Өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмысына) бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер үшін еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі нормативтік материалдарды ұсынудың, қараудың және келісудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1999 жылғы 7 сәуір N 56-п бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 167-ө Бұйрығымен

       Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2007.07.19.  N 167-ө  Бұйрығымен.

      Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмыстарына) мемлекеттік реттеу енгізілетін басқа да ұйымдардың бағаларында (тарифтерінде) ескерілетін еңбекақы төлеуге арналған шығындарды реттеу үшін бұйырамын: 
      1. Өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмысына) бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер үшін еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі нормативтік материалдарды ұсынудың, қараудың және келісудің тәртібі туралы ұсынылып отырған Нұсқаулық бекітілсін. 
      2. Еңбекті нормалауды, оған ақы төлеуді ұйымдастыру және тұрмыс деңгейі басқармасы (Н.М. Вержбицкая) осы Нұсқаулықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін және оны облыстық, қалалық (Алматы қаласы, Астана қаласы) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалын бақылау Вице-министр М.Ауановқа жүктелсін.     

       Министр

Қазақстан Республикасы Еңбек        
және халықты әлеуметтік          
қорғау министрінің            
1999 жылғы 7 сәуір N 56-Ө          
бұйрығымен бекітілген            

Өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмысына) бағаларды
(тарифтерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер үшін
еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі нормативтік
материалдарды ұсынудың, қараудың және келісудің тәртібі туралы
Нұсқаулық      

1. Жалпы ережелер 

     1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің  "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы"  Заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы"  Заңына , Табиғи монополия субъектілерінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру және көрсету бағаларында (тарифтеріне) ескерілген шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулыққа (98 ж. 5.11. N  634  тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651  қаулысымен  бекітілген Мемлекеттік органдардың қызмет көрсетулері үшін ақы белгілеу мен оның мөлшерін айқындаудың тәртібіне сәйкес, монополиялар субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмыстарына) мемлекеттік реттеу енгізілетін басқа да ұйымдардың бағаларында (тарифтерінде) ескерілетін еңбекақы төлеуге арналған шығындарды реттеу үшін әзірленді. 
      2. Осы Нұсқаулық өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмысына) бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілер үшін еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі нормативтік материалдарды ұсынудың, қараудың және келісудің бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында енгізіледі. 
      3. Аталған Нұсқаулық Қазақстан Республикасы табиғи монополияларының Мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - Тіркелімі) енгізілген табиғи монополия субъектілеріне, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік (бұдан әрі - Уәкілетті орган) бекіткен мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің Мемлекеттік тіркеліміне сәйкес ақылы қызмет көрсететін мемлекеттік органдарға, сондай- ақ өнімдеріне (қызмет көрсетулеріне, жұмысына) бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеу енгізілетін басқа да ұйымдарға қолданылады. 

       ІІ. Тапсырыстарды ұсынудың, қараудың және келісудің
          тәртібі мен мерзімдері  

      4. Табиғи монополия субъектілері, мемлекеттік органдар және бағаларын мемлекет реттейтін, өнімдерді (қызмет көрсетулерді, жұмыстарды) монопольды немесе эксклюзивті шығаратын және ұсынатын басқа да ұйымдар Уәкілетті орган тауарларға, қызметтер мен жұмыстарға баға белгілеген (қолданылуы шектеулі мерзімге белгіленген баға күшінің мерзімі біткенде өзгерту) кезде ескерілетін еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі нормативтік материалдарды осы Нұсқаулықтың ІІІ бөлімінде көзделген олардың негіздері бойынша толық көлеміндегі қажетті материалдармен қоса келісу үшін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) ұсынады. 
      5. Еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі осы нұсқаулықтың ІІІ бөлімінде көзделген толық көлемінде келісуге ұсынылған тапсырысты Министрлік отыз күн ішінде қарайды. 
      6. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі органдардың әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуіне, Тіркелімнің жергілікті бөлімдеріне енгізілген Субъектілердің тапсырыстарында материалдардың түгел екендігін қарауына болады және олар Министрлікпен осындай өкілеттіктерді бергенде материалдарды келісу керек. 
      Осы нұсқаулықтың ІІІ бөлімінде көзделген, толық көлемінде ұсынылған тапсырысты Субъект облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органының шешімімен қоса Министрлікке келісуге ұсынады. 
      7. Еңбекті нормалау және оған ақы төлеу жөніндегі материалдарды келісуге арналған тапсырысты бекіту, нақтылау және тексеру үшін Министрліктің: 
      соңғы екі жыл үшін қосымша ақпарат (еңбекақы төлеу және қызметкерлер саны туралы мәліметтер) сұратуға; 
      Қызметтің, қызмет көрсетудің сол немесе соған ұқсас түрімен айналысатын Субъектілердің еңбекақы төлеуге арналған шығындарына салыстырмалы талдау жүргізуге; 
      тексерілетін Субъектіге барып, ішінара сараптама (тексеру) жүргізуге (жұмыстардың, операциялардың жекелеген түрлері бойынша хронометражды бақылау жүргізуге); 
      сол Субъектінің, Құзыретті органның* мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды (еңбек жөніндегі нормативтерді әзірлеумен айналысатын ғылыми- зерттеу институттарының, нормативті-зерттеу стансаларының, еңбекті ғылыми ұйымдастыру орталықтарының сарапшылары) сараптама жүргізуге іссапарына арналған шығындарды қоса алғандағы барлық шығындарды Субъекті қаражаты есебінен өтей отырып тартуға құқылы. 
      *Құзыретті орган (осы Инструкцияның мақсаты үшін) - салалық министрліктер, ведомстволар, жергілікті атқарушы орган. 

       ІІІ. Ұсынылатын материалдар мен олардың мазмұны 

       8. Еңбекті нормалау жөніндегі материалдарды келісуге арналған тапсырыстарға мыналар қоса беріледі: 
      1) қызметшілердің нормативтік (уақыты, қызмет түріне қарай өнімділігі) саны үшін: 
      тапсырыс - субъектінің ресми бланкісінде жазылған жолдама хат пен ұсынылып отырған материалдардың тізбесі; 
      қызметкерлер санаттары бойынша (негізгі өндірістік және қосалқы өндірістік қызметшілер, әкімшілік қызметшілер, сондай-ақ қызмет көрсетуші шаруашылық пен өндірістерде жұмыс істетін қызметшілер) қызметкерлердің ағымдағы жыл және оның алдындағы екі жыл ішіндегі нормативтік саны мен қалыптасқан нақты саны деректерінің ұсынылып отырған нысанға сәйкес жиынтық кестесі; 
      аймақтық бөлімшелер (бөлімшелер, филиалдар, өкілдіктер) бойынша нормативтерді қоса алғандағы қызметкерлер санының (уақытының, қызмет түріне қарай өнімділігінің) нормативі; 
      ұсынылатын нормативтердің негіздемесі (қажетті есептеулер); 
      Құзыретті орган бекіткен және Министрлікпен келісілген, оның негізінде еңбек жөнінде ұсынылып отырған нормативтер жасалған еңбек жөніндегі пайдаланылып жүрген үлгі нормативтер (салалық, салааралық); 
      келісуге ұсыну сәтіндегі жұмыстармен айналысатын 1-т есебі бойынша анықталатын Субъектілер қызметкерлерінің нақты саны, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 56-а-Б бұйрығымен бекітілген әкімшілік қызметкерлерге жататын қызметкерлер лауазымдарының Тізбесі мен бухгалтерлік есеп Стандарттарына және Субъектінің Уәкілетті органмен келісілген есептік саясатына сәйкес қызметкерлерді қызметшілер санаттары бойынша бөлу. 
      2) еңбек жөніндегі үлгі нормативтер үшін: 
      тапсырыс - Құзыретті органның ресми бланкісінде жазылған жолдама хат ұсынылып отырған материалдардың тізбесі; 
      қызметкерлер санының (уақытының, қызмет түріне қарай еңбек сыйымдылығының) үлгі нормативі; 
      ұсынылған нормативтердің негіздемесі (хронометражды бақылаулардың зерттелетін операцияларды оның құрамды элементтеріне бөлудің тиісті есептеулермен қоса берілген нәтижелері, ұсынылатын уақыт нормативтерінің негізіндегі қызметкерлер саны нормативінің есебі). 
      Егер Субъектінің ұйымдастыру-техникалық жағдайы бес жыл ішінде өзгермесе, онда еңбек жөніндегі үлгі нормативтердің күшін ұзарту рәсімі жүргізіледі. 
      10. Еңбекке ақы төлеу жөніндегі материалдарды келісуге арналған тапсырысқа мыналар қоса беріледі: 
      тапсырыс - Субъектінің ресми бланкісінде жазылған жолдама хат ұсынылып отырған материалдардың тізбесі; 
      Құзыретті органның әкімшілік қызметшілер бойынша еңбекақы төлеу қорын (еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар), штаттық кестені және басшылардың, олардың орынбасарларының, бас бухгалтерлердің қолданылып жүрген заңдарға сәйкес лауазымдық қызметақыларының мөлшерін бекіту туралы шешімі; 
      Субъектінің (негізгі өндірістік және қосымша өндірістік қызметшілердің, әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен өндірісте істейтін қызметшілердің) қызметші санаттары бойынша орташа айлық жалақы жөніндегі деректерді қоса алғандағы соңғы екі жылда еңбекақыға жұмсалған шығындарын Субъектінің Уәкілетті органмен келісілген, бухгалтерлік есеп және есептік саясатының қолданылып жүрген Стандарттарына, сондай-ақ статистикалық есептемесіне қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тоқсан бойынша талдау; 
      Субъекті қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оларды көтермелеу туралы Ереже, оған қызметшілер санаттары бойынша лауазымдық қызметақыларына (тарифтік ставка) сараланып төленетін қосымшалар мен үстемелерді қоса алғандағы еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйесі, сыйлықақы және басқа да сыйақылар төлеудің жүйесі, штаттық кесте мен лауазымдық қызметақыларының (тарифтік ставкаларының) мөлшері енгізілуге тиіс қолданылып жүрген заңдарға сәйкес. 
      11. Субъект қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және оларды көтермелеу туралы ереже белгіленген тәртіппен, "Келісілген" және "Бекітілген" деген тиісінше белгілерге сәйкес ресімделеді. 
      12. Еңбек жөніндегі нормативтер белгіленген тәртіппен ресімделуге, нөмірленуге, кітапша болып жасалуға тиіс және оның титулды беті, атауы (мазмұны), "Келісілген" және "Бекітілген" деген белгілерге сәйкес қызметкерлерінің нормативті және нақты санының жиынтық кестесі болуы тиіс. 

       IV. Еңбекақы төлеуге арналған шығындарды анықтаудың
          негізгі шарттары 

      13. Еңбекақы төлеуге арналған шығындарды анықтау кезінде қызметкерлердің нақты саны, бірақ нормативтен аспайтын саны есепке алынады. 
      Өндірістік қызметшілердің бағаға (тарифке) қосылатын еңбекақы төлеуге арналған шығындары қолданылып жүрген бағаларда (тарифтерде) қабылданған еңбекақы төлеуге арналған шығындарға сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика агенттігі жариялаған деректер бойынша бағаларға (тарифтерге) өзгерту енгізілгеннен кейінгі кезең ішіндегі инфляция индексі ескеріліп есептеледі. 
      14. Еңбекақы төлеуге арналған шығындар, Субъекті басшыларының, олардың орынбасарларынң, бас (аға) бухгалтерлерінің лауазымдық қызметақысының мөлшері, сондай-ақ оларға сыйақы және басқа да сыйлықақылар беру жүйесі қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленеді. 
      15. Әрбір Субъекті үшін еңбекақы төлеуге арналған шығындарды анықтау кезінде қолданылып жүрген бағаларда (тарифтерде), Субъектінің жалақының ең төменгі және ең жоғары деңгейінің арасындағы 15 еседен аспайтын жоғары арақатынасы белгіленеді. Осы арақатынас жалақысы жоғары қызметкерлер (мәселен, басшылар) мен жалақысы төмен қызметкерлердің (мәселен, 1 тарифтік разряды бар жұмысшы) орташа жалақысы мөлшерінің қатынасы болып табылады. 
      16. Субъект қызметкерлеріне тарифтік разрядтар тағайындау Бірыңғай біліктілік анықтамалағы (БТА), Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (ҚА) бойынша жұмыстарды тарифтендіру нәтижелеріне сүйене отырып жүргізіледі. 
      17. Жұмыстың, қызмет көрсетудің сол немесе соған ұқсас түрімен айналысатын Субъектілердің еңбекақы төлеуге арналған шығындарына салыстырмалы талдау жүргізу нәтижелеріне сүйене отырып, Министрлік Уәкілетті және Құзыретті органға өндіру (тауарларды, жұмыстарды) және қызмет көрсету бағаларында (тарифтеріне) ескерілетін еңбекақыға арналған шығындарды өзгертуге немесе оны көбейтуден бас тартуға нұсқау беруге құқылы.

       V. Еңбекті нормалауды ұйымдастырудың негізгі шарттары 

       18. Субъекті қызметкерлері үшін еңбек нормасы (өнімділік, уақыт, қызмет көрсету, адам саны) техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленуге тиіс. 
      Еңбек нормасы жұмыс орындарын аттестациялау мен рационализациялауға қарай, жаңа техниканың, технологияның енгізілуіне және өндіріс тиімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралардың жүргізілуіне қарай жаңа нормалармен міндетті түрде ауыстырылуға жатады. 
      19. Үлгі нормативтер - бұл жұмыстардың жекелеген элементтерін немесе кешендерін орындауға, жабдықтарға қызмет көрсетуге, сондай-ақ нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларына қарай өндірістік, басқарушылық функцияларды орындау үшін қажетті жұмыс орындарына жұмсалатын еңбек шығындарының регламенттелген мәні. Еңбек жөніндегі үлгі нормативтері қызметтің сол немесе соған ұқсас түрімен айналысатын Субъекті үшін эталон болып табылады және жыл сайын белгіленетін қызметшілердің нормативтік санын дәйектеу үшін негіз болып саналады. 
      Еңбек жөнiндегi үлгi нормативтердi ауыстыруды жөне қайта қарауды оларды бес жылда бiр рет бекiтетiн Құзыреттi орган жүзеге асырады және ұйымдастыру-техникалық жағдайлары (прогрестiк технологияны енгiзу, өндiрiстiк процестердi механикаландыру, автоматтандыру, материалдардың, шикізаттардың, отынның және т.б. жаңа түрлерiн пайдалану) өзгергенде, өндiрiстiң ерекшелiгi мен құрылымы өзгергенде ол мiндеттi түрде қайта қаралуға жатады. 
      Қызметкерлердiң еңбек (өнiмдiлiк) нормативтерiн орындауы үшiн Субъект заңдарда белгiленген қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай келетiн қалыпты еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндетті. 
      21. Субьект тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi болғанда еңбек нормаларын жеке өзi әзiрлеуге немесе еңбектi нормалаумен айналысатын бiлiктi мамандарды тарта отырып әзiрлеуге, не еңбектi нормалау және оған ақы төлеу жөнiндегi нормативтiк материаларды әзiрлеуге тапсырысты тендерлік негiзде республика мен ТМД елдерiнiң норматив әзiрлеушiлерге қойылатын талаптарға жауап беретiн ұйымдарында орналастыруға құқылы. 
      22. Тендердi өткiзген кезде әзiрлеушілерге қойылатын мынадай талаптар ескерiлуге тиiс: 
      еңбек жөнiндегi нормативтердi әзiрлейтiн басшының және қызметкердiң жоғары бiлiмiнiң (экономикалық, инженер-экономикалық, техникалық) болуы; 
      кәсiптiк бiлiктiлiгiн, бiлiмiн (диплом, сертификат), ғылыми немесе практикалық қызметiн растайтын құжаттарының болуы, басшының және қызметкердiң жұмыс орны, өндiрiстiк тәжiрибесi және жұмыс стажы туралы анықтамасының болуы; 
      мыналарды растайтын құжаттамалық дәлелдемелердi немесе басқа ақпараттарды беруi: 
      еңбектi нормалау саласында бiлiктi кадрлармен, мамандармен қамтамасыз етiлуi; 
      басшы қызметкерлерде сотталғандығының заңмен белгiленген тәртiппен өтелмеуiнiң немесе алынбауының болмауы; 
      басшы қызметкерлерде ұйымға басшылық жасап жүрген кезеңде оларды банкротқа, санацияға, консервацияға, ерiксiзден таратылуына әкеп соқтыратын күрделi қаржы проблемаларының болмауы;
     әзiрлеушiнiң қаржы жағдайы туралы банк анықтамасының болуы;
     тиiстi салық органының әзiрлеушiнiң салық төлегендiгi туралы анықтамасының болуы;
     құралтайшы құжаттарының, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң (әзiрлемешiнiң) тiркелгендiгi туралы куәлiгінiң және статистикалық карточкасының нотариалды куәлендiрiлген көшiрмесiнiң болуы.

"Келісілген"                            "Бекітілген"
Қазақстан Республикасының
_______________________________
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (Құзыретті органның
басшысының) Вице-Министрі 
_________________________ ________________________________
           (Т.Ә.А. лауазымы)
1999 ж. "___" _____________             1999 ж. "___"
_________________

Ағымдағы және өткен кезең ішіндегі қызметкерлердің
нормативтік және нақты санының жиынтық кестесі 

________________________________________________________________
Бөлімшелер   !                    Адам саны              
атауы        !_____________________________________________________
             !       Нормативті         !          Нақты 
             !                          !__________________________
             !                          ! ағымдағы кезең ішінде   !
             !__________________________!_________________________!
             !өндіріс-!әкімші-!өндіріс -!өндіріс-!әкімші-!өндіріс-!
             !тік қыз-!лік    !тер мен  !тік қыз-!лік    !тер мен !               !метшілер!қызмет-!шаруашы- !метшілер!қызмет-!шаруашы-!
             !        !шілер  !лықтарда !        !шілер  !лықтарда!
             !        !       !істейтін !        !       !істейтін!               !        !       !қызметші-!        !       !қызметші!
             !        !       !лер      !        !       !лер     !
_____________!________!_______!_________!________!_______!________!    

_____1_______!___2____!___3___!___4_____!____5___!___6___!____7____!

Барлығы:
соның ішінде:

филиалдар  
бойынша:
____________________________________________________________________

     таблицаның жалғасы   
_____________________________________________________
    соңғы 2 жыл ішінде                               !
_____________________________________________________!     
өндіріс-!әкімші-!өндіріс- !өндіріс-!әкімші-!өндіріс- !  
тік қыз-!лік    !тер мен  !тік қыз-!лік    !тер мен  !      
метшілер!қызмет-!шаруашылы!метшілер!қызмет-!шаруашы- !
        !шілер  !қтарда   !        !шілер  !лықтарда !
        !       !істейтін !        !       !істейтін ! 
        !       !қызметші-!        !       !қызметші-!
        !       !лер      !        !       !лер      !
________!_______!_________!________!_______!_________!     
___8____!___9___!___10____!____11__!___12__!___13____!    
                                                     !
                                                     !
                                                     !
                                                     !
_____________________________________________________!

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады