Ескерту. Күші жойылды - ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2006 жылғы 26 шілдедегі N 264 шешімімен.
"Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының І-тармағына сәйкес, І сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
Алматы қаласындағы зираттарда адамдарды жерлеу және күтіп ұстау жөніндегі ережелер бекітілсін, беріліп отыр.
І-сайланған Алматы
қалалық Мәслихаты
XVIII сессиясының төрағасы
І-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
1998 жылғы 25 наурыздағы
І сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының XVIII сессияның
шешіміне қосымша
Алматы қаласында жерлеу
және зираттарды күтіп ұстау
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
1.1. Алматы қаласының зираттары жерлеу рәсімін атқаратын арнайы кәсіпорын қарамағында.
1.2. Бейіт іші жол, жаяусоқпақ, гүлзарларға бөлшектенген және қабырлар қатарға бөлінген.
1.3. Бейіт әкімшілігінде, кіре берісте келіп-кетушінің ережесі, зират жұмыс тәртібі, бейіт ішкі құрылыс-суреті және атқаратын әдет-ғұрыптық қызмет бағасы жазылған баға көрсеткіш болуы шарт.
1.4. Жерлеу рәсімі күнде өткізіледі.
ІІ. Жерлеу тәртібі
2.1. Бейіт әкімшілігі тағайындаған уақытында марқұмды жерлеу парыз.
2.2. Өлім куәлігі көрсеткен соң ғана марқұмды жерлеуге рұқсат беріледі.
2.3. Зират әкімшілігі өлім туралы куәлікке сүйене отыра марқұм деректерін арнайы тіркеу кітабына жазып, қабырына реттік сан береді.
2.4. Әкімшілік жерлеу орнын тегін береді. Қабыр қазу, марқұмды түсіру, орнықтыру,көму, төмпешік көтеру жұмыстары жерлеу кәсіпорыны қызметкерлерінің міндеті.
Марқұмды бөгде адамдар, не туған-туыстар күшімен жерлеу жұмыстарын атқару зират әкімшілігі келісіміне байланысты.
Марқұмды туыстық қабырға жерлеуге рұқсат алу үшін, алдыңғы қаза болған адамның өлімі туралы куәлігін және марқұм туысының атына жазылғаннан, өтініш болуға тиіс.
Қабыр қазу, құлпытас, қоршау қою және басқа қызметтер үшін тапсырыс жерлеу кәсіпорында бекітілген ақы бойынша алынады.
2.5. Марқұм жерлеу қабырына дейін табытта (кейбірде қорғасын табытында) жеткізіледі.
Мұсылман марқұмды арнайы бесікпен жерлеу қабырына, ал шет елге табытқа салып жеткізіледі.
2.6. Жұқпалы аурудан, не көлік апатынан қаза болғандар, бет терісі бұзылуына және мәйітінің іріп-шіруіне байланысты жабық табытта жеткізіледі.
2.7. Басқа аудан, қала, не мемлекетімізден тысқары жерге марқұмды кез-келген көлікпен жеткізуге болады. Өлім туралы куәлікке сүйеніп, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылап отырған жерден марқұмды басқа аймаққа жерлеуге рұқсат-анықтамасын алу керек. Мәйітті сақтау үшін бальзамдап, қорғасын табыттың ішіне мықтап салып, дымқыл өткізбейтін затпен қамтамасыз етіп, сыртынан ағаш қорапты шегелеп, жүк бөлімінде әкетуге дайындау керек.
Марқұмның қаза болған уақытынан жерлеуіне дейін бес тәуліктен аспауы парыз.
2.8. Марқұмның қаза болуына (чума, тырысқақ, табиғи шешек, алапес және т.б.) аса қауіпті жұқпалы аурулар себеп болса онда мәйітті әкетуге рұқсат берілмейді.
Олардың жерленуі ҚР білім, мәдениет, денсаулық министрлігінің арнайы ережесімен реттеледі.
2.9. Медицина-сот тексеруінен өткен кейбір табылған мәйіт дене мүшелері, сондай-ақ суға батқан, үйінен тыс жерде жылдам т.б. жағдайда қаза болған марқұмдардың өлікханада жатқан денесін, не дене мүшелерін, жерлеуге жанашыры, не кәсіпорны жоқ болса, онда олардың жерлеуін осы жұмыспен тікелей айналысатын кәсіпорын, тиісті жерге өлімін тіркетіп, өз міндетіне алады.
2.10. Жерлену ереже бойынша, бөлінген қатардағы зираттарында тегін атқарылады.
2.11. Әрбір жерленуді, зират меңгерушісі арнайы кітапқа жазып отырады:
марқұмның жерленген жылы, күні, айы, моланың реттік саны, аты-жөні, туған, өлген күні, қаза себебі, өлім туралы куәлік алынғаны, оның реттігі, күні, марқұмды жерлеген туысының аты-жөні, мекен-жайы, не кәсіпорын аты, мекені т.б.
ІІІ. Қабыр құрылысы
3.1. Әрбір жерлеуге жер бөлінеді. Қабыр ұзындығы 2 метр, ені 1 м кем болмағаны парыз. Баланыкі - кемдеу.
Қабырлар арасы ұзындық жағынан - 1,0 м. Ал қысқа жағынан - 0,5 м. Кем болмауы керек.
Қабыр тереңдегі топырақ қыртысына және асты суының қашықтығына байланысты, бірақ та ол жердің бетінен табыт қақпағына дейін 1,5 м кем болмауы шарт. Барлық жағдайда қабыр жер асты суынан 05 м жоғары болуы парыз.
Аса жұқпалы аурудан өлгеннің қабыр тереңдігі 2 м болады, түбінен 10 см жоғары хлор әгі салынады.
Әрбір қабыр төмпешігі жерден 0,5 м биік болуы керек. Төмпешік шеттері қабырдан үлкен және оны жауын-шашыннан қорғауға тиісті.
Әрбір төмпешікте жерленгеннен кейін марқұмның аты-жөні, туған, өлген жылы, күні, айы, қабыр реттік саны жазылған темір белгішегі қойылуы парыз.
3.2. Сот-тергеу орындары керек деген жағдайда көр қайтадан қазылып, мәйіттің сүйектері медицина-сот зерттеу-тексеруіне арнайы алынады.
Мәйіт сүйектерінің алынғандығы туралы арнайы тіркеу кітабына жазылады.
3.3. Мәйіт сүйектерін басқа бейіт орындарына, не жабылып қалғандарына жерлеуге рұқсат берілмейді.
Кейбір жағдайда ғана:
а) қабыры болған зират, не оның бөлшегі құртылса рұқсат беріледі;
б) сүйектерін кейбір моладан республикамыздың басқа жерлеріне, не одан тысқары жерлерге жерлейтін болса рұқсат беріледі.
3.4. Мәйіт сүйектерін басқа жерге қайта жерлеуге құмайт қабырынан 1 жыл өтпей, ал сызды жерден 3 жыл өтпей, тиісті санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті бақылайтын орыннан рұқсат алмай қозғалтуға рұқсат етілмейді.
3.5. Екінші рет қабырды пайдалану үшін мәйіттің туыстарының келісімі керек және 20 жылы өткен соң, ал қолайлы топырақта (құмайтты) соңғы жерлеуден 15 жыл өткеннен кейін болады.
IV. Жерленген орындарды жайластыру
және оларды парыздықпен күту
4.1. Жерлеу рәсімін ұйымдастырған азаматтар; бір ай ішінде (қыс мезгілінде 1 мамырға дейін) қабыр төмпешегін ретке келтіру керек, ал одан ары күтіп, тазалап ұстаулары парыз. Дер кезінде қабырдың орнатылған құрылыстарын жөндеп, майлап, араларын тазартып, ал жұмыстарды өз күшімен атқару парыз.
4.2. Қабыр аумағында мына жұмыстарға рұқсат етіледі:
- бетон, не табиғи тастан құлпытас тұрғызуға, гүлзар орнатуға, орындық орнықтыруға;
- қабырдың қоршауына көгілдір, сәндік талшыбықты, гүл отырғызады және өсімдіктерді қырқып тұрады.
Ағаш құлпытасын және үстел, орындықтарды мола аумағынан тыс жерге, не басқа құрылыстарды тұрғызуға рұқсат етілмейді.
4.3. Қабыр құрылысы техникалық және стандарттық тәртіпке сай болуы шарт. Олардың жасалғаны, не сатып алынғаны туралы құжаттары болса, қабыр құрылыстарымен айналысатын кәсіпорын орнықтыру жұмысын орындайды.
4.4. Орнатылған қабыр құрылысы жерлеген туысының: не кәсіпорынның меншігі болып есептелінеді.
4.5. Атақты мемлекет, білім, мәдениет қайраткерлерінің құлпытастары, сондай-ақ тарихи-көркемдік, құнды сәулетті бейіт құлпытастары, осыларды орнатқан адамдардың келісімі бойынша мемлекеттік заттар қоры қатарына алынады.
4.6. Ескірген қабыр құрылысы туралы зират әкімшілігі марқұм туыстарына хабарлауы парыз.
V. Зират ішкі тәртібі
5.1. Бейіт келіп-кетушіге күнде ашық болуы керек.
1 сәуірден - 1 қыркүйекке дейін сағ. 8.00-19.00
2 қыркүйектен - 1 сәуірге дейін сағ. 9.00-17.00
Жерлеу рәсімі сағ. 9.00-17.00 дейін өткізіледі.
5.2. Зиратта (көлік жолы, жаясоқпақ, гүлзар т.б.) көпшілік пайданалатын орындар таза болуы үшін қоқымнан, түсетін жапырақтардан тазартып тұру, ал қыс мезгілінде, қажет болса құм төгіп қою керек.
Көгілдір өсімдіктерге күту жұмыстарын атқарып отыру парыз.
5.3. Жерлеу жұмыстарына өкілетті әкімшілігі міндетті:
а) тазалық және тәртіпті өз аумағында сақтау, бейітте жайластырушылық жұмыстарын ұйымдастыру;
б) бейіт үйлерін, өткел жолдарын, жаяусоқпақтарды, канализация, электр, су тамақтарын және басқа құрылыстарын жөнді, қалыпта ұстаулары керек;
в) азаматтар мен кәсіпорындардан, бейітте қабыр қазуға, жерлеуге, көмуге, құрылыс жұмыстарына сәйкес түскен тапсырысты дер кезінде қабылдап, орындаулары керек.
Азаматтар, жерлеуді ұйымдастырған кәсіпорын кассасы арқылы бекітілген, баға бойынша атқарылған жұмыстары үшін ақы төлеуі керек.
Бекітілген тәртіптен басқа, бейіт жұмыскерлеріне атқаратын жұмыстары үшін үстеме ақы алуға рұқсат етілмейді;
г) бейітті көгалдандыру жұмысын ұйымдастыру және көпшілік пайдаланатын көшет егістерді күту;
е) мемлекет қарауына алынған ҰОС қайтыс болғандардың әскери бауырластық мола құрылыстарын күту және абаттандыру.
VI. Зиратқа келіп-кету тәртіп ережесі және
құқығы мен борышы
6.1. Бейіт аумағында келіп-кетушілер қоғамдық тәртіпті сақтауы парыз.
6.2. Бейітте рұқсат етілмейді:
- жабылғаннан кейін болуға;
- мас болып жүруге;
- бейіт аумағына (ішіне) авто-көлікпен кіруге;
(автокатафалоктан, марқұмды алып келе жатқанда; жерлеу қызметін атқаратын басқа кәсіпорын арнайы көліктерінен басқалар).
Ескерту: Мүгедектер мен өте қартайғандарға жеңіл машинамен бейіт аумағында жүруге болады;
- бөгде адамдар әдет-ғұрып зираттарын (азагүлдер, табыттар т.б.) сатуға және ақы алу үшін жерлеуге қатысуға тыйым салынады;
- алау жағуға болмайды;
- құлпытастарды бүлдіруге, қоқымдауға зират ішінде болмайды.
6.3. Бейітте, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, азаматтар Қазақстан Республикасында қолданылып отырған заңдарға сәйкес жауапқа тартылады.
І сайланған Алматы
қалалық Мәслихаты
XVII сессиясының төрағасы
І сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
хатшысы