Нысанасыз мақсатта пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды өндіріп алу (қайтарып алу) және бюджеттік қаражаттарды уақытында есептемегені (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшін санкцияларды қолданудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1998 жылғы 17 тамыз N 391 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 21.09.1994 ж. тіркелді. Тіркеу N 610. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 434 бұйрығымен. ~V001285

      Нысанасыз мақсатта пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды өндіріп алу (қайтарып алу) және бюджеттік қаражаттарды уақытында есептемегені (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшін санкцияларды қолданудың тәртібін бекіту туралы

                              Бұйрық етемін:
     
     1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған "Нысанасыз мақсатта 
пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды өндіріп алу (қайтарып алу) және 
бюджеттік қаражаттарды уақытында есептемегені (аудармағаны) және мақсатсыз 
пайдаланғаны үшін санкцияларды қолданудың тәртібі" бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 9 
қыркүйектегі N 301  

V970538_

  бұйрығы күші жойылған деп танылсын.
     
     Министр
                                                Қазақстан Республикасы
                                                 Қаржы министрлігінің
                                               1998 жылғы 17 тамыздағы
                                             N 391 бұйрығымен бекітілген
     
        Нысанасыз мақсатта пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды өндіріп
            алу (қайтарып алу) және бюджеттік қаражаттарды уақытында
          есептемегені (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшін
                           санкцияларды қолдану 
                                ТӘРТІБІ
     
                        1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру туралы" U941526_ Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 қазандағы N 1466 P971466_ қаулысына сәйкес Қазынашылыққа нысанасыз мақсатта пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды өндіріп алу (қайтарып алу) және бюджеттік қаражаттар мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын уақытында есептемегені (аудармағаны) және мақсатсыз пайдаланғаны үшін санкцияларды қолдану құқығы берілген.

      2. Тексерулерді және олардың нәтижелерін рәсімделуге асыру,
         нысанасыз мақсатта пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды
                   өндіріп алу (қайтарып алу)

      2. Қазынашылық органдары есептеуге, аударуға және республикалық бюджет қаражаттарын пайдалануға байланысты ақша құжаттарына тексеру жүргізеді.
      3. Тексеруді басшының жазбаша тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің, облыстық, Алматы қалалық Қазынашылық басқармаларының мамандары жүзеге асырады (N 1-қосымша).
      4. Қазынашылық органдарының жүргізетін тексерулерінің мақсаты-ұйымның оған бөлінген бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануын анықтау.
      5. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша және тәртіп бұзушылық байқалған жағдайда, Қазынашылық органдары республикалық бюджеттен қаржыландыру алған ұйымдардың қаражаттарды мақсатты пайдалануының Актісін үш дана етіп рәсімдейді (N 2-қосымша). Тексерушілер жасаған және қол қойған Актілерге тексеруші ұйымның басшысы қол қояды. Егер Акт бойынша қарсылықтар болса, олар тексеруші мамандарға жазбаша түрде тапсырылуы тиіс. Қарсылықтар мен ескертпелер болған жағдайда, тексерілген ұйымның басшылары тексеру актісінде өз қолының алдында "қарсылық бар" деген белгі қояды және қарсылықтардың негіздемесін жеке құжаттармен растайды. Тексеруші орган алынған қарсылықтарды қарайды, қажет болған жағдайда жекелеген фактілерді қайта тексереді және бұл ретте тапсырылған құжаттарға сүйене отырып тиісті қорытынды береді.
      Егер тексеру барысында тәртіп бұзушылық ашылмаса, онда тексерудің нәтижесі екі дана анықтамамен рәсімделеді, анықтаманың бір данасы тексеруші ұйымға беріледі, басқасы Қазынашылықтың тексеруші органында қалады.
      6. Тексеру Актісі үш дана етіп жасалады, бір данасы тексеруші ұйымға беріледі, екіншісі-жоғары тұрған ұйымға жіберіледі, үшінші данасы Қазынашылықтың тексеруші органында қалады.
      7. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарды мақсатсыз пайдалану фактісі бойынша бюджеттік сыныптаманың: мекеменің, бағдарламаның, ішкі бағдарламаның, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелік кодтары (N 3-қосымша) бойынша сомаларды даусыз тәртіппен өндіріп алуға Қазынашылықтың тиісті органдары басшыларының қолымен нұсқама рәсімделеді.
      Ұйымдардың қаражаттарды нысанасыз (мақсатсыз) пайдаланылуы шығыстардың экономикалық сыныптамасының белгілі бір ерекшелігіне, Қазынашылық шешімдерімен көзделмеген шығыстардың басқа түрлеріне немесе мақсатқа арналып бөлінген қаражаттар болып табылады.
      8. Мақсатсыз пайдаланылған сомаларды өндіріп алуға (қайтарып алуға) арналған нұсқамалар үш данада жазылады: бір данасы Қазынашылықтың тиісті органында қалады, екіншісі - тексеру жүргізілген ұйымға тапсырылады, үшіншісі - жоғары тұрған ұйымға жіберіледі. Егер тексерілген ұйым уәкілетті орган арқылы қаржыландырылса, онда Қазынашылықтың тиісті органы мақсатсыз пайдаланылған соманы өндіріп алуға арналған нұсқаманың қосымша данасын жазып, уәкілетті органға жібереді.
      9. Бюджеттік қаражаттардың мақсатсыз пайдаланылған сомасын өндіріп алуға жазылған нұсқаманы тіркеу арнаулы есепке алу кітабында жүргізіледі (N 4-қосымша), ол нөмірленген, жіппен тігілген және парақтарының саны басшының қолымен және мөрмен расталғаны болуы тиіс.
      10. Бір мезгілде нұсқамаларды тіркеумен бірге Хабарлама-тіркелім жасалады (N 6-қосымша), оны өз кезегінде есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10-ына дейін Қазынашылықтың тиісті органдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің Бюджеттің кассалық орындалуын бақылау жөніндегі басқармасына тапсырады. Хабарлама-тіркелім Бюджеттің кассалық орындалуын бақылау жөніндегі басқармада тіркелген соң Республикалық бюджеттің атқарылуы басқармасына жіберіледі.
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің Республикалық бюджетін атқарылуы басқармасы облыстар бойынша Хабарлама-тіркелімді алып, әрбір айдың 15-іне дейін Қазынашылық департаментінің директорына республика бойынша бөлінген жиынтық Хабарлама-тіркелім жасайды (N 6-қосымша), оның бір данасын Бюджеттің кассалық орындалуын бақылау жөніндегі басқармаға тапсырады және Бюджеттік департаментті және оның тиісті салалық басқармаларын (оларға жиынтық Хабарлама-тіркелімнің көшірмелерін беру жолымен) мақсатсыз пайдаланудың көлеміндегі сомалардың даусыз тәртіппен өндіріп алынатыны туралы хабардар етеді.
      Хабарлама-тіркелім ағымдағы айдың 15-інен соң алынған жағдайда Республикалық бюджетті орындау жөніндегі басқарма оларды келесі айдың жиынтық Хабарлама-тіркеліміне енгізеді.
      12. Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті жиынтық Хабарлама-тіркелімнің деректері бойынша 3 "Алдын ала рұқсат", 4 "Ағымдағы рұқсат" және 5 "Жыл басынан рұқсат етілген" бағандарында әрбір мекеме, бағдарлама, ішкі бағдарлама, экономикалық сыныптама ерекшелігі бойынша қайтарып алынатын лимиттердің сомасын көрсете отырып қазынашылық рұқсатты (қайтарып алуды) (1-о нысан) жазып береді. Жазып берілген әрбір қазынашылық рұқсатқа реттік тәртіп нөмірі беріледі. Бұл орайда, құжаттың нысанында қайтарып алу жүргізілген ерекшеліктер ғана көрсетіледі.
      13. Қазынашылық рұқсатты (1-о нысан) алғаннан кейін министрлік мақсатсыз пайдаланылған сомаларды бюджетке өндіріп алу (қайтарып алу) үшін нұсқама алғаннан кейін министрліктің (2-о нысан) рұқсатына оны ведомостволық бағынысты ұйымдарға береді және әр мекеме, бағдарлама, ішкі бағдарлама, экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері бойынша қайтарып алынатын лимиттердің сомалары 3 "Бұрын рұқсат етілген", 4 "Рұқсат етілген" және 5 "Жыл басынан бері рұқсат етілген" деген бағандарда көрсетіледі. Министрліктің жазып берілген әр рұқсатына кезекті рет саны беріледі. Бұл ретте құжат нысанында ол бойынша қайтарып алу жүргізілген ерекшеліктер ғана көрсетіледі.
      14. Министрліктің рұқсатын алғаннан кейін, бюджеттік қаражаттарды Қазынашылықтың тиісті органы есеп кітаптың 6 және 7-бағандарына (N 4-қосымша) өндіріп алу (қайтарып алу) туралы белгі жасайды.
      15. Егер ұйым, кәсіпорын бюджеттік қаражаттарды нысаналы мақсатқа пайдаланбаса Қазынашылық органдары Тексеру актісі негізінде шот қаражаттарын дау тудырмайтын тәртіпте бюджетке өндіріп алу үшін Өкім (N 5- қосымша) жазып береді және есеп кітабына (N 4-қосымша) тіркейді.
      16. Көрсетілген өкімді Қазынашылық органдары республикалық бюджет қаражаттарын өндіріп алу үшін банк мекемелеріне береді.
      17. Бюджет қаражаттарын есептен шығарғаны туралы банктің белгі жасаған өкімін банк мекемелерінен алғаннан кейін есеп кітабының (N 4- қосымша) 6 және 7 "Ағымдағы жылы жасалған өндіріп алу (қайтарып алу) туралы белгі" бағандарына өкімнің орындалуы туралы белгі жасалады.
      18. Шаруашылық жүргізуші субъектілерден республикалық бюджет кірісіне өндіріп алынған сомалар 2 "Салық салынбайтын түсімдер" санатына, 05 "Басқа да салық салынбайтын түсімдер" сыныбына, 1 "Басқа да салық салынбайтын түсімдер" ішкі сыныбына, 09 "Басқа да салық салынбайтын кірістер" ерекшелігіне есептеледі.
      19. Бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланған фактілер анықталған жағдайда өндіріп алуға (қайтарып алуға) арналып жазып берілген нұсқама ағымдағы жылдың желтоқсанының соңында есеп кітабының (N 4-қосымша) 5-бағанында тіркеледі және олар жабылмаған жағдайда қалған қалдықтармен келесі жылға 4-бағанға көшіріледі, ол ағымдағы жылдың есептік операциялары бойынша 8-бағанның сомасына сәйкес болуы керек.

          3. Бюджеттік қаражаттарды уақытында есептемегені (аудармағаны)
          және мақсатсыз пайдаланғаны үшін санкцияларды қолдану тәртібі

      20. Қазынашылық органдары республикалық бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын есептеуге, аударуға және пайдалануға байланысты ақша және басқа құжаттарды тексеруді республикалық бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың кірісіне қаражаттарды немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті банктер немесе ұйымдардағы алушының шотына республикалық бюджеттен және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардан аударылатын қаражаттарды уақытында есептемеген, сондай-ақ республикалық бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары лауазымды адамдардың кінәсінен мақсатсыз пайдаланылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әкімшілік шара қолдану туралы хаттама ресімдейді (N 8-қосымша).
      21. Әкімшілік шара қолдану туралы хаттама негізінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қаулы ресімделеді (N 7-қосымша) және айыппұл түріндегі әкімшілік шараның сомасы есеп кітабында көрсетіледі.
      22. Бюджет қаражаттарын уақытылы есептемегені үшін республикалық бюджет кірісіне өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдар 2 "Салық салынбайтын түсімдер" санатына, 03 "Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсімдер" сыныбына, 01 "Әкімшілік айыппұлдар мен өзге де айыппұлдар (салық органдарының салықтарын жасырғандарға салатын салықтарынан басқалары)" ерекшелігіне есептеледі.
      23. Қазынашылық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулысы немесе өзге де шешімдері жоғары тұрған органдарға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) немесе сот органдарына шағым жасалуы мүмкін.
      24. Әкімшілік шара туралы қаулыға қаулы шығарылған күннен бастап он күн ішінде шағым берілуі мүмкін, оны Қазынашылық органдары түскен күннен бастап он күн мерзімде қарастырады.
      25. Осы Тәртіп осы тәртіптер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін болған тәртіп бұзушылықтар бойынша олардың меншік нысанына тәуелсіз, бюджет қаражаттарын пайдаланатын барлық ұйымдарға қолданылады.

                  4. Бухгалтерлік есеп және есептеме

      26. Жасалған қайтарып алу (өндіріп алу) сомалары бойынша нәтижелер бюджеттік ұйымдарда республикалық бюджет қаражаттары есебінен қаржыландыру ретінде көрініс табады: министрлік (ведомоство) үшін - Қазынашылық департаментінен алынған қазынашылық рұқсат негізінде, олардың ведомостволық бағынысты ұйымдар үшін - олар алған министрлік (ведомоство) рұқсаты немесе бюджет қаражаттарын төменгі тұрған таратушылардың негізінде. Бұл ретте қайтарып алудың (өндіріп алудың) көрсетілген сомалары 095 "Мақсатсыз пайдаланылған қайтарып алынған (өндіріп алынған) қаражаттардың есебіне арналған шот" қосалқы шоттың дебетінде және 230 "Мекеменің шығыстарына және басқа шараларға арналып бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының немесе 140 "Мекеменің шығыстарына және басқа шараларға арналып бюджеттен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының кредитінде көрініс табады. Сонымен бірге 200 "Мекемені ұстауға және басқа шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың дебеті бойынша көрсетіліп екінші жазба жасалады. Қаржы жылы аяқталғанда жасалған шығындардың қорытынды айналымдарын есептен шығару 230 немесе 140 қосалқы шот дебеті және 200 қосалқы шоттың кредиті бойынша бухгалтерлік жазба жасалады.
      27. Мекемелердің шығыс сметаларын пайдалану және бюджеттік ұйымдар үшін бюджеттік қаражаттарды пайдалану туралы есептемеде нысанасыз мақсатта пайдаланылған сомаларды республикалық бюджетке өндіріп алуды көрсетудің мынадай тәртібі көрсетіледі.
      2-нысанда - 5 "Жыл басынан бері рұқсат етілген" деген бағанында қайтарып алу (коды 0603008) және 7 "Нақтылы шығыстар" жасалған қайтарып алу (өндiрiп алу) сомалары бойынша нәтижелерi көрiнiс табады. 1 "Шығыстар сметаларын пайдалану балансы" нысанында (коды 0503001) 951 "Қайтарып алу" жолы бойынша бюджеттен қаржыландырылатын сомалардың қозғалысы туралы анықтамада қолданылған санкциялардың сомалары көрсетіледі.
      Шығыстар сметаларының атқарылуы туралы ұсынылған бухгалтерлік есептеменің түсіндірме жазбасында бюджеттік ұйымдар республикалық бюджеттен бөлінген және мақсаты бойынша пайдаланылмаған қаражаттарды бюджетке даусыз тәртіпте өндіріп алынған (қайтарып алынған) сомаларды көрсету керек.
      Қазынашылықтың облыстық (Алматы қалалық) басқармалары келесі есепті кезеңдегі айдың 7-күніне тоқсан сайын оған жол берген лауазымды адамдарды, себебін, орын алған тәртіп бұзушылықты, нысаналы мақсат бойынша пайдаланылмаған қаражаттарды қалпына келтіруге қолданылған шараларды көрсете отырып, оның ішінде тексеріс барысында қалпына келтірілген сомаларды көрсете отырып бюджет қаражаттарын мақсатсыз пайдаланудың жиі кездесетін фактілерін көрсете отырып, республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік қаражаттардың мақсаты пайдаланылуы үшін бақылау бойынша жасалған жұмыстар туралы ақпаратты Бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі

басқармаға ұсынады.
     Бюджеттік департаментке ұсынылатын республикалық бюджеттің атқарылуы 
туралы ай сайынғы есептеме (2-нысан) 5 "Барлығы" және "Қайтарып алу 
бағандарында әр функционалдық топ, мекеме, бағдарлама, ішкі бағдарлама, 
экономикалық сыныптама ерекшелігі бойынша қайтарылып алынған (өндіріліп 
алынған) сомалардың нәтижелері көрініс табады.
       
                                                   N 1-қосымша
     
     
                              ТАПСЫРМА
     
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 26 маусымдағы 
N 192 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 
жылғы 27 қаңтардағы N 1526  

U941526_

  Жарлығына, Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті туралы Ережесіне сәйкес 
___________облысы бойынша облыстық (Алматы қалалық) қазынашылық басқармасы 
___________________________________________________________________________
             (министрлiктiң, ведомоствоның,

______________________________________________________________________-тегі
           бюджеттік ұйымның, кәсіпорынның, банктің және т.б. атауы)
     
     Үкіметтің қаржылық ресурстарын есептеуге, аударуға және пайдалануға 
байланысты ақшалай құжаттарға тексеру жүргізуді мынадай мамандарға 
тапсырады
     
     1.___________________________________________________________________
     
     2.___________________________________________________________________
     
     3. _____________________________________________________________
                     (аты-жөні, атқаратын қызметі)
     
     
     Қазынашылық басшысы _________________________________________________
                                        (қолы)
     
     
     
                                                            N 2-қосымша
     
             Республикалық бюджеттен қаржы алатын ұйымдардың
           қаражаттарын арнаулы мақсатқа пайдалануға тексерудің
   
                             АКТ ТӘСІМІ
     
                                                 
______ж."______"___________
     
  ________________________________________________________________________
                        (тексерiлетiн ұйымның атауы)
  ___________________________________________________________________
         (қазынашылық органының атауы, тексеру жүргізу тапсырылған

  ___________________________________________________________________
                  тұлғаның лауазымы, аты-жөні)
     
  ___________________________________________________________қатысуымен
        (тексерілетін ұйым мамандарының лауазымы, аты-жөні)
     
    ______________________________________________________-да республикалық
                (ұйымның атауы)
     
     бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттарды арнаулы мақсатқа 
пайдаланылуына тексеру жүргізілді.
     Тексеру қазынашылықтың  _________ж. "______"_______________   N______
     тапсырмасының негізінде және _______ж. ________________-дан
     "______________"ға дейінгі кезең аралығындағы________________________
                                                      (тексерілетін ұйым

     _____________________________________________________________________
       басшысының аты-жөні, лауазымы)
     келісіммен жүзеге асырылды. Тексеру_________басталып,_______ аяқталды.
     Тексеру мынадай құжаттарды қамтыды (тексерілген құжаттардың тізбесін 
көрсету)
    
     ____________________________________________________________
     
     _____________________________________________________________________.
     Тексеру нәтижесінде республикалық бюджет қаражаттарын арнаулы 
мақсатқа пайдалануда мынадай тәртіп бұзушылықтар ашылды (тексерілген 
құжаттарға талдау, бюджеттік қаражаттарды, заңдарды, нұсқаулыққа, 
әдістемелік нұсқауға және басқа да нормативтік құжаттарды пайдалануда 
мұндай тәртіп бұзушылықтарды жіберген тұлғаларды көрсетіп, ашылған тәртіп 
бұзушылықтарды нақтылы және одан әрі мазмұндау келтіріледі):
     ____________________________________________________________
     ____________________________________________________________
     ____________________________________________________________
     
     Қолдары:
     
     Қазынашылық органы                  ________________________
                                            (лауазымы, аты-жөні)
     Тексерілген ұйымның басшысы         ________________________
                                                (аты-жөні)
     
     
                                                          N 3-қосымша


                                                   ҚР Қаржы министрлігінің

Қазынашылық департаменті


                               НҰСҚАМА

     199__жылғы "_____"__________       Тексеру актісінің негізінде берілді
     
     N_____                                                         
                                    ______________________________________
                                        (тексерілетін ұйымның атауы)
                                          ___________________оның коды
        
                                         199____жылғы "___"___________
     
     "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру 
жөніндегі" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 
1526 Жарлығының 3-тармағында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 
30 қазандағы N 1466 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
Қазынашылық департаменті туралы ережесінің 7-тармағына сәйкес және 
жоғарыда көрсетілген Тексеру актісінің негізінде республикалық бюджеттен 
бөлінген және мақсатсыз пайдаланылған бюджет қаражаттарын даусыз тәртіппен 
өндіріп алуды (қайтарып алуды) жүргізілсін.
     
      ____________________________________________________________________
     |     Бюджеттік сыныптама коды                    |     Сомасы       |
     | (мекеме, бағдарлама, ішкі бағдарлама, ерекшелік)|    (санмен)      |
     |_________________________________________________|__________________|
     |                   1                             |        2         |
     |_________________________________________________|__________________|

      Сомасы                                                       барлығы 
         
     
     ________________________________________________________
     
     ______________________________________________________________________
                      (цифрмен және сөзбен)
     
     
     
     Қазынашылықтың басшысы                            _______________
                                                           (қолы)
     
     
                                                           N 4-қосымша
     
       Арнаулы мақсатсыз пайдаланылған республикалық бюджет қаражаттарының
             есеп және оларды бюджетке даусыз тәртіпте өндіріп алуға 
                       (қайтарып алуға) бақылау жасау
                                   КІТАБЫ
   
__________________________________________________________________________
 |Жа  | Тексерілетін ұйымның  | Мақсатсыз пайдалану  | Өткен жылы өндіріп  
 |зба | атауы (бюджеттік ұйым | анықталған бюджеттік |  алынбаған жыл      
 | N  | үшін кодын,           | сыныптама            | басындағы сома      
 |____|_______________________|______________________|_____________________
 |    | шаруашылық жүргізуші  | шығыстарының коды    | Нұсқаманың, өкімнің 
 |    | субъектілер үшін банк |                      | уақыты және N       
 |    | реквизиттерін көрсету)|                      |                     
 |____|_______________________|______________________|_____________________
 | 1  |           2           |          3           |          4          
 |____|_______________________|______________________|_____________________
 _________________________________________________________________________
  |  Өндіріп алуға   |    Өткен жылы өндіріп      |    Келесі жылға        
  |(қайтарып алуға)  | алуды (қайтарып алуды)     | қалдырылған өндіріп    
  |  жататын өткен   |  жүргізу туралы белгі      |     алынбаған          
  |__________________|____________________________|_______________________
  | жылы мақсатсыз   |           |                | (қайтарып алынбаған)   
  | пайдаланылған    |           | Уақыты және    |  соманың қалдығы       
  | ашылған сомалар  |  Сомасы   |      N         | Нұсқаманың, өкімнің    
  | Нұсқаманың,      |           |(нұсқаманың,    |  уақыты және N         
  | өкімнің          |           | өкімнің)       |                        
  | уақыты және N    |           |                |                       
   __________________|___________|________________|________________________
  |        5         |     6     |       7        |            8           
   __________________|___________|________________|_______________________
     
                                                          N 5-қосымша
     __________________________
    |(Төлеушінің банкіне түсті)|                     ___________________
    |__________________________|      ӨКІМ N        |___________________|
                                199__ж.______________
     
     Төлеуші                                     Дебет         Сомасы
     ____________________                      ___________________________
    |СТТН коды           |                     |        |       
    |____________________|         ____________|Шот N   |_________________
     Төлеушiнiң банкi             |            |        |
                                  |Коды        |Несие   |
                                  |____________|________|
                                               |        |
    Алушы________  ____________________________|        |
                   (бюджеттің атауы және осы   |        |
                          кірістерді)          |        |
                                               |        |
    ___________________________________________| Шот N  |_________________
             әкімшіліктендіретін салық         |        |
                                               |        |
    ___________________________________________|        |
              инспекциясының атауы)            |        |
                                               |        |
                                               |        |
     Алушының қаладағы                         |        |
     банкі                     ________________|        |
                              | Коды           |        |
 _____________________________|________________|________|_________________
   Сомасы жазумен                                       |____%, ____теңге
                                                        |
                                                        |___күндік айыпақы 
 _______________________________________________________|_________________
 Салық түрі |Санат|Сынып ! Ішкі сынып|Ерекшелік |Сомасы |Айыпақылармен|   |
 және төлем |     |      |           |                  |бірге сомасы |___|
    мерзімі !     ! 
 ________________ |______|___________|__________|_______|_____________|___|
                  |      |           |          |       |Операциялар  |   |
                  |      |           |          |       | түрі        |   |
  ________________|______|___________|__________|_______|_____________|___|
                  |      |           |          |       |Бекітілген   |   |
                  |      |           |          |       | төлемдер    |___|
 ________________ |______|___________|__________|_______|_____________|___|
                  |      |           |          |       |Бюджет.сынып.|   |
                  |      |           |          |       |тама коды    |   |
 ________________ |______|___________|__________|_______|_____________|___|
                  |      |           |          |       |Кезектегі    |   |
                  |      |           |          |       |төлем        |   |
 ________________ |______|___________|__________|_______|_____________|___|
     
      М.О.
     
           Қолдары                                  199 ж."___"___________
  (қазынашылық және қаржылық органдарының)          банктер жүргізді
     
                                                    Банктің қолдары
     
                                                       N 6-қосымша
     
                     Даусыз тәртіппен өндіріп алынатын
                      (қайтарып алынатын) сомаларға
     
                           ТІЗІЛІМ ХАБАРЛАМАСЫ
     
                    199___жылғы__________________айы үшін
     
     
     
          _________________облысы бойынша облыстық (Алматы қалалық) 
қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
Қазынашылық департаментіне республикалық бюджет қаражаттарын пайдалануды 
тексеру кезінде қаражаттарды мақсатсыз пайдалану фактілері 
анықталғандығын, бұл фактілер бойынша қаражаттарды төмендегі ұйымдардан 
даусыз тәртіпте өндіріп алу (қайтарып алу) қажеттігін хабарлайды.
     
_________________________________________________________________________
 | Бюджеттік ұйымның, |  Ұйымның   |  Бюджеттік сыныптама    |Сомасы, |    
 | кәсіпорынның атауы |   коды     |         коды            | теңге  |   |
 |  (министрліктің,   |(анықтамаға |(мекеме, бағдарлама, ішкі|        |   |
 |ведомоствоның атауы)|  сәйкес)   | бағдарлама, ерекшелік)  |        |    
 |____________________|____________|_________________________|________|____
 |        1           |      2     |           3             |    4   |  5 
 |____________________|____________|_________________________|________|____
 |____________________|____________|_________________________|________|____
     
     Жалпы                                                   сомасы
   
  _______________________________________________________
                   (цифрмен және жазумен)
     
     Қазынашылықтың басшысы _________________________________________
                                          (қолы)
     Күні         
                                                    N 7-қосымша
                                                 ҚР Қаржы министрлігінің
                                                 Қазынашылық департаменті
          
                Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша
     
                                N ҚАУЛЫ 
     
     199__жылғы "_____" ________________
                   (қаулы енгізілген жер)
      
          
     ______________________________________________жұмыс істейтін
                    (қызметі, жұмыс орны)
     
     ____________________________________________________________
                    (тегi, аты, әкесінің аты)
     бюджет қаражаттарын пайдалануды бұзуы туралы материалды
     
     қарастыра келіп,_______________________________________   
            (істі қарау кезінде белгіленген құқық бұзушылықтың себебі)
     
     _________________________________________________________________
     _________________________________________________________________
      
     ___________________________белгіледі
     Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексті және________________
     
     __________________________________________________________________
     __________________________________________________________________
     __________________________________________________________________
     __________________________________________________________баптарын
     
     басшылыққа ала отырып
     
                                   ҚАУЛЫ ЕТТІМ
     
     ___________________________________________________________________
             (тәртіп бұзушының тегі, аты және әкесінің аты)
     ___________________________________________________________________
                 (бұзылған нормативті құжаттардың атауы,
     ____________________________________________________ бұзғаны 
     үшін
                      тармақтардың нөмірлері)
     ____________________________________________________
     сомада
     айыппұл түрінде әкімшілік өндіріп тартылсын
     
     Айыппұл он бес күндiк мерзiм iшiнде төлеуге жатады және мынадай 
     реквизиттерге есептеледi__________________________________
     
     Қазынашылық органының басшысы
     
     М.О.
     
     Қаулыны алды
     
     ___________________________________________________________________
         (әкімшілік жауапкершілікке тартылған тәртіп бұзушының
                         аты-жөні (қолы)
     
                          N ҚАУЛЫ ТYБІРТЕГІ
     
     ___________________________________________________________________
       (тәртіп бұзушының тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны)
     
     ___________________________________________________________________
         (әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны қабылдаған күн)
     
     ___________________________________________________________________
     ___________________________________________________________________
          (іс бойынша материалдар алған лауазымды тұлғаның қолы)
     
     ___________________________________________________________________
     ___________________________________________________________________
         (айыппұл төлегендігі туралы белгі, квитанция нөмірі мен күні)
     
     ___________________________________________________________________
     ___________________________________________________________________
     ___________________________________________________________________
     (айыппұл он бес күндік мерзімде төленбеген жағдайда, оны өндіріп 
     алуға қабылданған шаралар; даусыз өндіріп алу шараларын қолданған
     жағдайда бюджетке айыппұлдарды аудару туралы белгі, төлем 
     тапсырмасының нөмірі мен күні)
     
     Ескерту: Барлық материалдар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 
     іс-қағазда 3 жыл бойы сақталады.
     
     ___________________________________________________________________
     
     Қазынашылықтың басшысы                          ___________________
                                                           (қолы)
     
                                                          N 8-қосымша
     
                  Әкімшілік өндіріп алуды қолдану туралы
          
                                 ХАТТАМА
     
     199 жылғы "____"___________            ____________________________
                                              (хаттама дайындалған жер)
     
     ___________________________________________________тексерген кезде
                   (заңды тұлғаның атауы)
     _________________________________________________________анықталды
               (тәртіп бұзушылықтың толық құрамы)
     
     Көрсетілген тәртіп бұзушылықтарды жібергендер:_____________________
                                                     (аты-жөні, қызметі
     
     ___________________________________________________________________
                жұмыс орны, мекен-жайы, тұрғылықты жері)
     
     Қолданылып жүрген әкімшілік заңдарды басшылыққа ала отырып,
     
     ___________________________________________________________________
                    (тәртіп бұзушының аты-жөні)
     
     _______________________________________________________мың теңге
                         (сомасы сөзбен)
     
     айыппұл түрінде төлетуді ұсынамыз.
     
     ___________________________________________________________________
     
     Қаржы органының басшысы
     М.О.
     
     Тәртіп бұзушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген 
     оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілді
     
     ___________________________________________________________________
       (тәртіп бұзушының қызметі)  (қолы)  (тегі, аты және әкесінің аты)
     
     Хаттама _____________________________________________жіберілді
                    (Қазынашылық органының атауы)
    
     199 жылғы "___"____________
     
     хаттаманың екінші данасын___________________________________алды.
                                (заңды тұлға басшысының аты-жөні)
     
                                                            N 9-қосымша
     
       Бюджеттік қаражаттарды уақытылы есептемегені аудармағаны үшін
     және мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл санкцияларының есеп кітабы
     
 __________________________________________________________________________
| N |Ұйымның атауы,|Күні|Хаттамамен|Тәртіп      |Әкімшілік|Өндіріп|Ескерту 
|р/р|лауазымды тұл.|    |қаулының N|бұзушылықтың|айыппұл  |алынды |        
|   |ғаның аты,    |    |          |түрі        |сомасы   |       |        
|   |фамилиясы,    |    |          |            |         |       |        
|   |әкесінің аты  |    |          |            |         |       |        
|___|______________|____|__________|____________|_________|_______|________
|___|______________|____|__________|____________|_________|_______|________

     
     
     
     
     Оқығандар:    
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.
     
     
     
     
     
     
     
     
      
     
     
     
     
                        
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады