Пайданың ішкі нормасын есептеудің тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрық 1998 жылғы 28 тамыздағы N 411. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 15 қазандағы N 620 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 29 қарашадағы N 421 бұйрығымен.

  ------------------Бұйрықтан үзінді---------------------      

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойыды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

       10. "Пайданың iшкi нормасын есептеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 28 тамыздағы N 411 бұйрығы (N 620 Мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген)...

      Төраға

_______________________________ 

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қыркүйектегі N 1330  P971330_  "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі шарттарды жасасқан кезде роялтидің ставкасын белгілеу Тәртібін, Үстеме пайдаға салынатын салықты есептеу үшін пайданың ішкі нормасын айқындаудың Тәртібін және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі шарттарды жасасқан кезде коммерциялық байқау бонусы мен өндіру бонусының мөлшерлерін есептеудің Тәртібін бекіту туралы" қаулысын орындау үшін: 
      Үстеме пайдаға салынатын салықты есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушының жылдық қолма-қол ақшалар ағысының инфляциясы индексіне үйлестірілген негіздегі пайданың ішкі нормасын есептеудің ұсынылып отырған тәртібі бекітілсін.
      2. Қаржы министрлігінің 1997 жылғы 7 қазандағы N 333 бұйрығы күшін жойған деп танылсын.     

     Қосымшасы 3 парақ.

      Министрдің 
     міндетін атқарушы  

         Үстеме пайдаға салынатын салықтарды есептеу үшін 
       жер қойнауын пайдаланушының жылдық қолма-қол ақша 
       ағысының инфляция индексіне үйлестіру негізінде
          пайданың ішкі нормасын есептеудің тәртібі

      1. Пайданың ішкі нормасы жер қойнауын пайдаланушының жылдық қолма-қол ақша ағысын инфляция индексіне үйлестіру негізінде мынадай формуламен есептеледі:                   

                     ТКҚ (r )
                           1 
     ПІН = r + -------------------- х (r - r ),
            1     ТКҚ (r ) _ ТКҚ (r )   2   1
                        1          2
     мұнда  ПІН - пайданың ішкі нормасы;         

            ТКҚ - таза келтірілген (ағымдағы) құн;            

            r - дисконтирлеу ставкасы (проценттік ставка), мұнда   
      ТКҚ ең 1    аз оң көрсеткішке (ТКҚ(r )) тең;
                                          1
            r   - дисконтирлеу ставкасы (проценттік ставка), мұнда
ТКҚ ең       2    аз теріс көрсеткішке (ТКҚ(r )) тең; 
                                             2
     2. Таза келтірілген құн (ТКҚ) мынадай формуламен айқындалады:
                                                     n 
                ҮҚАА          ҮҚАА               ҮҚАА 
                    1             2 
     ТКҚ @r = ---------- + ----------- +...+ ------------
                     1             2                 n  
                (1+r)         (1+r)             (1+r)    

     мұнда  ТКҚ  - таза келтірілген (ағымдағы) құн;            

            ҮҚАА - уйлестірілген қолма-қол ақша ағысы;            

          @r   - дисконтирлеу ставкасы, мұнда ТКҚ ең аз оң (ТКҚ(r ))
                                                                 1
                  және ең аз теріс (ТКҚ(r )) көрсеткіштеріне тең;
                                         2
            r    - дисконтирлеу ставкасы (проценттік ставка)        

            1,2,...n - уақыт кезеңі (жыл).

      3. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық ақша ағысы жер қойнауын пайдаланушы алған жиынтық жылдық жалпы табысы мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі шарттың әрекет етуі шеңберінде алынған және өндірілген шығыстар арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. 
      4. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі шарттың шеңберіне әрекет етуден алған жиынтық жылдық табысының сомасы Қазақстан Республикасының Салық заңдарына сәйкес анықталады. 
      5. Есепті жылы шарттың әрекет етуі шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстарға іс жүзіндегі шығыстардың мынадай түрлері жатады: 
      1) күрделі шығыстар - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында жинақталатын және салық заңдарына сәйкес пайдаланылатын шығыстар (ашылған кен орындары бар аумақтар жөнінде жасалатын шарттар бойынша бірінші жылғы күрделі шығыстарға шарт жасалған сәтте болған, негізі қорлардың қалдық құны жатқызылады); 
      2) күрделі шығындар мен заем қаражаттары жөніндегі сыйақылар (мүдделер) бойынша пайдаланудың есептелінген сомаларын қоспағанда, салық заңдарына сәйкес шегерімдерге қатысты шығыстар; 
      3) салық заңдарына сәйкес есептелетін, жер қойнауын пайдаланушының табыс салығының және есепті жыл үшін есептелген дивиденттерге салынатын салықтың сомасы, сондай-ақ жыл бойы есептелген үстеме пайдаға салынатын салықтың сомасы. 
      6. Осы Тәртіптің 3-5 тармақтарына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдаланушының жылдық қолма-қол ақша ағысының сомасы, үстеме пайдаға салынатын салықты есептемелеген кезде пайданың ішкі нормасын есептеу мақсатында, инфляция индексіне үйлестіріледі.
      7. Жылдық ақша ағысын инфляцияның индексіне үйлестіру жер қойнауын пайдалану жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейінгі екінші жылдан бастап мынадай формуламен жүргізіледі:     

                       ЖАА (n)
     ҮАА (n) = -----------------------
               (1+ИИ )х(1+ИИ )х(1+ИИ )
                    2       3       n
     мұнда:     

           ЖАА - осы ереженің 3-5 тармақтарына есепті жыл, сәйкес  
                есептелген, жер қойнауын пайдаланушының ақша ағысы;
           ҮАА - инфляция индексіне үйлестірілген ақша ағысы;
           ИИ  - Қазақстан Республикасының Экономика, индустрия
                 және сауда министрлігі тиісті жылға бекіткен
                 инфляция индексі;

           1,2,...n - уақыт кезеңі (жыл).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады