісі 
     Қағаз бен картоннан жасалатын бұйымдар өндірісі 
     Гофрирленген картон, қағаз және картон ыдыстар өндірісі 
     Тұрмыстық және санитарлық мақсаттағы қағаз бұйымдары өндірісі
     Жазу қағаздары бұйымдарының өндірісі
     Қабырға қағаздары өндірісі
Ауыл шаруашылығы өнімін өнеркәсіптік өңдеу 
     Етті өңдеу мен қалбырлау және ет өнімдері өндірісі
     Жеміс-жидектер мен көкөністерді өңдеу және қалбырлау
     Өсімдік және мал майлары мен майлар өндірісі
     Тазартылған май өндірісі
     Маргарин өндірісі
     Сүт өңдеу және сүт өнімдері өндірісі
     Ұн өнеркәсібі өнімдерін өңдеу
     Қант өндірісі
     Балық шаруашылығы және балық өсіру өнімдерін өңдеу 
     Балық және балық өнімдерін өңдеу мен қалбырлау
     Балық өсіру, балық питомниктері мен балық фермаларының қызметі
     Ауыл шаруашылығы өнімін дайындау және сақтау
     Элеваторлар, көкөніс базаларының құрылысы
     Қазіргі заманғы тоңазытқыш қондырғыларының құрылысы
     Балалар тамағының өндірісі
     Кондитер бұйымдары, алкогольсіз сусындар мен шарап өндірісі
     Нан және жаңа пісірілген кондитер бұйымдарының өндірісі 
     Ұзақ сақталатын қатпа-тәтті нан, пешеней, бәліш және бәліштер өндірісі
     Шоколад және кондитер бұйымдары өндірісі
     Жеміс-жидектер мен көкөністерден жасалатын шырын өндірісі 
     Минералды сулар мен салқындатқыш сусындар өндірісі
     Шарап өндірісі
     Машиналардың, жабдықтар мен аспаптардың жаңа жоғары технологиялық 
үлгілерін шығару 
     Механикалық жабдық өндірісі 
     Двигательдер мен турбиналар өндірісі
     Насостар, компрессорлар мен гидравликалық жүйелер өндірісі 
     Крандар мен клапандар өндірісі 
     Шестерналар мен беру және қозғалысқа келтірудің механикалық 
элементтері
     Металлургия жабдығы өндірісі 
     Кен өндіру өнеркәсібі мен құрылысқа арналған машиналар өндірісі 
     Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге арналған машиналар өндірісі 
     Көтергіш және такелажды жабдық өндірісі 
     Тоқыма өнеркәсібіне арналған машиналар өндірісі 
     Өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш қондырғылары өндірісі 
     Станоктар өндірісі 
     Медициналық-хирургиялық және ортопедтік икемдегіштер өндірісі 
     Көлік құралдары мен көлік жабдығы өндірісі 
     Жеңіл автомобильдер өндірісі 
     Жүк автомобильдері өндірісі 
     Жолаушы автокөлігі өндірісі 
     Мамандандырылған автокөлік өндірісі 
     Ауыл шаруашылығы машиналарының өндірісі 
     Автомобиль жабдығы өндірісі 
     Кеме жасау 
     Темір жол жылжымалы құрамының өндірісі 
     Ұшу аппараттары мен ғарыштық ұшу аппараттары өндірісі 
     Мотоциклдер мен велосипедтер өндірісі 
     Өнеркәсіптік электроника мен электр техникасы өнімінің өндірісі 
     Электронды-есептеу машиналары мен ақпаратты өңдеуге арналған басқа да 
жабдықтардың өндірісі
     Электр моторлары, генераторлар мен трансформаторлар өндірісі 
     Электр бөлу және бақылау аппаратуралары өндірісі 
     Оқшауландырылған сымдар мен кабельдер өндірісі 
     Аккумуляторлар мен гальваникалық элементтер өндірісі 
     Электр лампалары мен жарықтандыру приборлары өндірісі 
     Двигательдер мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтарының 
өндірісі
     Өнеркәсіптік процестерге арналған бақылау жабдықтар өндірісі 
     Электр техникасы мақсатындағы және электроникалық тұтыну тауарлары 
өндірісі 
     Тұрмыстық электр приборлары өндірісі 
     Беру аппараттарының өндірісі 
     Дыбыс пен бейне-көріністі қабылдауға, жазуға және қайта туындатуға 
арналған аппаратуралар өндірісі 
     Бақылау-өлшеу приборлары өндірісі 
     Оптикалық аспаптар мен фотожабдықтар өндірісі 
     Минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісі 
     Тұрмыстық техника және парфюмерлік-косметика бұйымдары өндірісі 
     Бояғыштар мен пигменттер өндірісі 
     Дубильдік заттар өндірісі 
     Бояулар, эмальдер, лактер, оларға минералды пигменттер өндірісі 
     Бояулар мен лактердің дайын еріткіштері мен араластырғыштары өндірісі 
     Сабын, парфюмерия өнімі, тазалайтын және жылтырататын құралдар 
өндірісі 
     Дәрі-дәрмектік құралдар мен препараттар өндірісі 
     Дәрі-дәрмектік дақылдарды өсіру 
     Фармацевтикалық препараттар өндірісі 
     Мал дәрігерлігіне арналған дәрі-дәрмектік препараттар өндірісі 
     Аса жаңа жоғары тиімділікті технологияларды қолдана отырып қара және 
түсті металдар мен алюминий бейініндегі түпкі істер өнімі өндірісі 
     Қаңылтыр өндірісі 
     Ауыр және жеңіл бейіндер (арматура, кабель, темір жол рельстері және 
басқалар) өндірісі 
     Трубалар өндірісі 


      Жеңіл металдардан жасалған орау-буу (қалбырлық банкілер мен тамақ

өнімдеріне арналған қалпақшалар өндірісі, тығындау үшін металл бұйымдар 
өндірісі) өндірісі 
     Сым өндірісі 
     Құрылыс материалдарының құрастырмалары мен бұйымдарының ілгерілемелі 
және жаңа түрлері өндірісі 
     Құрылыс пен өнеркәсіпке арналған металл құрастырмалары өндірісі 
     Ғимараттар мен құрылыстарға, көпірлерге, ангарларға, электр беру 
желілеріне арналған құрастырмалар мен басқа да құрылыс материалдары 
өндірісі 
     Құрылымдық кеңістіктік және кәсектік құрастырмалар, үйлердің 
жабындары мен қаңқаларының мамандандырылған өндірісі 
     Есік, терезе, есік пен терезе кәсектері, бағандар, қақпалар, 
жақтаулар, баспалдақтар және т.б. өндірісі 
     Санитарлық-гигиеналық жабдықтар өндірісі 
     Әйнек және әйнектен жасалатын бұйымдар өндірісі 
     Әйнек талшығы өндірісі 
     Керамикалық оқшаулаулар мен оқшауламалық бұйымдар өндірісі 
     Керамикалық плиткалар мен плиткалар өндірісі 
     Тақтайшалар мен кірпіш өндірісі 
     Цемент, әк және гипс өндірісі 
     Бетоннан құрылыста пайдалануға арналған бұйымдар өндірісі 
     Силикат кірпіш өндірісі 
     Құрылыста пайдалануға арналған гипс бұйымдары өндірісі 
     Пластмасса трубалар, ПВХ трубалары өндірісі 
     Қалдықтарды ұқсату 
     Қоқыс өңдейтін зауыттар 
     Өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жарату 
     Фосфоры бар рудаларды өңдеу 
     Сары фосфор мен оның туындыларының өндірісі 
     
                    3. АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ 
     
     Жоғары және орталық органдардың Астана қаласына орналасуына 
байланысты объектілер 
     
                  4. ТҰРҒЫН ҮЙ, ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖӘНЕ 
                          ТУРИЗМ ОБЪЕКТІЛЕРІ 
     
     Коммерциялық тұрғын үй 
<*>
 
     Денсаулық сақтау және білім объектілері 
     Бұқаралық спорт, демалыс, мәдениет және туризм объектілері 
     ______________________
     
<*>
 - Жеке тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау бөлек заңмен 
регламенттеледі.

     
                         5. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  
     
     Озық технологиялардың негізінде дәнді, техникалық және май дақылдарын 
өсіру 
     Жоғары өнімді өсімдік шаруашылығының тұқымдық сорттарының өндірісі 
     Мал мен құстың жоғары өнімді тұқымдарын, сондай-ақ асыл тұқымды 
табынды жасау және өрістету 
     Жоғары тиімділікті, экологиялық таза жемдер мен жемдік қоспалар 
өндірісі.



                                                                2-қосымша 

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1998 жылғы 7 тамыздағы N 131 қаулысымен бекітілген


               Инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде
              стандартты салық жеңілдіктерінің мөлшері және
                    оны берудің тәртібі туралы ереже

                             1. Жалпы бөлім

      1. Осы Ереже "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі N 3445 U973445_ Жарлығымен және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі N 3445 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3988 U983988_ Жарлығымен бекітілген Жеңілдіктер мен преференциялардың жүйесі және инвесторлармен келісім-шарт жасасу кезінде оларды берудің тәртібі туралы ереженің негізінде әзірленді.
      2. Ереже экономиканың басым секторларына инвестицияларды жүзеге асыру кезінде ұйымдар мен жеке кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің стандартты салықтық жеңілдіктердің (бұдан әрі - стандартты жеңілдіктер) мөлшері мен оларды берудің тәртібін айқындайды.
      3. Стандартты жеңілдіктерді берудің шарттары мыналар болып табылады:
      1) инвестициялық жобаның Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті бекіткен "2000 жылға дейін кезеңге арналған тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін мейлінше маңызды өндірістердің тізімінің" негізінде айқындалатын экономиканың басым секторларының тізбесіне жататындығы;
      2) жеңілдіктерді беру сәтінде дискотталған 10 миллион АҚШ долларынан

аспайтын негізгі капиталға тікелей инвестициялардың жалпы көлемі.
     4. Стандартты жеңілдіктер табыс салығын, жер салығын және мүлік 
салығын төлеуден толық немесе ішінара босату түрінде беріледі.
     5. Стандартты жеңілдіктер, егер стандартты жеңілдіктерді алуға 
арналған өтінімді беру жылынан кейінгі соңғы үш күнтізбелік жыл бойынша 
ұйым зиян шеккен болса берілмейді.
     
             2. Стандартты жеңілдіктердің түрлері, мөлшерлері 
                       және оны берудің мерзімдері 
     
     6. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік 
комитеті стандартты жеңілдіктерді мына кестеге сәйкес береді:
     
 _________________________________________________________________________
| N |Экономиканың     |Инвести.      |         Мыналардан босату          |
|   |басым секторының |циялардың     |____________________________________|
|   |атауы            |жалпы көлемі, |Табыс       |мүлік      |жер        |
|   |                 |млн. АҚШ дол. |салығынан,  |салығынан, |салығынан, |
|   |                 |ларында       |жыл         |жыл        |жыл        |
|   |                 |(дисконт)     |            |           |           |
|___|_________________|______________|____________|___________|___________|
| 1 |Өндірістік       |2-ні қоса     | 3          | 3         | 3         |
|   |инфрақұрылым     |алғанға дейін |            |           |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |2-ден 4-ті қо.| 4          | 4         | 4         |
|   |                 |са алғанға    |            |           |           |
|   |                 |дейін         |            |           |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |4-тен 6-ны    | 5          | 5         | 5         |
|   |                 |қоса алғанға  |            |           |           |
|   |                 |дейін         |            |           |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |6-дан 8-ді қо.|5+3 (50%-ке |5+3 (50%-ке|5+3 (50%-ке|
|   |                 |са алғанға    |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка бой.|
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |ынша)      |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |8-ден 10-ды   |5+5 (50%-ке |5+5 (50%-ке|5+5 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка бой.|
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |ынша)      |
|___|_________________|______________|____________|___________|___________|
| 2 |Өңдеуші өнеркәсіп|2-ні қоса     | 3          | 3         | 3         |
|   |                 |алғанға дейін |            |           |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |2-ден 4-ті    | 4          | 3         | 4         |
|   |                 |қоса алғанға  |            |           |           |
|   |                 |дейін         |            |           |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |4-тен 6-ны    | 5          |5+1 (50%-ке| 4         |
|   |                 |қоса алғанға  |            |дейінгі    |           |
|   |                 |дейін         |            |ставка бой.|           |
|   |                 |              |            |ынша)      |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |6-дан 8-ді    |5+3 (50%-ке |5+4 (50%-ке|5+2 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка бой.|
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |ынша)      |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |8-ден 10-ды   |5+5 (50%-ке |5+5 (50%-ке|5+5 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка бой.|
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |ынша)      |
|___|_________________|______________|____________|___________|___________|
| 3 |Астана қаласының |2-ні қоса     | 2          | 2         | 2         |
|   |объектілері      |алғанға дейін |            |           |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |2-ден 4-ті    | 4          | 5         | 3         |
|   |                 |қоса алғанға  |            |           |           |
|   |                 |дейін         |            |           |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |4-тен 6-ны    |5+1 (50%-ке |5+2 (50%-ке| 5         |
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |           |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|           |
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |6-дан 8-ді    |5+3 (50%-ке |5+3 (50%-ке|5+1 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка бой.|
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |ынша)      |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |8-ден 10-ды   |5+5 (50%-ке |5+5 (50%-ке|5+5 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка бой.|
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |ынша)      |
|___|_________________|______________|____________|___________|___________|
| 4 |Тұрғын үй, әлеу. |2-ні қоса     | 3          | 3         | 2         |
|   |меттік сала және |алғанға дейін |            |           |           |
|   |туризм объектіле.|______________|____________|___________|___________|
|   |рі               |2-ден 4-ті    | 4          | 5         | 3         |
|   |                 |қоса алғанға  |            |           |           |
|   |                 |дейін         |            |           |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |4-тен 6-ны    |5+1 (50%-ке |5+2 (50%-ке| 5         |
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |           |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|           |
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |           |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |6-дан 8-ді    |5+3 (50%-ке |5+3 (50%-ке|5+1 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка бой.|
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |ынша)      |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |8-ден 10-ды   |5+5 (50%-ке |5+5 (50%-ке|5+5 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка бой.|
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |ынша)      |
|___|_________________|______________|____________|___________|___________|
| 5 |Ауыл             |2-ні қоса     | 4          | 4         |5+5 (50%-ке|
|   |шаруашылығы      |алғанға дейін |            |           |дейінгі    |
|   |                 |              |            |           |ставка бой.|
|   |                 |              |            |           |ынша)      |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |2-ден 4-ті    | 5          |5+2 (50%-ке|5+5 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |            |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |            |ставка бой.|ставка     |
|   |                 |              |            |ынша)      |бойынша)   |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |4-тен 6-ны    |5+1 (50%-ке |5+3 (50%-ке|5+5 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка     |
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |бойынша)   |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |6-дан 8-ді    |5+3 (50%-ке |5+4 (50%-ке|5+5 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка бой.|
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |ынша)      |
|   |                 |______________|____________|___________|___________|
|   |                 |8-ден 10-ды   |5+5 (50%-ке |5+5 (50%-ке|5+5 (50%-ке|
|   |                 |қоса алғанға  |дейінгі     |дейінгі    |дейінгі    |
|   |                 |дейін         |ставка бой. |ставка бой.|ставка бой.|
|   |                 |              |ынша)       |ынша)      |ынша)      |
|___|_________________|______________|____________|___________|___________|


      Ескерту: жүйелі 5 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда салықтардың тиісті түрлерін төлеуден 100 проценттік босату беріледі. Келесі жылдарға жеңілдіктер салық ставкаларын 50 проценттен аспайтын төмендету түрінде беріледі.
      7. Табыс салығымен есеп айырысу кезінде стандартты жеңілдіктерді айқындау базасы мыналар болып табылады:
      - мақсаты жаңа өндіріс құру болып табылатын жаңадан құрылған немесе қызметін енді ғана бастаған жеке кәсіпкер үшін - алатын салық салынатын табысы;
      - жұмыс істеп тұрған ұйым үшін - келісім-шартты жасау жылынан кейінгі және дағдарыстың орташа жылдық тиісті индексіне түзетілген (Ұлттық статистика агенттігінің деректеріне сәйкес) соңғы үш күнтізбелік жылдың бірінде алынған барынша көп салық салынатын табыспен салыстыру бойынша салық салынатын табыстың өсімі. Егер ұйым немесе жеке кәсіпкер үш жылдан аз жұмыс істеген жағдайда - жұмыс кезеңіндегі (күнтізбелік жылдар) барынша көп салық салынатын табыспен салыстыру бойынша салық салынатын табыстың өсімі.
      Жұмыс істеп тұрған ұйым үшін салық салудан босатылатын салық салынатын табыстың өсімін айқындау кезінде келісім-шарт жасағаннан кейін пайда болған қызметті жүзеге асырудан алынған табыстар есепке алынбайды.
      Стандартты жеңілдіктерді айқындаудың есеп айырысу базасын салық қызметінің органдары Стандартты жеңілдіктерді айқындаудың есеп айырысу базасын салық қызметінің органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік актілеріне сәйкес салық төлеушіні тіркеу орны бойынша жүргізеді.
      8. Жұмыс істеп тұрған ұйымға табыс салығы бойынша жеңілдіктер беру салық қызметі органдарының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі комитеті белгілеген негізгі қаражат өсімінің сәтінен бастап жүзеге асырылады.
      9. Жер салығымен және мүлік салығымен есеп айырысу кезінде стандартты жеңілдіктерді айқындау базасы жаңа немесе қосымша іске асырылған жер учаскелері мен инвестициялық жобаны іске асыруға қажет жаңа немесе қосымша салынған үйлердің, ғимараттардың, сатып алынған жабдықтардың құны қызмет етеді.

                 3. Стандартты жеңілдіктерді берудің тәртібі

      10. Стандартты жеңілдіктер Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетімен келісім-шарт жасасу кезінде беріледі. Жұмыс істеп тұрған ұйымдар үшін стандартты жеңілдіктер осы Ереженің 8-тармағына сәйкес беріледі.
      11. Келісім-шарт жасасу мақсатында ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетіне белгіленген нысандағы өтінім мен қажетті құжаттарды табыс етуі тиіс.
      12. Келісім-шартта көрсетілген стандартты жеңілдіктердің қолданылу мерзімі осы Ереженің 2-бөлімінің 1-тармағында аталған ең ұзақ мерзімдерден аспауы тиіс.
      13. Келісім-шарт инвестицияларды салудың шекті мерзімдері бойынша инвестордың міндеттемелері кіретін (өндірістік объектілерді, жабдықтарды іске қосу) қажетті тоқсан бойынша жұмыс бағдарламасын айқындайды.

            4. Стандартты жеңілдіктердің қолданылуының тоқтатылуы

      14. Стандартты жеңілдіктердің қолданылуы келісім-шарттың орындалуы жағдайында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетімен қолданылып жүрген заңдарда көзделген негіздерде келісім-шарт бұзылған жағдайда тоқтатылады. Бұл ретте ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер шығынды және инвестициялық жоба қызметінің кезеңінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделінуіне орай толық төленбеген салық сомасы мен келісім-шарттың талаптарына сәйкес айыппұл санкцияларын өтейді.
                                                             3-қосымша 



                                                Қазақстан Республикасы

Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1998 жылғы 7 тамыздағы N 131 қаулысымен бекітілген


          Инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде стандартты

                 салық жеңілдіктерін алуға арналған 
                              ӨТІНІМ 
     I. Инвестор туралы деректер 
     
     1. Заңды тұлғаның атауы немесе жеке адамның фамилиясы, аты, әкесінің 
аты (ФАӘ) 
___________________________________________________________________________
     
     2. Пошталық мекен-жайы:
___________________________________________________________________________

     3. Банктік деректемелері (СТН қоса алғанда)
___________________________________________________________________________

     4. Ұйымның бірінші басшысы немесе жеке кәсіпкер туралы қысқаша резюме:
___________________________________________________________________________

телефон _________________ факс __________________ эл.пошта ________________
     
     5. Жоба менеджерінің қысқаша резюмесі:
___________________________________________________________________________

телефон _________________ факс __________________ эл.пошта ________________

     II. Инвестициялау үшін таңдап алынған экономиканың басым секторы және 
жобаның қысқаша сипаттамасы (инвестициялардың жалпы көлемін, негізгі 
капиталға инвестициялардың көлемін және жобаның өзін өтеу мерзімін 
көрсетіп) _________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

     III. Инвестордың қаржы мүмкіншіліктері 
     
     Қаржыландыру көздері 
___________________________________________________________________________

     IV. Инвестордың техникалық және ұйымдастыру мүмкіншіліктері 
     
     1. Бұрынғы жобалардың тәжірибесі: 
___________________________________________________________________________
     
     2. Ұқсастығы:
___________________________________________________________________________

     3. Жаңалығы:
___________________________________________________________________________

     V. Инвестордың инвестициялық жобаны толық және дер уақытында іске 
асыру міндеттемесі 
___________________________________________________________________________

     Өтінімге сараптама ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ келісім-шартты 
сараптау мен дайындау кезінде инвестор Комитетке барынша қолдау мен жәрдем 
көрсетеді, барлық ақпаратты табыс етеді.
     Өтініш жасаушы өтінім мен оған қоса берілген құжаттардағы ақпараттың 
дәл және ақиқат екендігін мәлімдейді және оған кепілдік береді.
     
           Инвестор _______________________________________________________
                                        (қолы, мөр) 
     
     Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: 
     


      1) сауда реестрінен заңдастырылған көшірме немесе инвестордың шетел мемлекетінің заңдары бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын басқа құжат, ал қазақстандық заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және статистикалық кәртішкенің (заңды тұлғалар үшін) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) жарғы (заңды тұлғалар үшін);
      3) жеке кәсіпкердің салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік

комитетінің талаптарына сәйкес орындалған жобаның қысқаша техникалық-
экономикалық негіздемесі (қысқаша бизнес-жоспар);
     5) соңғы үш жылдағы (немесе жұмыс істеу кезеңіндегі) жиынтық жылдық 
табыс және жүргізілген шегерімдер туралы декларациялардың көшірмесі;
     6) жаңадан салынған ғимараттардың, құрылыстардың немесе сатып алынған 
жабдықтардың құны туралы анықтамалар;
     7) қосымша пайдаланылатын жер учаскелерінің мөлшері мен құны туралы 
анықтама;
     8) инвестордың қаржылық мүмкіншілігін растайтын құжаттар.
     
     Оқығандар:     
          Багарова Ж.А.
          Қасымбеков Б.А.
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады