Мемлекеттік бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың алдында міндетті төлемдер бойынша қарызы бар, мұнай-газ кешені кәсіпорындарының банктік шоттарына түскен ақшаларды пайдаланудың ЕРЕЖЕСІ

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1998 жылғы 7 тамыз N 362 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 28 тамызда тіркелді. Тіркеу N 589. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 29 қарашадағы N 421 бұйрығымен.

  ------------------Бұйрықтан үзінді---------------------      

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойыды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

       7. "Мемлекеттiк бюджеттiң және бюджеттен тыс қорлардың алдында мiндеттi төлемдер бойынша қарызы бар, мұнай-газ кешенi кәсiпорындардың банктiк шоттарына түскен ақшаларды пайдаланудың ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 7 тамыздағы N 362 бұйрығы (N 589 Мемлекеттік нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген)...

      Төраға

_______________________________ 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 697  P980697_  "Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібіндегі қаржы-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" қаулысының 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 
       1. Мемлекеттік бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың алдында міндетті төлемдер бойынша қарызы бар мұнай-газ кешені кәсіпорындарының банктік шоттарына түскен ақшаларды пайдаланудың Ережесі бекітілсін. 
       2. Қазақстан Республикасында өңделмеген мұнайды алғашқы өнеркәсіптік өңдеу үшін өткізген кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық инспекциясының 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37  V950077_  "Қосылған құн салығын есептеудің және төлеудің тәртібі туралы" Нұсқаулығының 55 б-тармағында белгіленген қосылған құн салығын есептеудің тәртібі, 1998 жылғы 23 шілдедегі өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Әділет министрлігінде құқықтық сараптау 1998 жылғы 23 шілдеде өткізілген N 546  V980546_  болып тіркелген) қолдансын. 
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мұнай-газ кешеніндегі кәсіпорындардың банктік шоттарына түскен ақшаларын пайдаланудың осы тәртібін және Қазақстан Республикасында өңделмеген мұнайды алғашқы өнеркәсіптік өңдеу үшін өткізу кезіндегі ҚҚС есептеудің тәртібін салық төлеушілерге жеткізетін болсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жүктелсін.     

      Министрдің
      міндетін атқарушы

                                        Қазақстан Республикасы
                                         Қаржы министрлігінің 
                                        бұйрығымен бекітілген
                                       1998 ж. 7 тамыздағы N 362

       Мемлекеттік бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың
   алдында міндетті төлемдер бойынша қарызы бар, мұнай-газ
      кешені кәсіпорындарының банктік шоттарына түскен
                 ақшаларды пайдаланудың
                         Ережесі

      1. Мемлекеттік бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың алдында міндетті төлемдер бойынша қарызы бар заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің банктік шоттарына түскен қаражаттар мынадай мөлшерде: 
      60 проценті - еңбекке ақы төлеу қорынан бөлінетін жалақыны, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын және міндетті төлемдерді қоса, ұйымның өзіндік мұқтаждарына; 
      40 проценті - өзге де міндетті төлемдерге - бөлінеді. 
      2. Ақшаларды пайдаланудың осы тәртібін қолдану үшін заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері банкпен (банктермен) арадағы есеп айырысу - касса қызметін көрсету жөніндегі шартта олардың банктік шоттарына келіп түскен ақшалардың 40 процентін осы Тәртіптің 1-тармағына сәйкес міндетті төлемдер бойынша қарызды жабуға жұмсауды қарастыруға тиіс. 
      3. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері ақшаларды осы ережелерге сәйкес пайдалану тәртібіне ауысқаны туралы осы Ереженің 2-тармағына, банкпен (банктермен) арадағы есеп айырысу - кассалық қызмет көрсету шартының толықтыруларына сәйкес өзгерістер енгізілген сәттен кейін екі күндік мерзімде тіркеу орны бойынша салық органын хабардар етуге міндетті. 
      4. Банктік шоттарға түскен ақшаларды пайдаланудың аталған тәртібінің бұзылуына жол берген заңды тұлғаларға, олардың филиалдарымен өкілдіктеріне белгіленген тәртіп бұзылған күннен бастап ол қолданылмайды. 
      Бұл орайда мемлекеттік бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндетті төлемдер бойынша қарыздар Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығына сәйкес бірінші кезектегі тәртіппен өндіріп алынады.
     Заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің, сондай-ақ оларға қызмет көрсетуші банктердің осы Ережелердің бұзылғаны үшін жауапкершілігі қолданылып жүрген заңдармен реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады