Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар
Z952464_
Жарлығының 40, 42-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары туралы ереже бекітілсін (N 1 Қосымша).
2. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының, Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өкілеттіктері туралы ереже бекітілсін (N 2 Қосымша).
3. Сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер байқаушыларымен, Президенттікке кандидаттың сенім білдірген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүргізетін жұмысында осы Ережелерді басшылыққа алсын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
төрайымы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
1998 жылғы 10 қазандағы N 44/129
қаулысымен N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы
шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
байқаушылары туралы
ЕРЕЖЕ
І. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
байқаушыларын тіркеу тәртібі
1. Байқаушылар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жанында тіркеледі.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша өз отырысында тиісті шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеу туралы шешім қабылдайды.
3. Байқаушылардың өкілеттік мерзімін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға белгіленген үлгідегі куәліктер береді.
ІІ. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдары
байқаушыларының өкілеттіктері
1. Байқаушылардың:
- әрбір учаскедегі дауыс беруге арналған учаскенің ашылуына қатысуға;
- сайлау күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесінде болуға;
- сайлау күні сайлау комиссиясының отырыстарына қатысуға;
- дауыс санау барысын, сондай-ақ сайлау учаскесіндегі дауыс беру нәтижелерін анықтауды бақылауға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"
Z952464_
конституциялық заң күші бар Жарлығының 40 және 42-баптарына сәйкес байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берілмейді.
3. Байқаушылар Қазақстан Республикасы заңдарын немесе халықаралық құқықтың көпшілік таныған қалыптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы олардың тіркеуін кері қайтарып алуға құқылы.
ІІІ. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдары
байқаушыларының қызметін қамтамасыз ету
1. Байқаушылар Қазақстан Республикасы аумағында болған кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамқорлығында (қорғауында) болады.
2. Байқаушылар қызметін материалдық-қаржылық қамтамасыз ету байқаушылар жіберген тараптардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Байқаушылардың өз міндеттерін орындауы кезеңінде тиісті сайлау комиссиялары мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі оларға қажетті көмек көрсетіп отырады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
1998 жылғы 10 қазандағы N 44/129
қаулысымен N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы
қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының, депутаттыққа
кандидаттардың сенім білдірген адамдарының, сондай-ақ
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өкілеттіктері
туралы
ЕРЕЖЕ
І. Қоғамдық бірлестіктердің байқаушыларын
тіркеу тәртібі
1. Қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары қоғамдық бірлестіктердің республикалық және аумақтық бірлестіктерінің ұсынуы бойынша облыстық, Алматы және Астана қалаларының сайлау комиссиялары жанында тіркеледі.
2. Қоғамдық бірлестіктердің байқаушыларын тіркеу туралы шешім аумақтық комиссиялардың отырыстарында қабылданады.
3. Байқаушылардың өкілеттік мерзімін облыстық, Алматы және Астана қалаларының сайлау комиссиялары белгілейді.
4. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне белгіленген үлгідегі куәліктер береді.
5. Дауыс беруге арналған әрбір сайлау учаскесінде әрбір қоғамдық бірлестіктен бір-бірден ғана байқаушы қатыса алады.
ІІ. Қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары мен
Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген
адамдарының өкілеттіктері
1. Қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының және Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдары:
- дауыс беруге арналған учаскелердің ашылуы кезінде әр учаскеде қатысуға;
- сайлау күні сайлау дауыс беруге арналған учаскеде болуға;
- сайлау күні сайлау комиссияларының отырыстарына қатысуға;
- дауыс беру нәтижелерін анықтауды байқауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"
Z952464_
конституциялық заң күші бар Жарлығының 40 және 42-баптарына сәйкес қоғамдық бірлестіктер байқаушыларының және Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарының сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берілмейді.
3. Қоғамдық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы заңдарын бұзған жағдайда тиісті сайлау комиссиялары оларды тіркеуді кері қайтарып алуға құқылы.
ІІІ. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын
жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері туралы
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне куәлігі және редакцияның тапсырмасы болған жағдайда сайлау өткізуге байланысты шараларға қатысуға кепілдік беріледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы