1999 жылғы қала бюджетi туралы

Күшін жойған

І сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХІІІ сессиясының 1998 жылғы 25 желтоқсандағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1999 жылғы 17 қаңтарда N 30 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 19 мамырдағы N 559 хатымен.

       Ескерту. Бюджет классификациясының өзгеруіне сәйкес бюджетті өзгерту қарастырылды - Алматы қалалық Мәслихатының шешімімен І сайланған ХХV сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы. және Алматы қалалық Мәслихатының шешімімен І сайланған ХХҮІ сессиясының 1999 жылғы 15 шілдедегі I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 1999 жылғы Алматы қаласының бюджетi қосымша сәйкес 29351115 мың теңге болып бекiтiлсiн. Алматы қаласының әкiмi қала бюджетi мен   аудан бюджеттерiн қосымшаға сәйкес бекiтсiн. <*>
      Ескерту. 1 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      Ескерту. 2, 3, 4, 5 тармақтар алынды - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      2-1. "Бюджет жүйесі туралы" Z990357_  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қала бюджетінің кірістері мыналардың есебінен құрылады деп белгіленсін:
      а) салықтардан, алымдардан және бюджетке басқа міндетті төлемдерден:
      заңды тұлғалардың табыс салығы    - 50%
      акциздерден:
      араққа                            - 50%
      ликер-арақ бұйымдарына            - 50%
      шарапқа                           - 50%
      коньякқа                          - 50%
      ақ қайнарға                       - 50%
      сыраға                            - 50%
      күшейтілген сусындарға,
      күшейтілген шырындар мен
      бальзамдарға                      - 50%
      шарап материалдарына              - 50%
      ойын бизнесі;
      жеке тұлғалардың табыс салығы;
      әлеуметтік салық;
      заңды және жеке тұлғалар мүлігінің салығы;
      жер салығы;
      көлік құралдарының салығы;
      кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларды тіркегендігі үшін алынатын алым;
      қызметтік жекелеген түрлерімен шұғылдануға құқық беретін лицензиялық алым;
      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркенгендігі үшін алынатын алым;
      аукциондық сатылымдардан алынатын алым;
      базарларда тауар өткізу құқығы үшін алынатын алым;
      заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін заңға сәйкес өздерінің фирмалық атауларында, қызмет белгілерінде, тауар белгілерінде пайдаланғандығы үшін алынатын алым;
      су үшін төлем.
      б) Салықтық емес түсімдер:
      коммуналдық меншік болып табылатын акциялар пакеттері дивидендтерінің түсімі;
      жергілікті атқарушы органдардың лотерея өткізуінен түскен кірістер түсімі;
      жергілікті бюджеттен кредит бергендігі үшін алынған сыйақы (мүдделер);
      жергілікті өкілді және атқарушы органға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемеге тиесілі мүлікті сатудан түскен түсім;
      жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтерден түскен түсім;
      коммуналдық меншік мүлігін жалдаудан түскен түсім;
      заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер ұйымдастырған мемлекеттік сатып алуды өткізуден түскен ақша түсімі;
      жер учаскелерін жалға беруден түскен түсім;
      айналадағы ортаны қорғаудың жергілікті мемлекеттік қорына айналадағы ортаны ластағаны үшін алынатын 50 процент көлеміндегі төлемдер;
      қозғалмайтын мүлікті құқығын және онымен мәмілені мемлекеттік тіркеу үшін төлем;
      мемлекеттік тіркеу үшін төлем;
      мемлекеттік баж салығы;
      басқа әкімшілік алымдар;
      Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылған жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер алатын әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар;
      Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылған басқа салықтық емес және өзге түсімдер.
      в) Капитал мен операция жасаудан түскен кірістер:
      коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсім;
      2) алынған ресми трансферттер (гранттар):
      заңды және жеке тұлғалардан немесе шет елдік мемлекеттерден;
      жоғары тұрған бюджеттен;
      3) жергілікті бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеу.<*>
      Ескерту. 2-1 тармақпен толықтырылды - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.   
      6. Заңды тұлғаны құрмай кәсiпкерлiкпен шұғылданатын жеке тұлғалар айына әрбiр қызметкер үшiн айлық есептеме көрсеткiшiнiң 49 процентi көлемiнде әлеуметтiк салық төлейдi, сондай-ақ, қосымша оны алуға байланысты шығындарды шегере отыра негiзгi құралдарды алу, оларды орнату жөнiндегi шығын мен "Салық және бюджетке басқа мiндеттi төлемдер туралы"  Z952235_ Конституциялық Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлығына сәйкес күрделi сипаттағы өзге шығындардан басқа айлық кiрiстiң немесе патент көлемiн белгiлеу кезiнде (патент негiзiнде қызмет жасайтын жеке тұлғалар үшiн) мәлiмделген болжанған салық салынатын айлық кiрiстiң 5 процентiн төлейдi. 
      7. Шетел азаматтарының жалақысы бөлiмiнде жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк салық ставкасын есептеудiң төмендегi тәртiбi белгiленсiн:
      - айына бес еселiк айлық есептеме көрсеткiшi - әрбiр шетел маманы үшiн;
      - айына он еселiк айлық есептеме көрсеткiшi - әрбiр шетел маманы үшiн.
      Шетелдiк азаматтар жалақысы бөлiмiндегi жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк салығы "Салық және бюджетке басқа мiндеттi басқа төлемдер туралы" Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен белгiленген тәртiп пен көлемде белгiленедi.
      8. Төлемшiлердiң Зейнетақы қоры, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық әлеуметтiк сақтандыру қоры, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жарналары бойынша қарыздарын әлеуметтiк салық есебiне аударатындығы, сондай-ақ, өткен мерзiм үшiн автомобиль жолдарын пайдаланушылардың (бұрын жол қорына түсетiн) ақша аударатындығы белгiленсiн.
      9. Салықтық және салықтық емес төлемдердiң Алматы қаласының қазыналығындағы қала бюджетiне түсетiндiгi белгiленсiн.
      10. Аудандық бюджет кiрiстерiнiң қала бюджетiнен берiлетiн қаражат есебiнен абсолюттiк сомада өзара есеп айырысу жолымен құралатындығы белгiленсiн.
      11. 1999 жылғы қала бюджетi қаражатының әлеуметтiк сала мекемелерiн қаржыландыру, қала шаруашылығы салаларының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге жұмсалатындығы белгiленсiн.
      12. Қала бюджетiнде атқарушы және заң шығарушы органдарды ұстау мен жалпы сипаттағы қызмет үшiн 236034 мың теңге сомасында қаражат бекiтiлсiн.<*>
      Ескерту. 12 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      13. Қорғаныс үшiн 192286 мың теңге шығын белгiленсiн.<*>
      Ескерту. 13 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      14. Қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiк бойынша шығындарды қаржыландыруға 885706 мың теңге бекiтiлсiн.<*>
      Ескерту. 14 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      15. Бiлiм мекемелерiн ұстау үшiн 4408033 мың теңге бекiтiлсiн. <*>
      Ескерту. 15 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      16. Денсаулық сақтау мекемелерiн ұстау үшiн 3763021 мың теңге бекiтiлсiн.
      1999 жылғы қала бюджеті шығыстарының құрамында медициналық көмектің тегін кепілді көлемі бойынша және қор ұстаушы үлгілері жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға қаражат қарастырылғандығы ескерілсін. 
      Медициналық көмектің тегін кепілді көлемі бойынша мемлекеттік тапсырыс шегінде әкімші болып Медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі орталықтың Алматы қалалық бөлімшесі белгіленсін. <*>
      Ескерту. 16 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      17. Медицина қондырғылары, дәрi-дәрмектiң жекелеген түрлерiн алуға (қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен ММСҚ АҚБ тiзбесi бойынша) емдеу-сақтандыру мекемелерiнiң жекелеген азаматтарын дәрi-дәрмекпен қамсыздандыруға кететiн шығынды, сондай-ақ, "Алматы Пауэр Консолидейтед" "Алматыжылукоммунэнерго" АҚ босататын жылы және ыстық су үшiн есеп айырысуға арналған қаражатты және бiлiм мен денсаулық сақтау мекемелерiн күрделi жөндеуге жұмсалатын шығынды орталықтандыру қажет деп танылсын.
      18. Әлеуметтiк сақтандыру мен әлеуметтiк қамсыздандыру жүргiзу үшiн 1728869 мың теңге сомасында қаражат бекiтiлсiн.
      Қала бюджеті шығыстарының құрамында қоғамдық жұмыстарға, жұмыссыздарды кәсіби даярлау мен қайта даярлауға, жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға көмектесуге қаражат қарастырылсын.
      1999 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы қаласының барлық санаттағы зейнеткерлеріне бұрын берілген ыстық су, 18 м2 норма шегіндегі орталықтандырылған жылыту, газ, суық су мен канализация үшін тарифтік ставкалардың 50 проценті көлемінде коммуналдық қызметтердің төлемі жөніндегі жеңілдіктердің орнына айлық есептемелік көрсеткіштің 0,5 көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы белгіленсін.
      Қала бюджетінде туған балаға, адамдарды жерлеуге және жұмыссыздарға көмек бойынша шығындардың қарастырылғандығы ескерілсін.<*>
      Ескерту. 18 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      19. Қала аумағын көрiктендiру, оны көгалдандыру жұмыстарын жүргiзуге 622000 мың теңге сомасында қаражат бекiтiлсiн.
      20. Мәдениет салалары мекемелерiн ұстауға, спорт жөнiндегi шараларға және ақпарат кеңiстiгi үшiн 372332 мың теңге қаражат   бекiтiлсiн.<*>
      Ескерту. 20 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      21. Қоршаған ортаны қорғау қоры бойынша шаралар үшiн 70000 мың теңге қаражат бекiтiлсiн.<*>
      Ескерту. 21 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      22. Жобалау-iздестiру, конструкторлық жұмыстар үшiн 42000 мың теңге қаражат қарастырылсын.
      23. Автомобиль жолдарын қалпына келтiру мен қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге кететiн шығындар үшiн қала бюджетiнен 431816 мың теңге ескерiлсiн.<*>
      Ескерту. 23 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      24. Шағын және орта бизнестi қолдау үшiн 50000 мың теңге сомасында қаражат бекiтiлсiн.
      25. 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап жергiлiктi бюджеттер құрамында жұмыспен қамту бағдарламасын iске асыру үшiн қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудi, ҰОС мүгедектерi мен қатысушыларын баспасөзге жазуға, ҰОС мүгедектерiне, қатысушыларына және азаматтардың кейбiр санаттарына байланыс үшiн әлеуметтiк көмек көрсетудi қоса алғанда қаражат қарастырылатындығы ескерiлсiн.
      26. Қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының шығындарында ҰОС мүгедектерiнiң, азаматтардың кейбiр санаттарының тiс протездерi мен көзәйнек оптикасы бойынша әлеуметтiк көмек көрсетуi үшiн қаражат ескерiлсiн.
      27. Қала Әкiмiнiң резерв қоры 263000 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.<*>
      Ескерту. 27 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.
      28. 2000 жылдың 1 қаңтарында қала бюджетi бойынша қолға берiлетiн ақшаның айналымдағы резерв қорының көлемi 300000 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
      29. Алматы қаласы бойынша салық комитетi қарастырылған қаражаттың бюджетке өз уақытында және толық түсуiн қамтамасыз етсiн.
      30. Әлеуметтiк-экономикалық саясат мәселесi бойынша жедел шешiм қабылдау үшiн қала әкiмiне бюджеттiң атқарылу процесiнде бюджет бөлiнiсiн нақтылау мен өзгерiс құқығы берiлiп, олар артынша Мәслихатта бекiтiлсiн.
      31. Есеп беру жылының аяғында қала бюджетi бойынша қалыптасқан кiрiстердiң шығыстардан артығы қала әкiмiнiң иелiгiнде қалады және оның өкiмi бойынша айналымдағы кассалық қолға берiлетiн ақшаны көбейтуге және кезек күттiрмейтiн мұқтажға жұмсалады.

I сайланған Алматы қалалық
Мәслихаты ХХIII сессиясының
төрағасы I сайланған   
Алматы қалалық Мәслихатының
хатшысы I сайланған  
Алматы қалалық Мәслихатының»
1998 жылғы 25 желтоқсандағы
ХХIII сессиясының шешiмiне
N 1 қосымша     

"1999 жылға арналған Алматы қаласының" БЮДЖЕТI

КIРIСТЕР<*>

Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда мазмұндалған - Алматы қалалық Мәслихатының І сайланған ХХҮ сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы шешімімен.  V99r061_

мың теңге

---------------------------------------------------------------------------

Санат                                                      !  

  Сынып                                                    ! Өзгерiстi

    Кiшi сынып                                             ! ескергендегi

      Ерекшелiк                                            ! бюджет

---------------------------------------------------------------------------

1!2!3!4!                        5                          !       6

---------------------------------------------------------------------------

1       Салық түсiмдерi                                        27251885

  1     Кiрiстерге салынатын табыс салығы                      13328981

    1   Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы                4656586

    2   Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы                 8672395

      1 Жеке тұлғалардың көлем төлемiнен ұсталатын табыс 

        салығы                                                 7334935

      2 Кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардан 

        алынатын табыс салығы                                  1337460

  3     Әлеуметтiк салық                                       9214000

  4     Меншiк салығы                                          3172998

    1   Мүлiк салығы                                           1652750

      1 Заңды тұлғалар мүлкiне салынатын салық<*>              1488488

     Ескерту. Айқындама өзгертілді - Алматы қалалық 

Мәслихатының шешімімен І сайланған ХХҮІ сессиясының 1999 жылғы 

15 шілдедегі. 

      2 Жеке тұлғалар мүлкiне салынатын салық                  219186

    3   Жер салығы                                             906394

    4   Көлiк құралдарына салынатын салық                      613854

      1 Заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық    282933

      2 Жеке тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық     330921

  5     Тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетуге салынатын 

        iшкi салық                                             1511732

    2   Акциздер<*>                                            361068

     Ескерту. Айқындама өзгертілді - Алматы қалалық 

Мәслихатының шешімімен І сайланған ХХҮІ сессиясының 1999 жылғы 

15 шілдедегі.  

      2 Арақ                                                   191385

      3 Ликер арақ бұйымдары                                   11827

      4 Шарап                                                  18944

      5 Коньяк                                                 15000

      6 Аққайнар                                               8601

      7 Сыра                                                   67328

      8 Күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен 

        бальзамдар                                             43007

     23 Ойын бизнесi                                           59900

    3   Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн алынатын төлем    3480

      3 Су төлемi                                              3480

    4   Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн 

        алынатын төлем                                         1092260

      1 Кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларды 

        тiркеуден өткiзгенi үшiн алынатын алым                 13600

      2 Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу үшiн алынатын 

        алым                                                   121900

      3 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым       65300

      4 Аукциондық сатылымнан алынатын алым                    2180

      5 Базарларда тауар сату құқығы үшiн алынатын алым        889280

  7     Басқа салықтар                                         24174

    1   Басқа салықтар                                         24174

      1 Қарыздар түсiмi                                        24174

2       Салықтық емес түсiмдер                                 1682066

  1     Кәсiпкерлiк қызмет пен меншiктен түскен кiрiс          707398

    2   Заңды тұлғалар мен қаржы мекемелерiнiң салықтық емес 

        түсiмдерi                                              707398

      5 Тәркiленген, иесiз мүлiктi, мемлекет мұралығына 

        көшкен мүлiктi, қазынаны, олжаны өткiзуден түскен 

        түсiм                                                  1110

      6 Республика iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындар мен 

        мемлекеттiк қаржы мекемелерiнiң берген несиелерi 

        мен кредиттерi үшiн алынған проценттер                  1188

      8 Меншiк құқығын, жер пайдалану құқығын, жер учаскелерiн 

        жалдауды қоса алғанда сатудан түскен түсiм             680500

     12 Мемлекеттiк кәсiпорындарға тиесiлi мүлiктi сатудан 

        түскен түсiм                                           24600

  2     Әкiмшiлiк алымдары мен төлемдерi, коммерциялық емес 

        және көлденең»сатудан түскен кiрiстер                  549165

    1   Әкiмшiлiктiк алымдар                                   223550

      3 Әкiмшiлiктiк тұтқындалған тұлғалар орындайтын жұмыстар 

        мен қызметтердi ұйымдастырудан түскен түсiм            30550

      4 Қозғалмайтын мүлiк құқығы мен онымен мәмiленi 

        мемлекеттiк тiркегендiгi үшiн төлем                    25200

      9 Қылмыстық түзету инспекциясынан алынған кiрiстер       2200

     12 Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем                   165600

    2   Баж салығы                                             291215

      1 Мемлекеттiк баж салығы                                 291215

    3   Басқа төлемдер және коммерциялық емес және көлденең»            

        сатылымдардан түскен кiрiс                             34400

      1 Мемлекеттiк мүлiктi жалдау мен сатудан түскен кiрiс    24600

    9   Басқа төлемдер және коммерциялық емес және көлденең»            

        сатылымдардан түскен кiрiс                             9800

  3     Айыптар мен санкциялар бойынша түсiм                   317263

    1   Айыптар мен санкциялар бойынша түсiм                   317263

      1 Әкiмшiлiктiк айыппұл мен басқа санкциялар (жасырған 

        салық бойынша салық органдары салғаннан басқа)         226700

      2 Медициналық айықтырғышқа орналасқан тұлғалар 

        төлемдерiнiң»түсiмi                                    15000

      3 Стандарттар талаптары мен сертификаттау тәртiбiне сай 

        емес өнiмдi, жұмыс пен қызметтi өткiзуден алынған 

        кiрiс жиынының түсiмi                                  3800

      9 Басқа санкциялар мен айыппұлдар                        53363

     10 Табиғат қорғау заңын бұзғандығы үшiн алынатын айыппұл  18400

  5     Басқа салықтық емес түсiмдер                           108240

    1   Басқа салықтық емес түсiмдер                           108240

      9 Басқа салықтық емес түсiмдер                           108240

3       Капитал мен операция жасаудан түскен кiрiстер          268352

  1     Негiзгi капиталды сату                                 268352

    1   Негiзгi капиталды сату                                 268352

      4 Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiруден 

        түскен түсiм                                           268352

4       Алынған ресми трансферттер                              100000

  2     Жоғарғы басқару органдарының трансфертi                100000

    1   Республикалық бюджет трансфертi                        100000

      2 Капиталдық                                             100000

5       Басқа iшкi кредиттi өтеу                               48812

  1     Бұрын берiлген кредиттi өтеу                           48812

    5   Iшкi кредиттеудi өтеудiң басқа түрлерi                 48812

      9 Өзге iшкi кредиттеудi өтеу                             48812

---------------------------------------------------------------------------

              КIРIСТЕР жиыны                                         29351115

---------------------------------------------------------------------------

                         ШЫҒЫСТАР

--------------------------------------------------------------------------

Функционалдық топ                                            !

  Мiндетө                                                    !  Өзгерiстi

    Мекеме                    А т а у ы                      ! ескергендегi

      Бағдарлама                                             !   бюджет

        Кiшi бағдарлама                                      !

---------------------------------------------------------------------------

1!2!3!4!5!                      6                            !      7

---------------------------------------------------------------------------

1         Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер                236034

  1       Өкiлдi, атқарушы және мемлекеттiк басқарудың жалпы 

          мiндетiн атқаратын басқа органдар                    202755

    103   Жергiлiктi өкiлдi органдар аппараты                  3492

      2   Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiктiк шығындар          3492

        2 Аумақтық органдар аппараты                           3492

    105   Әкiмдер аппараттары                                  199263

      2   Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiктiк шығындар          199263

        2 Аумақтық органдар аппараты                           199263

  5       Жоспарлау және статистикалық қызмет                  33279

    105   Әкiмдер аппараттары                                  10000

      51  Жергiлiктi деңгейдегi халық санағын жүргiзу          10000

    256   Экономиканы, индустрияны және сауданы басқару        23279

      2   Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiктiк шығындар          23279

        2 Аумақтық органдар аппараты                           23279

2         Қорғаныс                                             192286

  2       Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру      192286

    105   Әкiмдер аппараты                                     192286

      31  Төтенше жағдай жөнiндегi штабтар жұмысын ұйымдастыру 6915

      32  Жергiлiктi деңгейдегi төтенше жағдайларды жою        185261

       30 Өрт қызметi                                          183015

       31 Судан құтқару қызметi                                2246

     33   Төтенше жағдайлар жөнiндегi штабтарды 

          материалдық-техникалық құралдармен қамсыздандыру     110

3         Қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiк                      885706

  1       Құқық қорғау қызметi                                 872706

    105   Әкiмдер аппараты                                     40000

      44  Қалалар мен елдi мекендерде жол қозғалысын реттеу    40000

    251   Iшкi iстер басқармасы                                832706

      2   Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiктiк шығындар          786384

        2 Аумақтық органдар аппараты                           786384

      30  Қоғамдық тәртiптi қорғау және жергiлiктi деңгейде 

          қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету                46322

       30 Айықтырғыш жұмысын ұйымдастыратын айықтырғыштар мен 

          милиция құрылымдары                                  13000

       31 Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу 

          және оңалту орталығы                                 14000

       32 Белгiлi тұрағы мен құжаты жоқ тұлғаларға арналған 

          қабылдау тұрақтары                                   17522

       33 Әкiмшiлiктiк тәртiппен тұтқындалған тұлғаларға 

          арналған арнайы тұрақтар                             1800

  2       Құқықтық қызмет                                      13000

    105   Әкiмдер аппараты                                     13000

      66  Нотариалдық iс-әрекеттердi жасауды ұйымдастыру       13000

       30 Нотариалдық кеңселер                                 13000

4         Бiлiм                                                4408033

  1       Мектепке дейiнгi бiлiм                               505223

    253   Бiлiм басқармасы                                     505223

      36  Мектеп жасына дейiнгi балаларды дамыту               505223

  2       Бастауыш және орта бiлiм                             3514729

    253   Бiлiм басқармасы                                     3463621

      20  Жергiлiктi деңгейдегi жалпы бiлiм беру               3452948

       30 Арнайы мектептер                                     11019

       32 Ерекше режимдегi мектеп-интернаттар                  284822

       33 Бастауыш, толық емес орта және орта мектептер        3096051

       34 Мектеп-интернаттар                                   29537

       35 Арнайы мектеп-интернаттар                            31519

      32  Жергiлiктi деңгейдегi орта бiлiм жүйесiн 

          ақпараттандыру                                       10673

    255   Туризм және спорт басқармасы                         51108

      20  Жергiлiктi деңгейдегi жалпы бiлiм беру               51108

       31 Спорт мектептерi                                     51108

  3       Кәсiптiк-техникалық бiлiм                            144936

    253   Бiлiм басқармасы                                     144936

      31  Кәсiби-техникалық бiлiм                              144936

       30 Кәсiби-техникалық мектептер                          143794

       31 Арнайы кәсiби-техникалық мектептер                   1142

  4       Арнайы орта бiлiм                                    225152

    253   Бiлiм басқармасы                                     197194

      8   Жергiлiктi деңгейде орта арнаулы оқу орындары 

          кадрларын даярлау                                    197194

    254   Денсаулық сақтау басқармасы                          27958

      8   Жергiлiктi деңгейде орта арнаулы оқу орындары 

          кадрларын даярлау                                    27958

  5       Кадрларды қайта даярлау                              10026

    253   Бiлiм басқармасы                                     10026

      11  Жергiлiктi деңгейде кадрларды қайта даярлау          10026

        6 Мемлекеттiк мекемелер кадрларын қайта даярлау        10026

  9       Бiлiм саласындағы басқа да қызметтер                 7967

    253   Бiлiм басқармасы                                     7967

      2   Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiктiк шығын             7967

       31 Аудандық бiлiм бөлiмдерi                             3304

       32 Қалалық бiлiм бөлiмдерi                              4663

5         Денсаулық сақтау                                     3763021

  1       Сан салалы ауруханалар                               16000

    251   Iшкi iстер басқармасы                                16000

      31  Жергiлiктi деңгейдегi сан салалы ауруханалар         16000

       30 Госпитальдар                                         16000

  2       Халық денсаулығын сақтау                             136585

    254   Денсаулық сақтау басқармасы                          136585

      31  Жергiлiктi деңгейдегi медициналық орталықтар         19817

       30 СПИД-тiң»алдын алу және күрес жөнiндегi облыстық 

          орталықтар                                           19817

      33  Жергiлiктi деңгейдегi эпидемиямен күрес              19000

      39  Жергiлiктi деңгейдегi қауiптi инфекцияның алдын 

          алу және күрес                                       95068

       30 Облыстық, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық 

          станциялар                                           95068

      41  Жергiлiктi деңгейдегi салауатты өмiр салтын 

          насихаттау                                           2700

  3       Арнайы медициналық көмек                             479264

    254   Денсаулық сақтау басқармасы                          479264

      30  Жергiлiктi деңгейдегi арнайы ауруханалар             280653

       30 Облыстық, клиникалық, психоневрологиялық ауруханалар 97449

       31 Инфекциялық ауруханалар                              183204

      32  Жергiлiктi деңгейде орындалатын "Туберкулез" 

          бағдарламасы                                         187799

       30 Туберкулез ауруханалары                              132870

       32 Туберкулез санаторийлерi                             54929

      40  ҰОС ардагерлерi мен мүгедектерiне арналған 

          ауруханалар мен поликлиникалар                       10812

  5       Медициналық қызметтiң басқа түрлерi                  3124019

    254   Денсаулық сақтау басқармасы                          3124019

      35  Қор ұстау үлгiсi бойынша бастапқы медициналық-

          санитарлық көмек көрсету                             617360

      36  Жергiлiктi деңгейде халыққа медициналық көмектiң 

          кепiлдi көлемiн көрсету                              2174450

      37  Жедел жәрдем көмегi                                  297657

      38  Облыс халқының денсаулығын сақтау жөнiндегi басқа 

          қызметтер                                            34552

       31 Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрi-дәрмекпен 

          қамсыздандыру                                        32400

       33 Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы         2152

  9       Денсаулық сақтау саласындағы басқа қызметтер         7153

    254   Денсаулық сақтау басқармасы                          7153

      2   Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiктiк шығындар          7153

        3 Облыстық басқармалар аппараттары                     7153

6         Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру       1728869

          Әскери қызметшiлердiң ақшалай өтемi (мерзiмдiк 

          қызметтегiден басқалары)                             16985

          Iшкi iстер органдарының әскери қызметшiлерiнiң 

          ақшалай өтемi                                        47414

          Арнайы мемлекеттiк жәрдем                            326677

  1       Әлеуметтiк жәрдем                                    317917

    253   Бiлiм басқармасы                                     79332

      6   Балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру                   79332

       30 Балалар үйлерi                                       78782

       31 Қамқорсыз қалған, отбасылық үлгiдегi балалар үйi 

          мен қабылдау алған отбасыларындағы жетiм балаларға 

          мемлекеттiк көмек                                    550

    254   Денсаулық сақтау басқармасы                          103916

      6   Балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру                   103916

       30 Балалар үйi                                          103916

    258   Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау 

          басқармасы                                           134669

      32  Жергiлiктi деңгейде интернат үлгiсiндегi мекемелер 

          арқылы көрсетiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру         134539

       30 Жасөспiрiм мүгедектерге арналған мектеп-интернаттар 

          мен психоневрологиялық интернат үйлер                35352

       31 Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi 

          интернат-үйлер                                       68571

       32 Үйге әлеуметтiк көрсететiн аумақтық орталықтар мен 

          бөлiмшелер                                           30616

      54  4-тен артық баласы жұмыс iстемейтiн аналарға жәрдем  130

  2       Әлеуметтiк қамсыздандыру                             965239

    258   Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау 

          басқармасы                                           965239

      30  Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыс, 

          жұмыссыздарды кәсiби даярлау мен қайта даярлау)      63000

      31  Тұрғын үй көмегi тұрмысы нашар азаматтарға әлеуметтiк 

          көмек көрсету (балалар мен жұмыссыздары бар 

          отбасыларға көмек                                    411674

       30 Тұрғын үй жәрдемақысы                                230000

       31 Баласы бар отбасыларға көмек                         124584

       32 Туған балаға әлеуметтiк көмек                        18860

       33 Жұмыс iстейтiн азаматтарды жерлеу үшiн әлеуметтiк 

          көмек                                                10032

       34 Жұмыссыздарға материалдық көмек                      28198

      35  Газ бойынша әлеуметтiк көмек                         48067

      37  Сұйық отын бойынша әлеуметтiк көмек                  338

      38  Тұрғын-үй коммуналдық қызметi бойынша әлеуметтiк 

          көмек                                                297846

      39  Таксиден басқа жалпы пайдаланатын көлiкте жүру 

          бойынша әлеуметтiк көмек                             60000

      40  Электр энергиясы бойынша әлеуметтiк көмек            25123

      41  Санаториялық емдеу бойынша әлеуметтiк көмек          19500

      44  Бензин алу бойынша әлеуметтiк көмек                  3965

      49  Байланыс бойынша әлеуметтiк көмек                    13500

      51  Арнайы қозғалыс құралдарымен қамсыздандыру және 

          оларға техникалық қызмет көрсету                     18940

      56  Үйде мүгедек балаларды тәрбиелейтiн отбасыларға 

          материалдық қамсыздандыру                            3286

  9       Әлеуметтiк көмек пен әлеуметтiк қамсыздандыру 

          саласындағы басқа да қызметтер                       54637

    258   Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк 

          қорғау басқармасы                                    54637

      2   Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiктiк шығындар          47335

       30 Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк 

          қамсыздандырудың жергiлiктi органдары                47335

      33  Жергiлiктi деңгейдегi медициналық-әлеуметтiк сарап   7302

       30 Облыстық, қалалық және аудандық медициналық-

          әлеуметтiк сарап комиссиялары                        7302

7         Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы                    615000

  1       Тұрғын-үй шаруашылығы                                 190000

    105   Әкiмдер аппараттары                                  190000

      43  Тұрғын-үй шаруашылығы                                 190000

       30 Аса мұқтаж адамдарды тұрғын-үймен қамтамасыз ету     190000

  4       Санитарлық жұмыстар                                  138000

    105   Әкiмдер аппараттары                                  138000

      35  Қоқыс пен басқа да қалдықтарды жинау мен тасу, 

          канализация жүйесiн пайдалану және көшелердi тазалау 138000

  5       Қала көшелерiн жарықтандыру                          84000

    105   Әкiмдер аппараттары                                  84000

      36  Көше жарығы бойынша жұмыстарды жүргiзу мен 

          ұйымдастыру                                          84000

  6       Қала мен елдi мекендердi көрiктендiру                203000

    105   Әкiмдер аппараттары                                  203000

      37  Қала мен елдi мекендердi көгалдандыру жөнiндегi 

          жұмыстар                                             194300

      45  Жергiлiктi деңгейдегi қоғамдық мұқтаж үшiн жер 

          бөлу жұмыстар                                        8700

8         Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңiстiк             372332

  1       Мәдениет саласындағы қызмет                          217245

    105   Әкiмдер аппараттары                                  42000

      38  Жергiлiктi деңгейдегi демалысты ұйымдастыру          42000

       30 Хайуанаттар паркi мен дендропарктер                  42000

    252   Бiлiм басқармасы                                     47983

      2   Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiктiк шығындар          1705

        3 Облыстық басқармалар аппараттары                     1705

      30  Жергiлiктi деңгейдегi мәдениет ұйымдарын есептiк 

          қызметтермен қамсыздандыру                           680

       93 Орталықтандырылған бухгалтерия                       680

      35  Мәдени демалысты ұйымдастыру                         7655

      36  Жергiлiктi деңгейде театрлық және сахналық 

          шараларды жүргiзу                                    4000

      37  Жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк қайраткерлерiн 

          мәңгi есте қалдыру                                   27800

      38  Жергiлiктi деңгейде сахналық шараларды жүргiзу       5000

      39  Жергiлiктi деңгейде тарихи мәдени құндылықтарды 

          сақтау                                               1143

    253   Бiлiм басқармасы                                     127262

      35  Жергiлiктi деңгейде балалармен мәдени шаралар 

          жүргiзу                                              127262

  2       Спорт және туризм                                    40637

    255   Туризм және спорт басқармасы                         40637

      2   Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiктiк шығындар          3262

        3 Облыстық басқармалар аппараттары                     3262

      30  Жергiлiктi деңгейде спорт шараларын жүргiзу          37375

  3       Ақпарат кеңiстiгi                                    114450

    105   Әкiмдер аппараттары                                  80000

      46  Жергiлiктi деңгейдегi газет-журналдар арқылы 

          мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу                 30000

      47  Жергiлiктi деңгейдегi теледидар арқылы мемлекеттiк 

          ақпарат саясатын жүргiзу                             50000

    252   Мәдениет басқармасы                                  25060

      34  Жергiлiктi деңгейде ақпарат өтiмдiлiгiмен 

          қамсыздандыру                                        25060

       30 Кiтапханалар                                         25060

    261   Архив қоры бөлiмi                                    9390

      30  Жергiлiктi деңгейде архив қорының, баспа 

          басылымдарының сақталуын және олардың арнайы 

          пайдаланылуын қамсыздандыру                          9390

       30 Облыстық және қалалық архивтер                       9390

10        Ауыл, су және орман шаруашылығы мен табиғатты қорғау 70000

  5       Қоршаған ортаны қорғау                               70000

    105   Әкiмдер аппараты                                     70000

      34  Жергiлiктi деңгейде қоршаған ортаны қорғауды 

          ұйымдастыру                                          70000

       30 Қоршаған ортаны қорғаудың облыстық (қалалық) қорлары 5366

       31 Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жұмыстар            64634

11        Өнеркәсiп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану       142000

  2       Құрылыс                                              142000

    105   Әкiмдер аппараттары                                  42000

      48  Жергiлiктi деңгейдегi жобалық-iздестiру, 

          конструкторлық және технологиялық жұмыстар           42000

    130   Алматы қаласының Әкiмi                               100000

      30  Алматы қаласындағы метро құрылысы                    100000

12        Көлiк пен байланыс                                   431816

  1       Автомобиль көлiгi                                    431816

    105   Әкiмдер аппараттары                                  431816

      39  Қала жолдарының жұмысын қамсыздандыру                237200

      49  Жергiлiктi деңгейдегi автомобиль жолдарын салу       194616

       30 Жергiлiктi деңгейдегi автомобиль жолдарын жөндеу     194616

13        Басқалар                                             319501

  3       Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау                          49501

    105   Әкiмдер аппараттары                                  49501

      80  Жергiлiктi деңгейдегi шағын кәсiпкерлiктi қолдау     49501

  9       Басқалар                                             270000

    105   Әкiмдер аппараттары                                  270000

      52  Жергiлiктi атқару органдарының резервi               263000

      57  Қозғалмайтын мүлiктi бағалау                         7000

14        Қарызды өтеу                                         289

  1       Қарызды өтеу                                         289

    105   Әкiмдер аппараттары                                  289

      53  Жергiлiктi атқару органдарының қарызын өтеу          289

       11 Заем бойынша, сыйақы төлеу                           289

15        Ресми трансферттер                                   16161844

  1       Ресми трансферттер                                   16161844

    130   Алматы қаласының Әкiмi                               16161844

      26  Облыстық бюджеттен республикалық бюджетке 

          трансферттер                                         16161844

16        Қаржыландыру                                         210

  1       Негiзгi қарызды өтеу                                 210

    105   Әкiмдер аппараттары                                  210

      55  Жергiлiктi атқару органдардың қарызын өтеу           210

          Бұрынғы бюджеттiк ұйымдардың кешiктiрiлген қаржылық 

          мiндеттемесiн орындау                                24174

---------------------------------------------------------------------------

          ШЫҒЫСТАР  жиыны                               29351115

---------------------------------------------------------------------------

           I сайланған Алматы 

     қалалық Мәслихаты 

     ХХIII сессиясының төрағасы               

       I сайланған Алматы қалалық

     Мәслихатының хатшысы                   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады